- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Нарықтық бұйрықтар
Ең қарапайым бұйрықтар нарықтық бұйрықтар деп аталады. Ол келесідей формада көрінеді.
"Бір маусымдық нарық бойынша бір ірі қараны сатып алу".
Бұл бұйрықты сауда залының брокері бұйрықта алған кездегі ең жақсы баға бойынша орындай алады. Маусымдық ірі қараңызға төлеген құныңыз бұйрықтың орындалуы туралы сізге ресми хабарлама жібергенше, сіз үшін беймәлім болып қалмақ.
Нарықтық бұйрық еш кедергісіз орындалып, қажетті деген кезде пайдаланыла алады. Мысалы, сіздің ірі қараға жасалған қысқа мерзімді маусымдық келісім-шартыңызды 3 аптадай ұстадыңыз делік. Сіз саудадан түсім түсіріп, нарықта өсімнің болатынын сездіңіз. Осы нарықтан тезірек кеткіңіз келеді. Бұл жағдайда сіз нарықтық бұйықты орындайсыз.
Нарықтық бұйрық бойынша сіз алған баға, көп жағдайда сол бір нақты фьючерстік келісім-шарттың өтімділігіне байланысты болмақ. Фьючерстік нарықтар тиімділігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Белсенді сауда жүретін "жардағы" ұсыныс құны мен сұраныс құны арасындағы спред бар болғаны 0,1 пайызды құрайды. Салыстыру үшін: сатушы мен сатып алушы арасындағы спред көптеген қарапайым акцияларда шамамен 0,5 пайызды құрайды. Жылжымайтын мүліктің саудасында, әдетте сатушы алғашқы сұраған бағасына 15-20 пайыздай кем сұраса, бұл қалыпты жағдай болып саналады.
Алайда, сауда белсенділігі азғантай болатын фьючерстік нарықта абай болған жөн. Нарықтық бұйрық биржа залында жұмыс істейтін брокерге ұсынылған бағаның ең жақсысын еш күмәнсіз таңдап алуға мүмкіндік береді. Енжар нарықта бұндай баға алдыңғы бағасынан азғантай ғана ауытқуы мүмкін. Егер, нарықтық бұйрық бойынша алған құныңыз сіз үшін күтпеген жағдай болса, көмекке шақырар ешкім болмайды.
Шартты бұйрықтар
Фьючерстік нарықтың жекелеген бұйрықтары шартты болып келеді, яғни, кейбір шарттары бұйрық орындалғанға дейін, қанағаттандырылуы тиіс. Көп жағдайда лимитті бұйрық қолданылады. Ол келесідей формуланы көрсетеді:
"Маусымдық казнайчейлік облигацияларда 1 фьючерсті 103-20 сатып алу".
Бұл бұйрық төлегіңіз келетін құнға сіз шектеу қойғандығыңыздан, лимитті деп саналады. Бұл нарықтық бұйрыққа байланысты үлкен қиындықты, атап айтқанда, құндық шиеленісті шеше алады. Сауда залының брокері 103-20 тен кем сомаға сатып алу туралы сіздің бұйрығыңызды орындай алады, бірақ, бұл бағадан жоғарыны орындай алмақ емес. Кейде шектеулі бұйрық түсінігіне "немесе жақсы" сөздерін тіркестіріп қояды, алайда, бұлай ету міндетті емес. Егер нарық 103-20 кем бағамен саудалайтын болса, онда, сол жерде жұмыс істейтін брокер қолынан келген ең жақсы бағаны таңдап бере алады. Алайда, егер сіз лимитті бұйрықпен жұмыс атқарар болсаңыз, сол бұйрықтың орындаларына сенімділік болмайды. Егер шектік құнға қол жеткізілмесе, онда сіздің бұйрығыңыз орындалмайды.
Ағымдағы нарықтан тысқары орналастырылатын бұйрықтар "ұйқыдағы" бұйрықтар деген анықтама алған. Олар екі түрге бөлінеді: стоп-бұйрықтар және "белгілі бір нарықтық курсқа жету бойынша" бұйрық ( МІТ-бұйрық - ағылшын тіліндегі - market-іf-touched) , бұлар, егер құн табыс әкелудің белгілі бір шегіне жеткенде күшіне енеді.
