- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
Есеп айырысу палатасының мүшесі ашылатын мәмілені төлегенде бастапқы маржаны есеп айырысу палатасына салады. Орындалмаған фьючерстік келісімшарттар ды есеп айырысу палатасы тіркейді және әрбір нарық күнінің соңында нарықтық бағамен қайта бағалайды. Яғни пайда кредитке барады, ал залал барлық ашық жайғасымдар бойынша дебетке барады. Осындай есеп айырысулар үшін бастапқы эталон ретінде есеп айырысу бағасы немесе жабылардағы баға пайдаланылады.
Нарықтық бұйрықтар
Фьючерстік нарықтық бұйрық әрдайым бес элементтен тұрады:
1. Сатып алу немесе сату.
2. Саны.
3. Жеткізу айлары.
4. Биржаның атауы көрсетілген тауар, егер тауарды бір биржадан көп жерде сататын болса.
5. Уақытша немесе бағалық лимит тәрізді, кез-келген арнайы нұсқаулар.
Бірінші элемент – сатып алу немесе сату – алғашқыда жеңіл көрінгенімен, соншалықты көрнекті емес.
Сіз өзіңіздің брокеріңізбен бұның қандай бұйрық екендігіне -мәмілені ашу немесе жабу туралы есеп бересіз. Әрі қарай бұның еш мәні болмайды. Биржа залында жұмыс істейтін және сіздің бұйрығыңызды орындайтын брокер бұны білмейді, және оған бәрібір. Есептік палата үшін сіз жасаған мәміле қажетті тұрғыдан өңдеуді керек ететін кезекті сатылым ғана болмақ.
Кей жағдайларды алмағанда, бір шотта бір мезетте бір ғана фьючерстік келісім-шарт бойынша қысқа және үлкен позицияларды ұстауға заң жүзінде тыйым салынған. Мысалы, сіз желтоқсан айының казначейлік облигациясын сатып алдыңыз делік, сіздің брокеріңіз желтоқсан айындағы Т- bond бойынша қысқа позицияңыздың бар-жоғына көз жеткізу үшін, сіздің шотыңызды тексереді. Егерде сізде желтоқсандық казначейлік облигациялар бойынша қысқа позицияңыз болмаса, онда мәміле ашылатын мәміле болып енгізіледі.
Бір ғана келісім-шарт бойынша қысқа және үлкен позицияларды бір мезетте ашуға тыйым салынған, бұның өзіндік ережелері бар. Базалық тауарлар өз мәні бойынша ұқсас болғанымен, Чикаголық және Канзастық бидай бірдей болып саналмайды, сол сияқты, Нью-йорктік күміс пен Чикагоның күмістері де бірдей емес: мысалы: 0.999 сынақтық күміс.
Жалпы ережелерге бағынбайтыны – бұл: бір күнде жүргізілетін сауда, сіздің бір ғана сауда сессиясы ішінде ашқан және жапқан мәмілелеріңіз; фьючерстік опционды орындау үшін ашылған, фьючерстік позиция; әділетті хедж; фьючерстерді жеткізуді жүзеге асыру үшін, жеткізу мерзімі ішінде сату; және әр түрлі тәуелсіз менеджерлер бір ғана инвестордың жекелеген шоттарын басқаратындай, жағдайлар.
Жеткізу айлары міндетті түрде бұйрыққа енгізіледі, себебі, кейінірек өздеріңіз көретіндей, бір ғана тауарды жеткізудің түрлі айлары өтімділігі мен бағасының динамикасы бойынша әр деңгейде ауытқып отыруы мүмкін. Сонымен қатар ағымдағы келісім-шарт пен өткен жылдың осы айындағы жеткізу арасын шатастырып алмас үшін, бұйрықта жылы да белгіленуі тиіс. Бәлкім, осы тауарды сататын биржаның атауын да белгілеп көрсетуіңіз қажет болар.
Нарықтық бұйрық биржаның сауда залында жұмыс істейтін брокерге ұсынылатын бағаның ең жақсысын жалтақтамай таңдап алуына мүмкіндік береді. Енжар, белсенділігі төмен нарық жағдайында бұндай баға алдыңғысынан бірнеше центке ауытқуы мүмкін.
Көп жағдайда фьючерстік бұйрықтардың күтпеген жағдайлар тұрғысынан қарағанда айырмасы болуы мүмкін. Біз бұны нақты фьючерстік бұйрықтар негізінде қарастырамыз.
Сатып алуға берілген лимитті бұйрық тек қана лимитті немесе одан төмен баға бойынша ғана орындала алады.
