- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Сілекей бездернің жарақаттары
Сілекей бездері жарақаттанғанда айналасындағы жұмсақ тіндер, кейбірде сүйектер бұзылады. Өткір өтпейтін заттармен жарақаттанса, олар кесіледі немесе езіледі. Ал оқ тисе барлық айналасындағы тіндермен қоса талқандалуы мүмкін.
Сілекей бездерінің ішінде көбінесе құлақмаңы сілекей бездері жарақатқа көп ұшырайды. Оның себебі бұл без төменгі жақ өсіндісінің сыртқы бетінде және төмеугі жақ артындағы шұқырда орналасқан. Сонымен қатар ол осы маңда жасалатын оталар кезінде жарақаттануы мүмкін.
Мысалы өзінен шыққан ісіктерді алғанда, құлақ маңындағы және жақ артындағы флегмоналарды ашқанда, төменгі жақ өсіндісінде, шықшыт буынында жасалатын оталар кезінде.
Үлкен сілекей шығатын түтік ұртта орналасқан ісіктерді алу, флегмонаны ашу кезінде зақымдануы мүмкін.
Жақасты және тіласты сілекей бездері оқпен жарақаттанғанда, флегмона мен абсцесстерді ашқанда, ісіктерді алғанда жарақаттануы мүмкін. Бірақ бұлардан кейін жыланкөз пайда болмағандықтан тиісті ғылыми еңбектерде ескерусіз қалған (А. И. Евдокимов). Стоматологтардың жұмысында сілекей түтіктері тіс емдеу немесе сепарация жасайтын дискімен жұмыс істеген кездерде зақымдануы мүмкін. Жаралардың орналасуына байланысты түтік және сілекей паренхимасының жарақаттары деп бөледі.
Сілекей бездері жарақаттарының клиникасы олардың орналасуына (түтік, паренхима) байланысты әр түрлі болады. Егер жара үлкен болса, ондағы сілекей бездерінің бүртіктенген тіндерін көруге болады. Қабыну кезеңі аяқталғаннан кейін жыланкөздер, сілекей түтіктерінің тарылуы, жабылуы пайда болады.
Сілекей бездерінің жыланкөздері. Егер жыланкөз тері арқылы сыртқа шықса оны сыртқы, ал ауыз қуысының шырышты қабығына шықса ішкі деп аталады. Ішкі жыланкөздер ауруларды мазаламайды, сондықтан емдеудің қажеті болмайды.
Ал сыртқы жыланкөздер науқастарды қатты мазалайды. Олардан өне бойы сілекей ағып (сілекей тамақтанғанда көбейеді) айналасындағы теріні бұзып қабыну пайда болады. Егер жыланкөздері жабылса (уақытша) без үлкейіп, ауырады. Жақасты сілекей бездерінің жыланкөздері жақ астының терісінде орналасады, олар өте сирек кездеседі.
Көбінесе жыланкөздер құлақмаңы сілекей бездерінің жарақатынан болады. Олар түтіктік және паренхималық болып бөлінеді. Жыланкөз без бөлшектерінің түтіктерінен шықса паренхималық, ал негізгі түтіктен (паренхимадан алыс) пайда болса түтіктік болып есептелінеді.
Барлық жыланкөздер толық және жартылай болып екіге бөлінеді. Толық жыланкөздер негізгі түтіктің толық жыртылуынан пайда болып, сілекей түгелімен осы жолдар арқылы сыртқа шығады. Егер түтік қабырғасы жыртылып одан жыланкөз пайда болып, сілекей негізгі түтікпен және жыланкөз арқылы екіге бөлініп ақса жартылай жыланкөз дейді. Кейде құлақасты сілекей бездері аймағында нүктелі, таза сілекей тамшысы шығатын жыланкөздер кездеседі, бұлар өте қысқа сілекей бездерінің кішкене бөліктерімен байланысады. Сілекей бездері жыланкөздерін сүңгілеу-зондылау және бояулы сұйықтар жіберу арқылы білуге болады. Ал жыланкөздерге толық мағлұмат беретін әдіс контрасты сиалография болып табылады.
Жартылай жыланкөздерде, йодолиполды жыланкөз арқылы жібергенде сұйық негізгі түтіктен шығады, ал негізгі түтікке жібергенде жыланкөзден шығады. Йодолипол сонымен қатар, сілекей бездерінің қалған бөліктерін толтырады.
