Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері

Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері бүкіл ісіктердің 15%-ін құрайды. Соңғы 20 жылда бұл аурудың жиілегені аталып отыр (Г.Б. Әділбаев 1992) 40 пен 70 жас аралығындағы ер кісілерде 2 есе жиі кездеседі (74,6%).

Зақымданған жердің тез көрінетіндігіне қарамастан Қазақстан бойын-ша III—IV сатысындағы ісік 55,5% құрайды. Әрбір жаңа түскен 100 ауру-дың 69-ы қайтыс болады. Нақтама қойылғаннан кейін республикада 1991 жылдың ішінде қайтыс болғандардың көрсеткіштері 24,1%-ке тең.

Шырышты қабықтың рагімен ауыратын аурулар үнемі басылмайтын ауыру сезімге, жазылмайтын жараға, егер тіл зақымданған болса тамақ ішу мен сөйлеу қызметтерінің бұзылғанына шағымдайды. Науқастар аурудың басталғанына 2-айдай болғанын айтады. Ауыз қуысында көбінесе тері мен ерінге қарағанда жаралы-инфильтративті түрі жиі кездеседі (80%-тен жоғары). Жараның негізі еттен басталады. Оның пішіні терең жырықты, ұлудың бақалшақтарына ұқсас болады. Әрине өзгерісіне қарай ағымы да әртүрлі болады. Науқастарда көбінесе жиі экзофитті өсетін ісік, ал біреулерінде аралас түрі кездеседі. Эндофитті өсу қолайсыз түрі. Қанша жұтқыншаққа жақын орналасқан ісік, сонша қатерлі болып табылады. Себебі оның анықталуының қиындығында.

I - ісік 1 см-ге дейін, шырышты қабық пен оның астындағы қабатымен ғана шектеледі. Аймақтық метастаздары жоқ.

II- ісік 2 см-ге дейін, тілдің рагінде тереңдігі 1 см-дей, басқа жерде кездессе тереңдігі шырышты қабықтың астыңғы қабатынан аспайды.

ІІІ— ісік 2 см-ден үлкен. Тілдің рагінде инфильтрация артқы сызыққа немесе ауыздың шырышты қабығына өтіп кетеді. Қалған басқа жердегі рактерде ұйыспа-инфильтрация көрші аймаққа немесе көрші ағзаға өтіп кетеді. Аймақтық метастаздар байқал-майды. Тек жалғыз немесе көптеген аралас метастазданған лимфа бездері пайда болады.

IV — ісік анатомиялық аймақты түгел бұзып, қоршаған жұмсақ тіндер мен бет қаңқасы сүйектеріне өсіп кетеді. Метастаздың кез келген түрлері кездесуі мүмкін.

Емі. Ісіктің орналасуы мен сатысына байланысты. I—II сатысында криодеструкция, ісіктің ішіне радиоактивті элементті ендіру, хирургиялық шаралар, дистанциялық ем қабылданады. III—IV сатысында ең тиімді әдіс хирургиялық жолмен алып тастау. Ісікті алып тастаумен қатар, одан кейінгі ақауларды тері ет қиықтарымен бірден жамау әдісі де қолданылады. Ісікті алып орнына пластикалық оталар жасаумен қатар, Крайль отасын немесе мойынның клетчаткасы мен лимфа бездеріне шандырлы-қалталы кесу отасы жасалады. Дистанциялық емнің жалпы мөлшері 60-65 Гр-ге дейін. Соңғы кезде қатерлі клеткаларға сәуленің әсер етуін күшейту мақсатымен радиомодификаторлар мен радиосенсебилизаторларды қолдану әдістері жетілдіруде. Полихимия емін қолданудың көптеген әдістері бар.

Мысалы: фторурацилмен емдеу әдісі. Кешендік емнің тағайындау тәртібі: I кезеңінде химия, сәулелі ем (дистанциялық гамма); II кезеңінде емнің нәтижесіне қарамастан толық хирургиялық ем жүргізіледі. III кезеңінде отадан кейінгі мөлшері 25-30 Гр. сәуле емі мен адекватты полихимия емі (жылына 6-8 курс). Ауыз қуысы ағзаларының асқынған сатысындағы зақымданулары өте қатерлі болып саналады. Мұндай ақауларды қалыпқа келтіру өте қиын. Пластикалық оталар мен протез жасаудан басқа бұл науқастарға логопедпен жұмыс қажет.