Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу. (Жай бояу әдісі. )

Өлген ж/ә боялған препаратты зерттеу - микроорганизмдердің пішінін, орналасуын клеткасының мөлшерін ж/е бір-бірінен ерекше анықтау үшін өлген күйінде зерттеу. Мұндай препараттарды дайындау, бірнеше кезеңдерден тұрады:1. Жұғын дайындау (жаншылған тамшы әдісімен)2. Кептіру ( от жалынында)3. Бекіту - микроорганизмдерді бояу үшін өлтіру қажет, өйткені өлген белок жақсы боялады ж/е жұғынның шыныға жабысуын қамтамассыз етеміз. 4. Бояу - (жай бояу тәсілінде бояудың бір ғана түрі қолданады. )5. Жұғынды жуу. 6. кептіру . 7. микроскоптау(90-100). 8. препаратты анықтап, суретін салу)

6-билет.

1. Рикетсиялардың морфологиясы.

2. Микроорганизмдердің ферменттері.

3. Микробтарды грам әдісімен бояу.

1. Рикетсияларды 1909 жылы Америка ғалымы Риккетс ашқан. Олардың клеткаларының мөлшері 0, 1 ден 0, 5 мкм ға дейін барады, бөліну арқылы көбейеді, қозғалмайды, грамм теріс, прокариоттарға тән клетка қабығы болады, спора түзбейді, оларды ішінде ұлпалар бар арнаулы қоректік ортада өсіреді. Бірақ бұл қасиет осы қатардың барлық өкілдеріне тән емес. Риккетсийлер арасында қозғалғыш, грамм оң жай қоректік орталарда өсіруге көнетін түрлері болады. Организм мен риккетсилер арасында паразиттік ж-е онымен қатар мутуалистік қатынас та байқалады. риккетсийлер арасындағы паразиттердің көпшілігі патоген емес, оның аз бөлігі ғана адамда омыртқалы ж-е омыртқасыз жануарларда ауру қоздырады. Қолайсыз жағдайда клеткалар цитаплазмасы мен клетка қабығы қатайып тыныштық күйге келеді. Бұл құбылысты плеоморфизм д. а. Риккетсийлер клеткасында бактериялар клеткалар клеткасына тән құрылымдық элементтер кездеседі:нуклеотид, цитоплазма, цитоплазмалық мембрана, 3 қабатты клетка қабығы, рибосомалар. клеткалары капсула тәрізді нәрселермен қоршалған. Кейбір риккетсийлер белок ж-е липидтерді түзе алады. Бұл микроорганизмдер бактериялар мен вирустардың арасындағы ерекше топқа жатады. Бактерияларға ұқсас жерлері пішіндері таяқша тәрізді, прокариот Грам әдісімен боялғанда қызыл түске боялады, ал вирустарға ұқсас жері өте ұсақ нанометрмен өлшенеді, жасанды қоректік ортада өспейді. Тек тауық эмбрионында өзіндік репродукция жолымен көбейеді. Рикетсияның паразитті түрлері жануарлар мен адамдарда рекетсиоз ауруын қоздырады.

2. Микроорганизмдердiң ферменттерi.

Клеткада жүретiн процестер , яғни қоректену , тыныс алу ферменттердiң көмегiмен iске асады. Биологиялық катализаторлар ферменттер н/е энзим д. а. Ферментердi алғаш рет орыс ғалымы Кирхгофф Х1Х ғасырдың бас кезiнде ашқан.

Әсер етуiне қарағанда ферменттер күрделi органикалық катализатор болып есептеледi. Ферменттердiң аз мөлшерiнiң өзi көп заттарды өзгерiңске ұшыратады. Мысалы: амилоза ферменттерiнiң бiр бөлiгi белгiлi бiр жағдайда бiр тоннна крахмалды қантқа айналдыра алады. Ферменттер клеткада түзiлетiн зат, бiрақ клеткадан тыс жерде де заттарды ыдырата алады. Сондықтан практиканың маңызы өте зор. Ферменттер эндоферменттерге және экзоферменттерге бөлiнедi.

Экзоферменттер протоплазма структурасымен байланыспаған, микроб тiршiлiгi кезiнде қоректiк ортаға оңай бөлiнедi, ерiгiш бактериологиялық сүзгiлерден өтiп кетедi. Негiзiнде микроорганизмдердiң қоректенуiмен байланысты. Олар күрделi органикалық молекулалық затарды (белок, крахмал) микроорганизмдердiң сiңiрiлуiн жеңiлдетедi.

