Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

13 Билет

1. Өндіру нормасы бойынша жұмысшылар санын анықтау .. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында жұмысшылар саны әр цех үшін есептелінеді. Оның есебін екі жолмен анықтайды:

I Уакыт нормасы бойынша (дайын өнім бірлігіне);

2. Өндіру нормасы бойынша.

Екі жағдайда да белгілі мезгілдегі бір адамға жұмыс уақытының қоры мен сол мезгілдегі цехтың өндірістік бағдарламасында ескеріледі.

Өндірістік нормасы бойынша өндірістік жұмысшылардың санын мына формула бойынша анықтаймыз:

Ni = ∑ n /(Нв λ) ,

мұндағы, n- бір күн ішінде өндірілетін өнімдердің немесе өңделінетін шикізаттардың мөлшері, дана, кг; Нв- бір күн ішіндегі бір жұмысшының өндіру нормасы, дана, кг.

  1. 2. Диеталық мәзір түрлері . Диеталық мәзірді диеталық асханаларда, өндірістік кәсіпорындардың асханаларындағы диеталық бөлімшелерде, оқу орындары мен мекемелерде, сонымен бірге санаторияларда және демалыс үйлерінде қолданылады. Емдік тамақтану есебіндегі физиологиялық нормалардың негізінде құрылады. Ол тағамдарды өз еркімен таңдау және комплексті болуы мүмкін. Егер де мәзірдегі тағамдары өз еркімен таңдау мәзірі болса, онда әр тағамнан кейін диетаның нөмірі көрсетіліп жазылады. Егер комплексті мәзір болса, онда әр диета үшін жеке-жеке ертеңгі, түскі және кешкі мәзірді құрастырады. Банкеттік мәзір тапсырыс берушінің тілегіне қарай жасалады. Бастапқы мәлімет банкеттің сипаты мен оған қатысушылардың саны болып табылады. Мәзірдегі әр түрлі тағамдардың мөлшері тапсырыс берушінің тілегіне байланысты. Аспаздық дүкендер үшін өнімдердің ассортименті жартылай фабрикаттар, аспаздық және кондитерлік өнімдердің шамамен берілген ассортиментінің негізінде жасалады. Өндірістік кәсіпорындарда диеталық тамақтануды ұйымдастыру үшін диеталық асханалар (диеталық бөлімшелер) жобаланады. Диеталық бөлімше қарастыру кезіндегі орындардың ең аз саны — 12, диеталық асхана үшін – 50 орын. Сондықтан диеталык тамақтандыру орындарын, нормативтерден шығара отырып, өндірістік кәсіпорындарда ұйымдастырады. Ол үшін жұмысшылары ең көп болатын ауысымдағы жұмыскерлер санын білу керек.

Диеталық орындарға жалпы асхананың орындарынан 20 пайыз орын бөлінеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда емдік-профилактикалық тамактануды ұйымдастыру кезінде диеталық асханадағы адамдар саны кәсіпорында істейтін жұмыскерлердің жалпы санынан емдік-профилактикалық тағам тұтынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын алып тастағанға тең. Асханаларды келесідей жерде орналастыруға болады: жеке тұрған ғимараттарда, олар өнеркәсіптік корпустарымен жер үсті немесе жер асты өтпе жолдарымен, жер үсті өтпе жолдарымен немесе дәліздермен жалғастырылады; өнеркәсіптік кәсіпорынға қосып салынған ғимараттарда немесе өндірістік корпустарға қосып салынған бөлмелерде. Барлық жағдайда асханалардың залынан жұмыс орнына дейінгі ара қашыктық 300 м-ден аспайтындай орналастырылады. Жоғары оқу орындарына қарасты асханалар, әдетте, жартылай өнімдермен жұмыс істеуі керек. Бір немесе бірнеше жоғары оқу орындарының асханаларын бір дайындау кәсіпорындарынан немесе негізгі асханадан қамтамасыз ету қарастырылады.