- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
Екі немесе одан көп зақымдаушы факторлар әсерінен болатын жарақат — аралас жарақаттар деп аталады. Аралас радиациялық жарақаттар бет-жақ аймағының оқпен немесе оқсыз жарақаттануы. Сәуле ауруын тудыратын радиоактивті заттармен зақымданғанда көрінеді. Сәуле ауруы β, а — бөлшектерімен және рентген сәулесімен сәулену салдарынан дамуы мүмкін немесе α және β— бөлшектерінің организмге жарақат, тыныс алу, ас қорыту жолдары арқылы енген кезде дамиды β, а — бөлшектері және жұмсақ рентген сәулелері радиоактивті күйіктер шақырады. Жедел ағымды сәуле ауруы патогенезінде бөлінген клеткалар мен лимфоциттердің өлуі маңызды рөл атқарады. Сәуле ауруының пайда болуы ионданушы радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты. Бұл ауру кезінде организмнің иммунобиологиялық қасиеті жойылады, ол тіндердің репаративті мүмкіндігін төмендетеді: сынықтар баяу бітіседі, жұмсақ тіндер жарақаты-ның жазылуы баяу және ұзақ өтеді. Сәуле ауруы жарақаттың жазылуын асқындырады, ал механикалық жарақат ауруы ағымын ауырлатады.
Радиацияның сіңген мөлшеріне байланысты, сәуле ауруының бірнеше дәрежесін ажыратады.
Адамда сәуле ауруының жеңіл дәрежесі радиацияның сіңген 1-2 Гр, мөлшерінде дамиды, орта ағымы— 2-4 Гр, ауыр 4-6 Гр, өте ауыр 6 Гр жоғары. Егер 10 Гр мөлшерінен жоғары болса өлімге әкеледі. Сәуле аурының ағымы — қосалқы аурулардың санына байланысты.
Сәуле ауруын 4 кезеңге бөледі:
I-біріншілік реакциялар. Сәулемен зақымданғаннан 24 сағаттан соң дамып бірнеше сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін (көбіне 2 күнге). Науқас әлсіздікке, бастың айналып ауыратынына, ауыздың құрғақтығына, дәмді сезбеуіне, шөлдейтініне шағымданады. Тері қабатының гиперемиясы, дене қызуының артуы, ентігу, тахикардия, артериялық қысымның түсіп кетуі анықталады. Кейде қозу, ұйқышылдық, әлсіздік болады. Менингиалды белгілер көрінуі мүмкін: бұлшықет тонусы артуы, іштің түйіліп ауыруы, кебуі, динамикалық іштің жүрмей қалу белгілері көрінеді. Қанда уақытша лейкоцитоз, анықталады, ЭТЖ артқан. Сәуле ауруының жеңіл дәрежесінде клиникалық біріншілік реакциялар көрінбейді. Жоғары сіңірілген мөлшерде науқастар кома жағдайында болады. Бұл кезеңде жарақатқа біріншілік хирургиялық емдеу жургізуге болмайды. Ол жарақатқа қосымша зиян әкеледі. Хирургиялық көмек өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана қолданылады.
II - Жасырын (латентті) ұзақтығы 12-14 күндей. Бұл уақытша клиникалық жеңілдікпен сипатталады. Жоғарыда аталған белгілер жоғалып, қан көрсеткіштері қалыпқа келеді. Бет тіндерінің аралас радиациялық жарақаттануы кезінде 1-ші хирургиялық өңдеуді мерзімнен кейін жүргізеді. Ол бір мезгілдік, радикалды және ақырғы ем болуы тиіс, міндетті түрде тұйық тігістер салумен аяқталады. Осы талаптарды мүлтіксіз орындағанда ғана сәуле ауруының шыңына дейін жарақаттың жазылуына жағдай жасалады. Тіндердің механикалық жарақаттануында новокаинмен тежеу-блокада жасалу көрсетілген. Антибиотиктерді міндетті түрде қолданады. Кеш біріншілік хирургиялық өңдеу (48 сағаттан соң) жарақаттың іріңдеуін жоймаса де инфекциялық асқынудың ауырлығы мен ағымын азайтуға жағдай жасайды. Біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізгенде тіндерді аз, үнемдеп кесу керек. Мұқият түрде бөгде денелерді алып тастайды, әйтпесе олар ойық жаралар тудыруы мүмкін. Зақымданған тамырларды тігеді. Сәуле ауруы шыңына жеткенде аққан қанды тоқтату өте қиын, кейде геморрагиялық синдромдар көрінуі мүмкін. Сынық тұсындағы тістер міндетті түрде жұлынады, ал сынықтардың өткір шетін тегістейді.
