- •2. Микроорганизмдердiң физиологиясы.
- •3. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережесі.
- •1. Микроорганизмдер систематиасы.
- •2. Бактериялардың морфологиясы, қозғалуы, спора түзуі ж/е көбеюі.
- •3. Микроскоп және микроскоптау техникасы.
- •2. Бактериялардың морфологиясы, қозғалуы, спора түзуі ж/е көбеюі.
- •3. Микробиологиялық лабораторияда қолданылатын негізгі дезинфекциялық заттар.
- •3.Микроскоп және микроскоптау техникасы.
- •1. Ашытқы саңырауқұлақтардың морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің қоректенуі.
- •4Билет.
- •1. Микроскопиялық саңырауқұлақтар-ң морфологиясы, классифкациясы.
- •2. Микроорганизмдердің тыныс алуы.
- •2. Тыныс алуы.
- •1. Актиномицеттердің морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.
- •3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу. (Жай бояу әдісі. )
- •3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу. (Жай бояу әдісі. )
- •1. Рикетсиялардың морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің ферменттері.
- •3. Микробтарды грам әдісімен бояу.
- •3. Микробтарды грам әдісімен бояу.
- •2. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері
- •8 Билет
- •2. Микроорганизмдерге сыртқы орта факторының әсері
- •3. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клетка құрылысын анықтау.
- •1. Прокариотты ж-е эукариотты микробтар, олардың негізгі айырмашылығы
- •2. Микроорг-ге химиялық факторлардың әсері
- •3. Стерилдеу әдісі
- •2. Микроорг-ге химиялық факторлардың әсері
- •3. Стерилдеу әдісі.
- •1. Микробиологияның Қазақстанда дамуы
- •2. Иммунитет жөніндегі ілім
- •3. Қоректік орталар(дайындау, сұйық ж-е тығыз қоректік орталар құрамын анықтау)
- •2. Микроорганизмдерге биологиялық факторлардың әсері
- •3. Судың микробиотасын зерттеу(Құбыр суының ж/е өзен, көл суларын қарастыру).
- •1. Микроорганизмдердің систематикасы.
- •2. Микроорганизмдердің азотсыз органикалық заттарды өзгеріске ұшыратуы.
- •3. Топырақ микробиотасын зерттеу.
- •2. Микроорганизмдерге сыртқы орта факторының әсері
- •1. Риккетсиялардың морфологиясы.
- •2. Спирттік ашу процесі.
- •3. Сүт ж/е сүт өнімдерінен таңдамалы орталарға себу жүргізу.
- •2. Спирттік ашу процесі.
- •1. Актиномицеттердің морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі.
- •3. Микроорганизмдердің таза дақылдарын бөліп алу.
- •2. Микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі
- •2. Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері.
- •2. Микроорг-ге химиялық факторлардың әсері
- •3. Стерилдеу әдісі.
- •1. Микробиология пәніне кіріспе.
- •2. Микроорганизмдер физиологиясы.
- •3. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережесі.
- •2. Микроорганизмдердiң физиологиясы.
- •3. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс істеу ережесі.
- •1. Ашытқы саңырауқұлқтардың морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің қоректенуі.
- •3. Микробиологиялық лабораторияда қолданылатын негізгі дезинфекциялық заттар.
- •1. Зооантропоноздық инфекция.
- •2. Сүт қышқылды ашу процесі.
- •3. Судың микробиотасын зерттеу(Құбыр суының ж/е өзен, көл суларын қарастыру)
- •3. Судың микробиотасын зерттеу(Құбыр суының ж/е өзен, көл суларын қарастыру).
- •1. Микроорганизмдер систематикасы.
- •2. Микроорганизмдердің қоректенуі.
- •3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу(жай бояу әдісі)
- •3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу. (Жай бояу әдісі. )
- •2. Микроорг-ге химиялық факторлардың әсері
- •3. Стерилдеу әдісі.
- •1. Микроскопиялық саңырауқұлақтар-ң морфологиясы, классифкациясы.
