Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1. Актиномицеттердің морфологиясы.

2. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.

3. Микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу.

1. Актиномицеттердің морфологиясы.

Актиномицет д-з – лат. тілінен аударғанда Актино-сәуле, мицет-саңырауқұлақ д. м. б. Бұл микроорганизм-р көбінесе топырақта, мал азығында тіршілік етеді. Саң-р мен бактерия-ң арасындағы үлкен топқа жатады. Прокариотты клетка қабығында муреин мен тейхой қышқ-ы болатын грам әдісімен боялады ж/е төменгі сатыдағы түрлері пішіні жағынан бактерияға ұқсас ж/е бинарлық жолмен көбееді. Ал, жоғарғы сатыдағы актиномиц-р-мицелийден ж/е споралардан тұрады. Сондықтан вегетативті, мицелий-ң бөлігі бөлініп, қолайлы жағдайда жаңа актиномицет-ң өсуі жыныссыз жолмен, споралар-ң көмегімен көбееді. Актиномицеттер-н антибиотиктер ж/е медициналық препараттар алынады. Актиномицеттердің басқа микроорг-н айырмашылығы оның зең саң-ң мицелийі сияқты ұзын, бұтақтанатын мицелийінің болуында. қатты қоректік ортада өскен актиномицеттерден оларға тән құрылымдар мен колониялардың бояуын жай көзбен көруге болады. Бұл колониялрдың бір жартысы қоректік ортада орналасса, қалған бөлігі ауа мицелийі түрінде оның бетінде өсіп өнеді. Оның ұшында споралар орналасқан бұтақшалар н-е спора тасығыштар түзіледі. Спора орналасқан бүтақшалардың бір бөлігімен н-е спораларымен актиномицеттер көбейеді. Актиномицеттер басқа микро-р сияқты табиғатта кең таралған ж-е олардың маңызы зор болады. топырақта олар әртүрлі заттардың айналымына белсенді қатысады. Бірқатар актиномицеттерден науқасқа шипа дәрілер алынады.

2. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі

Микроорганизм-ң көбеюінің неізгі 3түрі бар.

1. Вегетативті. 2. Жыныссыз. 3. Жынысты.

Бактериялар клетка-ң жай 2-ге бөлінуі арқылы бинарлық жолмен көбееді. Кей жағдайда бүршіктену, ал микроскопиялық саңырауқұлақтарға мицелийдің бөлігі бөлініп, қолайлы жерде жаңа саңырауқұлақ-р-ң өсуі арқылы жүреді. микроб клеткасының көбею жылдамдығы о-ң жас ерекшелігіне, қоректік орта-ң құрамына, ауа-оттегінің бар жоғына және қоршаған ортаның жағдайларына тікелей байланысты. Мыс:ішек таяқшасы, әрбір 20-30 мин. сайын көбейсе, туберкулез-ң қоздырғышы 18-24сағ. аралығында көбееді. яғни, орта жағдайы неғұрлым қолайлы болған сайын, микроб клеткасы соғұрлым тез көбееді. Шар тәрізді микроорганизмдер әртүрлі жазықтықта бөлінсе, ал таяқша тәрізділері көлденең көбееді. Микроб клеткасының көбеюі жылдамм болғанымен, шектеулі. Өсу дегеніміз-микроб клеткасының массасының жоғарылауы. Көбею-особьтар н/е ұрпақтар санының көбеюі. Көбеюдің н/е өсудің кезеңдерін шартты түрде 4 фазаға бөлеміз.

1. Бастапқы фаза(лаг фаза)-бұл фазада дақылдағы клеткалар саны тұрақты болады. дақыл ортаға бейімделе бастайды, клетканың құрамындағы рибоза нуклеин қышқылы көбейіп, соның көмегімен қажетті ферменттер синтезделе бастайды.

2. Логарифмдік фаза-дақылдар клетка саны мах өскені ж/е барлық клетка белсенді болады. Бірақ фазаның аяғында қоректік орта азайғаннан кейін дақылдар-ң өсуі баяулайды.

3. Ересектену фаза-бұда жаңа п. б. клетка-н өлген клетканың саны теңеседі.

4. Өлу фазасы- тірі клетканың саны-ң азаюы мен бай-ты ол-ң өзгерісі де байқалады.

3. Микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу.