Сүйек жарақатын өңдеген кезде барлық сүйек жарқыншақтары мен сынық тұсындағы тістер жұлынады. Сүйек сынықтары хирургиялық остеосинтез әдістерімен орнына келтіріліп бекітіледі, яғни сынық мықтап тігіледі (сүйек тігісі сыммен, бізбен т.б.). Сүйектік қысқышы бар аппараттар сынықтарға жоғары аталған иммобилизациялау әдістерін қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады, Тістік шиналарды қолдануға болмайды, себебі олар қызыл иектің шырышты қабығын жарақаттайды, Жақ сынықтарын мықтап бекіткеннен кейін, сүйек жарақатын ауыз қуысынан мұқият оқшаулайды да кілегей қабықты тігеді. Кейін жақ маңындағы жұмсақ тіндер мықтап сыртынан тігіледі. Ақауды жабу үшін жергілікті тіндермен пластика әдісін қолдануға болады.
Жарақатты қашыртқы-дренаждап (24-48 сағат ішінде) міндетті түрде антибиотиктер жібереді.
Егер жарақатты бір себептермен мықтап тігу мүмкіндігі болмаса ол екіншілік бітісумен баяу жазылады, аздаған асқынулар болуы мүмкін.
Жасырын кезеңнің ұзақтығы сәулелену дозасына кері пропорционалды деп есептейді. Радиацияның сіңген дозасының аз мөлшерінде жасырын кезеңі болмауы мүмкін, сондықтан I кезеңнен кейін белгілері бірден анықталуы мүмкін.
ІІІ- клиникалық көріністері айқын көрінетін немесе сәуле ауруының асқынған кезі. Ұзақтығы 1 ай шамасында, бірақ одан да көп болуы мүмкін. Егер өлім қауіпі болмаса, III кезең IV кезеңге ауысып, тұрақты гипотония анықталады. Геморрагиялық синдром айқын көрінеді, сүйек миының қызметі өзгереді, агранулоцитоз, неврологиялық бұзылулар, терінің қоректену өзгерістері, құсу, іші өту белгілері байқалады. Асқазан-ішек жолының шырышты қабығында жаралар мен эрозиялар түзіледі. Эндокринді бездердің қызметі әлсірейді, организмнің қарсы тұру қабілеті күрт төмендеп кетеді. Ауыз қуысының шырышты қабығында ісіну мен гиперемия болады және бадамша бездер мен жұтқыншақта, ерін мен тілде ауыратын жарықтар пайда болады. Олардан қан ағуы мүмкін, кейін қою кілегеймен жабылған нашар иісті жұқа қабықшалар мен жаралар пайда болады. Жаралар тіндердің барлық қалыңдығына жайылуы, сүйек тіндері жалаңаштануы мүмкін. Ауыздың шырышты қабығы сәл жарақаттан-са жаралы өлеттенген стоматит дамиды. Сондықтан кез келген тістік құрсаулар мен аппараттар, алмалы протездер, сапасыз дайындалған жасанды сауыттар мен дұрыс қойылмаған пломбалар, ауыздағы өлеттенген жаралардың дамуына себеп болады. Бұл асқынулардың алдын алу үшін ауыз қуысын санациялаған жөн. Тіс протездерін мұқият коррекциялау қажет. Металл бітеме-пломба мен алмалы протезді алып тастайды.