Толық жыланкөзде негізгі түтікке жіберілген йодолипол тек жыланкөзбен байланысты без бөліктеріне таралады.
Сілекей түтіктерінің тарылуы (стеноз). Сілекей түтіктері жұмсақ тіндердің тыртықтанып бітуінің әсерінен тарылуы мүмкін. Бұл жағдайда науқас сілекей бездерінің ісуіне және сыздап ауыратынына шағым жасайды. Олар ас ішкенде пайда болып бірнеше сағаттан (1-2 сағат), кейде бірнеше минуттан кейін басылады. Ол ас ішкен кезде сілекей көп жиналып, тарылған түтіктен аздап жүруіне, ісігінің тарылу көлеміне байланысты. Қараған уақытта сілекей бездері аймағындағы жұмсақ ісікті сипау-пальпация арқылы байқауға болады, ол ас ішіп болғаннан кейін қайтады. Егер аурудың пайда болғанына көп уақыт болса, сілекей бездерінің қатайғандығын және қалыптасып үлкейгендігін сипау-пальпация арқылы білуге болады. Негізгі түтіктердің тарылуын-стенозын сүңгі-зонд арқылы анықтайды.
Сілекей түтіктерінід жабылуы (облитерация). Сілекей түтіктерінің жарақаттан жабылған кезінде науқас сол бездердің сыздап ауырып, үлкейгенін айтады. Без үлкейіп қатаяды, 3-4 сағаттан кейін ауыру сезімі біртіндеп азаяды. Бірақ, ол үлкейіп қатайған бойында қалады. Бұл жиналған сілекейдің, жан-жақтағы жұмсақ тіндер арқылы сорылуынан деп есептеледі. 3-4 айдан кейін жайлап ауыру сезімі, бездің ас ішкен кездегі үлкеюі басыла бастайды. Сипау-пальпация жасағанда сілекей бездері үлкейіп қатайған. Түтік көздерінен сілекей ақпайды. Кейін келе бездердің сілекей шығару жұмысы тоқтайды. Ауыруы, сыздауы, үлкеюі тоқталады. Негізгі түтіктер көзін сүңгі-зондпен тексеру арқылы сілекей жолының жабылғанын білуге болады. Сиалография жасағанда түтіктің шығу жағы ғана сәулеге ұқсайтын сұйықпен толады, ал одан жоғарыға бармайды.
Сілекей бездерінің жарақаттан болған кисталары. Науқас жарақат алғаннан кейін (1-2 жеті ішінде) сілекейлер орналасқан аймақта ісік пайда болғанын арыздайды. Жара ұзақ уақыт ішінде жазылады. Емдеу барысында ісіктің ішіндегі сілекейді қанша сорып алғанмен, ол кішіреймейді, бірнеше айдан кейін тұрақты халге келеді.
Ісік жұмсақ, ауырмайтын, анық шектелген. Теріде ауыз қуысының кілегей қабығында жарақат немесе операция орындарын табуға болады. Пункция жасағанда одан сілекей алынады. Сиалограммада түтіктердің толу ақауы немесе ақауларын-деформацияларын көруге болады.
Сілекей бездерінің жарақаттарын емдеу. Сілекей бездерінің жарақаттарын біріншілік хирургиялық өңдеуден өткізуде, жақ-бет аймағында жасалатын өңдеу ережелері мен ерекшеліктері толығынан пайдаланылады. Егер ота кезінде бет жүйкесі талшығының үзілгені білінсе, оларды бір-бірімен тігіп қосу керек. Ал, егер құлақтүбі сілекей безінің негізгі түтігі үзілсе, оның ішіне полиэтиленнен жасалған катетер енгізіп екі ұшын бір-бірімен тігіп жалғастырады. Оны 12-14 күнге түтікте қалдырады. Осыдан кейін без тіндерін, фасциясын, майлы қабатты және теріні мұқияттап тігеді. Тігіс аралығына қашыртқы-дренаж қойылады (2-3 күнге). Жараның жазылу барысында сілекей безінің секреторлық жұмысын баяулату үшін 0,1% атропин сульфатын қолдану керек. Сілекей бездері жыланкөздерін отасыз-консервативтік және ота әдістер арқылы емдейді.