- •2. Микроорганизмдердің тыныс алуы.
- •1. Рикетсиялардың морфологиясы.
- •2. Микроорганизмдердің ферменттері.
- •3. Микробтарды грам әдісімен бояу.
- •3. Микробтарды грам әдісімен бояу.
- •1. Спирттік ашу.
- •2. Микроорганизмдердің ферменттері.
- •3. Микробтарды Грам әдісімен бояу.
- •3. Микробтарды грам әдісімен бояу.
- •1. Вирустар.
- •2. Микроорганизмдер физиологиясы.
- •3. Стерилдеу әдістері.
- •1. Вирустар.
- •2. Микроорганизмдердiң физиологиясы.
- •3. Стерилдеу әдісі.
3.Микроскоп және микроскоптау техникасы.
Биологиялық микроскоп негізгі 3 бөлімнен тұрады:
1. Механикалық бөлім-тубус, тубус ұстағыш, макровинт, микровинт, ревальверь, зат үстелшесі, штатив, тірегіш.
2. Жарықтандыру бөлім-2бетті айн(тегіс-табиғи жарыққа, ойыс-жасаны жарыққа арналған )ж/е конденсатор(жарықты реттеуге арналған иристі диафрагмадан ж/е жинақтағыш линзадан тұрады)
3. Оптикалық бөлім-окуляр(х 7, 10, 15) ж/е объектив-н тұрады(х8, 40, 90, 100).
Микроскоптау техникасы.
1. Кез-келген зерттеуді микроскоптың ең кіші объектив х8-імен айна ж/е конденсатор-ңкөмегімен жарық табумен бастаймыз. 2. Егер препарат тірі күйінде болса, алдымен 8-нші объективпен(арақашықтығы 1-1, 5 см), содан кейін 40-шы объективпен(арақашықтығы 1мм н/е тиер-тиместей)зерттейміз, осылай микроорг-ң қозғалысын, пішінін ж/е көбею органдарын зерт-ге болады. 3. Егер препарат өлген ж/е боялған күйінде болса, алдымен зерттеуде 8-ші объективтен бастап, жақсы боялған жұқа жерін анықтап, осы анықталған жерге 1 тамшы имерсиялық май тамызып, объективті 100-ге ауыстырамыз. 100-ші объектив майға батырылып тұру қажет. 4. Зерттеу соңында объективтегі майды мұқият тазартып, микроскопты жұмыссыз күйге қоямыз. 8-ші ж/е 40-шы объектив қолдануына қарай, құрғақ жүйе, ал 90-100-ші объектив имерсиялы жүйе д. а. 8-ші объективпен қарағанда, микровинтті қолдануға болмайды.
3билет
1. Ашытқы саңырауқұлақтардың морфологиясы.
2. Микроорганизмдердің қоректенуі.
3. Микробиологиялық лабораторияда қолданылатын негізгі дезинфекциялық заттар.
1. Ашытқы саңырауқұлақтар асколицеттер класына жататын, яғни жетiлген жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтар, бiрақ нағыз саңырауқұлақтарға ұқсамайды, өйткенi мицелий түзбейдi, бiр клеткалы, клетка құрылысы өсiмдiктердiкiне ұқсайды, бiрақ хлорофильi жоқ. Клеткалары әр пiшiндi (шар, цилиндр, лимон, элипс тәрiздi). Бактерияларға қарағанда iрi, клеткаларының диаметрi 8-10 мк дейiн, 2-20 мк кейде 50 мк-ға дейін ұзындығы болатын қозғалмайтын организмдер. Табиғатта кең тараған, топырақ бетiндегi қабатында , әсiресе бау-бақша өсiмдiктерiнiң жемiсi мен жапырағында кездеседi. Техникалық маңызы өте зор, көптеген ашыту процестерiне қатысады, соның нәтижесiнде түрлi тағам алуда қолдагнылады, бiрақ раларында зиянды түрi бар. Эукариотты организмдерге жатады, яғни оларда айқын көрiнетiн ядросы бар. Клетка қабықшасынан цитоплазмалық мембранадан, цитоплазмадан, цитоплазмада 1-2 вакуолий, ұзын немесе жiпше түрдегi митохондрийлар орналасады. Клетка қабықшасы бiрнеше қабатты, құрамында 60-70 % целлюлоза бар және аз мөлшерде белок, липидтер, хитин бар. Гликоген, валютин заттары да кездеседi.
