Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі

Беттің орталық аймағының сыну механизміне, сүйек кемігінің арка тәріздес құрылысы және контрфорстардың (сүйектің қатты қабығының қалыңдауы) болуы үлкен әсерін тигізеді. Бұл маңайда 4 контрфорс бар.

1) Мұрын-маңдай контрфорсы ұяшық өсіндінің алдыңғы жағынан басталып жоғары жақ сүйегінің маңдай өсіндісімен көтеріледі.

2) Ұяшық контрфорсы жоғарғы үлкен азу тістерден басталып шықшыт альвеолды жотасы арқылы шықшыт сүйегіне және оның өсінділеріне тарайды.

3) Артқы контрфорс жоғарғы жақ төмпешігін негізгі сүйектің қанатша өсіндісіне қосады.

4) Таңдай контрфорсы мұрын түбіндегі екі астауша тәріздес сай арқылы мұрын-маңдай контрфорсымен жалғасады.

Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан, оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғаргы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Сондықтан бұл сынықтарды осы ғалымның есімімен атайды.

Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.

I. (Ле-Фор-I төменгі нұсқасы). Сынық бағыты жоғарғы жақ ұяшық өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісі екі жағынан, жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды (74-сурет).

74-сурет. Жоғарғы жақ сүйгенін Ле-Фор І бойынша сынығы

II. (Ле-Фор-II орталық нұсқасы). Сынық маңдай сүйегінің мұрын өсіндісімен мұрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін (75-сурет).

75-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор IІ бойынша сынығы

III. (Ле-Фор-III жоғарғы нұсқасы). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен басталып көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай сүйектерінің жігімен сынады.


Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің

76-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің Ле-Фор ІІI бойынша сынығы.

доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды (76-сурет).

Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.

IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың ұяшық өсіндісінің бір жақты сынығы.

Ескеретін жағдай, жоғарыдағы Ле-Фор сынық сызбасы барлық сынық түрлерін қамти алмайды. Мысалы, жоғарғы жақ сынығы біржақты, бір жағында Ле-Фор II, екінші жағы Ле-Фор III т. б. аралас түбірлері кездесуі мүмкін.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Бейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай жер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік, 3/3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі (77-сурет).

Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1-2 мм ауытқиды.

3/3 тіс түбірі жуан және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады.

Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі ғылыми көзқараспен дәлелденді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады, 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының тұздары аз.

Жақ сүйегінің буын өсіндісі төменгі жақ доғасының ең жіңішке жері болғандықтан, көбінесе осы жердің сынығы кездеседі.

Төменгі жақ сынықтары біржақты, екіжақты, жалғыз, екі жерден және бірнеше жерден деп бөлінеді.

77-сурет. Төменгі жақ сүйегі сынатын осал жерлерінің жобасы

Тіс қатарындағы сынықтар ашық жарақаттар қатарына жатады. Өйткені ұяшық өсіндісіндегі шырышты қабық сүйек қабығымен тығыз байланыста. Бұл қабықтар сүйек сынғанда жыртылып, сүйек жарасы инфекция көзі болып есептелетін ауыз қуысымен байланысады. Сонымен қатар, сүйек сынықтарының аралығындағы тістер инфекция көзі болып табылады. Сондықтан бұл сынықтар асқынбас үшін инфекцияға қарсы күрес жүргізіп және барлық науқастарды сіреспеге қарсы егу керек.

Жұмсақ тіндер жыртылып жарақаттанбаса, тіс қатарынан тыс сынықтар көбінесе жабық жарақаттар қатарына жатады.

Төменгі жақсүйек сынуының механизмі. Төменгі жақ сүйегінің сынуы шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан болады. Сынықтар келесі нұсқаларда кездеседі: 1) Күш төменгі жақ сүйегі бүйірінің бір нүктесіне түссе тура сынық пайда болады. Кей жағдайларда осы сынық қарама-қарсы жағында тұра емес, буын өсіндісі қосымша сынуы мүмкін. 2) Күш төменгі жақ бүйірінің көлемді жеріне түссе, буын өсіндісінен немесе бұрышынан тура емес сынады. 3) Күш төменгі жақтың екі бүйірінен үлкен көлемде тисе, тура емес сынық орталық жікте де пайда болады. 4) Күш төменгі жақтың екі бүйіріней симметриясыз тисе тура емес сынық иек маңында және қарама-қарсы жағынан буынды өсінді сынады.

5) Күш төменнен жоғары қарай шектен тыс тисе буынды өсінді екі жағынан сынады.

Осымен, егер сынық шектен тыс майысудан пайда болса, онда шамалы аумаққа түскен күш әсерінен тура, үлкен аумаққа түскен күш әсерінен тура емес сынық пайда болады.

Қысым механизмі. Егер екі күш бір-біріне қарсы бағытталса, сүйек тіндері қысымға түседі (компрессия). Күш төменгі жақ бұрышынан көлемді аумақта төменнен жоғары бағытта соғылса, сүйек шықшыт буыны мен төменгі жақ бұрышының арасыңда қысылады. Осындай жағдайда жақ өсіндісінің ортасы көлденең сынады.

Ығысу механизмі. Күш түскенде сүйек тірегі бар жерімен салыстырғанда, тірегі жоқ жері ығысып сынады. Егер күш көлемі аз жерден төменгі жақ бұрышынан жоғары қарай тәж тәріздес өсіндіге бағытталса тірегі бар буын өсіндісі орнында қалып, тірегі жоқ жақ өсіндісінің алдыңғы жағы (тәж өсіндісімен қосылса) ұзына бойы ығысып сынады.

Жұлыну механизмі. Ауыз жабық кезінде жоғарыдан төменге қарай иекке соққанда төменгі жақ өсіндісінің тәж өсіндісі жұлынып сынады. Бұл сынық түрі өте сирек кездеседі. Тәж өсіндісіне тіркелген самай бұлшықетінің жиырылуынан деп есептелінеді.