Отасыз-консервативтік әдістерге жыланкөзді әртүрлі қышқылдармен күйдіру жатады. Олар: хром, НСІ, сүт қышқылдары, 7% спирт, 5% йод қосындысы, 20% күміс нитраты. Иненің ұшына жұқалап мақта орап оны 20% күміс нитратына батырады. Осыдан кейін инені жыланкөздің барлық тереңдігіне енгізіп 1 минут ұстайды, келесі күні тереңдіктің жартысын, үшінші күні қалған жерін 1 минуттан күйдіреді.
Бұл шараларды қолданғанда науқасқа тамақ алдында (жарты сағат бұрын) 6-8 тамшы 0,1% атропин сульфатын берген жөн.
Жартылай жыланкөздерді К.П.Сапожкова әдісімен емдеу. Ол үшін жыланкөзді кесіп алып тастайды да тері астындағы майлы қабатқа кисет тәріздес тігіс салады. А. А.Лимберг әдісі: жыланкөзді кесіп тастаған соң, орынын айқаспалы үшбұрышты қиықшамен жауып тігеді.
Толық жыланкөзін жарты ай тәріздес кесіп, безге дейін босатады. Содан кейін негізгі түтіктің қалдығы болса оның ұшы мен жыланкөздің ұшын, түтікке кигізген тефлоннан немесе полиэтиленнен жасалған түтіктің үстінен тігіп жалғастырады.
Егер жыланкөз қысқа болса Г.А.Васильев әдісін қолданады. Жыланкөзді жарты ай тәріздес кесіп безге дейіп босатқаннан кейін ауыз қуысының шырышты қабығынан тіл тәріздес қиықша алып жыланкөздің ұшын соған тігеді.
Негізгі түтік тарылса және жабылса оны арнайы жасалған сүңгі-зондтармен бұрғылау қажет. Егер бұл әдіс өз нәтижесін бермесе хирургиялық әдіс қолдану керек.
Тұжырым: Ірі, жұп сілекей бездерге құлақмаңы, жақасты және тіласты, ал майда және тақ бездерге ауыз қуысының шырышты қабы-ғының бездері жатады. Бұлар өздерінің атауына сәйкес анатомия-топографиялық аймақтарда орналасады.Науқастарды тексеру жалпы қағидалармен жүргізіледі, оларға: шағым жинау, келіп шығу тарихы-анамнезі, қарап, сипап (кейде екі саусақпен сипап) тексеру, шығару түтіктерінен бөлінген сілекей құрамын зерттеу. Шығару түтіктерін шұқығышпен қарау, рентгенологиялық-сиалографиялық, сцинтиграфиялық, секреторлы функцияларын тексерулер, биопсия жатады.
Науқастың жасы, жынысы, жалпы жағдайы нақтамалық бағытын анықтауы мүмкін. Жедел паротит кезіндегі емдеу шаралары аурудың сатысына байланысты жүргізіледі. Қабынудың серозды түрінде науқас сілекей бөлінуін жоғарлататын диета және тамақтанар алдында пилокарпин гидрохлоридтің 1% ерітіндісін 6-8 тамшы қабылдау қажет. Тамақтанып болғаннан соң ауыз қуысын сілтілік ерітінділермен шайған дұрыс.
Құлақмаңы сілекейі безінің шығару түтігінің жарақаттануы ауыз қуысы ішінде жасалатын тіліктер кезінде болуы мүмкін. Бұл жарақаттар сілекей жыланкөздерінің пайда болуына себеп болады. Төменгі жақасты немесе тіласты сілекей бездерінің жарақаттары кезінде жыланкөздер пайда болмайды. Жыланкөздер тері бетінде және ішкі, яғни шырышты қабат бетінде ашылуы мүмкін. Ауыз қуысының ішінде ашылған жыланкөздер емдеуді қажет етпейді. Сыртқы жыланкөздер науқасты физикалық және эмоциональды күйзелістерге ұшыратады, ол беттің және мойынның бүйір бетінде орналасып, әрдайым сілекеймен суланып, қабынып, дерматиттер дамиды.
Науқастарды кешенді емдеу ауру туралы толық мәлімет жинаудан
басталады, науқасты медициналық және зертханалық тексерулер саты-сында заман талабына жауап беретін медициналық құрал-саймандардан және жаңа емдеу әдістерін пайдалану дәрігердің білімімен оның қабілетіне байланысты болады. Сондықтан әрбір дәрігер қызмет саласында өз білімін жетілдіру және бай тәжірибе жинауы керек.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1. бет-жақ аймағының сілекей бездері көлеміне қарай ........ бөлінеді
А) ірі, жұп болып
Б) кіші, жұп болып
В) ірі, тақ болып
Г) құрама, ірі болып
Д) құрама, болып
2. Ірі, жұп сілекей бездерге ............... жатады
А) құлақмаңы, жақасты, тіласты
Б) ұрт, таңдай, мұрын
В) құлақмаңы, ұрт, таңдай
Г) жақасты, мұрын, ұрт
Д) тіласты, таңдай, мұрын
3. Ересек адамда тәулігіне ............ сілекей бөлінеді.