МІТ-бұйрықтар нарыққа кіру үшін немесе одан шығу үшін, ағымдағы құнға қарағанда, бағасы жағымды болғанда, қолданылады. Сонымен, сатып алуға берілген бұндай бұйрық ағымдағы құннан төмен орналастырылады, ал сатуға деген МІТ-бұйрық ағымдағы құннан жоғары болады. Мысал үшін желтоқсандық еурофьючерстер 1.2925 саудаланады делік. Сіз осы бір фьючерстік келісім-шарттың жаңа бір үлкен позициясын алғыңыз келіп, шамамен 1.2911 төлеуді ниет еттіңіз делік. Сол кезде сіз өз брокеріңізге былай дейсіз:
Ағымдағы нарықтан тысқары орналастырылатын бұйрықтар "ұйқыдағы" бұйрықтар деген анықтама алған. Олар екі түрге бөлінеді: стоп-бұйрықтар және "белгілі бір нарықтық курсқа жету бойынша" бұйрық ( МІТ-бұйрық - ағылшын тіліндегі - market-іf-touched) , бұлар егер құн табыс әкелудің белгілі бір шегіне жеткенде күшіне енеді.
"Желтоқсандық 1 еурофьючерсті 1.2911 МІТ сатып алу керек".
Бұндай бұйрық биржаның сауда залына жеткенде, сонда жұмыс істейтін брокер оны өзінің "ұйқыдағы" бұйрықтар пакетіне орналастырады. Егер кейінірек биржада желтоқсандық еурофьючерстермен 1.2911 бойынша сауда жасай бастаса, сіздің бұйрығыңыз көп жағдайда нарықтық бұйрық болып, биржа залында жұмыс істейтін брокер оны кез-келген нарықтық бұйрық ретінде қабылдайды.
Сіз өзіңіздің желтоқсандық еурофьючерсіңізді қандай бағамен сатып аласыз? Бұл бірқатар себептерге байланысты бомақ. Сіз айтқан баға нарықта бекітілгенде, МІТ-бұйрық нарықтық тапсырыс болып, нарықтық бұйрықтар ағымдағы ең жақсы баға бойынша орындалатыны есіңізде болар. Егер баға 1.2911 бекітілгеннен кейін жоғары көтерілсе, сіз евроға деген желтоқсандық фьючерстік келісім-шарт үшін заңды тұрғыда 1.2920 немесе одан да жоғары бағаны төлей аласыз.
МІТ-бұйрықтар нарыққа кірудің немесе одан шығудың қажеттілігі болмағанда, қолданылады. Алайда, құны аталып өтілетін осындай бұйрықтар сияқты МІТ бұйрықтары да орындалмай қалуы мүмкін. Егер де жоғарыда келтірілген мысалда желтоқсандық еврофьючерстер 1.2911 бойынша ешқашан саудаланбаса, керісінше, 1.2930 дейін және одан да жоғары көтеріліп кетсе, онда "ұйқыдағы" МІТ-бұйрық сол күйінде орындалмай қалар еді. Күн сайынғы саудадағы баға ауқымын болжауға төселіп алған жекелеген тәжірибелі трейдерлер бұйрықтың орындалмау тәуекелін өздеріне алып, мүмкін дерлік баға артықшылығына қол жеткізуге бар күштерін салып көреді.
Стоп-бұйрықтар да нарыққа кіру үшін және одан шығу үшін қолданыла алады, бірақ олар МІТ өзгеше функцияларды атқарады. Бұйрықтардың осы екі түрі арасын шатастырып алмас үшін ең қарапайым тәсіл бар - ол, кең тараған стоп-бұйрықтардың шығындарды азайтуға бағытталғандығын есте сақтау.
