- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
Бет-жақ аймағының механикалық жарақаты бар науқастарда бет тіндерінің зақымдануы кездеседі. Олардың себептері: тұрмыста, транспортта, өндірісте және спортта алған жарақаттар болып табылады. Жұмсақ тіндердің жарақатты зақымдануын екі негізгі топқа бөледі (Агроскино А. П. 1986).
1.Беттің жұмсақ тіндерінің жекелеген зақымдануы.
2. Беттің жұмсақ тіндерінің және бет қаңқасы сүйектерінің бірлескен зақымдануы.
Жұмсақ тіндердің зақымдануы жарақаттану орнына, жарақаттаушы заттың әсер ету күші мен түріне байланысты әр қилы келеді. Бетке тиген жұмыр заттың әлсіз соққысынан бұлшықет пен теріасты май клетчаткасы зақымданады. Жұмсақ тіндер ісініп, қанталаумен ұштасады. Қанталап ісінген жер 12-14 күндерге таман біртіндеп жоғалып, жасылданып кейін сары түске айналады. Жарақат алған жерге 2 күнге дейін салқын, кейін жылы басқан жөн.
Иек, бет доғасы аймағында, мұрын, маңдай, терілері жиі жараланады, тері бүтіндігі бұзылады, бірақ тігіс салуды қажет етпейді. Теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеп жарға бриллиант көгі немесе 5% йод тұнбасын жақса жеткілікті. Жаралы жердің жазылуы қабықша астында жүреді. Қабықша тез түзілу үшін жарақаттың бетіне калий перманганатын әр 5-7 мин, сайын 1:10 ерітіндісін жағуға болады.
Өткір құралмен ұрғанда жұмсақ тіңдер жарақаттануы мүмкін. Жарақат беткей немесе терең болуы, кейде бұлшықеттер, тамырлар мен жүйкелер зақымдануы мүмкін. Бет жарақаты кейде ауыз қуысын, мұрынды, ЛОР-мүшелерді, көзді, бассүйек-миды қамтуы мүмкін. Жарақаттың кесілген, шаншылған, шабылған, жыртылған, соғылған, жыртылып-соғылған және т.б. түрлерін ажыратады. Мұрын, құлақ, ерін аймақтарында жануарлар немесе адамның тістеуінен де жарақаттар кездеседі. Соғылған, жыртылған жарақаттар маңындағы тіндер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың пішіні алуан түрлі келеді (73-сурет).
Сурет-73. жарақаттың түрлері.
Кесілген, шаншылған, шабылған жарақаттарда тіндер ақаусыз, жиектерінде қан аққан тегіс саңылау болады. Шабылған жарақатта сүйек те зақымданады. Клиникалық көрінісі көбінесе жарақаттың орналасуына байланысты. Жоғарғы немесе төменгі еріннің зақымдануына жарақат шеттерінің ақаулануы тән. Ауыз айналасындағы бұлшықеттердің зақымдануынан ауыз қуысының толық жабылуы бұзылып, сілекей ағып турады. Жарақат ластанып, тістермен зақымданғандықтан еріннің шырышты қабығы жыртылады. Ас қабылдауы қиындап, сөйлеуі бұзылады.
Құлақмаңы шайнау аймағы тіндерінің жарақаттануы сілекей безінің зақымданып, сілекей жыланкөздерінің түзілуімен не бет жүйкесі бұтақтарының, беттің ымдау бұлшықеттерінің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Меншікті шайнау бұлшықеттерінің жыртылуынан болатын тыртықты өзгерістер тыртықты қарысу-контрактураның дамуына әкеліп, ауызды ашу бұзылады.
Төменгі жақасты айнағының тіндері жарақаттанғанда бет артериясы мен венасы, төменгі жақасты сілекей бездері, көмекей мен кеңірдек, ауыз қуысының түбі мен тіл зақымдануы мүмкін.
Мұрынның зақымдануы қан кетіп, тіндердің ісінуімен жалғасады. Мұрын ақауы пайда болса, оны күрделі реконструктивті оталар жасау арқылы жоюға болады.
