- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Бет және мойын лимфадениті
Лимфа ағзалармен дене бөлшектеріне жеткізетін тамырлар оның бойына орналасқан лимфатикалық түйіндер лимфатикалық жүйе құрып, адам организімінде көптеген міндеттер атқарады лимфаны тіндерден венаға өткізеді (өткізгіш міндет), лимфоидтық элементтер құрады (лимфопоэз) және организмге кірген бөтен заттарды сүзіп аластайды (тосқауыл міндет), лимфатикалық тармақтармен қатерлі ісік клеткалары жайылып басқа ағзаларға жетеді (метастаза).
Лимфатикалық түйін домалақ немесе сопақша болып келеді де, мөлшері бидай дәнінен бұршақтай болады. Ол дәнекер қапшықпен қапталып, түйінге қарай перделермен бөлінеді. Перделер арасы лимфоидтық тіндермен толтырылған, ол қабыршақ ми заттарына ұқсас орналасқан. Лимфоидтық тіндер мен перделердің арасында кеңістіктер бар, ол лимфатикалық синустар деп аталады.
Лимфа, лимфатикалық түйіндерге синусқа келіп ашылатын лимфатикалық тамырлар арқылы жетеді. Синустарда лимфа ағуы баяулап ол түйін тіндерінде жатқан лимфоциттермен бірге алып кеткіш тамырлар арқылы әрі қарай жылжиды.
Жақ-бет аймағынан, лимфа жинайтын лимфатикалық түйіндерге мыналар жатады: құлақмаңы, құлақарты, жақарты, жұтқыншақарты, ұрт, төменгі жақ, иекасты, төменгі жақасты, беткей және тереңде орналасқан мойын түйіндері, тілдің лимфатикалық түйіні. Құлақ маңындағы лимфатикалық түйіндер құлақ қалқаны мен сыртқы құлақ тесігінен алдыңғы жағына орналасып, құлақ маңайындағы сілекей бездерімен тығыз байланыста болады. Құлақ маңындағы түйіндер беткей (1-2) олар без қапшығының сыртында және терең (4-10) түйіндер (И.И. Косицин бойынша), олар без түйіні бөліктерінің арасында тереңірек, құлақтың сырғалық бөлігінің турасында.
Құлақарты лимфатикалық түйіні, емізікше өсіндінің маңайында орналасқан. Төменгі жақ лимфатикалық түйіні, жақ бұрышының артқы жағында, құлақ қалқанының астында, олар құлақ маңайыңдағы сілекей бездерімен жабылып тұрады.
Жұтқыншақарты үш-төрттен жұтқыншақтың артқы кеңістігіндегі клеткада орналасқан. Жұтқыншақтың ауыз қуыс бөлімінде, ұрттық түйіндер, ұрттық бүлшықеттердің беткей жағында орналасып, алдыңғы топ ауыздың езу маңында, ал артқы топ ұрт бұлшықетінің арасынан өтетін сілекей безі өзегінің маңында орналасқан. Бұлар көп емес, әр топта бір-екі түйін ғана және С.П. Бердышевтің зерттеуі бойынша булар көбінесе тұрақсыз болады. Астыңғы жақ түйіндері, астыңғы жақ сүйек денесінің шайнау бүлшықеттерінің бекитін жерлерінің алдыңғы қатарында бет артериясы мен вена аралығында бір-екеу және тұрақсыз болады.
Иекасты лимфатикалық бездері (әдетте 2-4) жақ-тіласты бұлшықетінің беткей жағында қос қарыншалы бұлшықетінің алдыңғы қарыншаларының ортасында орналасады.
Төменгі жақасты лимфатикалық түйіндері үш топқа бөлінеді: ортаңғы, артқы. Олар жақасты үш бұрышында, сілекей безінің орналасатын жерінде, оның қапшығының тысқары әр жағында 3-10 түйіннен болады. Тілдің лимфатикалық түйіндері, астында тіласты-тіл, иек-тіл бұлшықеттерінің ортасында теңірек орналасып әр жағында бір-бір түйіннен болады. Мойынның беткей және терең орналасқан лимфатикалық түйіндері тамырларды, жүйке-нервтерді және төс-бұғана-емізікше бұлшықеттерін жағалап көпқатарлы тор құрып моншақ тәріздес орналасқан.
Бет аймағынан барлық лимфатикалық түйіндерінің ұрт түйіндерінен басқа (алып кетуші) тамырлар лимфаны тереңдегі мойын түйініне апарады. Ал ұрттың алып кетуші тамыры лимфаның жасты түйініне апарады. Бет аймағының лимфатикалық түйіндерінің афферентті (алып келуші) тамырлары көптеп саналады, олар қабат-қабат болып орналасып (тері, терінің майлы клетчаткасы, бұлшықет) лимфаны бет-жақ ағзаларынан әкеледі.
Ұрт, төменгі жақ, жақарты, жақасты, иекасты лимфатикалық түйіндер, тіс жүйесінен, жақтардан, сілекей бездерінен, ауыздың шырышты қабығынан, мұрынның қосалқы қуыстарынан лимфаны қабылдайды (онымен қоса организмдегі инфекцияны). Олар жоғарыда аталған ағзалар мен дене бөліктерінің, алдыңғы қатарлы аймақтық лимфатикалық түйіндері болып саналады.
Қабыну кезең-процестері алғашқы басталған кезден-ақ аймақты лимфатикалық тамырлардың өткізгіш қасиеті бұзылады, лимфаның жылжуы бәсеңдейді осы арқылы организмдегі қатерлі заттар патологиялық ортадан, лимфатикалық тамыр мен түйін көмегімен көк тамыр-венаға келіп құйылады.
Қабыну кезең-процессінің өршіген кезінде лимфатикалық тамырларда тромб пайда болады, лимфатикалық жүйе тежеледі де, қабынуды іріңді аймақтан жан-жаққа таратпайды. Микробтар, олардан бөліп шығаратын улы заттар жинақталып лимфа тамырларын, түйіндерін патологиялық өзгеріске ұшыратады (И. Руфанов 1960).
Лимфа тамырларының қабынуы (лимфангоит) бет-жақ аймағында сирек кездеседі, жиі кездесетіні лимфа түйіндерінің қабынуы (лимфаденит).
Этиологиясы мен патогенезі. Қабыну процессін әр микрофлора қоздыра алады, соның ішінде стафилококк пен стрептококктың орны ерекше. Лимфадениттер одонтогенді, одонтогенді емес болып бөлінеді. Одонтогендіге инфекциялы-одонтогенді қабыну ошақтары (жедел және созылмалы периодонтиттер, периостит, жақ остеомиелиті, іріңді киста, перикоронарит, пародонтоз т. б.) болып табылады.
Одонтогенді емес топтарына пиодермиялық, стоматогендік, риногендікі тонзилогендік т.б. симптоматиялық лимфадениттер жатады, олардың тіс-жақ жүйесімен байланысы жоқ.
Кей уақытта алғашқы қабыну ошағын таба алмағанда және қабыну кезең-процессі тез сөніп қалуына байланысты лимфадениттің өздігінен (алғашқы лимфаденит) пайда болуы мүмкін деген тұжырымға келеді.
Жоғарыда аталған лимфадениттердің барлығын арнайы емес қабынуға жатқызамыз.
Ал арнайыға туберкулезді, актиномикозді, мерезді этиологиясы бар лимфадениттер жатады. Олар жеке тарауда сипатталған.