Егер сізде үлкен позиция болса, онда бағаның құлдырауы шығын келтіреді; сатуға деген, сол шығындарды азайту мақсатын көздейтін кез-келген "ұйқыдағы" бұйрық, сол арқылы ағымдағы баға деңгейінен төмен болуы тиіс. Және, керісінше, қысқа фьючерстік позициялардағы шығындарды азайту мақсатындағы сатып алуға деген кез-келген бұйрық ағымдағы баға деңгейінен жоғары орналасуы тиіс.
Нақты мысалды алып қарастырайық. Мысалы, сіз бір ай бойына желтоқсандық фьючерсте S & P индексін 500 деген үлкен позицияны ұстап келдіңіз делік. Сіз оны 1345.70 сатып алдыңыз, ал қазір ол 1347.10 бағасы бойынша сатылып жатыр. Сіздің түсіміңіз жаман емес, алайда, бағаның әрі қарай өсе беретінін сіз сезіп отырсыз. Егер нарық құны 1372.50 төмен түсетін болса, онда нарықтан шығуды жоспарлайсыз. Өз брокеріңізге беретін бұйрығыңыз, мынандай болады:
"Желтоқсандық S & P 500 индексіндегі 1 фьючерсті 1372.50 стопқа сату керек".
Желтоқсандық фьючерстер 1374.10 сатылған кезде сондай бұйрық енгізілген болса, онда ол бірден орындалар еді, өйткені, құн лимитінің өткеніне көп уақыт болған. Сауда залының брокері, осындай бұйрық алып, қателіктің кеткені туралы ойлар, және орындауға кіріспес бұрын, түсініктеме алу үшін, брокерлік фирмадан кеңес алар.
МІТ жағдайында болған оқиға сияқты, бұйрықты алғанда стоп-бұйрықтың түспейтіні туралы еш кепілдік жоқ. Стоп-бұйрық стоп-бағаға қол жеткізілгенде, нарықтық бұйрық болып табылады; егер сол кезде баға өте жылдам қозғалатын болса, онда сіз алатын құн стоп-бағадан бірнеше "тикке" айырмасы болуы мүмкін.
Лимитті стоп-бұйрықтарға стоп-бұйрықтар да, лимитті стоп-бұйрықтар да кіреді. Оның түрі мынандай:
"Қыркүйектік британдық фунт стерлингтің 1 фьючерсін 1.8618 стопқа , ал лимитті 1.8620 сатып алу керек".
Осындай бұйрық бойынша стоп-бағаға қол жеткізілмейінше, ештеңе істеуге болмайды. Алайда сол кезде ол нарықтық бұйрық емес, лимитті бұйрық болып қалады. Биржа залында жұмыс істейтін брокер оны 1.8620 бағасы бойынша ғана заңды түрде орындай алады. Егер баға стоп-бағаға қол жеткізілгеннен кейін, 1.8620 жоғары өрлеп кетсе, онда бұйрық орындалмай қалады.
Лимитті стоп-бұйырқтың мақсаты, әрине, жағымсыз бағаны алу мүмкіндігін болдырмау. Лимитті стоп-бұйрық кең таралмаған. Ол ең алдымен белсенділігі төмен нарықта немесе өтімділігіне қарамастан, шұбалаңқылығымен ерекшеленетін нарықта қолданылады.
Көптеген практиктерге, сауда күні жабылардағы баға нарықтың ең жақсы көрсеткішіндей болып көрінеді. Айта кету керек, бұл бағаны сатып алушылар мен сатушылар түнге қалдыруға келіседі. Жабу құнын алуға бағытталған фьючерстік бұйрық та бар. Ол мынандай түрде көрінеді:
"Наурыздағы евродоллар фьючерсін МОС сату"
МОС "соңғы бағасы бойынша" дегенді білдіреді (ағылшынның market on close сөзінен). Бұл бұйрықты сауда залының брокері жабу туралы қоңырау шалынардан 1-2 минут бұрын ұстап тұрады, содан кейцін бұйрық нарықтық бұйрық болып саналады. Сіз алатын баға жабу құнына немесе есептік бағаға сәкес келмеуі де мүмкін, бірақ ол жабу ауқымында болуы мүмкін, ол сауданың соңғы 60 секундында анықталады.