IV-қалпына келу немесе сауығу кезеңі (аз жарақаттанған кезде) созылмалы кезеңге өту. Радиоактивті зақымдау аймағынан шұғыл көшіру, теріден жарақаттан, шырышты қабықтан, міндетті түрде дозиметрлі бақылау жүргізе отырып, радиоактивті изотоптардан тазарту керек. Радиоактивті заттар организмге түссе, 5-10 мл 5% унитиолдың ерітіндісін бұлшықетке жібереді, ішке полоний түссе 20 мл 10% тетрацинкальций ерітіндісін 500 мл 5% глюкоза ерітіндісімен 3-4 сағат шамасында (ауыр металл тұздары), 20 мл 10% динатрий тұзының ерітіндісін 500 мл глюкоза ерітіндісімен қосып венаға жібереді (стронций енген кезде). Глюкозаның гипертониялық ерітіндісі (40-60 мл 40%), 10% кальций хлорид (10 мл), 5% аскорбин қышқылының ерітіндісі, антигистаминдік препараттар, дезинтоксикациялық ем жүргізіледі.
Барбиттураттар, анальгетиктер, апиын және пиразолон өнімдері, сульфаниламидтер, қан түзілуге қысым көрсететін (угнетение) басқа препараттарды қолдануға болмайды.
Сәуле ауруын емдеуде тәжірибесі бар хирургтар мен терапевтер аралас радиациялық зақымдарда комплексті емдеу әдісін жүргізеді. Аталған ем әдістері неғұрлым ерте басталуы қажет.
Дер кезінде және дұрыс жүргізілген біріншілік хирургиялық өңдеу, сүйек сынықтарын дұрыс бекіту, антибиотиктерді қабылдау, арнайы күтім мен рационалды тамақтану, науқастың сауығуына жақсы жағдай туғызады.
Бет-жақ аймағының бірлескен жарақаты
Бірлескен жарақаттанулар — бір зақымдаушы фактормен дененің бірнеше анатомиялық мүшелері мен ағзаларының бір мезгілде зақымдануы.
Бет-жақ аймағының бірлескен жарақаттануына — бет сүйегінің немесе жұмсақ тіндердің мимен бірлескен жарақаты немесе дененің басқа аймағындағы жұмсақ тіндер мен қаңқа зақымдануы жатады. Бұл жарақаттар ерекше ауыр болып саналады. Аралас зақымданған науқастардан шағымын сұрап, келіп шығу тарихын-анамнез жинау өте қиын немесе мүмкін емес. Осыған қарамастан жақ-бет аймағын нақты-объективті тексеру мұқият болуы тиіс. Бет-жақ аймағының зақымдануы, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзып, кеңірдек пен бронхқа қанның, сүйек жарықшағының, тістердің түсуінен, аспирациялық пневмонияның дамуына әкеледі. Есін жоғалтып, қорғаныс рефлекстері жоғалғанда бұл қауіп арта түседі. Бұл науқастарды тексергенде және емдегенде тек хирург-стоматолог қана емес, нейрохирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, хирург-травматолог қатысуы қажет.
Жақтары сынған науқастар организмінде белоктар мен витаминдер құрамы кенеттен түсіп кетеді, ас қабылдауы бұзылады. Оларда септикалық асқынулар жиі кездеседі, себебі одонтогенді аурулар инфекция ошағы болып табылады. Жақтың араласқан сынықтарында — жарақатты остеомие-лит дамиды, сынықтар дұрыс бітіспейді, жалған буындар қалыптасады. Хирург-стоматологтың арнайы көмегі дер кезінде көрсетілмесе бет сүйек доғасының тұрақды деформациясы дамиды. Аралас жарақаты бар науқастарды емдеу көп салалы клиникалық ауруханаларда жүргізілуі қажет.
Госпитальға дейінгі кезеңде дәрігерлік көмек шокқа қарсы шаралар, қан кету, асфиксиямен күрес, жақ және тірек-қимыл аппарат сүйектерінің сынықтарын уақытша иммобилизациялауға негізделеді. Науқасты тасымалдау кезінде, тыныс алу жолдары өткізгіштігінің бұзылуын, құсық массаларымен тұншығуын болдырмауды қамтамасыз ету қажет (науқасты етбетімен немесе жанымен жатқызады). Есінен танған науқасқа дереу интубация жүргізу қажет, егер мұндай мүмкіндік болмаса, ауа өткізгіш енгізу қажет. Беттегі жарақатқа салынған таңғыш, жақ сүйектерінің сынықтарының қосымша жылжуына әсер етіп, тыныс жолдары өткізгіштігін нашарлатпауы тиіс.
