- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
Бет күйіктері
Белгілі жетістіктерге қарамастан, соңғы екі онжылдықта күйген ауыр науқастардың емі клиникалық медицинада күрделі бөлімнің бірі болып саналады.
Термиялық жарақаттар патогенезі күрделі және толық зерттелмеген.
Терең және аумақты күйіктер кезінде барлық негізгі ағзалардың және жүйелердің морфологиялық қызметтерінің терең ауытқулары байқалады. Осы себепті өзара байланысты бұзылыстар клеткалық және субклеткалық деңгейде табылады да ондағы жүріп жатқан патологиялық процестерді анықтауын қиындатады.
Соңғы екі онжылдықта күйіктердің жиілігі үздіксіз көтерілді. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша термиялық зақымданулар басқа жарақаттар арасында үшінші орын алады. Бұл қазіргі кезде өндірісте, транспортта жоғарғы кернеулі токтарды, агрессивті химиялық сұйықтарды және қауіпті газдарды қолданғанымен түсіндіріледі.
Әскери медициналық тәжірибеде термиялық зақымданулардың сипатталуы соғыс әдістеріне байланысты. Шетел баспа мәліметтері бойын-ша ядролы қару қолданбаған соңғы шайқастарында барлық жарақаттардың ішінде күйіктер 10-30% жағдайда кездеседі. Белсенді соғыс әрекеттерін ескермесе, көбінесе әскери қызметкерлер күйіктерді бензин және басқа жеңіл жанатын заттарды дұрыс қолданбағаннан алады. Әсіресе дененің киіммен қорғанбаған жерлері (беті, қолдары) зақымданады.
1945 жылы Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларында бірінші атом бомбасы жарылған кезде барлық жарақаттар ішінде термиялық зақымданулар 80-85% кездесті, соның зардабынан өлген адамдардың ішінде 50% термиялық жарақаттан.
Соғыста қолданатын өртегіш заттарға өртенгіш напалм, пирогель, термит және ақ фосфор жатады.
Өртегіштерді— мұнай өнімінен дайындайды. Олар 800-1100°С температурада 5-10 мин қызыл жалынмен жанып, улы заттар аралас қара қою түтін бөліп шығарады.
Пирогельдер — мұнай өнімінің негізінде жасалған темір аралас өртегіш сұйық заттар. Жану температурасы 1400-1200°С жетеді. Олар ашық жарық жалынмен, құрамында улы өнімдері көп ақ қою түтін бөліп 1-2 минут жанады.
Термиттер 2-3 минут алаулап түтінсіз жанып, температурасы 2800-3000°С дейін қызу бөліп жанады.
Фосфор аралас жанатын заттар өздігінен ауада көгілдір жалынмен жанып температурасы 800-1200° қызу бөліп шығарады. Фосфордың термохимиялық күйіктерге әкелуімен қатар жалпы уландыру әсері бар.
Термиялық факторлар әсерінен пайда болған барлық күйіктерді
4 Дәрежеге бөледі.
I. Эпидермис жарақаттанады, тері ісініп әрі қызарып, аздап ауыру сезімі байқалады. 2-3 күннен кейін осы белгілер қайтады. Жарақаттанған эпидермис қабыршақтанып күйіктің беті өздігінен эпителиймен жабылады. Біраз уақыт күйген жерде дақ сақталады, кейін ол ізсіз жоғалады (49-сурет).
II. Эпидермиспен бірге дерманың беткей қабаты жарақаттанады. Қызарған теріде сары мөлдір сұйықтық толған көпіршіктер пайда болады. Оның астында ашық-қызыл түсті ылғалды тін көрінеді. Жара 1-2 апта ішінде тыртықсыз өздігінен эпителиймен жабылады.
