Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

3. Микробтарды грам әдісімен бояу.

Грамм әдісі күрделі бояудың ішіндегі ең көп тараған әдіс. Ол микро-ң морфологиясын, бір-бірінен ерекшелігін ажыратуға мүмкіндік береді. Грамм әдісі бойынша барлық микроогг-р 2 топқа бөдінеді. 1-грамм оң бактериялар кулгін түске боялады ж-е оларға микрококкалар, стрептококкалар, диплококкалар, сарциналар ж-е кейбір таяқша тәрізділер жатады. 2-грамм теріс-қызыл түске боялады, оларға ішек таяқшасы, сіркеқышқылды бактериялар, минингакоккалар, гонококкалар жатады. Грам теріс әдісі ауру қоздырғыштарды анықтауда қолданылады.

Грам әдісімен бояу:1. жұғынды дайындау. 2. жұғынды кептіру, 3. фиксерлеу. 4. бояу. а) геницианвиолет 2мин. б) сумен шаю. в) люголь ерітіндісі 2мин. г) төгу. д)спирт 30сек. е)сумен шаю. ж)Пфейффер бояуы 2мин. Бояуды төгу, сумен шаю, кептіру, иммерсиялық май.

29-билет.

1. Спирттік ашу.

2. Микроорганизмдердің ферменттері.

3. Микробтарды Грам әдісімен бояу.

1. Спирттік ашу процесі. Ашытқыларды ең алғаш 1680жылы Левенгук тапқан. Бірақ спирттік ашудағы олардың маңызын 1857 жылы Л. Пастер дәлелдеді. Бұл процестің қоздырушы ашытқылары факультативті анаэробты б. т. Олар оттексіз ортада тіршілік етіп, энергияны спирттік ашу барысында жинақтайды. Ашытқы саңырауқұлақтардың көмегімен қантты заттардың спиртке және көмірқышқыл газына айналуын спирттік ашу процесі деп атайды. Ол төмендегідей реакцияға сай жүреді:

С6Н12О6 + 2Н3РО4 + АДФ 2С2Н5ОН + 2СО2 +2АТФ + 2Н2О + 27 ккал

Бұл формуладан спирт бірден түзіле қояды деген ұғым тумасқа тиіс. Қант алдымен гликолизге ұшырап, оның соңғы өнімдерінің бірі пирожүзім қышқылы пайда болады. Сол пирожүзім қышқылы декарбоксилаза деп аталатын ферменттің әсерінен сірке альдегидіне айналады. Бұдан соң сірке альдегиді алкагольдегидрогеназа ферментінің әсерінен тотықсыздану реакциясы арқылы этил спиртіне айналады. Ашытқы саңырауқұлақтар ашудың жағдайларына байланысты ортада әр түрлі заттар түзеді. Олардың ішінде басым көпшілігі этил спирті мен көмір қышқыл газы болады, кейде глицерин мен сірке қышқылы кездеседі. Ашытқы саңырауқұлақтар кез келген қанттарды ашытпай, тек моносахаридтер мен дисахаридтерді ғана ашытады. Полисахаридтерді, мәселен крахмалды, олар ашыта алмайды. Мұның себебі: ашытқы саңырауқұлақтарда амилаза ферменті болмайды. Сондықтан крахмалды өндірісте алдын ала түрлі ферменттер көмегімен моно және дисахаридтерге дейін ажыратып алады. Ал ашытқы саңырауқұлақтар клеткасында болатын мальтозаны глюкозаға айналдырады. Глюкозадан көптеген ферменттердің көмегімен ашытқы саң-р спирт пен көмірқышқыл газын түзеді. Спирттік ашу процесінің тұрмыстағы маңызды рөлі. Спирттік ашу процесінің тұрмыста үлкен маңызы бар, өйткені оның нәтижесінде тамақ өндірісі, адамға керекті әр түрлі арақ-шарап ішімдіктері даярланады: Жүзім шырынынан — шарап, коньяк жасалады. Қамыс қантынан — ром, арақ; Крахмалға бай дәндерден (арпа, жүгері, бидай) —сыра, квас, виски, аракі; Күріш пен тарыдан — сака деген шарап, боза, көже және тағы басқалар даярланады. Спирттік ашу процесі әдетте анаэробты жағдайда жақсы жүреді. Сонымен қатар ауаны жеткілікті мөлшерде жібергенде ашытқы саңырауқұлақтардың саны тез өсетіні белгілі. Сондықтан нан ашытқы саңырауқұлақтарды өсіргенде ыдысқа дамылсыз ауа енгізіп отырылады. Спирт ашу процесінің практикада екі тәсілі қолданылады. Олар:беттік ж/е түптік ашу. Беттік ашу процесі +14—24°-та жақсы жүреді. Мұнда ортадан көп мөлшердегаз бөлінеді. Беттік ашу көбінесе шарап жасауда және нан өндірісінде қолданылады. Ашу процесі толық аяқталғаннан кейін ашытқы саңырауқұлақтар сұйық түбіне тұнып қалады. Түптік ашу төменірек температурада ( + 5—10°) жүреді және оның қарқыны да баяулайды, ашытқы саңырауқүлақтар сұйықтың түбінде көбейіп тұнып қалып, көмір қышқыл газы сыртқа бөлініп отырады. Түптік ашу процесі сыра қайнатуда кең қолданылады. Процесс барысында 15% спирт бөлінгенде ашу тоқтайды. Өйткені, спирт көбейген кезде процесс барысында микроорг. жойып жіберуі мүмкін. Спирт ашудың соңында көмірқышқыл газы, май қышқылы, аздаған мөлшерде глицерин түзіледі.

2. Микроорганизмдердiң ферменттерi.

Устинги жакта бар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]