Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

3. Судың микробиотасын зерттеу(Құбыр суының ж/е өзен, көл суларын қарастыру).

Тамақ өнеркәсібі өндірістеріндегі қолданылатын су-р ауыз суларға қойылатын барлық талаптарға сәйкес болуы керек. Сондықтан судағы бактерияларының жалпы санын ішек таяқшасымен патогенді микроорг-ң болуыанықталып отырады. Құбыр суынан үлгі алғанда кранды мақта томпондар немесе арнайы шаммен куйдіріп алады. Кранды 10-15 мин ашық күйінде қалдырып, қалдырып, содан кейін үлгіні алады. Ал ашық қоймаларынан үлгіні батометр д. а құрылғымен алады. Үлгілердің анализін 2 сағ жеткізбей анықтау қажет. Судың сапасының санитарлы-гигиеналық бағалануы коли-индекс (1 литр суда) ж/е коли-титр (1милиметрдегі ) бойынша ішек таяқшасының санымен анықталады. МЕСТ бойынша ауыз судың құрамында: ішек таяқшасының титрі 300-ден төмен емес. Жалпы саны - коли - индекс -3-тен көп емес: 1мл судағы бактерия-ң 100-ден көп емес болуы қажет. Басқа су қоймаларында :а) артезиан сулар-ң 1мл су 100 бактериядан аспауы ж/е поли-титр 500-ден кем емес 1л суда 2-3 ішек таяқшасының болуы; б) құдық ж/е бұлақ сулар-ң 1 мл-де 100 бакт аспауы ж/е поли-титр 200-250 (1 л суда 4-5 ішек таяқ)болуы. в) ашық сулар ( көлшік, өзен, көл сулары) тамақ өндірісінде тазартудан өткеннен кейін ғана қолданылады. Суда потогенді микроорг-р болмауы керек. 1 мл судағы микроорганизмдер болмауы керек. 1 мл судағы микроорг-ң жалпы санын анықтау. Стерильденген 9 мл суы бар пробиркаларға алынған су үлгісінен 1 мл қосып ерітінді-р дайындады. Ерітін-ң мөлшері үлгі-ң түріне бай-ты белгіленеді. Егер суда ластану көзі болса ерітіндіні 10 есе көп дайындайды. Дайын ерітіндіден табақшасына себу жүргізіледі. Арнайы темп-сы көрсетілген термостатқа 2-3 тәулікке қойып, өсіп шыққан микроорганизмдердің жалпы саны саналады. Егер 1 мл суда 0-ден 100-ге дейін микроорганизмдер колониясы өскен болса су таза болып, 100-ден 1000-ға дейін болса күдікті, 1000-нан жоғары болса жарамсыз деп есептелінеді. Ауыз суында қосымша ішек таяқшасының санын анықтайды. Ішек таяқшасының тобына Enterobacteriacea тұқымдасының, esherichia, cihobacter туыстарының өкілдері кіреді осылар-ң ішіндегі esherichia туысының бактериялары санитарлы- көрсеткіш микро-р б. т. олардың қысқа, Грамтеріс, эндо қоректік ортасында металдық жылтыры бар қызыл түсті, қанық қызыл н/е ортасы қара, күлгін түсті болып өседі. Мембраналық сүзгіш әдісі. Мембраналық сүзгіштер диаметрі 35 мм, қалыңдығы 0, 5 мм нитроцеллюлозадан тұратын тесік пленка. Суды сүзу үшін Зейтц қондырғысын қолданылады. Қондырғына автоклавта стерилдеп мембраналық сүзгішті 50-60С темп-да қыздырылған дестильденген суға 20-30 мин. қайнатып суды төгеді, үстіне қайтадан жаңа су құйып ауамен сүзгіні жасау барысында қолданылатын органикалық ерітіндіні жойғанша 15-20мин қайта қайнатады. Дайын сүзгіні стерильді пенцитпен ұстап, зейтц құрылғысының үстіне орнатады. Сүзгіге варонка жалғап зерттелетін судан электр насоспен 300-500 мл құяды. Сүзіп болғаннан кейін стерилді пенцитпен сүзгіні эндоқоректік ортасы бар петри табақшасына орналастырып, себілген уақытын, материалды белгілеп, термостатқа 37С-қа 18- 24 сағ қалдырады. Одан кейін өскен ішек таяқшасына тән колонияларды санап, 2-3 колониядан жұғын дайындап ж/е Грам әдісімен боялады. Зерттеу соңында мембраналық сүзгішті қоректік ортадан алып, формалини бар петри табақшасына салады. Дезинфекцияланған сүзгішті ауада кептіріп, анализдер кітапшасына жапсырады.

25-билет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]