- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •3 Қайта құрастыру жобалары қандай жағдайларда жасайды.
- •11Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •3. Типтік жоба ерекшеліктері
- •14Билет
- •3. Кондитер цехіндегі механикалық емес жабдықтарды таңдау ерекшелігі
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •3. Асхана ыдыстарын жуатын цехта жабдықтар орналастырылады
- •23 Билет
- •3. Салқын цехта қандай жабдықтар орналастырылады
- •25 Билет
- •26Билет
- •27 Билет
- •3. Мамандандырылу белгілері бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелінуі
6 Билет
1Мекемелердегі асханалардағы залдардың сиымдылығын неге байланысты Демалыс үйлері асханаларының зал сыйымдылығы орын айналымы бір рет болатындай есеппен демалушыларды тағаммен 100% қамтамасыз ету керек; қалған демалыс мекемелеріндегі асханалардың зал сиымдылығы орын айналымы екі рет болатындай демалушылардың 50%-ына сәйкес келуі керек. Асханада өзіне-өзі қызмет көрсету қарастырылады, бірақ кейде тапсырысқа сәйкес даяшылармен қызмет көрсетіледі. Турбазаға қарасты асханаларда жорыққа шыгатын туристерге құрғақ азықты жіберу орны болу керек. Демалушылар үшін асханадан басқа буфеттер, сондай-ақ қызмет көрсетушілерге арналған асхана жобаланады. Бүл асхана залының сыйымдылығы орындар айналымы терт рет болатындай жүмыскерлері ең көп ауысымда жұмыс істейтіндердің тамақтануын қамтамасыз ету есебінен анықталады.
2 Дайындау кәсіпорнын жобалау. Қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындары жартылай өнімдер өндіруге, дайын тағамдар, аспаздық жэне кондитерлік бұйымдар дайынауға арналған. Жартылай өнімдер, аспаздық және кондитерлік бұйымдар өндірісі бойынша қоғамдық тамақтандырудың дайындау кәсіпорындарын технологиялық жобалаудың ведомстволық нормаларына сәйкес дайындау кәсіпорындарының негізгі типтері келесілер болып табылады: өндіру шикізатының көлемі ауысымына 15; 25 және 40 т болатын картылай өнімдер мен аспаздық бұйымдар фабрикасы - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын кешенді қамтамасыз ету үшін дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды орталықтан өндіру бойынша жоғары механикаландырылған өндіріс. Өндірістік процесс үзіліссіз- механикаландырылған жолдарды, өнімділігі жоғары құрал-жабдықтарды және тауар қозғалысының алдыңғы қатарлы жүйесін (функционалды сыйымдылықгарды, жылжымалы сөрелер мен контейнерлерді) қолдана отырып, өнеркәсіптік әдіспен жүзеге асырылады; арнайыланған цехтар - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамтамасыз етуге арналған шикізаттың бір ғана түрінен (еттен, балыктан, құстан, көкөністен және картоптан) дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдерді, дайын тағамдарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды орталықтан өндіру бойынша жоғары механикаландырылған жеке өндіріс; олардың куаттылығы және өндірістік процесі жартылай өнімдер мен аспаздык бұйымдар шығаратын фабрикалардың соған ұқсас цехтарына сәйкес келеді; өндіру шикізатының көлемі ауысымына 3; 5 және 10 т болатын жартылай өнімдер мен аспаздық бұйымдар кәсіпорны - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын қамтамасыз етуге арналған дайындығы жоғары дәрежелі жартылай өнімдер, дайын тағамдар, аспаздық және кондитерлік бүйымдар жасау бойынша орталықтан өндіру кәсіпорындары.
3 Функционалдық бағыты бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарыны қандай топтарға бөлінеді Бөлмелерді жобалауға койылатын жалпы талаптар. Технологиялық есептемелердің қорытындысынан алынған сандықі көрсеткіштер (қүрал-жабдықтың типі мен саны, жұмысшылардың саны, жобаланатын кәсіпорынның жекеленген бөлмелерінің ауданы) жобалау үшін негізгі материал болып табылады. Бөлмелерді жобалау деп ғимараттарды рационалды орналастыру және кәсіпорындағы технологиялық үрдістердің талаптарына сәйкес кұрал-жабдықтарды қою болып табылады. Ірі функционалды көршілес бөлмелердің тобын құру технологиялық кұрал-жабдықтарды үлымды орналастыруға және өндірістік аудандардың азайтуға көмектеседі. Кең бөлмелердің болуы тағамдарды дайындау үрдісіні механизациялауға көмектеседі.Жобалау кезінде жұмысшылардың еңбек ету жағдайына әсер ететіи факторларды ескеру қажет. Олардың негізгісі болып:Бөлмелердің микроклиматы (температура, ауа қозғалысыныңі жылдамдығы мен ылғалдылыгы сонымен қатар олардың құрамында зиянды қоспалардың болуы;) Бөлмелердің жекелеген топтарын дәліздер арқылы біріктіреді. Олардың енін функционалды тағайындалуы бойынша (өнімдерді көлбеу тасымалдау, персоналдың қозғалысы) және ерт шыққан жағдайда адамдарды эвакуациялау жағдайларын камтамасыз ету есебінен анықталады