Ашытқылардың көбею.
1. Негiзгi көбеюi бүршiктену арқылы. Бүршiктену ересек клеткалардың беткi жағында бүршiк, яғни төмпешік пайда болады да, ол бiртiндеп ұлғаяды. Аналық клеткалардан бүршiктi ядро мен цитоплазманың бiр бөлiгi ауысады, одан соң бүршiк бөлектенiп жеке тiршiлiк етедi.
2. Жыныссыз жолмен көбею-басқа микроорг-рдегі сияқты клетка-ң жәй екіге бөлінуі арқылы жүреді. Яғни, былай көбеюді бинарлы д. а.
3. Жынысты жолмен көбею аналық ж/е аталық клетка бір-бірімен табысып, орталарындағы клетка қабығы еріп, ұрықтанған зигота п. б. Бұл әрі қарай дамып, 4-8 н/е одан да көп жаңа ашытқы-ға айналады. Бірақ сыртқы орта қолайсыз болса, ұрықтанған зигота аскоспоралар түзіп, одан әрі қолайлы жағдай туғанда жыныссыз жолмен көбееді. Ашытқылар негізінен ашытқы өндірісінде көп байдаланады. Оларды көбінесе сыра ашытуда, нан өндірісінде, шарап жасауда және медицинада, биотехнологтяда кеңінен қолданады. Олар-ң арасында паразиттер де, сапрофиттер де кездеседі. Сапрофиттерді өндірістерде қолданса, ал параттілер адам мен жануар-да бластамикоза ауруын туғызалы. Ашытқылар клетка құрылысына қарай 2 түрге б-ді:
1. Шаң тәрізді – сұйықтықтың бетінде орналасқан, клетка қабығы құрғақ болғандықтан, көпіршік тәрізді беткі бөлігінде орналасқан, сондықтан шаң тәрізді д. а.
2. Мақта тәрізді – клетка қабығы шырышталып, 1-1-іне жабысып, сұйық ортада мақта тәрізді тұнба түзеді. Сондықтан мақта тәрізді ашытқылар д. а.
2. Микроорганизмдердiң қоректенуi.
Микроорганизмдер басқа тiрi организмдер сияқты қоректi қажет етедi, айырмашылығы аузы болмайды. Қоректiк затты бүкiл денесiмен сiңiредi. Сондықтан микроорганизмдердiң зат алмасу процесi өте интенсивтi жүредi. Қоректену процесi оның шапшаңдығы түрлi жағдайға байланысты, әсiресе заттар концентрациясына. Басқа факторлардан клетка құрылымына, қабығының өткiзгiштiгiне байланысты.
Қоректiк затарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Заттар ерiтiндiсi клетка қабығының өткiзгiштiгi белгiлi мөлшерде қысым туғызады. Оны Осмос қысымы деп атайды.
Егер ерiген заттардың концентрациясы артық болса, қысым да арта түседi. Клеткада жүретiн биохимиялық процестердiң нәтижесiнде жиналған заттар Осмос қысымының әсерiнен сыртына да бөлiнiп шығады. Ортада су көп болғанда цитоплазма iсiнiп клетка қабықшасына кiредi. Мұны Тургор процесi деп атайды.
