- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Қазіргі фьючерстік нарықтар
Қазіргі кезде түрлі фьючерстік нарықтардың саны өте көп, олардың көбісі ХІХ ғасырдың ортасында Чикаго сауда палатасында дәнді дақылдарға алғашқы фьючерстік келісім-шарттар жасағандардың ойына келуі де мүмкін емес “тауарларға” арналған. Қазіргі фьючерстер нарықтары мен бұрынғы нарықт ар арасындағы ең үлкен айырмашылықтар: 1) қаржы фьючерстерінің басым болуында; 2) бүкіл әлем бойынша жаңа фьючерстік және опциондық биржалардың санында.
Нарықтардың өздеріне келетін болсақ, 2004 жылы сауда көлемдері бойынша индекстік фьючерстер көшбасшы болды. Олардан кейін америкалық қазынашылық билеттер немесе еуродолларлар секілді пайыздық табысы бар құнды қағаздар анағұрлым өтімді базалық құрал болды. Үшінші орынға бөлек акциялар мен опциондарға фьючерстер орналасты. 2003 жылы осы үш категория фьючерстер мен фьючерстік опциондар саудасының жалпы әлемдік көлемінің 85% құрады.
Қалған 15% анағұрлым дәстүрлі болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің, қуат тасығыштардың, шетел валютасының және металлдардың фьючерстік нарықтардың үлесіне тиді. Америка Құрама штаттарындағы анағұрлым белсенді болған фьючерстік нарықтар мынадай:
Астық: бидай, маис, сұлы, соя өнімдері;
Ет: жанды ірі қара мал, жемдеудегі ірі қара мал, жасық шошқа еті, шошқа төстігі;
Металлдар: платина, күміс, жоғары сортты мыс, алтын;
Азық-түлік өнімдері және талшықтар: кофе, қант, какао, апельсин шырыны, мақта;
Пайыздық фьючерстер: мемлекеттік қазынашылық облигациялар*, еуродолларлар, 30-күндік федералды қорлар**, LIBOR***
Шетел валютасы: Швейцария франкы, Ағылшын фунт стерлинг, Жапон иенасы, Канада доллары, Мексикалық песо, Австралия доллары;
Индекстік фьючерстер: индекс S&P 500, индекс S&P Mid Cap 400, индекс NIKKEI 225, «Годдман Сакс» сауда индексі, АҚШ доллары индексі;
Қуат тасығыштарға фьючерстер: ашық түсті серасы аз мұнай, отын мазуты, тазартылмаған бензин, табиғи газ, ағаш отыны, орман ағаш материалдары.
Сонымен қатар, жапон иенасы, еуро, алтын, күміс, табиғи газ, ашық түсті шикі мұнай, қатты бидай үшін электрондық фьючерстік мини-келісім-шарттар бар. Олар әдеттегі фьючерстік келісім-шарттарға қарағанда маңыздылығы аздау келісім-шарттар, олар үшін тек электрондық сауда-саттықтар рұқсат етіледі. Шетел фьючерстік нарықтарында шетел акциялары мен пайыздық қаржы құралдары басым. Шетел фьючерстік биржалары және олардың негізгі нарықтары G Қосымшасында сипатталған.
* Қазынашылық билет, орта мерзімдік қазынашылық облигация, қазынашылық нота, қазынашылық вексель – 1-7 жылғы өтеу мерзімімен және 1 мың доллардан 1 млн№ долларға дейін және одан жоғары номиналында АҚШ қазынашылығымен шығарылған еркін айналымдағы орта мерзімді құнды қағаздар.
** Федералдық қорлар – 1) федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүшесі болып табылатын банктердің қысқа мерзімді банк аралық ссудалар үшін қолданылатын федералды резервтік банктердің біріндегі еркін резервтері; 2) ФРЖ мемлекеттік құнды қағаздар сатып алынуын төлеу үшін қолданатын қаражаттар.
*** Лондондық банк аралық ұсыныс мөлшерлемесі (LIBOR) – 1) кең мағынада: еуровалюталық банк аралық нарықта трлі еуровалюталарда және түрлі мерзімге (1, 2, 6, 12 ай) қатысатын лондондық банктермен қолданылатын пайыздық мөлшерлемелер шкаласы; әр ірі лондондық банк валюталық нарықтағы қалыптасқан конъюктураға қарай LIBOR мөлшерлемесін өз бетінше белгілеп өзгертеді; 2) тар көлемді мағынада: LIBOR мөлшерлемелері бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме; LIBOR мөлшерлемесінің ресми тіркелуі болмайды; LIBOR мөлшерлемелері қалқымалы пайыздық мөлшерлеме шартында несиелер беру кезінде базистық мөлшерлеме ретінде қолданылады.
Бағалармен танысу. Төменде күнделікті газеттің қаржы бөлімінде табуға болатын фьючерстік нарықтағы бір сауда күнінің типтік есебі көрсетілген. Оның ішінде, сіз көріп отырғандай, айтарлықтай көлемді ақпарат орналастырылған.
