Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

3. Типтік жоба ерекшеліктері

Типтік жоба – белгіленуі бойынша бірдей объектілерді салу кезінде бірнеше рет қолдану үшін арналған жобаны айтады. Типтік жобаны құруда жер жағдайы мен ауа райын ескеретін варианттар да пайда болуы мүмкін. Типтік жобаны анықталған қүрылыстық аланға байланыстыруда қабылданатын сыртқы қабырға калыңдығына, төбе жапқыштың кұрылысына, желдеткіш және жылыту құрылысына, құрал-жабдықтарды сипаттайтын қүжатқа назар аудару қажет. Жеке жоба қоғамдық тамактандыру кәсіпорындарының белгілі аймакта қойылатын талаптарына сәйкес, бір рет қана қолдану үшін қарастырылған. Белгілі бір жағдайларда кейбір маңызды емес құрылыстык мөлшер мен Ережелерден (СНиП) ауытқуға мүмкіндік беріледі, кейбір стандарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, жабдыктарды, жергілікті кұрылыс материалдарын қолдануға болады. Бұл жоба көп функционалды белгіленген ірі құрылыстарды тұрғызу үшін қарастырылған, сонымен бірге егер типтік жобаны қолдану қолайсыз болса немесе оны қолдануға мүмкіндік болмаса (құрылыстық жердің шектелуі, жергілікті жердің пайдаланылу кажеттілігі т.б.) қолданылады. Әдістемелік кұрылысқа арналған жоба жаңа, жоғары пайдалану шарттарға сәйкес келетін, әртүрлі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жаңа көлемде жоспарлауға, технологиялық, конструктивтік шешу әдістерін, ғимараттың инженерлік жабдықтарын іске қосу мүмкіндігін тексеруге арналған. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процесіндегі қазіргі заманға сәйкес келмейтін техникалық жабдықтарға кайта кұрылыс жобасы жасалады.

І.  Кәсіпорынның тұрған орнына байланысты мына топтарға бөлінеді:

1) Жаяу адамның мүмкіншілігіне байланысты (ықшам, тұрғылықты аудандарды және т.б.) аталған аймақтарда қызмет көрсету

2) Транспорт мүмкіншілігіне байланысты бүкіл қалаға қызмет көрсету

3) Тұтынушыларға жұмыс істеу орындарына қарай қызмет көрсету( жұмыс және оқу орындарына)

ІІ. Өндірісті орталықтандыру дәрежесі бойынша

1) Дайындау

2) Аяқталған циклы бойынша

3) Даярлау, өндірісі жоқ жартылай фабрикаттармен жұмыс жасайтындар (тарату)

ІІІ. Қызмет көрсететін контингенттің сипаты бойынша

1) Жалпыға қызмет көрсету

2) Жұмысшыларға қызмет көрсету

3)  Оқушыларға қызмет көрсету

ІV. Мамандану белгісі бойынша

1)  Жалпы типтік (асханалар, ресторандар және т.б.)

2)   Белгілі - бір өнімнің типін шығару үшін мамандандырылған  кәсіпорындар (чебуреки, шашлык, тұшпара пісіретін арнайы кәсіпорындар және т.б.)

3)  Комплексті (барлығы бірге)

V. Қызмет көрсету формасы бойынша

1) Даяшылармен қызмет көрсету

2) Өзіне-өзі қызмет көрсету

3)  Автоматтың қолдануымен қызмет көрсету

VІ. Көрсетілетін қызметтің көлемі мен технологиялық  жабдықталуының деңгейіне байланысты. Ресторандарда люкс, жоғары, І және ІІ категориялар болады. Кафелерде жоғары, І, ІІ категориялы. Асханаларда ІІ, ІІІ категориялы, ал басытқыханаларда ІІІ категориялы болады

VІІ. Кәсіпорынның қуаттылығы мен сиымдылығына байланысты ірі, орташа, ұсақ кәсіпорындар болып бөлінеді. Шикізатпен жұмыс істейтін кәсіпорындардағы бөлмелер былайша бөлінеді: өнімдерді қабылдау және сақтау; шикізаттарды механикалық аспаздық өңдеу және  аспаздық жартылай фабрикаттар дайындау; аспаздық және кондитерлік өнімдерді  өндіру; тұтынушылар бөлмесі; қызмет бөлмелері; тұрмыстық бөлмелер; техникалық бөлмелер.   Дайын жартылай фабрикаттармен жұмыс істейтін кәсіпорындардағы  бөлмелер былайша бөлінеді: өнімдер мен жартылай фабрикаттарды  қабылдау және сақтау; шикізат болып әкелінетін көкөністер мен жартылай фабрикаттарды салқындай өңдейтін бөлмелер;