- •Кәсіпорынның қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
- •1.4.Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері
- •Қазақстан қор биржасы
- •Қазіргі фьючерстік нарықтар
- •Ірі қара мал; 40 000 фунт; фунтына центпен
- •Қазынашылық облигациялар (свот); 100,000 доллар; пункттерде және 100%-дың 32 үлесінде
- •Спекулянт.
- •Қысқа мерзімді хедж
- •Маржалық сауда
- •Ұзын хедж
- •Кредиттік оралым
- •Нарық бойынша күн сайынғы қайта бағалау
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Нарықтық бұйрықтар
- •Шартты бұйрықтар
- •Фундаментальді талдау
- •Фундаментальдік факторлар
- •Сұраныс және ұсыныс
- •Бағалық тренд
- •Сауда көлемі және ашық мүдде
- •Қаржылық фьючерстер
- •Өндірістік құралдар
- •Капиталды алыпсатармен басқару
- •Тәуекелді барынша құру
- •Энерго тасымалдаушылар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тамақ өнімдері және талшықтар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Дәнді дақылдар
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Индекстер
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Қосымша ақпарат көздері
- •Тәуекелді басқару жүйесін жетілдіру
Қосымша ақпарат көздері
Жүгері сияқты, бидайдың қоры мен сұраныс бойынша ең жақсы ақпарат көзі- бұл АҚШ ауыл шаруашылығы Министрлігі (USDA). Олар жыл сайын шығаратын «Бидай бойынша жылдық журнал»/Wheat Yearbook, әр жылдың наурыз айында шығып тұрады, онда бидайдың шет елдердегі өндірісі, қоймалық қор деңгейі, бағасы мен тұтыну көлемі туралы жаңалықтар жарияланады. «Дәнді-дақылдардың қоры»/ Grain Stocks – тоқсан сайын шығатын басылым, онда қорда қалған бидай мен тоқсандағы тұтынылуы туралы ақпарат жарияланады. Ай сайын шығарылатын «Бидай бойынша болжамдарда» ағымдағы қордың, пайдаланудың, сұраныс пен бүкіл америка бидайы үшін бағасына сараптама жасалады.
Шет елдік ауыл шаруашылығы қызметі «АҚШ экспорттық саудасының апталық есебін»/Weekly U.S. Exports Sales Report, шығарып тұрады, бұнда көлемі 100, 000 тоннадан асатын бидайға жасалған мәмілелер туралы ақпарат жарияланады.
Тауар: Сұлы
Жеткізу айлары: наурыз, мамыр, шілде, Қыркүйек, желтоқсан 1 бушель үшін доллармен және центпен есептелетін құны Биржа: СВОТ Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель |
Сұлы Миннесота, Оңтүстік және Солтүстік Дакота, Айова мен Висконси штаттарында өсіріледі. Көктемде себіліп, өнім шілденің аяғы мен тамыздың басында жиналады. Құрама Штаттар сұлының әлемдік өнімінің төрттен бірін өсіріп, толығымен ел ішінде тұтынады деуге болады.
Сұлы ең алдымен- үй малдарының азығы үшін пайдаланылады. Тек азғантай ғана бөлігі халықтың тұтынысы үшін сұлы ұнын дайындауға жіберіледі.
Соңғы 15 жылдың көбінде сұлының бағасы бушель үшін $1.00 мен $3.00 аралығында ауытқып тұрды. Бағасы бірқатар факторларға байланысты болады. Сұлы егетін егістік жері ұдайы қысқарып отырады, соның салдарынан осы дақылдың бағасы да өсе түседі. Құрғақшылық немесе өсімдіктің ауруға ұшырауы – ұсыныс деңгейіне теріс әсерін тигізеді, бағасын күрт өсіріп жіберуі де мүмкін, бұндай жағдай 1988 ж. жазы құрғақ болғанда орын алды; сол кезде сұлының бағасы бушель үшін $4.00 дейін өсіп кетіп, тарихтағы ең жоғарғы бағаға ие болған.
