- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
Қазақ Республикасының денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 10000 тұрғынға 4 дәрігер — стоматолог бөлінген.
Стоматология емханаларында 7—12 штаттан тұратын хирургия бөлімшелерінде 0,5 ставкаға бөлім меңгерушілері тағайындалады. Егер бөлім 12 штаттан тыс болса, онда оған қосымша меңгеруші тағайындалады. Хирург- стоматолог бөлім меңгерушісіне немесе емдеу - профилактикалық бөлімінің меңгерушісіне бағынады.
Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша 20 дәрігерге
1 дәрігер-анестезиолог, 25 дәрігерге 1 дәрігер-рентгенолог тағайындалған. Бір дәрігерге бір медбике және бір санитарка тағайындалады.
Бөлімдерді (бөлімшелерді) керекті құралдар, төсек-орындар, жиһаздармен жабдықтауда, «ауруханалар және емханалар жабдықтау тізімі» және «Бір дәрігер-стоматолог және тіс технигіне жұмсалатын стоматологиялық материалдардың уақытша мөлшері» туралы бұйрықтарды нұсқау етіп алған жөн.
Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
Хирургия бөлімінің жұмыс нәтижесі тәжірибесі мол мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың еңбегінің дүрыс ұйымдастырылуына байланысты. Жұмыс кестесін әрбір кезекте бір тәжірибесі мол дәрігермен бір жас дәрігерді қосып жасаған дұрыс.
Себебі жас дәрігер тәжірибелі дәрігерден оқып үйренеді. Егер кезекте бір дәрігер-хирург істейтін болса, онда тәжірибелі дәрігерді науқастар көп келетін кезекке қойған абзал.
Емдеу жұмысын ұйымдастыру. Хирургиялық оталардың мөлшері мен түрі — дәрігер-хирургтің тәжірибесіне байланысты.
Ота емханалық жағдайларда, тек қана отадан кейін үйіне өз бетімен немесе біреудің көмегімен кететін науқастарға жасалады. Жасалатын оталар ішінде тіс жұлу отасы көбірек кездеседі.
Емханада жасалатын ауыр оталар қатарына: дистопия, жартылай ретенция, ретенция болған тістерді алу, периостит, лимфаденит кезіндегі іріңді шығару, жұмсақ тіндердің жарақатын тігу, жақ сүйектері сынғанда, шығып кеткенде орнына салу жатады. Бұл оталар жоспарланбаған топқа жатады.
Емханаларда жоспарлы түрде жасалатындарға оталарға: тісті реплантация, трансплантация, имплантация жасау, тіс түбірінің ұшын кесу, жақ-бет аймағындағы жұмсақ тіндерде, сүйектерде кездесетін кішігірім қатерсіз ісіктерді, биопсия, сары сулы ісіктерді, сілекей бездерінің түтіктерінде орналасқан тастарды алу, сонымен бірге кішігірім ақауларға пластика жасау, секвестрэктомия және пародонтит ауруларын хирургиялық әдіспен емдеу жатады.
Бөлімнің (бөлімшенің) жұмысы бөлмелерді науқас қабылдауға дайындықтан бұрын басталады. Бөлменің санитарлық жағдайын тексереді күнделікті әрбір кезек басталар алдында мейірбике екі залалсыздырылған үстел дайындайды. Оның бірі құралдарға арналса, екіншісі таңу жабдықтарына арналған. Егер бөлмеде екі мейірбике болса, бірі залалсыздырылған үстелді қолмен жасақтау әдісімен айналысып, екіншісі дәрігерге науқастарды қабылдауға көмектеседі.
Мейірбике жалпы жағдайлары ауыр науқастарды дәрігерге бірінші кезекпен кіргізеді, қалғандарын дәрігерге жазылу уақытына байланысты кезекке қояды. Науқастарды дәрігерге тек сыртқанамамен ғана кіргізу керек. Қабылданғаннан кейін дәрігер науқастарды зерттеп, нақтамасын қойып, емдеу кезегін белгілейді.
Жоспармен жасалатын оталарды арнайы кітапшаға тіркеп, олардың күндерін белгілейді. Барлық қорытындылар және дәрігер нұсқаулары мекеменің арнайы іс қағазына жазылады. Науқасты зерттеу нәтижесінің мәліметтері, дәрігердің іс-қимылдары, нұсқаулары және ем нәтижесі сырхатнамаға жазылып, науқасты қайта қарау керек болса, уақыты, күні, бөлменің саны және дәрігердің аты-жөні көрсетіледі. Осы науқастардың сырхатнамасы дәрігер бөлмесінде сақталады.
Үйінде көмек көрсетілетін науқасқа, дәрігер мейірбике бөледі.