Бұйрықтар нарық ашылғанда да орындала алады, МОО- бұйрықтар (ағылшынның market on opening сөзінен). Бұндай бұйрықтар нарықтық бұйрықтарды түнге жинақтап қалуға арналған. Мысалы, егер қысқа мерзімді трейдер түнде сатып алуға берілген бұйрықтар артық жиналғанны сезетін болса, онда осы бұйрықтар енгізілгенде, нарық кейін шегінеді, және ол ашылғаннан кейін сол күні, бірақ, сәл кейінірек біршама төмен бағаға сатып алуға үміттеніп, қысқа ғана уақытқа сата алады.
МОО бұйрықтар МОС-бұйрықтарға қарағанда сирек қолданылады.
Кез-келген бұйрық уақыты көрсетілмесе, күндік бұйрық болып табылады. Яғни, ол сауда сессиясы аяқталғанда, енгізілген уақыт бойынша өз күшін жойған болып табылады. Кез-келген ұйқыдағы бұйрыққа GTC аббревиатурасы қосыла алады (күші жойылғанға дейін - ағылшынның good till canceled сөзінен). Көптеген брокерлер күндік бұйрықтарды қолдануды ұйғарады, қажет болса, оны әрбір күні қайтадан енгізе алады. Бірқата жылдар бойына биржалық операцияларман айналысып, еңбек демалысынан немесе іссапардан қайтып келгесін жабылған GTC бұйрықтың өзі жоқ кезде жұмыс істеп кеткені туралы естіген брокер болмайтын шығар. Және нәтиже беретін позиция табысты сирек әкеледі.
Тауарлық спред туралы 4 тарауда айтқанбыз. Спред бур ғана тауар бойынша үлкен позицияның болуын және осындай немесе экономикалық жақын саналатын тауар бойынша өтемдік қысқа позицияның болуын қарастырады. Осындай қосарлы позицияны бекіту үшін арнайы бұйрықтар болады. Средтің екі жағындағы бағаның айырмасына қызығатын, спред саудасымен айналысатын сатушы өзінің бұйрығын осындай контекске енгізіп, ештеңені жоғалтпайды. Мысалы:
"Спред: чикаголық мамыр бидайына 1 фьючерсті сатып алу/ чикаголық шілде бидайына 1 фьючерсті сату, мамырлық түсім-5 цент".
Уақыты көрсетілмеген кез-келген бұйрық, күндік бұйрық болып саналады
Осындай жолмен берілген бұйрық, сауда залының брокеріне еркін әрекет етуге мүмкіндік береді. Ол спредтің әр жағын жекелей орындай алады, қолжетерлік бағаны қабылдап және сауда залының және спредтерге маманданған трейдерімен байланысқа ене алады. Егер бір ғана бұйрық жекелеген екі мәміле бойынша енгізілген болса - мысалы, чикаголық мамыр бидайына деген бір келісім-шарт 3.95 болып, ал шілдедегі бидайды сатуға деген келісім-шарт 3.90 құраса, онда сіздің брокеріңіз еркін әрекет етуден қалады.
Оның екі түрлі лимитті көрсететін екі бұйрығы бар, және ол екі бұйрықты да дәл мерзімінде орындауы тиіс.
Фьючерстік нарықта қолданатын басқа да мүмкін дерлік бұйрықтар бар. Олар қалаған бағасын алуда немесе орындалу уақыты бойынша маңыздылығына қарағанда, өздерінің экзотикалық қасиеті бойынша белгілі. Биржалар өздері қабылдайтын бұйрықтардың тізімін жариялайды. Әдетте, ешқандай да шартты бұйрықтар фьючерстік келісім-шартты саудалайтын соңғы күні қабылданбайды, себебі, сауда әрекеті дұрыстап рәсімдеу үшін тым қойыртпақ болып кетуі мүмкін.