Эндоферменттер клетка цитоплазмасымен тығыз байланысқан, тек клетканың iшiнде ғана әрекет ете алады. 1898 жылы Эмиль Дюкло ферменттердiң атын олардың катализдейтiн заттарының атымен және “аза”жалғауымен атауды ұсынған. Мысалы: лактоза ферментi тек лактоза қантын ыдыратады. Бiрақ кейбiр ферменттердiң ескi аттары да сақталған. Мысалы: асқазан солiнiң ферментi –пепсин деп аталады.

Ферменттердiң негiзгi қасиеттерi.

1. Жоғарғы температураға төзiмсiз. Температураның жоғарылауы инактивацияға ұшыратады, ал 100 с талқандалады.

2. Ортаның белгiлi РН көрсеткiшiнде ғана әсер етедi.

3. Жоғары спецификалық заттар , яғни белгiлi қосылыстарды ғана катализдейдi.

4. Реакция соңында өзгермейдi, соңғы өнiмнiң құрамына кiрмейдi және улы емес.

Организмде кездесетiн фермент саны 200 мыңнан асады. Олардың молекулаларында белок кездеседi. 1961 жылы ферменттердiң ғылыми негiзiнде құралған жаңа классификациясы жасалған. Осы классификация бойынша 6 топқа бөлiнедi:

1. Оксидередуктаза

2. Трансферазалар

3. Гидролазалар

4. Миазалар

5. Изомеразалар

6. Лигазалар

1. Тотығу-тотықсыдану микроорганизмдердiң тыныс алу және түрлi ашыту процесiне қатысатын ферменттер. Ашу процесiне тiкелей қатысы бар фермент зимаза. Олар сутегiн тасымалдап, органикалық заттардың тотығуын немесе тотықсыздануын қамтамасыз етедi.

2. Трансфераза –қалдық молекулаларды атомдар тобының немесе жекелеген радикалдарын бiр қосылыстан екiншi қосылысқа тасымалдап катализдейдi. Өсiмдiктерде кең тараған көмiрсулар биосинтезiне қатысады.

3. Гидролазалар–субстраттағы полисахаридтердi, дисахаридтердi, майларды және белоктарды ыдыратуға қатысады. Тек сулардың қатысуымен жүредi.

4. Лиазалар-атомдар топтарын ажыратып немесе қосып алу реакциясына судың немесе фосфор қышқылының қатысуын катализдейдi. Мұнда су, аммиак, көмiрқышқыл газы бөлiнедi.

5. Изомераза- органикалық заттардың изомерлернiң ыдырауын катализдейдi. Изомерлiк өзгерiстерге көбiнесе көмiрсулар, амин қышқылдары және органикалық қышқылдар ұшырайды.

6. Лигазалар (синтитаза) –АТФ энергиясы есебiнен жәй заттардан күрделi органикалық заттар синтездейтiн ферменттер.

Микроорганизмдер ферменттерiнiң ерекшелiктерi.

Микроб клеткаларымаа фермент мөлшерi көп болады. Мысакы: асперил саңырауқұлағтарда 50-ге жуық фермент бар. Срндықтан бұл микроб тiршiлiк ортасында бiрнеше реакциялардың жүруін жылдамдатады. Ауыр металдардың тұздары, цианит қосылыстары, формальдегид ферменттер қызметiн нашарлатаду. Бұл заттарды ингибиторлар деп атайды.

Ферменттер суда, спиртте, глицерин және түрлi тұз араласқан ортада еридi. Микроб ферменттердің басқа органикалық ферменттерге ұқсамайтын ерекшелiгi бар.

1. Микроорганизмдер ферменттерiнде жануарлар мен өсiмдiктерде кездеспейтiн фермент бар.

  1. Микроорганигмдер ферменттерiнaң әрекетi ферменттерге қарғанда күштi болады.

  2. Олар арзан қоректік ортада бағалы және мол өнiм бередi. Сондықтан оларды өндiрiсте кеңінен қолданады. Мысалы: көбiнесе нан (сүт, қымыз, көкөнiс, жемiс, тоқыма, терi, қағаз және санитарлық салаларда).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]