Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1. Риккетсиялардың морфологиясы.

2. Спирттік ашу процесі.

3. Сүт ж/е сүт өнімдерінен таңдамалы орталарға себу жүргізу.

1. Риккетсиялардың морфологиясы. Риккетсияларды 1909 жылы Америка ғалымы Риккетс ашқан. Олардың клеткаларының мөлшері 0, 1 ден 0, 5 мкм ға дейін барады, бөліну арқылы көбейеді, қозғалмайды, грамм теріс, прокариоттарға тән клетка қабығы болады, спора түзбейді, оларды ішінде ұлпалар бар арнаулы қоректік ортада өсіреді. Бірақ бұл қасиет осы қатардың барлық өкілдеріне тән емес. Риккетсийлер арасында қозғалғыш, грамм оң жай қоректік орталарда өсіруге көнетін түрлері болады. Организм мен риккетсилер арасында паразиттік ж-е онымен қатар мутуалистік қатынас та байқалады. риккетсийлер арасындағы паразиттердің көпшілігі патоген емес, оның аз бөлігі ғана адамда омыртқалы ж-е омыртқасыз жануарларда ауру қоздырады. Қолайсыз жағдайда клеткалар цитаплазмасы мен клетка қабығы қатайып тыныштық күйге келеді. Бұл құбылысты плеоморфизм д. а. Риккетсийлер клеткасында бактериялар клеткалар клеткасына тән құрылымдық элементтер кездеседі:нуклеотид, цитоплазма, цитоплазмалық мембрана, 3 қабатты клетка қабығы, рибосомалар. клеткалары капсула тәрізді нәрселермен қоршалған. Кейбір риккетсийлер белок ж-е липидтерді түзе алады. Бұл микроорганизмдер бактериялар мен вирустардың арасындағы ерекше топқа жатады. Бактерияларға ұқсас жерлері пішіндері таяқша тәрізді, прокариот Грам әдісімен боялғанда қызыл түске боялады, ал вирустарға ұқсас жері өте ұсақ нанометрмен өлшенеді, жасанды қоректік ортада өспейді. Тек тауық эмбрионында өзіндік репродукция жолымен көбейеді. Рикетсияның паразитті түрлері жануарлар мен адамдарда риккетсиоз ауруын қоздырады.

2. Спирттік ашу процесі.

Жалпы Ашытқыларды ең алғаш 1680жылы Левенгук тапқан. Бірақ спирттік ашудағы олардың маңызын 1857 жылы Л. Пастер дәлелдеді. Бұл процестің қоздырушы ашытқылары факультативті анаэробты б. т. Олар оттексіз ортада тіршілік етіп, энергияны спирттік ашу барысында жинақтайды. Ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қантты заттардың спиртке және көмірқышқыл газына айналуын спирттік ашу процесі деп атайды. Ол төмендегідей реакцияға сай жүреді:

С6Н12О6 + 2Н3РО4 + АДФ 2С2Н5ОН + 2СО2 +2АТФ + 2Н2О + 27 ккал

Бұл формуладан спирт бірден түзіле қояды деген ұғым тумасқа тиіс. Қант алдымен гликолизге ұшырап, оның соңғы өнімдерінің бірі пирожүзім қышқылы пайда болады. Сол пирожүзім қышқылы декарбоксилаза деп аталатын ферменттің әсерінен сірке альдегидіне айналады. Бұдан соң сірке альдегиді алкагольдегидрогеназа ферментінің әсерінен тотықсыздану реакциясы арқылы этил спиртіне айналады.

Ашытқы саңырауқұлақтар ашудың жағдайларына байланысты ортада әр түрлі заттар түзеді. Олардың ішінде басым көпшілігі этил спирті мен көмір қышқыл газы болады, кейде глицерин мен сірке қышқылы кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтар кез келген қанттарды ашытпай, тек моносахаридтер мен дисахаридтерді ғана ашытады. Полисахаридтерді, мәселен крахмалды, олар ашыта алмайды. Мұның себебі: ашытқы саңырауқұлақтарда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын ала түрлі ферменттер көмегімен моно және дисахаридтерге дейін ажыратып алады. Ал ашытқы саңырауқұлақтар клеткасында болатын мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан көптеген ферменттердің көмегімен ашытқы саң-р спирт пен көмірқышқыл газын түзеді. Спирттік ашу процесінің тұрмыстағы маңызды рөлі. Спирттік ашу процесінің тұрмыста үлкен маңызы бар, өйткені оның нәтижесінде тамақ өндірісі, адамға керекті әр түрлі арақ-шарап ішімдіктері даярланады: Жүзім шырынынан — шарап, коньяк жасалады. Қамыс қантынан — ром, арақ; Крахмалға бай дәндерден (арпа, жүгері, бидай) —сыра, квас, виски, аракі; Күріш пен тарыдан — сака деген шарап, боза, көже және тағы басқалар даярланады. Спирттік ашу процесі әдетте анаэробты жағдайда жақсы жүреді. Сонымен қатар ауаны жеткілікті мөлшерде жібергенде ашытқы саңырауқұлақтардың саны тез өсетіні белгілі. Сондықтан нан ашытқы саңырауқұлақтарды өсіргенде ыдысқа дамылсыз ауа енгізіп отырылады. Спирт ашу процесінің практикада екі тәсілі қолданылады. Олар:беттік ж/е түптік ашу. Беттік ашу процесі +14—24°-та жақсы жүреді. Мұнда ортадан көп мөлшерде газ бөлінеді. Беттік ашу көбінесе шарап жасауда және нан өндірісінде қолданылады. Ашу процесі толық аяқталғаннан кейін ашытқы саңырауқұлақтар сұйық түбіне тұнып қалады. Түптік ашу төменірек температурада ( + 5—10°) жүреді және оның қарқыны да баяулайды, ашытқы саңырауқұлақтар сұйықтың түбінде көбейіп тұнып қалып, көмір қышқыл газы сыртқа бөлініп отырады. Түптік ашу процесі сыра қайнатуда кең қолданылады. Процесс барысында 15% спирт бөлінгенде ашу тоқтайды. Өйткені, спирт көбейген кезде процесс барысында микроорг. жойып жіберуі мүмкін. Спирт ашудың соңында көмірқышқыл газы, май қышқылы, аздаған мөлшерде глицерин түзіледі.

17-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]