ІІІа. Эпидермиспен қоса дерманың торлы және емізікті қабаты бұзылады, тек тер бездері және түк қапшықтары жарақаттанбайды. Олар сарғыштау түсті сұйыққа толған. Күйікті жараның түбі ашық-қызғылт түсті және ылғалды болады (50-сурет). Ауыру сезімі толығымен сақталған немесе төмендеген. Күйіктің айналасы ашық-сұрғылт және қоңырқай түсті болып келеді.
49-сурет. Беттің І дәрежелі күйігі 50-сурет. Беттің ІІІа дәрежелі күйігі
Оның беті жұмсақ, ауыру сезімі төмендеген, сезгіштігі сақталған. 4-6 аптаның ішінде жұмсақ тыртықтар пайда бола отырып өздігінен жазылады, күйіктің бетінде эпителий болуы мүмкін. Кейде келлоидты тыртықтар пайда болады, олар функционалды өзгерістерге алып келеді.
III б. Эпидермис және дерманың түк қапшықтары тер бездерімен бірге толығымен зақымданады. Жанында жатқан тіндер жарақаттануы мүмкін. Күйіктің беті сарғыштау, сұр немесе қоңырлау түсті, III а дәрежесіне қарағанда қаралау болады. Пайда болған көпіршіктер қанды суға толған. Жараның түбі құрғақ және анық емес ақ дақтар көрінеді. Ауыру сезімі бірден төмендеген немесе толық жойылған. Гранулденген жара нәзік тыртықтанып жазылады. Жазылу мерзімі жараның көлеміне және орналасуына байланысты. III а және III б дәрежелі күйіктерді өзара клиникалық белгілері бойынша ажырату қиын.
IV. Эпидермиспен және дермамен бірге, теріасты майлы клетчаткасы, фасциясы, бұлшықеттері, кейде сүйектер жарақаттанады (51-сурет). Күйіктің беті қоңыр немесе қара түсті әртүрлі қабаттағы тығыз өлеттенген қабықпен жабылған. Ауыру сезімі байқалмайды. Күйіктің IV дәрежесінде баяу жазылатын тіндердің, мүшелердің қалыптасқан ақаулары болуы мүмкін. Ересек адам күйіктерінің аймағын анықтау үшін «тоғыздық ережесімен» «алақан ережесін» қолданған тиімді.
Біріншісі әрбір анатомиялық аймақ проценттік қатынаста 9-ға тең: бас пен мойын 9, кеуденің алдыңғы және артқы беті— 18, әрбір қол— 9, әрбір аяқ— 18, жыныс мүшелері және аралық— 1. Бет аймағы 3 құрайды. Алақанның көлемі— 1 —1,1. Күйіктің бетіне қойылатын алақанның саны зақымдану аймағын анықтайды.
51-сурет. Бет-жақ аймағының IV дәрежелі күйігі (электркүйік).
Балаларда күйік алаңын анықтау үшін арнайы кесте қолданады. Оның ауырлығын Франк индексі арқылы бағалайды, бірақ анықтау үшін терең күйіктің көлемін білу керек. Проценттік қатынаста есептегенде I терең күйікті 3 беткей күйікке теңестіру керек. Франк индексі проценттік қатынастағы беткей күйіктің көлемі мен терең күйік көлемінің үш еселенген аумағының қосындысына сәйкес келеді. Мысалы күйік жарақатының жалпы аумағы дененің бетінде 50% болса, онда 20% терең жарақатына келеді. Бұл жағдайда Франк индексі беткей күйік аумағы мен үш еселенген терең күйік аумағына тең болады (20x3 = 60), 30 + 60 = 90%. Егерде күйік 30%-тен аз болса оның болжамы жақсы, 30- 60% болса салыстырмалы жақсы, ал 61-90% болса күмәнді, 91% жоғары болса нашар болады. Күйік ауруы аумақты термиялық жарақаттанған кезде дамиды: Терең күйіктер ересек адамдарда дене беткейінде— 15%, балалар мен қарт адамдарда— 10% орын алады. Беткей және аумағы бойынша шектелген терең күйіктерден күйік аурулары дамымайды. Бастың, бет пен мойынның жекелеген күйіктерінде, күйік ауруы өте сирек дамиды.