18-билет

1. Тағамдық улану

2. микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері

3. микроорганизмдерді сандық әдіспен санау. Ашытқылардан препарат дайындау

1. Тағамдық улану. Тағамдық улану табиғатта улы жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, балықтар ж/е буып-түйгіш заттар орамдар арқылы микроорганизмдердің н/е олардың токсиндерінің, химиялық препараттарының әсерінен пайда болатын аурулар. Микроорганизмдер арқылы болатын улануды негізгі 2 түрге бөлеміз:1. тағамдық интоксикация. 2. токсикоинфекция. Тағамдық интоксикация барысында микробтардың өздері қатыспай олардың сыртқа бөліп шығаратын экзотоксиндері арқылы пайда боатын улану. Бұл интоксикацияның өзі бактериялық н/е саңырауқұлақтық болып келеді. Бактериялық табиғатты интоксикацияға:1. Ботулизм-өте ауыр өтетін кластридиум туысының бактериялары қоздыратын улану түрі. Бұл бактериялар табиғатта кеңінен таралған, ірі, қозғалатын спора түзетін, оптимальды температурасы 35-37С температура ал +4 С температура төмендегенде өспейтін анаэробтар. Бұлардың споралары 100С температурада 6 сағат қайнатқанда тіршілік жоймайды. Кластридиум бактерияларының улары сенил қышқылдарының уынан 10млрд есе күшті. Бұл бактериялармен н/е улармен уланғанда адамдардың нерв жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесі зақымданады. бұлшық еттің қызметі нашарлайды. 2. Стафилакоккалық интоксикация-бұл улану қоздырғышы STAFILOCOCCUS AUREUS алтындатылған стафилакокка адамдар мен жануарлар терісінде, мұрын қуысында калыпты жағдайда тіршілік етеді, яғни шартты потогенді бактерия. Бұл бактерияның уымен уланғанда көп өзгеріс байқалмайды, бірақ асқазан, ішек жолдарының қабынуы байқалады. Сондықтан тамақтану орынында, тамақ өндірістерінде ангинамен ауырған, терілері зақымдалған қызметкерлерді жұмысқа жібермейді.

Саңырауқұлақтық табиғатты улану негізгі 2 түрге бөлінеді. 1. алиментарлы токсинды алейкия-бұл улану астық тұқымдасының дәндерінен, қардың астында қалған бидайдан осындай астық өнімдерінен жарма жасағанда, ұн өндіргенде, соларды тамақ өндірісінде пайдаланғанда пайда болады. Бұндай уланудың негізгі қоздырғышы зең саңырауқұлағы. Олар өте төзімді, жаңағы өнімдердің күшін жоймайтын өнімдер. Егер бұндай у организмге көп енсе адамдардың қан айналымы нашарлайды, нерв жүйесі бұзылады, көз алдында елес пайда болады. Ал өте көп мөлшерде болса миға қан құйылуы мүмкін. 2. фузариотоксикоз-халықта бұл улануды`` Мас нан ``д. а. Мұндай улану фузариум туысының токсиндері арқылы пайда болады. Олардың токсиндерін афлотоксин д. а. Бұл ыстыққа төзімді, кансарагенді, автоклавтағанда өлмейтін, өте қауіпті у болып табылады. Бұндай токсинмен уланғанда адамда нерв жүйесі зақымдалады, мишықтың қызметі нашарлайды. тіл күрмеленеді, көз көрмейді ж/е адам мас сияқты күйге енеді.

Тағамдық токсикоинфекция. Тағамдық токсикоинфекция-өте ауыр өтетін асқазан ішек жолдарының ауруымен сипатталады. Бұның қоздырғышы салмонелла туысының бактериялары. Бұл бактериялар грам теріс, спора түзбейтін, жоғары температураға төзімді, қысқа, факультативты анаэробтар. Бұндай бактериямен зақымдалған етті 100С температурада 3 сағ қайнатқанда жойылмайды. Бұлар сыртқы ортада 10-20С температурада бірнеше айға дейін сақталады, бірақ ультра күлгін ж/е гамма сәулеге сезімтал келеді. Бұндай қоздырғыштармен зақымдалған құс еттері балық, жұмыртқа сүт өнімдері, қаннан ж/е бауырдан жасалған шұжықтар органолептикасы өзгермегендіктен өте қауіпті б/т.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]