Кей жағдайларда бор мен сепарациялық дискілер ауыз қуысын зақымдайды. Тіс емдейтін бор терең жыртылған жарақат түзеді, ол инфекциямен асқынады. Одан кеткен қанды тіндерді тігу арқылы тоқтатуға болады. Одан кейін абсцесске қарсы дәрілер қолданған жөн.
Сепарациялық диск ауыз қуысын әртүрлі тереңдікте жарақаттайды. Дискімен немесе таспен тіласты аймағын, тіл венасы, артериясын кесіп кету өте қауіпті. Ол қатты қан кетумен жалғасса, оны емхана жағдайында тоқтату өте қиын. Тілдің көлемі тез ұлғайып, тұншығуға әкелуі мүмкін. Қан тамырлардан басқа төменгі жақасты сілекей бездері, тіл нервісі зақымдануы мүмкін, ол аурухана жағдайында емдеуді талап етеді. Тілдің жарақаттануы қатты қан кетумен көрінеді. Оны жарақатты тігу арқылы тоқтатуға болады (егер тіл артериясы зақымданбаса).
Жарақатты біріншілік хирургиялық өңдеу. Алдымен бет жұмсақ тіндерінің терісін гигиеналық өңдейді. Оны стерилді щетканы сабындап, жылы сумен жуады. Бірақ бұл кезде жарақатқа ластанған сумен, сабынды көпіршіктен қорғау қиын. Сондықтан теріні алдымен бензинмен, кейін спиртпен сүртеді. Тері жабындысындағы түкті қырып тастайды. Кейін жарақатты антисептикалық ерітінділермен жуып механикалық жолмен бөгде денелер мен ластанудан тазартады. Егер жарақатты өңдеу жергілікті жансыздандыру-анестезиямен жүргізілсе анестетик ерітіндісіне антибиотиктер қосады. Ал жалпы жансыздандырудан-наркоздан кейін жүргізсе, жарақат маңына антибиотик ерітіндісін жібереді. Егер өңдеуді мықты тігіс салумен аяқтаса, онда жарақатты қабат-қабатымен тігеді. Бұлшықетке міндетті түрде тігіс салады. Ауызға енген жарақат кезінде бірінші шырышты қабықты, кейін бұлшықетпен фасцияны, одан соң теріасты майлы клетчаткасымен теріні тігеді. Ерін жарақаттанганда 1-ші бұлшықетті, кейін қызыл жиегін біріктіріп келтіріп, оның терімен біріккен шекарасынан тігеді, содан кейін теріасты майлы қабатпен теріні, соданкейін барып еріннің шырышты қабатын тігеді. Егер хирургиялық өңдеу 48 сағат ішінде жүргізілсе (беттің кез келген аймағының жарақатында), тінді мұқият тігіп резина түтік салуға болады.
Егер өңдеу 48 сағаттан соң жүргізілсе, тіндерден қабыну белгілері болса да ерін, қабақ, мұрын қанаты, құлақ қалқаны, ауыз қуысының шырышты қабатына мұқият тігіс салуға болады. Беттің қалған бөліктеріне сирек түйінді тігістер салған жөн. Тіндер ақауланса, біріншілік хирургиялық өңдеумен бірге жергілікті тіндермен 1-шілік пластикалық ем жүргізу керек, бұл кейін болатын деформациялардың алдын алу мақсатымен жасалады.
Беттің жұмсақ тіндерінің үлкен тесілген ақауында, хирургиялық өңдеуді, теріні ауыз қуысының шырышты қабатымен көмкере тігумен аяқтайды. Бұл кейін ақауды пластикалық жабуға қолайлы жағдай жасап осы аймақтағы дөрекі тыртықтар мен өрескел деформациялардың түзілуінің алдын алады.
