Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хир. стмат. аз. ХТУ.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Меланомалар

Меланома жаратылысы жағынан нейрогенді сирек кездесетін ісік. Бүкіл қатерлі ісіктердің ішінде 1-3%. Көбінесе 30-50 жас аралығындағы әйелдер ауырады. 67,8% жағдайда меланома қалдың орнынан дамиды (Н.И. Переводчикова—1993 ж.) Қазақстанның әр 100 мың адамына 1991-8,0%, ал Алматыда 10,7%. 25-40% меланомалар бет пен мойын терісінде орналасады.

67-сурет. Меланома

Ұртта, самайда, құлақта жиі кездеседі. Меланомалар өте жоғары қатерлігімен және ерте метастаздануымен ерекшеленеді.Меланома қатерлі ісігінің тағы бір қасиеті ісіктен, басқа ісіктер сияқты, кесіп микроскопқа қарау үшін (биопсия) тін алуға болмайды. Дәрігер-онкологтарда қатерлі меланома ісігін еш уақытта, ешқашан да шұқымаған жөн деген жазылмаған заң бар. Өйткені білместік қимыл-дары өміріне қауіп туғызуы мүмкін. Қатерлі меланома ісігін анықтау үшін тек қана әйнекке жағылған (әйнекті ісікке ақырын жапсырып алынған) жұғындыны микроскоппен қарау керек (цитология).

А. И. Савицкийдің пікірі бойынша қатерлі меланоманы төрт клиникалық сатыға бөлудің қажеті жоқ, себебі, меланоманың даму процессінің қай сатыда екенін байқау мүмкін емес, сондықтан да оны алғашқы және жайылған түріне бөлген жөн.

Сонымен бірге А. И. Савицкийдің айтуынша қатерлі меланомадан биопсия алуға болмайды.

Тері меланомасының даму болжамы көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты (науқастың жынысы, жасы, ұлты, алғашқы ошақтың орналасқан жері және т. б.) Көбінесе европалық халықтардың арасында көп кездеседі. Меланома өте күрделі ісік. Кейде ол пигментті дақ немесе түйін секілді, кейде жалпақ негіздегі папилломатозды өсінді түрінде кездеседі. Түсі қарадан көгілдір немесе сұр, ал кей жағдайда түссіз де болып кездеседі. Ісік жаралануы да мүмкін (67-сурет).

Болжау барысында меланомды клеткалардың дермаға енуі маңызды орын алады (Кларк жүйесі бойынша 5 деңгей).

I — Меланомды клеткалар базальды пердеден аспайды.

II— Базальды перде мен емізікті қабатқа жетеді.

ІІІ— Емізікті қабат пен торлы қабатқа дейін толады.

IV— Дерманың торлы қабатындағы коллаген талшықтарына енеді.

V — меланома теріасты май қабатына өтеді. Бреслау бойынша меланоманың ену деңгейі ойша екі топқа бөлінеді:

I — Ісіктің қалыңдығы 0,76 мм-ден кем болмаған кезде қолайлы жағдай деп есептеледі.

II—0,76 мм-ден артық болса метастаз мүмкіншілігі бар кез деп саналады.

Меланоманың қалыңдығы 2 мм-ден кем болғанда науқастың аман қалуы 80%-тей.

Емі. Қатерлі меланома ісігін емдеудің бүгінгі таңда екі жолы бар. Біріншісі хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. Екіншісі -аралас әдіс. Мұндай жағдайда, әуелі ісікті рентген немесе гамма сәулесімен өлтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен қалған қалдықты түп нұсқасымен, ісіктің айналасынан 2-3 см қашықтықтағы терісімен қоса сылып алып тастайды. Әлбетте, хирургиялық оталарды электр пышақпен жасау қажет, өйткені кейбір шашыраған меланома клеткалары электр пышағымен бірге күйіп кетеді.

Алғашқы I—III деңгейдегі тері меланомасын емдеудің негізгі әдісі хирургиялық. Меланоманы сау тіндерден алып тастау. Жайылмалы түрінде дәрімен емделеді. Өкпедегі, бауырдағы, сүйек және ми ішіндегі метастаздарға қарағанда тері мен мойынның лимфа бездеріндегі метастаздар химиялық емге сезімтал. Меланоманың диссиминальдық түрінде еқ тиімді дәрі декарбазин болып табылады.

Нитрозомочевинаның өнімдерін екінші шектегі препарат ретінде пайдаланады. Әсері жоғары жаңа препараттардың ішінде платинаның өнімдері цистплатин немесе платидиам, параплатин, карбоплатин, платинді айтуға болады.

Полихимиялық емнің әсері де улылығы да монохимиялық емге қарасанда 25-35%-тей жоғары. Операциядан кейін ауру одан әрі асқынып кетпес үшін қолайсыз IV-V және III деңгейдегі қалыңдығы 2 мм-ден жоғары меланомаларда адекватты ем қатар қолданылады.

Монохимиялық ем: 1. Декарбазин, 2. Араноза, 3. Декарбин.

Полихимиялық ем: 1-ші тәсіл. Декарбазин, винбластинмен, цистпластинмен қосып жасалады. 2-ші тәсіл. Нитрозометилмочевина дактиномицинмен, винкристинмен қосылып жасалады.

Иммуномодуляторлар мен иммунологиялық емнің алатын орны енді зерттелу үстінде. Х2 интерферон метастаз жұмсақ тіндерде болған кезде 25-27% тиімді. Емнің әсері бір дәрінің немесе бір схеманы қолдануында емес, метастаздың орналасуына байланысты. Лимфа бездері мен терідегі кішігірім метастаздарда ғана 100% сорылу әсеріне қол жетеді. Кей жағдайда интерлейкин-2 цитостатикалық препараттармён қосылып беріледі. Меланоманың диссиминациялық түрінде тамоксифенді ұзақ уақыт химиялық еммен қатар немесе онсыз пайдалануға болады.