Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

14Билет

1. Сорпа, екінші ыстық тағамдар және гарнирлер дайындайтын қазанның көлемін анықтау есебінің ерекшеліктері Қайнату қазандарының есебі. Сорпаларды қайнату үшін тағам пісіру қазандарының номиналды сиымдылығы (дм3)

V= ∑Vө+Vсу=Vа,

мұндағы, Vө- қайнату үшін қолданылатын өнімдердің алатын көлемі, дм3;

Vсу- судың көлемі, дм3;

Vа- өнімдер арасындағы аралық көлем , дм3.

Өнімдердің алатын көлемі,дм3

Vө=Gж/ρ мұндағы,

Gж-өнім массасы, кг;

ρ - өнімдердің көлемдік тығыздығы, кг/дм3.

Өнімнің массасы:

Gж= (qөρ1 n /1000,

мұндағы,

qө –бір тағамға кететін өнім мөлшері,г; n-тағам саны.

ρ1 –өнімдердің орташа тығыздық коэффициенті.

Қою сорпалар үшін

Vв=G/nв,

Қалыпты концентрациялы сорпа үшін

Vв=nV1,

мұндағы, G-қою сорпаға арналған өнімдердің массасы, кг; nв –бір кг негізгі өгімге қажетті су мөлшерінің нормасы; n- осы сорпамен дайындалатын тағам саны; V1- қайнап жоғалған су массасын есепке ала отырып , бір порция көжеге арналған су мөлшерінің нормасы .

Өнімдер арасындағы аралық көлем мына формуламен анықталады:

Vаралық=Vөнімдер*,

мұндағы,  - өнімдер арасындағы аралықты ескеретін коэффициент =1- ρ1).

Сорпа, көже, II ыстық және тәтті тағамдардың дайындауға қолданылатын қазандардың көлемін есептеу кезінде алынған көлем 40дм3 көлемінде болса, онда, қазандарды толтыру (к=0,85) коэффициентін ескерту қажет.

Алынған мәліметтерді 0,85 коэффициентіне бөлеміз. Бұндай жағдайларда қазандарды қолданбайды, тек функционалды сиымдылықтарды немесе пештің үстіне қойылатын ыдыстарды қолданылады.

II тағамдар мен гарнирлерді қайнату үшін ісінетін өнімдерге: V=Vөнім+Vсу,

Ісінбейтін өнімдер үшін: V=1,15* Vөнім.

Өнімдерді бұқтыру үшін: V=Vөнім .

Ісінетін өнімдерді қайнату үшін қажет судың мөлшерін тағамдар рецептурасының жинағынан алады. Ал ісінбейтін өнімдерді қайнату үшін қажет судың мөлшерін (1,15) коэффициентінің көмегімен есептейді.

Бұқтыру үшін сұйықтықтың көлемін ескеретін коэффициентінің болмауы оған қосымша көлемді қажет етпейтін өнімдердің арасындағы аралықта барлық сұйықтық бөлінеді.

II ыстық тағамдар мен гарнирлерді қайнату үшін қазандардың көлемінің есебі әр екі сағатқа жүргізіледі.

Қырыққабатқа, қарақұмық ботқасына және салқын тағамдарға қазандардың көлемінің есебі, толығымен бір күнге жүргізілуі мүмкін.

Жүзеге асырылуы аз мөлшердегі өнімдер үшін әр сағат сайын жүргізіледі.

Тәтті тағамдар мен ыстық сусындарды қайнату үшін қазандардың көлемін мына формуламен есептейміз.

Тәтті тағамдар үшін: V= V т.т*n; мұндағы, V- қазан көлемі, дм3.

V т.т- тәтті тағамның бір поцияға берілген көлемі, дм3 (оны 0,2 дм3 деп аламыз)

n-бір күн аралығында таратылатын тәтті тағамдардың саны.

Ыстық сусындар үшін: V=V ы.с* n; мұндағы, V- қазан көлемі, дм3; n- залдың жұмыс істеуіндегі әр сағат сайын таратылатын порция саны.

V ы.с- бір порцияға берілген сусынның көлемі, дм3 (0,2 дм3 деп аламыз)

2. Жемістер, көкөністер және сусындар сақтайтын камералардың сипаттамалары және есептеу тәсілдері. Көкөніс цехы. Көкөніс цехы көкөністерді тазалау үшін және аршылған  картоптан, тамыртүйнектілерден, қырыққабаттан, пияздан, маусымдық көкөністер мен көктерден жартылай өнімдер дайындауға арналған.Шикізатпен жұмыс жасайтын барлық кәсіпорындарда (асхана, кафе, мейрамхана және диеталық асханалар) көкөніс цехын карастырады. Цехта жекеленген көкөністердің түрін өңдеу үшін жұмыс орындарын қарастырады. Көкөністерді     өндеудің     барлық     операцияларын     максималды     түрде механизациялайды.   Көкөністерді   жуу   және   тазалау   үшін   вибрацияның дауысын шығармай іргетасқа қондырылған картоп тазалағыштар, ал кесу үшін - кесу машиналары қолданылады. Жүмысшылардың еңбегін жеңілдету үшін жылжымалы ванналар, сөрелер, ваннасы бар үстелдер, көкөністерді  тазалау үстелдері мен пияздарды тазалауға арналған тартпалы құрылғысы бар үстелдер қолданылады. Көкөністерді картоп тазалағышқа тиеу және түсіру үшін иілмелі транспортер көмегімен жүргізіледі, бүл үшін картопі тазалағышты еденнен көтеріп, постаментке қондырады.