Наукас аурухананың қабылдау бөліміне түскен кезде, оны хирург-травматолог, нейрохирург, невропатолог, хирург-стоматолог тексеріп, көрсеткіштері бойынша реанимациялық шаралар немесе интенсивті терапия жүргізеді. Негізгі клиникалық мәліметтерге және ми мен бетсүйек қаңқасына жасалған көлемді рентгенограмманың нәтижесіне сүйеніп, бет сүйегінің зақымдануы жөнінде қорытынды жасайды.
Мамандандырылған ем науқасты госпитальға жатқызылғаннан кейін жүргізеді. Ол шұғыл түрде, жедел және уақытша болуы мүмкін. Шұғыл мамандандырылған көмек науқас түскен бойда, қан кетуді тоқтату және тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз етуге негізделеді. Жедел көмек жарақатта біріншілік хирургиялық өңдеу, бет сүйектерін уақытша немесе тұрақты иммобилизациялауды жүргізумен көрінеді. Оны науқас емханаға түскеннен кейін 2 күннің ішінде жүзеге асырады.
Уақытша ем науқас емханаға түскен соң 48 сағаттан кейін немесе кеш жүргізіледі. Анестезиологияның қазіргі даму деңгейі - науқас госпитальға түскеннен кейін тез арада мамандандырылған көмек жүргізуге мүмкіндік жасайды. Шокқа қарсы ем жүргізілгеннен бастап 12 сағат ішінде гемодинамика тұрақтанса, жедел мамандандырылған емдеуді толық көлемде жүргізуге болады. Егер шоктың ұзақтығы 24 сағатқа жетсе, толық мамандандырылған ем жарақаттан 12-14 сағаттан соң гемодинамиканың тұрақтану көрсеткіш-теріне байланысты жүргізіледі. Шоктың ұзақтығы 24 сағаттан артық болса өмірлік көрсеткіштеріне байланысты хирургиялық ем жүргізіледі (қан кетуді тоқтату, сыртқы тыныс алу бұзылысымен курес және т. б.). Жақ сынықтарын ерте әрі дұрыс бекіту ауыр бірлескен жарақаты бар науқастарда менингит, энцефалит, ми абсцессі дамуының, ликвореяның алдын алады.
Реабилитация бөлмесінде ми жарақатымен аралас жағы сынған науқас-ты емдеуді дәрігер-стоматолог невропатологпен бірге жүргізеді. Бұл науқастар диспансерлік бақылауға алынады. Еңбекке жарамдылығы бірлескен жарақаттың сипаты мен ауырлығына байланысты.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1.Жақтардың сынықтары ........... болып 2-ге бөлінеді.
А) ашық және жабық сынықтар.
Б) толық және ашық
В) жабық және толық
Г) жартылай және ашық
Д) жартылай және толық
2.Ашық сынықтар ............. сынықтарды айтамыз.
А) сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса және ол тек тіс
қатарында кездескен
Б) ол тек тіс қатарында кездескен, сүйек жарасының қатынасы жоқ
В) сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, тіс қатарынан тыс
Г) ол тек тіс қатарында кездескен сүйек жарасының қатынасы бар
Д) сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, тілге жақын
3. Жабық ........ сынықтарды айтамыз.
А) сыртпен қатынасы болмаған және ол тек тіс қатарында
кездеспейтін
Б) тіс қатарында кездеспейтін, тілге жақын
В) сыртпен қатынасы болмаған, мойында омыртқасында
Г) тіс қатарында кездеспейтін, желкеден жоғары
Д) сыртпен қатынасы болмаған, Гаймор қуысында
4. Ле-Фор-I төменгі нұсқасына - сипаттама беріңіз.
А) Сынық бағыты жоғарғы жақ ұяшық өсіндінің негізінен көлбеу
жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының
төменгі қабырғасымен, жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің
қанатша өсіндісі арқылы өтеді.
Б) Сынық бағыты төменгі жақ ұяшық өсіндісінен тік жазықтықта
В) Сынық бағыты алмұрт тәрізді тесіктің артқы жағынан
Г) Сынық бағыты жоғарғы жақ ұяшық өсіндісінен тік жазықтықта
Д) Сынық бағыты гаймор қуысының бойымен
5. Ле-Фор-II орталық нұсқасына - сипаттама беріңіз.