Биржа
АҚШ-та бірнеше ірі фьючерлік биржалар бар. Олардың басым бөлігі коммерциалық емес ұйымдар болып, оларды өз қатысушылары басқарады. АҚШ-ғы ең көне фьючерлік биржа – ол 1848 жылы негізі қаланған Чикагодағы Сауда Палатасы.
Биржа нарық қатысушыларына арена ұсынады. Сол жерде фьючерстік келісім шартының сатушылары мен сатып алушылары келісім жасау үшін кездеседі. Фактілік сату мен сатып алу биржалық залда өтеді. Ол бірнеше «колец» немесе «ям» бөлінген әрбір шұңқыр бір немесе бірнеше тауар түрін сатуға арналған, ал ол оның белсенділік деңгейіне байланысты. Егер белгілі бір тауардың күніне бірнеше келісім шарт «сорты» сатылса, онда оған басқалармен бірігуге болады. Бұл кіші белсенді нарық қатысушыларына байланысты. Егер тауарға үлкен сұраныс болса, онда оған барлық «яма» бөлінуі мүмкін емес.
Тарихи бұлай қалыптасқан шарттар дауыстап айғайлау арқылы орындалған. Дәл осылай құралып шықты, «яма» айқайлармен дауыс келісімдер жүзеге асты. Яғни, сатып алуға бұйрықтар немесе сатылуды ананы немесе басқа тауарды сауда зал делдалдарымен айқайлап шақырылады. Бұл келісім-шарт жүргізуге көңіл аударатын бір топ тұлғаларға арналған.
Бұл жағдай бірте-бірте өзгерді. Еуропа елдерінің табысты жақсы биржаларының үлгісіне және Азия елдеріне , АҚШ биржалары электрондық саудаға бірте-бірте көшіп өтуде. Қазіргі уақытта бірнеше Америкалық фьючерстік келісімдер бар, әдеттегідей дауыс айқайлары арқылы сонымен қатар электрондық жолмен сауда жасалды. Кейде бір уақытта екеуі де бірге қолданылады.
Тек қана биржа мүшелері сауда залында сату және сатып алу құқығына ие. « яма» адамдар екі үлкен категорияға бөлінеді. Бүл агенттер біріншіден: аз ғана делдалдық қызмет ақысын алатын үшінші жақ тұлғаларына арналған келісімдерді жүзеге асырады. Тәжірибеде олар бір немесе жоғарыда аталған өкілдермен келеді.
Трейдер сауда зал биржасында өз мүшелігін қолданады. Яғни өз шоты атынан сату және сатып алу келісімдерін жүргізеді. Олардың бірінші категориялы делдалдардың алдындағы артықшылығы: нарық ақпараттарының шапшаңдығы мен өте төмен комиссиондық шығындарында.
Биржа мүшелері делдардардың және сауда зал трейдерлерінің рөлдерін қашан болса да ойнай алады. Мақсат- сәйкестікте ережелермен әдеттегі клиенттердің алдында артықшылықтарымен пайдаланып қалу. Биржа комиссиясының мақұлдауымен жедел биржалық саудалар анықталады және қандай да фьючерстік келісімдер сауда залында өтеді.
Есеп палатасы
Кез-келген биржаның өзіндік есеп палатасы болады. Әрбір сауда күнінен кейін есеп палатасы әрбір жасалған келісімнің қарсы жағына шығады. Бұл әрекет алғашқы сатушы мен сатып алушының арасындағы байланысты үзеді. Бұл трейдерге орнына төленетін келісімнің мүддесін фючерлік немесе опциондық бағытын жабуға мүмкіндік береді.Алғашқы жақтарға (сатушы мен сатып алушы) келісімді бұзу үшін бір-бірін іздеп келісудің қажеті жоқ.
