Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

2. Тыныс алуы.

Микроорганизмдер басқа организмдер сияқты қалыпты тiршiлiк ету үшiн үнемi энергияны керек етедi. Микробтар энергияны органикалық немесе минералдық заттарды химиялық жолмен ыдыратуда алады. Тiрi клеткада тотығу процессi жүргяя оны тыныс алу деп те атайды.

Микроорганизмнiң тыныс алуымен қоректену арасында тығыз байланыс бар. Бұл екi процесс бiр кезде, жүруi мүмкiн тыныс алу түрiне қарай микробтар екiге бөлiнедi:

  1. Аэробтар: оттегiн қажет ететiн микробтар.

а)облигатты аэробтар- тек оттегi бар жерде ғана тiршiлiк етедi. (мыс:туберкулез, таяқ, сiбiр жараларының микробтары)

б)микроаэрофилдер-оттегiнiң төменгi конц-да (1-2)тiршiлiк етедi алатындар.

(актино-р, бруцеллалар)

2. Анаэробтар- оттегiн мұқтаж етпейдi.

а)факультативтi анаэробтар-оттегi бар немесе жоқ жерде тiршiлiк етедi.

б)облигатты анаэробтар- тек оттегi бар жерде ғана тiршiлiк етедi. Молекула күйiндегi оттегi олар үшiн у болады.

Анаэробтар табиғатта кең тараған, топырақтың терең қабатында тiршiлiк етедi. Клетка қоректену кезiнде эндотермиялық реакция басым болады. Өйткенi энергия босап, сыртқа шығады.

1861 жылы Л. Пастер өзiндiк ерекшелiгi бар анаэробты микробтарды тапқан. Олар оттегi жоқ жерде органикалық органикалық қосылыстарды ыдырату жолмен энергияны қамтамасыз етедi. Бұл ашу процессi деп аталады Тыныс алу және ашу процесстерiндегi құрастырылған энергия АТФ түрiнде жинақталады, яғни АТФ химиялық энергияның клеткадағы әмбебап тасымалдаушысыс немесе «энергетикалық валютасы» немесе қоры деп есптеледi. Клетка барлық қажеттi энергияны осы АТФ-н алады. Энергетикалық жағынан тыныс алу процессi, ашу процессiне қарағанда тиiмдi. Өйткенi:

1моль глюкоза анаэроб/ ашу 0, 09*10 дж энергия бөлiнедi

1моль глюкоза аэробты/тыныс алу 1, 6*10 Дж энергия бөлiнедi.

3. Микроорганизмдерді тірі күйінде зерттеу. ( жаншылған және ілінген тамшы әдісімен )І. Микроорганизмдерді тірі күйінде зерттеу - бактериялардың қозғалысын, сыртқы пішіндерін ж/е басқа да микроорганизмдердің ұрық тасымалдаушы организмдердің көбеюін зерттеу үшін тірі күйінде қарайды. Тірі күйінде зерттеудің 2 тәсілі бар. 1. Жаншылған тамшы әдісі - таза зат шынысын алып, үстіне 1 тамшы физиологиялық ертінді тамызып, стерильденген бактериялогиялық ілгішпен зерттелетін материялдан аздаған мөлшерде алып жұғын дайындаймыз. Олардың бетін жапқыш шынымен ауа қалмайтындай етіп, жабамыз. Бұл жерде аздаған кемшілігі бар. а) жапқыш шыны микроорганизмдерді жаншып табиғи қозғалысына кедергі келтіреді. в) сұйықтық тез буланғандықтан ұзақ уақыт қарай алмаймыз. 2. Ілінген тамшы әдісі- ойысы бар зат шыныны алып, олардың айналасын вазелинмен н/е ерітілген парафинмен майлап, ал жапқыш шынының бетіне 1 тамшы физиологиялық ерітінді тамызып, үстіне зерт телетін материялдан жұғын дайындаймыз. Осы дайын болған препаратты ойыстың бетіне төңкеріп жабамыз. Бұл жерде герметикалық жабылған камера пайда болды. Бұл препаратты ұзақ уақыт қарауға ж/е табиғи қозғалысын көруге, ұрық тасымалдаушы органдармен көбеюін жете зерттеуге мүмкіндік береді

5-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]