- •1 Билет
- •2 Билет
- •3 Билет
- •4 Билет
- •6 Билет
- •7 Билет
- •8 Билет
- •3 Қайта құрастыру жобалары қандай жағдайларда жасайды.
- •11Билет
- •12 Билет
- •13 Билет
- •3. Типтік жоба ерекшеліктері
- •14Билет
- •3. Кондитер цехіндегі механикалық емес жабдықтарды таңдау ерекшелігі
- •15 Билет
- •16 Билет
- •17 Билет
- •18 Билет
- •19 Билет
- •3. Асхана ыдыстарын жуатын цехта жабдықтар орналастырылады
- •23 Билет
- •3. Салқын цехта қандай жабдықтар орналастырылады
- •25 Билет
- •26Билет
- •27 Билет
- •3. Мамандандырылу белгілері бойынша қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жіктелінуі
12 Билет
1. Уақыт нормасы бойынша жұмысшылар санын анықтау 1 Жұмысшылардың уақыт нормасы - өнім бірліктерін орындауға бекітілген уақыт саны. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында жұмысшылар саны әр цех үшін есептелінеді. Оның есебін екі жолмен анықтайды:
I Уакыт нормасы бойынша (дайын өнім бірлігіне);
2. Өндіру нормасы бойынша.
Екі жағдайда да белгілі мезгілдегі бір адамға жұмыс уақытының қоры мен сол мезгілдегі цехтың өндірістік бағдарламасында ескеріледі.
Уақыт мөлшері бойынша өндірістік жұмысшылар саны мына теңдеумен аныкталады:
Ni = ∑ n t /(3600 T λ) ,
мұндағы, Ni өндірістегі жұмысшылар саны (тікелей өндіріс процесіндегі), адам; n - бір күнде дайындалатын өнімдер не тағамдар саны, дана немесе кг; t - бір өнімді дайындауға кеткен уакыт мөлшері.
2. Асхана мен ресторан мәзірлері Асханаларды келесідей жерде орналастыруға болады: жеке тұрған ғимараттарда, олар өнеркәсіптік корпустарымен жер үсті немесе жер асты өтпе жолдарымен, жер үсті өтпе жолдарымен немесе дәліздермен жалғастырылады; өнеркәсіптік кәсіпорынға қосып салынған ғимараттарда немесе өндірістік корпустарға қосып салынған бөлмелерде. Барлық жағдайда асханалардың залынан жұмыс орнына дейінгі ара қашыктық 300 м-ден аспайтындай орналастырылады. Жоғары оқу орындарына қарасты асханалар, әдетте, жартылай өнімдермен жұмыс істеуі керек. Бір немесе бірнеше жоғары оқу орындарының асханаларын бір дайындау кәсіпорындарынан немесе негізгі асханадан қамтамасыз ету қарастырылады
. 3. Жалпы жоба дегеніміз не ? . Жоба түсіндірме жазбалардан, сызбалардан және сметалық құжаттардан тұрады. Типтік жоба – белгіленуі бойынша бірдей объектілерді салу кезінде бірнеше рет қолдану үшін арналған жобаны айтады. Жекеленген жобалар – көп функциялы ірі объектілерді салу үшін қарастырылған. Оның құрамына ресторан, кафе, аспаздық дүкендер және арнайы кәсіпорындар т.с.с жатады. Экспериментті құрылыс үшін жоба жоғары эксплуатациялық талаптарға сай жаңа үнемді ғимараттардың типін енгізу кезіндегі реалды жағдайлардағы мүмкіншіліктерді тексеру үшін арналған. Реконструкция немесе қайта құру жобалары өзінің техникалық жағдайларымен, құрал-жабдықпен жабдықталуымен, қолданылатын технологиялық процестерімен және қызмет көрсету формасы бойынша жаңа талаптарға сәйкес келмеген кезде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін жасалынады. Жоба - кәсіпорынның құрылысына керекті, гылыми тұрғыдан дәлелді құжаттар жинағы (есептер, сызбалар, түсіндірме хаттар мен сметалар). Ал, жобалау - күрделі процесс, ол есептеу және жобалаудың конструкциялык жүмыстарынан тұрады да, арнайы мамандармен стандарт және ережелер арқылы іске асырылады. Жобалау дегеніміз өзара байланысты іс-әрекеттер жүйесі, оны атқару нәтижесінде ғимараттар мен кұрылымдар (ғимаратгар) тұрғызу немесе қайта құрастыру үшін техникалық құжаттама жасалады. Жоба жасау - ғылыми зерттеулер мен оларды халық шарушылығына ендіру арасында орын алатын байланыстырушы бөлім. Жоба дайындау процесіне жобалау, ізденіс және кешенді жоба - ізденіс мекемелерінің (институттар, трестер және құрастыру бюролары) жоғары білікті мамандары тікелей қатысады