А) Сынық маңдай сүйегінің мұрын өсіндісімен мұрын сүйегінің
қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі
қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді. Осы жерден алға
қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және
негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады.
Б) Сынық мұрын өсіндісімен мұрын сүйегінің қосылған жерінен
В) Сынық басталып көз қуысының ішкі қабырғасы, ортаңғы, соңы
Г) Сынық ішкі қабырғасы арқылы көзасты астаушысына келеді.
Д) Сынық осы жерден алға қарай жоғарғы және төмен қарай
6. Шайнау бұлшықеттерінің көтергіш (артқы) тобына ....... жатады.
А) шайнау-шықшыт, самай, ішкі қанатша, сыртқы қанатша
Б) самай, төбе,мойын, қол
В) шайнау-шықшыт,қарақұс, маңдай, аяқ
Г) ішкі қанатша, желке, бауыр, бөксе
Д) сыртқы қанатша, тіласты, көз, мұрын
7. Шайнау бұлшықеттерінің түсіргіш (алдыңғы) тобы ....... жатады
А) қосқарыншалы, жақ-тіласты, иек-тіласты, иек-тіл
Б) сыртқы қанатша, тіласты, көз, мұрын
В) шайнау-шықшыт,қарақұс, маңдай, аяқ
Г) шайнау-шықшыт,қарақұс, маңдай, аяқ
Д) ішкі қанатша, желке, бауыр, бөксе
8. Орталық жік сынығын сипап тексергенде ......белгісін анықтауға
болады.
А) ауыру сезімі және тепкішек
Б) тепкішек және өз енімен
В) ауыру сезімі және бойына
Г) тепкішек және қарама-қарсы
Д) ауыру сезімі және тік
9. Жоғарғы жақ сынығының төменгі типінің (Ле-Фор I) сипап тексер-
генде ......белгісін анықтауға болады.
А) сүйек сықыры, жергілікті ауыру сезімі және сатылы
Б) ауыру сезімі және бойына
В) тепкішек және өз енімен
Г) ауыру сезімі және тік
Д) тепкішек және қарама-қарсы
10. Жоғарғы жақ сынығының ортаңғы (Ле-Фор II) типінің клиникалық
көрісіне тән ........... белгісі
А) шынайы көзілдірік
Б) еңбектің түсуі
В) құлақ маңында
Г) ауыз қуысында, тіс қатарында
Д) төменгі жақ буын өсіндісінде
11. Жоғарғы жақ сынығының ортаңғы (Ле-Фор II) типінің клиникалық
көрісіне тән ........... белгісі
А) қосарлану-диплопия
Б) ауыз қуысында, тіс қатарында
В) төменгі жақ буын өсіндісінде
Г) еңбектің түсуі
Д) құлақ маңында
12. Даму механизміне байланысты асфиксияның ........ ажыратады.
А) бес түрін
Б) үш түрін
В) төрт түрін
Г) екі түрін
Д) түрлері белгісіз
13. ........................ дислокациялық тұншығу деп аталады.
А) Тілдің артқа ығысуы
Б) көз қарашының шығуы
В) мұрын өсіндіге жақын жерде
Г) құлақ маңына қарай
Д) мойынның алдыңғы жағында
14. .........................обтурациялық тұншығу деп аталады.
А) Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы
Б) көз қарашының шығуы
В) құлақ маңына қарай
Г) мойынның алдыңғы жағында
Д) мұрын өсіндіге жақын жерде
15........................ стенотикалық тұншығу деп аталады.
А) Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы
Б) Тілдің артқа ығысуы
В) Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы
Г) көз қарашының шығуы
Д) мойынның алдыңғы жағында
16. ..................... қақпақшалық тұншығу деп аталады.
А) Таңдайдың, тілдің салбыраған тіндерімен көмекей
кіреберісін жабуы
Б) Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы
В) Тілдің артқа ығысуы
Г) көз қарашының шығуы
Д) Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы
17.......................... аспирациялық тұншығу деп аталады.
А) Қан, құсық, су т.б. қақалу
Б) тілдің салбыраған тіндерімен көмекей кіреберісін жабуы
В) Кеңірдектің гематомамен немесе ісінген тіндермен қысылуы
Г) Кеңірдек қуысының қан ұйындысымен жабылуы
Д) Тілдің артқа ығысуы
18. Мамандандырылған хирургиялық көмек көресету кезеңін бөледі.
