Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қар. тәу бас. Құралай.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
721 Кб
Скачать
☆

Өндірістік құралдар

Өндірістік деп танылатын жаңа тауарлық құралдарға негіз болған осы қаржылық фьючерс болып табылатын өндірістік немесе дериватив* деп - өз құнын өзге активтерден алатын кез келген активті айтамыз. Мысалға: жыл сайынғы өтетін Суперкубок** матчына билет дериватив болып табылады. Оның құны стадиондағы орындардың құндылығымен анықталады. Ажиотаждық сұранысқа сәйкес алып сатарлар билет бағасын айналдыра бастағанда билет құны өзгеріп отырады.

Қаржылық нарқта опцион барынша танымал өндірістік құрал болып табылады. Қор опционының құны оның базалық активтерінің құнына байланысты. Фьючерстік келісімшарт бағасы негізгі тауардың фьючестік келісімі негізінде жатқан бағаға байланысты болғанымен, бұл келісімшарт өндірістік болып табылады.

Мұндай жағдайларда «өндірістік» терминінің абыройы төмен екен деген ой келеді. Әдетте бұлай синтетикалық топқа, стандартқа сай келмейтін ,реттелмейтін, бүкіләлемдік бекітілген қаржылық механизмдерінің потенциалдық тәуекеліне негізделген қаржылық шарттарға нұсқауланады.

Бұған ескіре қоймаған оқиғалар себеп болады: 1995 жылы британдық «Бэрингз» банкінің трейдері Ник Лизон $1 млрд банк құралдарын жоғалтқаннан кейінгі күйреуі және

1998 жылы қыркүйегінде бір топ экономистер ұзақ мерзімді капиталмен Басқарманы банкроттық шегіне жеткізді. Кітап жазылған уақытта Чайна Эйвиейшн Ойл\China Aviation Oil компаниясының уақытша шектетілген атқарушы директоры $550 млн сомасын құрайтын шығын туралы түсініктеме беруге мәжбүр болды.

*Өндірістік бағалы қағаз,өндірістік қаржылық құрал, дериватив – құны базалық актив бағасына,валютаға немесе өзге де қаржылық құралдарға (мысалға опцион,фьючерс) байланысты қаржылық құрал.

**Суперкубок – кезең соңында Ұлттық және Американдық конференциясының жүлдегері болған Америка футбол командасының матчы. Суперкубокқа ойындар 1967 жылдан бері өткізіледі және халық арасында улкен танымалдыққа ие.

Мүмкін болатын қылмыскер 3 жағдайда да біреу: өндірістік құралдардағы шарттар.

Реттелмейтін өндірістік құралдардың ішіндегі ең танымалы пайыздық своп*. Мыс:, американдық үкімет қазынашылығы облигациясының бекітілген кірісі бар сенімді тұлға немесе фидуциар**, британдық облигация иелерімен кірістерді алмастыру туралы шартқа отыра алады. Көрсетілген сенімді тұлға бекітілген пайыздық мөлшерлемені төлеп және оның орнына қалқымалы мөлшерлемені алар еді. Соған қарамастан ешбір облигация бойынша ұстанымдар бұзылмауы тиіс.

Қор своптары*** пайыздық своптарға ұқсайды. Оның айырмашылығы төлем көзінің бірі қор индексіндегі табыспен, акция тобындағы немесе жеке базалық активпен байланысты. Мыс: фидуциарлар банкке белгілі бір уақыт аралығына ай сайынғы бекітілген соманы төлеуге келіседі.

*Пайыздық своп – несиелік міндеттемелер шарттары бойынша әртүрлі,бірақ сомалары тең пайыздық төлемдермен алмасу жөнінде екі жақтың келісімі.

**Фидуциар( фидуциарий, сенімді тұлға, қамқоршы, траст – агент) – өзге тұлғаның немесе ұйымның инвестицияларын басқару немесе активтерін сақтауға сенім білдірілген тұлға немесе ұйым.

***Қор (индекстік) своптары, акция своптары – айырбасталған ақша ағымдарының бірі немесе екеуі қандайда бір акция кірістеріне немесе қандайда бір қор индексі көлеміне негізделген своп.

Орнына банк сенімді тұлғаға,айталық, Standard & poor’s индексі бойынша 500 немесе Microsoft компаниясының непривилегированный акциялары бойынша ортанарықтық кірісті* төлейді. Сонымен қатар, валюталық своптар** да кең тараған. Мысал ретінде, кейбір американдық компаниялар қолайлы пайыздық мөлшерлемелер алу үшін евроға деноминацияланған корпоративтік облигацияларды сатады делік. Сату аяқталғаннан кейін, компания дереу алынған кірісті доллорға конверсиялайды, содан ол тауар сатып ала алады және жұмысшыларға еңбекақы төлей алады. Жарты жылда бір рет компания банкке доллормен облигациялық пайыздарды төлейді, банк облигация иелеріне евромен төлейді. Облигация бойынша төлем уақыты келгенде,толық сома қайтадан доллордан евроға алдын ала бекітілген валюталық курс бойынша конверсияланады. Банк өз қызметтері үшін ақы алып, осы процестердің ортасында өзі тұрады.

Шындығында американдық компания өз қызметін АҚШ территорясында евромен қаржыландырған. Валюталық своп компанияға құрама штаттардың сыртындағы капиталдың қолайлы нарығын өз тиімділігіне қолдануға мүмкіндік берді.

Ақырында, құрылымдық қарыздық міндеттеме*** бар. Оның сыртқы жағында – кіріспен бекітілген жай инвестициялар; ал артқы жағында басқа да қаржылық құралдар бар – көбінде ол опциондар, – бұл опцион бағасының төмендеуі немесе өсу шегі бойынша міндеттемелер мен төлемдерді қозғайды.

Басқа да мүмкіндіктер бар, олардың кейбіреулерінің қиындықтары сонша, жасаушылардың өзі нарықтың өзгеруіне олардың әсер етуіне сенімді емес. Бұл кітап шеңберінде мұндай құралдар қарастырылмайды.

*Ортанарықтық кіріс, нарықтық портфель кірісі – барлық бағалы қағаздар нарығына есептелген орталықтандырылған кірістер көрсеткіші.

** Валюталық своптар – борыштың өтелуін бір валютамен, борыш бойынша қызмет көрсету міндеттемесін басқа валютамен жүргізетін қарыз арқылы борышқорлық міндеттемені айырбастау туралы екі жақ келісімі.

***Құрылымдық қарыздық міндеттеме – базистік актив бағасының индексіне тіркелген өндірістік қаржылық құрал. (Мыс: облигация, мұнай бағасы индексіне тіркелген пайыздық төлемдер)