Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билет жауаптары.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80 Кб
Скачать
☆

7 Билет

1. Өндірістік кәсіпорындарын жобалау ерекшеліктері Жобалау дегеніміз – бұл өте күрделі процесс, бұған бірыңғай мемлекеттік нормалармен стандарттардың негізінде инженерлермен архитекторлардың жүргізген есептері мен конструкторлық жұмыстарының жобалары жатады. Жобалаудың мақсаты – берілген жер бөлігіне ғимаратты салуға рұқсат беретін техникалық құжаттардың комплектісін жинау болып табылады. Жобалау дегеніміз өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі, оны атқару нәтижесінде ғимараттар мен кұрылымдар (ғимаратгар) тұрғызу немесе қайта құрастыру үшін техникалық құжаттама жасалады. Жоба жасау - ғылыми зерттеулер мен оларды халық шарушылығына ендіру арасында орын алатын байланыстырушы бөлім. Жоба дайындау процесіне жобалау, ізденіс және кешенді жоба - ізденіс мекемелерінің (институттар, трестер және құрастыру бюролары) жоғары білікті мамандары тікелей қатысады. Жобалаудың жалпы ережелері: - жобада ғылым мен техниканың жетістіктерін, алдынғы қатар отандық және шетел тэжірибесін кеңінен қолдану; - жобалауды кәсіпорындарының даму және орналастыру схемалары мен оның материалдық-техникалық базасына сәйкес жүргізу; - жобалаудың бірнеше түрін енгізіп, оның ішінен берілген жағдайда экономикалық тұрғыдан тиімді шешімін іске асыру. Кәсіпорындардың типтік жобаларын кеңінен қолдану нәтижесінде жоба жасаушылардың жұмысы неғұрлым жеңілдейді, жобалау жұмыстардың сапасы артып, бағасы төмендейді. Жобалаудың үшінші (жобадан кейінгі) кезеңінде құрылыс үстінен бақылау жүргізіледі. Салынып жатқан ғимараттар мен құрылымдардың сапасын арттыру және жобалау мекемелерінің жауапкершілігін жоғарылату мақсатымен бас жобалаушыға жобалық шешімдер мен нормалық шарттарға келмейтін жүргізген құрылыс-жөндеу жүмыстарын тоқтатуға құқық беріледі. Жобалаудың мақсаты - кәсіпорындарды салу және қайта құру үшін арналған техникалық құжаттарды күрау. Жалпы алғанда жоба мәтіні материалдардан (түсіндірме хат, есеп), сызбалардан және смета қүжаттарынан тұрады. Жобаны жүргізу процесі келесі сатылардан тұрады: - бүтін бір кәсіпорынға және оның бөлімдерінің әрқайсына технологиялық проңестің үйымдастырылу кестесін кұру; - мақсатына сәйкес бөлімдерді құрастыру; - құрылыстық элементтерді, жылыту жүйелерін, ауа алмастыру жүйелерін, су мен энергия қуатымен қамтамасыз ету жүйелерін, тоңазытқыш қондырғаларды, су құбырларын есептеу және таңдап алу; - өндірістегі жұмысшылардың санын, кәсіпорынның өндірістік қуатын және тұтынушыларды тамақтандыру мүмкіндігінің санын анықтау; - өнімнің өзіндік кұнын, пайдалану шығынын, күрделі қаржы жұмсау тиімділігін дәлелдеу және есептеу. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалаудың негізгі белігі -технологиялық жобалау болып табылады. Оның міндеттері: - жобаланатын кәсіпорынның сандық сипаттамаларын белгілеу; - өнімді қабылдау және сақтау, оны аспаздық жолмен өңдеу, дайын өнімдерді өткізу, тұтынушыларға қызмет көрсету және ұйымдастыру кестесін анықтау; - негізгі бөлмелер топтарының арасындағы өндірістік сұрақтарды шешу; - цехтардағы технологиялық, суытқыш және көмекші құрал-жабдықгарды орналастыру және тандау. Құрылыс нысанасы бойынша жүргізілетін жобалау жұмыстарын тапсырыс беруші ұйыммен жасалған келісім-шарт бойынша жобалау мекемесі орындайды. Егер жан-жакты зерттеу жұмыстарына бірнеше жобалаушы ұйым қатысса, соның біреуі негізгі жобалаушы болып табылады.