Есеп палатасы екі маңызды қызмет атқарады, ол барлық тіркелген фючерлік шарттардың қаржылық амандығына кепілдік береді және қысқа бағытты ұстанатын фючерлік шарттарға байланысты іске асатын тасымалдауды басқарады. Фючерлік базардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін керекті қорларды құру үшін есеп палатасы өзінің қолма-қол төлемей есеп айыратын (клеренгови) мүшелерінен кепілдендірілген депозиттер салуын талап етеді. Талап етілген өлшем кәдімгідей қомақты. Ол не қолма қол ақша болуы мүмкін немесе акредетив болуы мүмкін. Егер есеп палатасының клеренгтік мүшесі келісімді орындай алмайтындығы себепті бас тартса, онда бұл қаражат осы ақша құнсыздығы салдарынан ешқандай тұтынушы зардап шекпеуі үшін алынып қойылады. Егерде кепілдендірілген депозиттердің жалпы көлемі жоғарыдағы айтылған палатаның шамасы келмеген мүшесінің қарызын жабуға жетіңкіремейтін болса, олай болса палата өз мүшелерін уәкіл ретінде пропорционалдық төлемдер алады. Бұл шығынның орынын толтыру үшін жасалады.
Жеткізу
Фьючерстік келісімшарттың соңғы сауда күні биржамен анықталады,әдетте бұл жеткізу уақытының бір күні яғни бір күнтізбелік ай. Чикаго сауда палатасында желтоқсандық қазынашылық облигациямен сауда күні желтоқсан айының соңынан санағанда жетінші жұмыс күні. Осы мерзімге байланысты қазынашылық облигацияның желтоқсандық фьючерстік келісімшартының мерзімі өткендіктен осы жылға біржола заңды күшін жояды.
Трейдерлер соңғы сауда күнінен кейін өздерінің сақталған фьючерстік позициясының орнын толтыру келісімі бойынша өздерінің келісімшарттарын жаба алмайды. Қысқа мерзімді трейдерлерден нақты тауарларды биржамен анықталған орынға жеткізілу күтіледі; ұзақ мерзімді трейдерлер тауардың құнын төлейді және иесі болып табылады. Нарықта ақшалай түрде есеп айырысу жүретін жерде трейдерлер міндетті түрде есеп айырысу кезінде нақты баға мен фьючерстік баға айырмасын алу немесе төлеу керек.
Жеткізу процесі әр биржада әр түрлі анықталады, бірақ әдетте трейдер брокерден жеткізу туралы хабарлама қағазды дайындауын сұрағаннан кейін басталады. Хабарлама қағаз биржаның есеп айырысу палатасының брокерлеріне жіберіледі де олар ашық документ боынша ұзақ мерзімді позициясынан өздерінің бір мүшесін тағайындайды. Ол өз кезегінде хабарлама қағазды ұзақ мерзімді позицияны иеленуші клиенттердің біріне береді. й алады. Жеткізу процесі әдетте қысқа мерзімді ұстанушыда болғандықтан, ол жеткізу мерзімінің кез келген күніні белгілейді.
Кейбір биржаларда ұзақ мерзімді позицияны ұстанушы хабарлама қағаздан сандық баламалы фьючерстік келісімшартты сату немесе есеп айырысу палатасы арқылы басқа ұзақ мерзімді позицияны ұстанушыға беру арқылы бас тарта алады. Хабарлама қағазды басқа биржаларда біреуге беруге тыйым салынады, өйткені ол қабылдап алынуы, қолдағы тауар жеткізіліп оған ақша төленуі керек.
Фьючерстік биржаның мүшесі тек қана жеке тұлғалар бола алады.
Жеткізу формасы тауар түріне байланысты өзгереді. Бидайдың жіберілуіне қоймадағы бидайға сақталған куәлік себеп бола алады. Егер керекті лицензиясы болса мақта кез келген оңтүстік қоймаға жеткізілуі мүмкін. Қор индексіне фьючерсті жеткізу тек қана реквизиттерге сай ақшалай тәсілдерді ауыстыруды божайды. Қазынашылық облигацияға қысқа фьючерстік облигация бойынша жеткізу жеке меншік құқығының нақты облигацияға құжатсыз берілуіне әкеп соғады. Осыған орай облигацияға сертификат қолдан қолға өтпейді.