А) 3 топқа
Б) 2 топқа
В) 4 топқа
Г) 5 топқа
Д) топтарға бөлінбейді
19.Оразалиннің стандартты ілмегі бар пластмасса шендеуішіне
сипаттама беріңіз.
А) доға тәріздес бір-бірінен 1,0 см ара қашықтықта орналасқан
ілгектері, ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар,
ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г.
Б) ұштарында тіс аралығына кіріп тұратын иіндері бар, қисық
В) ұзындығы 11-13 см, салмағы 0,7-0,8 г. тік жазықтық бойымен
Г) 1,0 см ара қашықтықта орналасқан ілгектері, доға бойымен
Д) доға тәріздес бір-бірімен қиылысқан, тік жазықтық бойымен
20. Васильевтің таспалы стандартты шеңдеуішіне сипаттама беріңіз.
А) жалпақтығы 2,3 мм, ұзындығы - 134 мм, стандартты ілмектері
бар, сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды.
Б) сондықтан оны қолдану оңай және көп уақыт алмайды, жеңіл
В) жалпақтығы 2,3 мм, орналасқан ілгектері, доға бойымен
Г) ұзындығы - 134 мм, қиылысқан, тік жазықтық бойымен
Д) стандартты ілмектері, аралығына кіріп тұратын иіндері бар
21. өз қалпын сақтап қалатын металл қоспалары бірінші болып
қолданған ғалым
А) В.К.Поленичкин
Б) В.В.Васильев
В) Ж.Б.Оразалин
Г) Қ.Т.Төлеуов
Д) В.П.Русанов
22. Тістің шығуы ......... түрлеріне бөлінеді.
А) толық, жартылай және шегеленген
Б) шегеленген, жанама, тік
В) толық, көлденең, төртбұрыш
Г) жартылай, үшбұрыш, қиынды
Д) жарқыншақты, ойық, көлденең
23. Тіс түбірі ........ бөліктерінен сынуы мүмкін.
А) ортаңғы, жоғарғы немесе төменгі
Б) бүйір, артқы, алдыңғы
В) ортаңғы, жанынан, көлденең
Г) төменгі, алдыға, тік
Д) жоғарғы, бойымен, артқа
24. Төменгі жақтың шығуы ......... болып бөлінеді.
А) жарақаттан және туа пайда болған,
Б) туа пайда болған, ісіктер, ойықтар
В) жарақаттан, бұлшықеттер, шаш тәрізді
Г) туа пайда болған, қолмен, мойын аймағында
Д) жарақаттан, секіргенде, жатқанда
25. Төменгі жақтың шығуы......... болып бөлінеді.
А) жедел және үйреншікті,
Б) созылмалы және шаш тәрізді
В) үйреншікті және секіргенде, жатқанда
Г) жедел және айқын
Д) өршуі және созылмалы
26. Төменгі жақтың шығуы......... болып бөлінеді.
А) алдыңғы және артқы,
Б) ортаңғы және артқы
В) жоғары және алдыңғы
Г) төменгі және артқы
Д) жанынан және алдыңғы
27. Төменгі жақтың шығуы......... болып бөлінеді.
А) бір және екі жақтық
Б) екі және үш жақтық
В) бір және үш жақтық
Г) орта және бүйір жақтық
Д) бүйір және жоғарғы жақтық
28. Термиялық факторлар әсерінен пайда болған барлық
күйіктерді............ бөледі.
А) 4 дәрежеге
Б) 2 дәрежеге
В) 3 дәрежеге
Г) 7 дәрежеге
Д) 9 дәрежеге
29. Күйіктің ауырлығын ........... арқылы анықтайды.
А) жүздік (100) ереже
Б) Соловьев ережесі
В) Сағатбаев ережесі
Г) Жартыбаев тұжырымдамасы
Д) Бажанов белгісі
30. Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің ...... анықтайды:
А) 4 дәрежесін
Б) 3 дәрежесін, 2 сатысын
В) 2 дәрежесін, 3 сатысын
Г) 4 дәрежесін, 3 сатысын
Д) 5 дәрежесін, 2 сатысын
XIIІ Т А Р А У
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ.