2 Кешенді тамақтану кәсіпорындарын жобалау ерекшеліктері. жоба қоғамдық тамактандыру кәсіпорындарының белгілі аймакта қойылатын талаптарына сәйкес, бір рет қана қолдану үшін қарастырылған. Белгілі бір жағдайларда кейбір маңызды емес құрылыстык мөлшер мен Ережелерден (СНиП) ауытқуға мүмкіндік беріледі, кейбір стандарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, жабдыктарды, жергілікті кұрылыс материалдарын қолдануға болады. Бұл жоба көп функционалды белгіленген ірі құрылыстарды тұрғызу үшін қарастырылған, сонымен бірге егер типтік жобаны қолдану қолайсыз болса немесе оны қолдануға мүмкіндік болмаса (құрылыстық жердің шектелуі, жергілікті жердің пайдаланылу кажеттілігі т.б.) қолданылады. Кәсіпорын жобасын жасау мен құрылыс жургізу жұмыстарының экономикалық орындылығы және шаруашылық қажеттілігі айқындалғаннан кейін жобалауға тапсырма жасау шаралары басталады.Қалалык кұрылыстың және ауылдық тұрғын жерлердің қоғамдык тамақтандыру кәсіпорындары тұрғындарды орналастырудың қалалық құрылыс  параметрлерін,  көліктік магистраль жүйелерін және  өндірістік, мәдени-тұрмыстық объектілердің орналастырылуын ескере отырып жобалануы керек.Көпшілік қолды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары желілерінің есептік мерзімдегі және бірінші кезекгегі жалпы қажеттілігін нормативті мэліметтер бойынша анықтайды, ол қалалардың басты жоспарларының дамуына жеке сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының желілерін орналастырудың жэне дамытудың алға көздеген жоспарларын құрастыру бойынша әдістемелік нұсқауда керсетілген.Көпшілік қолды коғамдық тамақтандыру кәсіпорындары желілерінің даму нормативтері бүкіл қала бойынша орнатылғандықтан кәсіпорынның қажетті жобалық қуаттылығын негіздеген кезде келесілерді ескеру керек: қаланың жалпы тұрғындарының санын; жобаланатын кәсіпорынды салатын ауданды; кәсіпорынды қала кұрылысының құрылымына орналастыру жуйесін.Қоғамдык тамақтандыру кэсіпорындарын келесідей жерлерде орналастыру ұсынылады: ықшам аудандардың, тұрғын аудандарының және кешендерінің аймағында (жергілікті маңызы бар қоғамдык тамактандыру кәсіпорындары); қала орталығында, жоспарланған аудандардың қоғамдық орталықтарында, қалалық әкімшілік-іскерлік, спортгық, мәдени орталыктарында, көліктік тасқыны көп жерлермен, ірі саудалық, мәдени және ағартушылық мекемелерімен (әмбебап дүкендермен, мұражайлармен, театрлармен, мәдени сарайлармен, т.б.) байланысқан тұрғыңдардың көп жиналатын жерлерінде, ірі көліктік түйіндерге жақын жерлерде (қалалық маңызы бар кәсіпорындар).Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қонақүй, әртүрлі типті вокзалдар мен темір жол станциялары жанындағы кәсіпорындар, сондай-ақ кейбір басқа да кәсіпорындар жатады.Темір жол, өзендік вокзалдардың, әуевокзалдар кешенінің және әуежайлар ғимараттарында орналастырылған қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының сыйымдылығы жолаушылар тасқынына байланысты аныкталады.Қонақүй жанында мейрамхана, кафе, барлар, буфеттер және асханалар орналастырылады. Мейрамханалар, кафелер жэне барлар қонақүйде түратындарға, сондай-ақ жақын орналасқан аудандардың түрғындарына қызмет көрсету үшін қолданылады; буфеттер, көбінесе, конақүйде түратындарға қызмет көрсету үшін; асханалар қонақүйдің қызметкерлерінің тамақтануы үшін тағайындалады.

3 Орталықтандыру дережесі бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелінуі Өндірісті орталықтандыру дәрежесі бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары былай жіктелінеді 1) Дайындау 2) Аяқталған циклы бойынша 3) Даярлау, өндірісі жоқ жартылай фабрикаттармен жұмыс жасайтындар (тарату)