А) 1,5 литрдей
Б) 2,0 литрдей
В) 2,5 литрдей
Г) 3,0 литрдей
Д) 3,5 литрдей
4. радиосиалография әдіс ............. деп аталады.
А) медициналық тәжірибеде жасанды радиактивті изотоптардың
енгізілуі, клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын
анықтауға арналған әдісті
Б) медициналық тәжірибеде жасанды радиактивті изотоптардың
емханада енгізілу әдісті
В) клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын бөлмелерде
анықтауға арналған әдісті
Г) клиникада бездердің шығару қызметінің бұзылыстарын емханада
анықтауға арналған әдісті
Д) медициналық тәжірибеде жасанды радиактивті изотоптардың
Ауруханада енгізілу әдісті
5. Ең көп қолданылып жүрген контрасты заттарға ......... жатады
А) йодолипол, йодипин, липиодол
Б) димедрол, йодипин, липиодол
В) кордиамин, йодолипол, йодипин,
Г) сульфадемизин, йодипин, липиодол
Д) АТФ, йодолипол, йодипин
6. Сілекей бездерінің қабынуы ағымы бойынша ....... болады.
А) жедел және созылмалы
Б) өткір және жедел
В) жанама және созылмалы
Г) қосарланған және өткір
Д) аралас және созылмалы
7. Жедел ағымды эпидемиялық паротиттің бірінші қоздырғышын
апқан ғалымның аты және тапқан жылы
А) Джонсон және Пудпасчер, 1934 жылы
Б) Эскулап және Оразалин, 1965 жылы
В) Гиппократ және Темуров, 1997 жылы
Г) Амбруаз Паре және Төлеуов, 1963 жылы
Д) Фошар және Құраш, 1975 жылы
8. Жедел ағымды эпидемиялық паротиттің қоздырғышын атаңыз
А) сүзілетін вирус.
Б) қорғаныш вирус
В) арнайы вирус
Г) арнайы емес вирус
Д) жанама вирус
9. Эпидемиялық сиалоадениттерде ......... нүктеде ауыру сезімінің
болуы тән.
А) құлақ сырғалығы жанында, емізікше өсінді аймағында және төменгі
жақ өсіндісінің жарты ай ойығы аймақтарында
Б) құлақ сырғалығы жанында, төменгі жақ денесінде
В) емізікше өсінді аймағында төменгі жақ денесінде
Г) құлақ сырғалығы жанында, маңдай өсіндісінде
Д) төменгі жақ өсіндісінің жарты ай ойығы, маңдай өсіндісінде
10. Ауру ағымына байланысты ............ түрге бөлінеді.
А) жеңіл, орташа және ауыр
Б) ауыр, өткір және созылмалы
В) жеңіл, жайылмалы және орташа
Г) ауыр, жанама және созылмалы
Д) жеңіл, өткір және орташа
11. Аурудың жедел кезеңі ............ созылады
А) 4 күннен 10 күнге дейін
Б) 3 күннен 5 күнге дейін
В) 2 күннен 7 күнге дейін
Г) 1 күннен 6 күнге дейін
Д) 8 күннен 15 күнге дейін
12. Жедел эпидемиялы емес паротиттер клиникалық ағымына қарай
......................деп бөлінеді.
А) серозды, ірінді және гангренозды
Б) ірінді, экссудативті және серозды
В) гангренозды, паренхиматозды және ірінді
Г) серозды, экссудативті және жайылмалы
Д) ірінді, паренхиматозды және серозды
13. А.В.Клементовтың сілекей бездері қабынуларын ....... деп бөледі.
А) паренхиматозды және интерстициалды
Б) ірінді, паренхиматозды және серозды
В) гангренозды, паренхиматозды және ірінді
Г) серозды, экссудативті және ірінді
Д) серозды, экссудативті және жайылмалы
14. Төменгі жақасты безінің созылмалы қабынуы ......... бөлінеді.
