Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)

Бұл аурудың себептері жарақаттану, жүйке маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық аурулар, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.

Негізгі клиникалық белгі тұрақты ауыру сезімі үшкүл жүйкенің ауруға шалдыққан тармағының иннервация жасайтын тіндерінде болып, тістерге, қызыл иекке, бет терісіне тарайды.

Нақты-объективті әдістермен тексергенде үшкүл жүйке тармақтары-ның сезімталдық қасиеті гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес болып табылады.

Емі. Үшкүл жүйкенің невритін емдеу әдістері оның келіп шығуына-этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған неврит-терді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Бүл жағдайда жүйкені қысқан сүйектен босатып, басқа заттарды алып тастау қажет.

Егер жүйке үзілсе оны бір-бірімен тігіп жалғастыру қажет. Неврит-тердің келіп шығуы-этиологиясы жалпы инфекциялық аурулар немесе аллергия, уланудан болса, онда оларға жалпы ем қолдану қажет.

Бет жүйкесінің невриті. Барлық сыртқы жүйке жүйесінің арасында бұл жүйкенің қабынуы 2-5%-ке дейін кездесіп, көбінесе әйелдер арасында болады.

Этиологиясы мен патогенезі. Топикалық нақтамасы-диагности-касының қойылуына байланысты «бет жүйкесінің невриті» терминінен көрі бет жүйкесінің салдануы (парез, паралич) деген дұрыс. Өйткені жүйке жұмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.

Неврит жүйке тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Жүйке тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін. Кейбір жағдайда отит, паратит ауруларының асқынуынан да пайда болады. Бет жүйкесінің салдануы төменгі жақ жүйкесін жансыздандырған кезде кенеттен пайда болуы мүмкін (нейроаллергия тәріздес).

Клиникалық белгілер көрінісі мимика еттері жұмысының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар адам денесіндегі жалпы сезімталдық және вегетативті қан тамырлары жұмыстарының өзгеруі белгілер көрінісі болуы ықтимал. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады және т. б. белгілер пайда болады.

Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының өзгеруі негізгі белгі болып табылады. Кәдімгі жағдайда бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ауырған жағына тартылады. Бұл жағдайда бет қатпарлары тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу қиындайды. Ұрттары үрленбейді. Көз шарасы кеңіп (лагофтальм), одан жас ағады да кейінірек көздің мүйізді қабығы құрғап, көру нашарлайды. Бұл айтылған құбылысты білудің блефорорафия отасын жасауда көп маңызы бар. Бірінші және екінші топтардағы қозғалыста блефорорафия жасауға болады, ал үшінші топтағы қозғалыста болмайды.

Құлақ манында және бетте пайда болатын жеңіл ауыру сезімі, гипостезия, гиперестезия, парестезия сезімтал жүйке жүйесі жұмысының бұзылу белгілері болып есептелінеді. Конъюнктиваның қызаруы, бет терісінің әркелкі боялуы, ауыз қуысы кілегей қабығының домбығуы, вегетативті қан жүйесі жұмыстарының бұзылу белгілері жатады.

Емі. Алдымен невритке себеп болған жалпы ауруды емдеу қажет.

Аурудың жедел даму уақытында қабынуға қарсы күресіп, дене қызуын басатын, ауыру сезімін жоятын дәрілер тағайындау керек. В тобындағы витаминдер, 0,015 г прозерин тәулігіне үш мезгіл ішу. Немесе 0,05% прозерин ерітіндісін инъекция арқылы тері астына енгізу қажет. Оның сызбасы-схемасы 0,1 мл-бірінші күні, 0,2 мл екінші күні, сөйтіп 1,0 дейін, содан соң дозасын 0,9; 0,8; 0,7; ... 0,1 мл-ге дейін төмендетеді.

Невриттің патогенезді факторларының негізі тін домбығуы болғандықтан дегидротация терапиясын (фуросемид 40 мл) және кортикостероид препараттарын беру қажет. 3-5 күннен бастап физио-терапия тағайындаған жөн, оның ішінде УЖЖ, парафин, ультрадыбыс, йонофарез т. б. физиотерапия қабылдаған жөн, 10-15 күннен кейін маңдай терісін жиыру, қасты көтеру, көз жұму, тісті ақситу, ұртты толтыру сияқты мимикалық еттердің жұмысын жақсартатын емдеу гимнастикасын қолданып, оларға массаж жасау қажет. Иглорефлексо-терапия жақсы нәтиже береді.

Егер осы айтылған емдер 3 жылға дейін нәтижесіз болса, онда емші хирургиялық әдістер қолдануға мәжбүр болады. Олар келесі топқа бөлінеді;

1).Кесілген немесе жарақаттанған жүйке ұштарын бір-бірімен, микрохирургиялық құралдарды пайдаланып, тігіп жалғастыру.

2). Невриттің әсерінен төмен түсіп кеткен тіңдерді кинетикалық және статикалық әдістерді қолдану арқылы жоғары көтеріп сүйекке бекіту. М. Э. Ягизаров төмен түскен ауыз жұмсақ тіндерін тәжді өсіндіге асу және самай етін қолдануды ұсынды. Соңғы кезде бұл әдіс кеңінен қолданылып жүр және жақсы нәтиже беруде.

3). Бұл топқа ауырған жүйкенің ұшын басқа (тіласты, диафрагма, қосымша жүйкелер) қозғалтқыш жүйкелерімен тігіп жалғау.