Құлақмаңы сілекей безі зақымданғанда, бездің паренхимасын, кейін оның капсуласын, фасциясын, теріасты майлы клетчаткасын және теріні мұқият тіккен жөн. Ал шығаратын өзегі зақымданса, оның ортаңғы кесіндісіне түтікше енгізіп, ауыз қуысына шығарады. Бұл ауыз қуысында толық сілекей жыланкөзінің түзілуіне мүмкіндік жасайды. Түтікті 15-20 күннен кейін алып тастайды.Кейде зақымданған түтіктің ұшын тефлонды түтікте тігуге болатынын ескерген жөн.
Науқас 72 сағаттан соң келсе, жарақатта іріңді қабыну дамиды, бұл кезде біріншілік (кеш) хирургиялық өңдеу жүргізеді және іріңді процессті тоқтататын ем жасайды: іріңдікті тіліп, қашыртқы-дренаждайды, жарақатты антибактериалды дәрілермен жуып-шаяды. Қабынған процессті жойған соң, ерте екіншілік тігіс салады. Жарақатқа міндетті түрде түтікше салады. Барлық жағдайда схема бойынша сіреспеге қарсы сарысу енгізу көрсетілген.
БЕТ-ЖАҚ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАРАҚАТТАРЫ ЖӘНЕ ЗАҚЫМДАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттар мен зақымдануларды зерттей отырып Д.А.Энтин және Б.Д. Кабаков 1951 жылы олардың жіктелуін ұсынды. Бірақ, осы уақыт аралығында көптеген терминдер, келіп шығуы-этиологиясы, сипаттамасы, бейбіт уақытта болатын жарақаттардың құрамы өзгерді. Осыған байланысты С.М.Киров атындағы соғыс-медициналық академиясының бет- жақ хирургия кафедрасының ұжымы, жоғарыдағы жіктелу мен Ю. И. Бернадский, П. 3. Аржанцев, Т. Л. Лурье, Ж.Б.Оразалин т. б. ғалымдардың ұсыныстарын негізге ала отырып, 1984 жылы жаңа жіктелу нобайы қолданысқа енді (клиникада).
Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:
І.Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:
1. Орналасуы бойынша;
А.Жұмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі жүйкелердің; г) ірі қан тамырларының.
Б. Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет сүйегі; г) мұрын сүйектері; д) екі және онан көп сүйектер.
2. Жарақаттар түрі бойынша: тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.
3. Зақымдаьгудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.
II. Аралас зақым.
ІІІ. Күйіктер.
IV. Ісіктер.
Ескерту. Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке, жеке- көптеген, жеке- қосымша (бастысы және қатар жүретін), қосымша көптеген (қатар жүретін және бастысы).
Халықаралық статистикалық жіктелуі.
Себебі бойынша:
I. Өндірістік:
А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
II. Өндірістен тыс: а) тұрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда.
Егер зақым өндірістен болса, онда жұмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-/У түрдегі-формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094-і/У түрін-формасын береді.
Сынық түрі бойынша:
а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп жерден;
б) сынық бағытына байланысты: қисық, ұзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т. б.;
в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;
г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;
д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.
Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына, бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақтылы білу қиын. Өйткені күштің тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші, белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.
Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бұлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып, аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.
Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.
ж) Жарқыншақтар ауытқуы мен қозғалуына байланысты (С.С.Тигерштедт): қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, алынбайтын болып бөлінеді.
е) Ашық және жабық сынықтар.
Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса және ол тек тіс қатарында кездеседі, ал жабық- сыртпен қатынасы болмаған және ол тек тіс қатарында кездеспейтін жағдайда болады.
Сынық-сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндер де жарақаттанады.
Барлық адам қаңқасының ішінде бет-жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-тен 8%-ке дейін кездеседі.
Оның ішінде орташа есеппен 80-85 %-ы төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері:
1) Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек. 2) Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отырып ең осал жерінде сынады. 3) Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді. Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады.
Себебі:
1) Жоғарғы жақ сүйегі ми-бассүйек тереңінде (артында) және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.
Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артқа қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет (балтаның шүйдесімен т. б.)
Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр.
Мысалы Ж.Б. Оразалиннің (1981) ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5 мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павлодар қалалары бөліседі.