А) экссудативті және паренхиматозды сиалоадениттерге
Б) серозды, экссудативті және жайылмалы
В) ірінді, паренхиматозды және серозды
Г) серозды, экссудативті және ірінді
Д) гангренозды, паренхиматозды және ірінді
15. Созылмалы қабынудың ........ түрлері болады.
А) фиброзды және іріңді
Б) дәнекер және серозды
В) фиброзды және серозды
Г) дәнекер және іріңді
Д) іріңді және бұлшықетті
16. Ксеростомияның ............... дәрежесі болады.
А) 3 дәрежесі
Б) 1 дәрежесі
В) 2 дәрежесі
Г) 4 дәрежесі
Д) 5 дәрежесі
17. Сілекей тастары жиі ..... безінде орналасады
А) Вартонов түтігінде және төменгі жақасты
Б) гаймор қуысында және төменгі жақасты
В) Егоров нүктесінде және төменгі жақасты
Г) Пирогов үшбұрышында және төменгі жақасты
Д) Лимберг қиындысында және төменгі жақасты
18. А.В.Клементов (1959, 1960 ж.) сілекей-тас ауруының мынандай
жағдайларына сүйене, ескере отырып толық жіктелуін ұсынды
А) тастың орналасу орнын, аурудың ағымын және тастың өздігінен
түсуін немесе алынуын
Б) тастың орналасу орнын, гаймор қуысында
В) аурудың ағымын, Егоров нүктесінде
Г) тастың өздігінен түсуін, Вартонов түтігінде
Д) тастың өздігінен алынуын, Лимберг қиындысында
19. тамақтанған кезде ........ пайда болады, оны «сілекейлі шаншу»
деп атайды.
А) сілекей безі үлкейіп, кернегендей ауыру сезімі
Б) кернегендей ауыру сезімі, тастың орналасу орнын
В) сілекей безі үлкейіп, тастың орналасу орнын
Г) кернегендей ауыру сезімі тастың өздігінен алынуын,
Д) сілекей безі үлкейіп, тастың өздігінен алынуын
20. Сілекей тастары ......... орналасуы мүмкін.
А) экстра немесе интрагландулярлы
Б) интрагландулярлы немесе терең
В) экстра немесе беткей
Г) интрагландулярлы немесе жасырын
Д) экстра немесе жанама
21. Рентгенограммада тастар ..... пішінді тығыз көлеңке түрінде
анықталады.
А) домалақ, сопақ немесе әр түрлі
Б) сопақ, ойық немесе дөңгелек
В) әр түрлі, қиынды немесе тік
Г) домалақ, көлденең немесе жазық
Д) домалақ,үшбұрыш немесе тік
22. Тас безде орналасқан жағдайда, орналасу орнын және оның
көлемін анықтау үшін ......... әдісін қолдануға болады.
А) контрасты сиалография
Б) толық және жартылай
В) екі топқа
Г) домалақ,үшбұрыш немесе тік
Д) домалақ, көлденең немесе жазық
23. Жыланкөздер .............. деп бөлінеді.
А) толық және жартылай
Б) контрасты сиалография
В) домалақ, көлденең немесе жазық
Г) домалақ,үшбұрыш немесе тік
Д) сопақ, ойық немесе дөңгелек
24. Сиалография әдісімен ....... олардың жағдайын анықтауға болады.
А) жыланкөздің ерекшелігін, оның бездің кейбір аймақтарымен, негізгі
түтікпен байланысын
Б) жыланкөздің ерекшелігін, көлденең немесе жазық
В) оның бездің кейбір аймақтарымен, үшбұрыш немесе тік
Г) негізгі түтікпен байланысын, көлденең немесе жазық
Д) толық және жартылай, ойық немесе дөңгелек
25. Қолданылатын оталарды ......... бөлуге болады
А) екі топқа
Б) бір топқа
В) үш топқа
Г) төрт топқа
Д) жеті топқа
26. Жыланкөздерді жабудың қолайлы әдісі ...... жалғастыру болып
есептеледі.
А) ауыз қуысына ашылатын жаңа жол ашу және шығару түтігінің шеткі
бөліктерін пластикалық жолмен
Б) ауыз қуысына ашылатын, үшбұрыш немесе тік
В) жаңа жол ашу, ойық немесе дөңгелек
Г) шығару түтігінің шеткі бөліктерін пластикалық жолмен, толық
Д) жаңа жол ашу, үшбұрыш немесе тік
27. Негізгі түтіктердің тарылуын-стенозын ....... арқылы анықтайды.