БИДАЙ (СВОТ); 5000 БУШЕЛЬ; БУШЕЛЬ ҮШІН ЦЕНТТЕРДЕ
1 Кесте
I Жеткізілім Ашу Максимум Минимум Жабу Айырмашылық I
Желтоқсан |
338 ½ |
341 |
338¼ |
340 |
+2½г |
Наурыз |
343½ |
346 |
337 |
336½ |
+3 |
Мамыр |
339½ |
341½ |
З39'½ |
340¼ |
+2¼ |
Шілде |
328 |
329½ |
327 |
317¼ |
+1¼¼¼ |
Қыркүйек |
332½ |
332¼ |
332 |
332 |
+1¼ |
Желтоқсан |
338¼ |
340 |
338 ¼ |
340 |
+1¼ |
Бағаланатын сату көлемі 26,000; алдындағы сату көлемі 28,473; ашық қызығушылық 68,816; Айырмашылық *897
Үстінгі тармақ тауарды көрсетіп, фьючерстік келісім-шарт туралы ақпаратты ұсынады. Оның ішінде фьючерстік келісім-шарттар саудаланатын биржа көрсетілген. (Бұл жерде ол СВОТ – Чикаго сауда палатасы, және де фьючерстік келісім-шарттың мөлшері – 5000 бушель). Бұл тармақтың ең соңында баға бір бушель үшін центтерде көрсетілгені айтылған. ½ ¼
Екінші тармақта бағаналардың атаулары жазылған. Сол жақтағы бағанада жеткізілім айлары көрсетілген. Чикаголық бидайға фьючерстер жеткізілім үшін наурызда, мамырда, шілдеде, қыркүйекте және желтоқсанда саудаланады. Жеткізілім айлары бір жыл бұрын көрсетілгеніне назар аударыңыз. Жеткізілм айлары олсы тауар саудаланатын биржамен белгіленеді, және олар нарықтан нарыққа өзгертіледі.
Екінші бағанада сол күнгі әр келісім-шарт бойынша ашу бағалары көрсетілген. Кейінгі төрт бағаналардың ішінде күн ішіндегі ең жоғары баға, күн ішіндегі ең төменгі баға, күн ішіндегі жабу бағасы және бүгінгі мен кешегі жабу бағалары арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Төменгі тармақта бүгінгі болжамды сауда көлемі, кешегі нақты сауда көлемі, чикаголықь юидай бойынша кешегі толық ашық қызығушылық, алдындағы күнмен салыстырғандағы ашық қызығушылықтағы айырмашылық көрсетілген.
Бағалардың анағұрлым түсінікті болуы үшін оларлдың мәніне ондық нүктені қосу керек. Мысалы, 340 бидай бушелі үшін $3.40 білдіреді. Бағаның минималды өзгеруі бір бушель үшін центтің ¼ құрайды. Құнды қағаздардың төзімділігіндегі баға өзгертілуімен шақырылған өзгерісті анықтау үшін келісім-шарттың мөлшерін ескеру керек. Мысалы, егер сіз ағымдағы жылдың желтоқсан айында жеткізілетін бидайға ұзын фьючерс сатып алған болсаңыз, сіздің активтеріңіздің құны бір бушель үшін 2 ½ центке көтерілер еді; 2 ½ цент х 5000 бушель = $125.00. егер осы түсінуді жеңілдетсе, бұл жағдайда 1 цент $50 тең екенін есіңізде сақтаңыз.
Барлық дәнді дақылдар мен соя бойынша фьючерстік келісім-шарттардың мөлшері 5000 бушельге тең. Барлық дәнді дақылдар мен сояға бағалар бір бушель үшін центтермен белгіленеді, ал бір цент $50 тең.
Енді ет өнімдеріне фьючерстерді қарастырайық:
Барлық дәнді дақылдар мен соя бойынша фьючерстік келісімшарттың көлемі 500 бушельге тең. Барлық дәнді дақылдар мен сояның бағасы бушельге центпен беріледі, ал 1 цент активтегі 50 долларға тең.
Баға сөзінің қолданыста қалыптасқан түсінігі үшін мағынаға ондық нүктені қосу керек. Мысалы, 340 бағасы бидайдың бір бушеліне 3.40 долларды білдіреді. Бағаның минималды өзгеруі бір бушельге ¼ центті құрады. Бағаның өзеруі нәтижесінде болған құнды қағаздар құнынының өзгеруін анықтау үшін келісімшарттың көлемін ескерген дұрыс.
Мысалы, ағымдағы жылдың желтоқсан айына бидайды жеткізуге ұзын фьючерс алған болсаңыз, онда сіздің активтеріңіздің құны бір бушельге 2½ цент болар еді; 2½ цент х 5000 бушель = 125.00 доллар.
Егер желтоқсан айындағы бидайға сізде қысқа фьючерс болса, онда сіз 123.00 доллар көлемінде өтпеген шығынға* ұшыраған болар едіңіз.
Егер бұл сіздің түсінігіңізді жеңілдететін болса, онда сіз 1 цент 50 долларға тең екенін есіңізде сақтауға тырысыңыз.½
Енді ет өнімдерінің фьючерстерін қарастырамыз:
