Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpormikrobiologia_original.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
259 Кб
Скачать
☆

1. Микроорганизмдер систематикасы.

2. Микроорганизмдердің қоректенуі.

3. Микробтарды боялған күйінде зерттеу(жай бояу әдісі)

1. Микроорганизмдер систематикасы. Микроорганизмдерді зерттейтін биологиялық ғылым – микробиология, зерттеу нысаны бойынша қарастырады: бактериялар мен актиномицеттерді (бактериология), мицелиалды саңырауқұлақтар мен ашытқыларды (микология), микробалдырларды (альгология), вирустарды (вирусология), қарапайымдарды (протозоология). Біріншіден, қолдану саласы бойынша микроорганизмдер топтары бөлінбейді (мысалы, медициналық биотехнологияда микробтардың бір тобын, тағамдық биотехнологияда келесі, ауылшаруашылық биотехнологияда – үшінші тобын және т. б. ). бір микробтық метаболитті (аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, антибиотиктер, витаминдер) түрлі таксономиядағы микроорганизмдер түрлері (ашытқылар, бактериялар, мицелиалды саңырауқұлақтар, актиномицеттер) синтездей алады, сондай ақ бір метаболитті әртүрлі салада қоодануға болады. Екіншіден, әртүрлі салада биообъект ретінде қолданылатын микроорганизмдерге қойылатын талаптар әртүрлі, бір бірінен айырмашылықтары болады. Антибиотиктер өндірітендірге бір талап қойылады, вакцина түріне қолданылатын штамдарға қойылатын талаптардан бөлек, ал пробиотиктерге қойылатын талап екеуіне мүлдем ұқсамайды және т. б. Үшіншіден, биотехнологияның түрлі салаларында қолданылатын биообъект маңызы, ролі және қатысуы жағынан ерекшеліктері болады. микроорганизмдердің бейімделуітехнологиялық жағдайларға, өндірістің ауқымдылығына және жасанды (биореакторларда) тіршілік етуінде функцияланғанда, техникалық, өндірістік микробиологиядан «өндірістік микроорганизмдер» термині пайда болады. Төртіншіден, технологиялық міндеттерге байланысты бионысанды монодақылда (антибиотиктер, витаминдер, аминқышқылдар өндіретіндер, вакциналық штамдар) немесе ажыратуы қиын қоғамдастағы таксономиялық топтар (ағынды суларды активті лаймен тазартуда) түрінде пайдалануға болады. 1886ж неміс ғалымы Геккель микрорг жеке патшалық протистаға жіктеді. Протиста д/з – алғашқы тіршілік деген мағынаны білдіреді. Протиста клетка құрылысына қарай жоғарғы ж/е төменгі сатыдағы болып бөлінеді. Жоғарғы сатыдағы протиста жануарлар мен өсімдіктер клеткасына ұқсас өте күрделі ядродан тұратын. Сондықтан оларды эукариоттар д. а, Ал төменгі сатыдағы протисталар қарапайым, көптеген органеллалары жоқ, ядро ДНҚ-сы цитоплазмасында бос күйінде кездеседі. Сондықтан оларды нағыз ядросы жоқ прокариоттар д. а. Эукариоттарға микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар жатады. Прокариоттарға актиномециттер, бактериялар, көк жасыл балдырлар жатады. Қазіргі кезде протиста архебактерияның 3-ші патшалығы анықталған. Олар клетка құрылысы жағынан эукариоттарға да прокариоттарға да ұқсас. Архебактерияның клеткасының пішіні шар, квадрат, сәуле, цилиндр, сфера тәрізді болып келеді. Олардың эукариоттарға ұқсас жері клетка құрамында митохондрийлер бар. Ал прокариотқа ұқсас жері нағыз ядросы жоқ және клетка қабығында жалған мурин д. зат б-ды. Систематика-микроб-ң классификациясы, номенклатурасы және идентификациясымен (ажырату) зертт-н ғылым саласы. Номенклатура-атаулар жүйесі. Микроб-н туысын ж/е түр-н тұратын қос номенклатура қолд. Мыс:ішек таяқшасы-Escherichia coli. Идентификация-микроорг-ң жеке қасиеттеріне бай-ты топтарға жіктеу. Классификация-шығу-тегіне, морфологиясына ж/е физиологиялық қасиетіне бай-ты бір жүйеге қалып-у. Түр-шығу-тегі бірдей морфолиялық ж/е биологиялық қасиеті ұқсас микроорганизм-ң жиынтығы. Түр негізінен номенклатураның негізгі бірлігі болып табылады. Микробиологияда бұлардан басқа да 1-неше терминдер қолданылады. Штамм деген - әртүрлi ( топырақ, су, организм ) немесе бiр түрлi табиғи ортадан бөлiнiп алынған бiр түрге жататын микроорганизмдердiң әртүрлдi дақылдары.

Клон деген – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура.

Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1984 жылы қабылданған Бергийдiң “ Бактериялар анықтамасы” пайдаланылады. Колония-бір түрдің микроорг. бір жерде шоғырланып орналасуы. Дақыл-зертхана-қ жағдайда жасанды қоректік ортада өсіріліп алынған микроорг. түрі.

2. Микроорганизмдердiң қоректенуi.

Микроорганизмдер басқа тiрi организмдер сияқты қоректi қажет етедi, айырмашылығы аузы болмайды. Қоректiк затты бүкiл денесiмен сiңiредi. Сондықтан микроорганизмдердiң зат алмасу процесi өте интенсивтi жүредi. Қоректену процесi оның шапшаңдығы түрлi жағдайға байланысты, әсiресе заттар концентрациясына. Басқа факторлардан клетка құрылымына, қабығының өткiзгiштiгiне байланысты.

Қоректiк затарды қабылдау осмос құбылысына байланысты. Заттар ерiтiндiсi клетка қабығының өткiзгiштiгi белгiлi мөлшерде қысым туғызады. Оны Осмос қысымы деп атайды.

Егер ерiген заттардың концентрациясы артық болса, қысым да арта түседi. Клеткада жүретiн биохимиялық процестердiң нәтижесiнде жиналған заттар Осмос қысымының әсерiнен сыртына да бөлiнiп шығады. Ортада су көп болғанда цитоплазма iсiнiп клетка қабықшасына кiредi. Мұны Тургор процесi деп атайды.

Клетка шамадан тыс iсiнсе жарылып кетуi мүмкiн, қоректiк ортаның концентрациясы артқан сайын, мысалы:ас тұзы н/е қант қосқанда бактерия клеткалары сусызданады, цитоплазма бастапқы қалпынан кiшiрейiп, жиырылып iшiне тартылады. Оны плазмолиз деп атайды. Бұл жағдайда клеткалардың тiршiлiгi жойылады. Көптеген тағамдық заттарды сақтау үшiн тұрмыста қант пен ас тұзының пайдаланылуы осы жағдайға негiзделген. әдетте микроб клеткасы үшiн О , С, Н , N минерал заттары қажет . О мен Н негiзгi көзi – су. Ал С-ң сiңiру тәсiлiне қарай микроорганизмдер 2 топқа бөлiнедi:

1. Автотрофтар ( autos - өзi, trope – тағам) көмiртегiн ауадағы СО газынан сiңрiп, өздерiне керектi органикалық затарды түзу үшiн энергияны минерал заттардың тотыққанда (хемосинтез) н/е күн сәулесiнiң (фотсинтез) көмегiмен алады. Бұларға көк-жасыл балдырлар, күкiрт бактериялар т. б. Өйткенi олардың фотосинтезге қабiлетi бар, құрмында ерекше хлорофильге жақын пигменттер бар.

2. Гетеротрофтар (heteros -басқа, trophe- тағам )(хемеорганотрофтар деп те атайды )- көмiртегiн дайын органикалық заттардан сiңiредi. (амин қышқыл-н, витаминнен, басқа күрделi органикалық заттардан).

Гетеротрофтар өзара 2 топқа бөлiнедi :

метатрофтар н/е сапрофиттер

паротрофтар н/е паразиттер.

Метатрофтар - Өсiмдiктердiң қалдықтарынан ж/е жануарлардың өлiктерiмен қоректенедi. Бұларға топырақтардағы, судағы, түрлi органикалық заттарды ыдырататын ж/е тағамды бүлдiретiн микроорг-змдер жатады. Кейде метатрофтарды табиғи санитарлар деп атйды. Өйткенi қалдықтарды ыдыратып жер бетiн тазартады.

Паротрофтар-Тек тiрi организмдер белогында көбейедi. Бұларға адам, жануарлардың ауру қоздырғыш микробы жатады. Басқа заттардан азот микроорг-р тiршiлiгi үшiн аса маңызды қорек. Ол негiзiнен тiрi протоплазманың тiрлiгi. Азотсыз белокта белоксыз тiршiлiк жоқ. Азотты сiңiру қабiлетiне қарай 2-ге бөлiнедi:

1. Аминоафтотрофтар-белокты азоттың минералдық ж/е органикалық қосылыстарын түзедi.

2. Аминогетеротрофтар –бұлр қосылыстарда (минерал тұздарда) кездесетiн көмiртегi мен азоттан амин қышқылын түзедi. Бiрақ олардың қалыпты тiршiлiгi үшiн таза амин қыш-ы қажет.

Басқа заттардан көбiнесе бактериялар амин қышқылдарына, витаминдерге ж/е басқа да өсуге қажеттi қосымша заттарды қажет етедi. Бұл заттарды м. о өздерi синтездей алмайды, бiрақ қалыпты тiршiлiк ету үшiн қажет етедi. ондықтан бұл затарды қосымша сырттан қосу керек. Осы қажетiне байланысты оларды өсу факторы д. а. Әсiресе қажет ететiн заттар – витаминдер. Өйткенi олар клеткада катализаторлардың қызметiн атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]