Ота жасалатын бөлменің жұмысын ұйымдастыру. Ота алдында дәрігер медбикені жасалатын оталардың тізімімен таныстырып, оған керекті құралдар мен материалдарды дайындауға тапсырма береді. Залалсыздандырған заттарды екі үстелға бөледі, бірі таңу жабдықтары, екіншісі құралдар үшін. Хирургке ота жасауға көмекші қажет. Оның қызметін тәжірибелі мейірбике, дәрігер немесе жоғары курс студенттері атқарады. Отадан кейін науқасты 30 мин-тен 1 сағатқа дейін уақытша демалатын бөлмеге жатқызған жөн.
Әдетте мамандандырылған стоматология емханалары кеңес беру - методикалық орталық болып есептеледі. Оларға басқа мекеме, аудан дәрігерлері науқастарды кеңес алу үшін жібереді. Бұл емханаларда кеңес беруші болып ғылыми атағы бар дәрігерлер істейді. Осымен қатар оларға облыстық, аудандық, емханалар бекітіледі.
Әрине, хирургия бөлімдері жұмысының ішінде аурудың алдын алу қызметі жоғары орында болуы қажет.
Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында «Дәрігер-стоматологтың бақылауында болатын науқастардың диспансерлік үлгісінің жобасы» берілген.
Хирургиялық стоматология ауруханасы жұмысын ұйымдастыру. Қазіргі хирургиялық стоматология мен жақ-бет хирургиясы ауыз қуысына жасалатын оталардан бастап, өте қиын қатерлі ісікті алу және күрделі пластикалық оталармен айналысады.
Осыған байланысты хирургиялық аурулар ауыз қуысында, жақ сүйектерде, бетте, мойында орналасқан науқастарға толық көмек көрсету үшін облыстық, қалалық, аудандық ауруханалардың құрамында жақ-бет хирургиясының бөлімдері жұмыс істеуі қажет.
Ота бірлестігінің санитарлық-гигиеналық талаптары. Ота бірлестігінің (көлемі, едені, қабырғалары, есік-терезелері, жарықтығы температурасы және т.б.) тиісті құжаттарға сәйкес болуы тиіс. Ота бірлестігі ота жасайтын, ота алдындағы, залалсыздандыру жасайтын, ұйықтату арналған, құрал-саймандар тұратын, құралдар сақталған, хирург және мейірбике отыратын, материалдар тұратын, гипс салатын, душ қабылдайтын бөлмелерден тұрады.
Мүмкіндігіне қарай ота жасайтын екі бөлме болуы қажет. Бірі жақ-бет аймағында пластикалық оталар, екіншісі ауыз қуысына және іріңді оталар жасайтын бөлме. Оларға кіретін есіктер бөлек болуы қажет. Егер екі бөлме болмаған жағдайда, бірінші кезекте «таза» ота жасалынып, екінші кезекте іріңді оталарды жасауға болады. Осыдан кейін бөлмені, ондағы жиһаздарды антисептикалық (хлорамин, лизол, сулема т.б.) ерітінділерімен тазалап жуғаннан кейін, бактериоцидтік шаммен тазартады. Клиникадағы ота бөлмесіне көп студенттер, курсанттар кірмеуі үшін, отаны теледидар арқылы алыстан көрсететін бөлме дайындаған жөн немесе оталық бөлменің төбесін (күмбезін) жақсы көрінетін әйнекпен жабу қажет.
Жақ-бет бөлімінде науқастарды таңатын екі бөлме қажет. Олардың бірінде «таза» оталардан, екіншісінде іріңді оталардан кейінгі науқастарға жәрдем көрсетіледі.
Бөлімде ота бірлестігі, таңу бөлмелерінен басқа, тіс және ауыз қуысын емдеу, дәрігер-протезист, ауыз қуысын тазалайтын бөлмелер болулары қажет. Осымен қатар шағын (1—2 орынға) тіс-техникалық лабораториясы болғаны жөн. Егер ауруханада кино-фото лабораториясы болса, оны жақ-бет хирургиялық бөлімі кеңінен пайдалануы қажет.
Әрбір бөлімде, оның мүмкіншілігіне қарай, отадан кейін науқастар жататын екі (ер, әйелдер) бөлме, төсек басында оттегін, азот қышқылың жіберетін бөлмелі қалқанша және сорғыш резервуармен қосылатын штуцер болуы керек.
Жақ-бет аймағындағы аурулардың ауруханалармен қамтамасыз ету үшін (Ф.А.Любилов, Г.А.Попов, Т.М.Лурье зерттеулері бойынша) 10000 тұрғынға 1,7 төсек керек.
Республикалық, облыстық, қалалық, ауруханалардағы жақ-бет хирургиялық бөлімдер сол жерлердегі орталық ұйымдастыру және әдістемелік орын болып табылады. Олар студенттер және курсанттар оқытатын орталық клиника болып саналады. Бөлмелер штатына сол ауруханаларда жұмыс істейтін стоматологтардың барлығы кіреді.