Клетка шамадан тыс iсiнсе жарылып кетуi мүмкiн, қоректiк ортаның концентрациясы артқан сайын, мысалы:ас тұзы н/е қант қосқанда бактерия клеткалары сусызданады, цитоплазма бастапқы қалпынан кiшiрейiп, жиырылып iшiне тартылады. Оны плазмолиз деп атайды. Бұл жағдайда клеткалардың тiршiлiгi жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтау үшiн тұрмыста қант пен ас тұзының пайдаланылуы осы жағдайға негiзделген. әдетте микроб клеткасы үшiн О , С, Н , N минерал заттары қажет . О мен Н негiзгi көзi – су. Ал С-ң сiңiру тәсiлiне қарай микроорганизмдер 2 топқа бөлiнедi:
1. Автотрофтар ( autos - өзi, trope – тағам) көмiртегiн ауадағы СО газынан сiңрiп, өздерiне керектi органикалық затарды түзу үшiн энергияны минерал заттардың тотыққанда (хемосинтез) н/е күн сәулесiнiң (фотсинтез) көмегiмен алады. Бұларға көк-жасыл балдырлар, күкiрт бактериялар т. б. Өйткенi олардың фотосинтезге қабiлетi бар, құрмында ерекше хлорофильге жақын пигменттер бар.
2. Гетеротрофтар (heteros -басқа, trophe- тағам )(хемеорганотрофтар деп те атайды )- көмiртегiн дайын органикалық заттардан сiңiредi. (амин қышқыл-н, витаминнен, басқа күрделi органикалық заттардан).
Гетеротрофтар өзара 2 топқа бөлiнедi :
метатрофтар н/е сапрофиттер
паротрофтар н/е паразиттер.
Метатрофтар - Өсiмдiктердiң қалдықтарынан ж/е жануарлардың өлiктерiмен қоректенедi. Бұларға топырақтардағы, судағы, түрлi органикалық заттарды ыдырататын ж/е тағамды бүлдiретiн микроорг-змдер жатады. Кейде метатрофтарды табиғи санитарлар деп атйды. Өйткенi қалдықтарды ыдыратып жер бетiн тазартады.
Паротрофтар-Тек тiрi организмдер белогында көбейедi. Бұларға адам, жануарлардың ауру қоздырғыш микробы жатады. Басқа заттардан азот микроорг-р тiршiлiгi үшiн аса маңызды қорек. Ол негiзiнен тiрi протоплазманың тiрлiгi. Азотсыз белокта белоксыз тiршiлiк жоқ. Азотты сiңiру қабiлетiне қарай 2-ге бөлiнедi:
1. Аминоафтотрофтар-белокты азоттың минералдық ж/е органикалық қосылыстарын түзедi.
2. Аминогетеротрофтар –бұлр қосылыстарда (минерал тұздарда) кездесетiн көмiртегi мен азоттан амин қышқылын түзедi. Бiрақ олардың қалыпты тiршiлiгi үшiн таза амин қыш-ы қажет.
Басқа заттардан көбiнесе бактериялар амин қышқылдарына, витаминдерге ж/е басқа да өсуге қажеттi қосымша заттарды қажет етедi. Бұл заттарды м. о өздерi синтездей алмайды, бiрақ қалыпты тiршiлiк ету үшiн қажет етедi. ондықтан бұл затарды қосымша сырттан қосу керек. Осы қажетiне байланысты оларды өсу факторы д. а. Әсiресе қажет ететiн заттар – витаминдер. Өйткенi олар клеткада катализаторлардың қызметiн атқарады.
3.Микробиологиялық лаб-яда қолданылатын негізгі дезинфекциялайтын заттар.
Қоршаған ортадан микроор-ді жоюды дезинфекция деп атайды. Оған қолданылатын химиялық препараттар антисептиктер д. а. Дезинфекциялаушы заттарды негізгі 5 топқа бөлеміз. 1. қышқылдар, сілтілер, тұздар және оның ерітінділері. 2. Хлор және хлорлы заттар. 3. Ауыр металл тұздары(КҮМІС ТҰЗДАРЫ, мыс, сынап тұздары, алтын). 4. газ тәрізді заттар (арша, алдыраспан т. б формалин, алгидрид). 5. фенол және олардын туындылары(ароматты спирт).