А) сүңгі-зонд
Б) қысқыш
В) қашыртқы
Г) жіп
Д) қашау
28. жыланкөздер құлақмаңы сілекей бездерінің жарақатынан
болады. Олар .......... болып бөлінеді.
А) түтіктік және паренхималық
Б) паренхималық, ойық немесе дөңгелек
В) түтіктік, ойық немесе дөңгелек
Г) паренхималық, үшбұрыш немесе тік
Д) түтіктік, үшбұрыш немесе тік
29. жыланкөздерге толық мағлұмат беретін әдіс ..... болып табылады.
А) контрасты сиалография
Б) түтіктік, үшбұрыш немесе тік
В) паренхималық, үшбұрыш немесе тік
Г) түтіктік, ойық немесе дөңгелек
Д) паренхималық, ойық немесе дөңгелек
30. Хирургиялық емнің мақсаты тасты ...... толық алу болып табылады.
А) түтіктен немесе безден
Б) паренхималық, ойық немесе дөңгелек
В) түтіктік, ойық немесе дөңгелек
Г) паренхималық, үшбұрыш немесе тік
Д) түтіктік, үшбұрыш немесе тік
XIІ Т А Р А У
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАР
Жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс нақтама қою, нәтижелі-адекватты ем қолдану, оңтайландыру-реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың (жарақаттануына байланысты) анатомофизиологиялық ерекшеліктерін дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қажет. Олар:
1. Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатр ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65-85%-ң психикасы бұзылады.
2. Бұл аймақта 18 ымдау (мимикалық) еттері орналасады. Бұл еттер арқылы адам өзінің ымдау (эластомимика) қабілетін іске асырады.
Ымдаумимикоз (эластомимикоз) ішкі және сыртқы тітіркен-діргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психоэмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М.П.Павловтың заңы бойынша іске асырылады. Яғни ішкі және сыртқы тітіркенулер (қоздырғыштар) афферентті (көтерілетін) жолдарымен ми қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті (түсетін) жолдарымен келіп бет жүйкесі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиырады. Еттердің жиырылу қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты (қуану, қорқу, ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т.б.). Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психоневролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс нақтама қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің жүйкеленуінің немесе афферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.
3. Бет-жақ ауданы шокогендік аймаққа жатады. Тұрмыс жағ-дайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.
4. Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады. (көру, есту, иіс, дәм, сезім түйсігі). Мимен және көкірек қуысындағы мүшелермен тығыз байланыста.
5. Қан тамырларының ерекшеліктері.
1) Артерия тамырларының ерекшеліктері:
а) Үлкен артерялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады;
б) Артерия мен вена тамырлары бөлек орналасады;
в) Артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жараларды хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек;
г) Артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қысылып қоймай, олар өзара да қосылады (анастомоз);
д) Бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.
2) Вена тамырларының ерекшеліктері:
а) Вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кезінде ауа эмболиясы болуы мүмкін.
б) Веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бұл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланыста. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар торы v. oftalmica, ал ол v.prollani арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы ми қуыстарымен байланысады.
6. Бет-жақ аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Өйткені олардың ішінде аз дифференциалдық жасуша-клеткалар бар. Олар жасуша-клеткалар Давыдовскийдің пікірінше, тіндердің өсуіне керек.
7. Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар. Зиянды екі жағы: а) Оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысын-дағы мүшелерді жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп тұншығуы-асфикция болуы мүмкін. б) Тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.
Тістің пайдалы екі жағы: 1) Тіс арқылы (рентгенограммасыз) жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2) Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.
8. Бет-жақ аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, ірінді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.
9. Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа (1 мм) және майлы қабықта жатқандықтан өте қоздырғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық оталарда кеңінен пайдаланады.
10. Иммунобиологиялық қасиеті ауыз қуысында болатын микроорганизмдерге байланысты. А. И. Рыбаковтың ғылыми зерттеуі бойынша, ауыз қуысында 96 түрлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы және аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш жағдай-фактормен түсіндіруге болады:
1).Ауыз қуысындағы микроорганизмдер бір-бірімен қарсылықта (антогонизм) өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процессі басталады.
2) Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің РН ортасын реттейді.
3) Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде, осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған барлық ерекшеліктер бет-жақ аймағы жарақаттарының жазылуына (регенерация) толық жағдай жасайды, яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.