Сұлыға деген сұраныстың басқа аспектілеріне құны мен мал азығының басқа да түрлерінің, мысалы, жүгерінің жеткілікті болуы кіреді. Сұлының бушелі жүгері бушелінің салмағының жартысындай тартады; азықтық қасиеті бірдей болған жағдайда, сұлының бушелі теория тұрғысынан алғанда, жүгері бушелінен екі еседей арзан тұрады. Іс жүзінде сұлының бағасы жүгеріге қарағанда 10-15 % төмен.
Сұраныс тұрғысынан алғанда, үй құстары мен малдың саны басты факторлар болып саналады.
Қосымша ақпарат көздері
Сұлыға жеке-дара арналған USDA басылымдары шығарылмайды. Алайда, егу жұмыстары, пісіп-жетілуі, сұлының өнімі мен нарықтағы жалпы жағдай «Егіс болжамдарында» / Prospective Plantings, «Нан дақылдары бойынша мәліметтерде»(жүгері мен соргодан басқасы) / Small Summary, және тоқсан сайын шығатын « Дәнді-дақылдар қорында» / Grain Stocks жарияланып тұрады.
Тауар: Соя бұршақтары
Жеткізу айлары: қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, қыркүйек,қараша 1 бушель үшін доллармен және центпен есептелетін құны Биржа: СВОТ Ең төменгі тик: центтің ¼ =$12.50 Келісім-шарт көлемі: 5,000 бушель
|
Құрама Штаттар – соя бұршақтарының әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі. Америкадан кейін Бразилия, Қытай тұр. Соя бұршақтары АҚШ-ғы саудалық маңызы бар дақылдар болғандықтан, жүгерімен бәсекелесе алады. Олар Жүгері белдігін құрайтын Иллинойс, Айова, Индиана, Огайо, Миссури және Миннесота штаттарында өсіріледі. Соя бұршақтары сәуірдің ортасынан маусымға дейін егіледі, алайда болашақ өнім үшін еш қауіп төндірмей, кешірек себуге де болады; бұл ауа райы жағымсыз болуы жүгері мен мақта егуге кедергі келтіргенде, қолданылады. Соя бұршақтарының өнімі әдетте қазан айларында пісіп-жетіледі.
Соя бұршақтарын дәнді-дақылдармен бір қатарға қойғанымен, оларды май айыратын дақылдарға жатқызады. Оларды соя майын және соя ұнын алу үшін өсіреді. Соя бұршақтарының 60-фунттық бушелінен 47 фунт ұн- нарықтағы жетекші тауар- және 11 фунт соя майын алуға болады. АҚШ-та өсірілетін соя бұршақтарының үштен бірі ел ішінде өңделеді. Қалған бөлігі Ұлы көлдер аумағынан және Мексика шығанағынан, негізінен Жапонияға және Батыс Еуропаға экспортталады.
Соя бұршақтарының бағасы өнімді жинау кезеңіндегі бағаның төмен болуымен және келесі жылдың көктеміндегі бағаның күрт өсуімен ерекшеленеді. Соя бұршақтарының бәсекелес партияларын жеткізу де, мысалы, Бразилиядан, америкалық соя бұршақтарының әлемдегі нарықтағы бағасына әсерін тигізбей қоймайды. Жүгері мен мақта бағасы да жанама түрде болса да, әсерін тигізеді, сондықтан, бұл дақылдар егіндік алқаптары үшін өз ара бәсекеге түсе алады. Алайда, соя бұршақтарының бағасына көп жағдайда бұршақ құны мен сояны өңдегеннен кейінгі ақырғы өнімге қойылатын құн арасындағы айырмасы мықты әсерін тигізеді. Егер де соя ұнының және соя майының бағасы салыстырмалы түрде жоғары болса, сояны өңдеушілер бұршақты жедел түрде сатып алып, олардың құнын өсіріп жібереді.