Ерекше жағдайларда фьючерстік келісімшарт бойынша екі немесе одан да көп тауар түрі жеткізіледі. Фьючерстермен сауда жасайтын биржа альтернативті жеткізілетін тауарларды анықтайды. Ерекше мысал қазынашылық облигацияға фьючерск. Жеткізуге арналған оптималды қолда бар облигацияны таңдау туралы көп қарастырылған, өйткені өтелу уақытана дейін он бес жыл қалған өтелмеген облигациялардың ішінен таңдап алынуы мүмкін.
Фьючерстік келісімшарт бойынша жеткізілу бұрын көп кездеспейтін. Өндірушілер, өңдеушілер және азық-түлік өнімдерерін, металдар мен талшықтарды сатушылар бағалық тәуекелді хеджерлеу үшін қолданды, алайда күнделікті жұмыс күнін тұрақты клиенттермен жалғастыра берді. Қаржылық фьючерстің пайда болуымен фьючерстік келісімшарт бойынша жеткізу көп таралатын болды. Негізінде кейбір делдалдар фьючкрстік келісімшартпен жеткізуді жүзеге асыру үшін белгілі бір бағытты ұстанды.
Фьючерскпен айналысатын комиссиондық делдалдар (FCM)
Фьючерстік операцияларда делдал қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындар фьючерстік және опционды нарықта байланыстырушы звено болып табылады. Кәсіпорын- фьючерспен айналысатын комиссиондық делдалдар ( Futures Commission Merchant ) өздерінің клиентерінің шоттарын басқарады. Олар өз клиенттері атынан маржиналдық құралдарды қабылдап және ұстап қала алады. FCM келісімінің орындалуы мен ашық позициялардың тіркелуін, қолма – қол ақшаның, табыс пен шығынды қамтамыз етеді. Сонымен қоса ағымдағы рыноктік информацияны және алдыңғы бағалық конъюктура бойынша аналитикалық есеп берумен қамтамасыз етеді.
Merrill lynch, Salomon Smith Barney және Prudential – аттары көп инвесторға танымал, атаққа лайықты делдалдық кәсіпорындар. Жаңа дисконттық FCM фьючерстік делдалдарға өте төмен комиссион мен интернетке кіруді ұсынады.
Шот ашу
FSM көмегімен фьючерстік немесе опциондық шот ашқанда, сізге бірқатар құжаттарды толтыру мен қол қоюға тура келеді. Олардың біреуінде жеке мағлұмат сұралады. Екіншісі, кәсіпорын кірістері мен меншік капиталына байланысты және несие алу үшін толтырғанда қойылған сұрақтардың жауаптарын қамтиды. Заң бойынша «Өз клиентіңді тани біл» ережесіне байланысты сіздің брокеріңіз осы мағлұматтардың барлығын алу керек. Егер, оның ойы бойынша сіздің қаржы құралдарыңыздың фьючерс және опционмен байланысты тәуекелді жаба алмайтын болса , яғни қаржы құралдарының жеткіліксіздігі бар деп күмәнданса, ол сізге сәйкесінше шот ашудан бас тартады.
Брокер көзқарасы бойынша «Тауар шоты туралы келісім » ең маңызды құжат болып табылады. Онда шоттың хеджерлеуге немесе спекулятивтік операцияларға арналғандығы анықталады. Сонымен қатар келісімде шот иесі туралы айтылады, яғни ол жеке тұлға, екі немесе одан да көп тараптардың бірлестігі, серіктестік немесе корпарация болуы мүмкін.
«Тауар шоты туралы келісім» сондай – ақ , «Ақша құралдар аударымы рұқсатын » қамтиды. Бұл бөлім сіздің брокеріңізге алдын ала ақшалар аударымын мақұлдау құқығын береді, яғни егер сіз қосымша маржа енгізу туралы талап алып оны белгілі бір мәселелерге байланысты орындай алмайтын болсаңыз. Сонымен қатар құқығында жоғарыда аталған талаптың пайда болуына алып келген фьючерстік ұстанымын жабу немесе фирмадағы шоттарыңыздың бірінен тауар шотындағы тапшылықты жабу үшін ақша аударымдарын жүргізу.