Күйік ауруының 4 кезеңін ажыратады.
1.Күйіктік шок. 2. Жедел күйіктік токсемия. 3. Күйіктік септико-токсемия. 4. Реконвалесенция.
Күйіктік шок. Келіп шығуы. Термиялық жарақат әсеріне болатын организмнің біріншілік реакциясы күйік шогы деп аталады. Ол дене беткейінің 15% алатын кең және терең күйіктерде пайда болады.
Күйік шогы күйіктен кейін немесе бірнеше уақыттан соң шеткі қан тамырларының жиырылуы нәтижесінде 4-6 сағат ішінде дамиды. Сондықтан оның клиникалық белгілері болмайды. Клиникалық көрінісі қосымша жарақаттанғанда, әсіресе тасымалдағанда болуы мүмкін. Патофизиологиялық және биохимиялық тексерулер күйік шогының патогенезінің күрделілігін көрсетеді. Оның механизмі толық ашылмаған. Нақтаманы негізгі зерттеулерге, патофизиологиялық және биохимиялық мәліметтеріне сүйеніп қояды. Күйіктің ауырлығы оның көлемі мен аумағына байланысты және тыныс алу жолдарының жағдайына назар аудару керек. Бұл аймақтың күйігі ауырлығы бойынша дене бетінің 10% терең күйігіне тең болады. Күйік шогының клиникалық көрінісі 2 0% және 15 % терең күйікте байқалады. Мұндай науқастарда ОНЖ-нің бұзылуына байланысты қозу байқалып, тәбеті бұзылады. Науқастар төсекте дөңбекшиді, айқайлайды, 1-2 сағаттан соң ауыру сезімі басылып қозу тежелуге ауысып апатияға әкеледі. Кейде жарақаттан кейін селқостық байқалады, тоңып дірілдейді. Дене қызуы қалыпты немесе төмендеген. Терісі суық, ылғалды, көгерген, науқастар шөлдейді, бірақ су ішсе жүрегі айнып құсады. Тыныс алуы біркелкі емес. Пульс минутына 110-120-ға дейін жиілейді. Артериялық қысым көтеріліп немесе түсуі мүмкін. Гемодинамиканың маңызды көрсеткіші қан айналымындағы қан көлемі (ҚАҚК) болып табылады. Ол қалыпты жағдайда еркектерде 75 мл/кг, ал әйелдерде 65 мл/кг.
Күйік шогын емдеу. 1. Афферентті импульсациямен күрес жүргізу (психоэмоционалдық тыныштықты қамтамасыз ету, нейролептиктер енгізу, аналгетикалық наркоз).
2. Оксигенотерапия.
3. Айналымдағы қан көлемін қалыпта сақтау.
4. Су-тұз алмасуы бұзылуының және бүйректің зәр бөліп шығару
қызметінің бұзылуын емдеу және алдын алу.
5. Метаболикалық ацидозбен күрес жүргізу.
6. Энергиялық алмасуды реттеу.
7. Фармокологиялық заттарды қолдану — ауыру сезімін басып, жүрек, ОНЖ қызметін реттейтін заттар, спазмолитиктер, витаминдер, гормондар, антибиотиктер.
Бас, бет және мойын күйіктерінің ерекшеліктері. Жалпы дене аумағының 3,12%-ін беттің беткейі құрайды. Беттің жақсы иннервациясы мен васкуляризациясы, аурудың психикалық жағдайының нашарлығы, беттің ұсқынсыздануы, II-IV дәрежедегі беттің оқшауланған күйігінде науқастың жағдайын нашарлатады. Бет әлпеті тегіс емес, терісі жұқа және әртүрлі аймақтарда қалыңдығы бірдей емес. Сондықтан бетте бір-біріне жақын аймақтардың өзінде күйіктің тереңдігі әртүрлі болуы мүмкін: беткей күйіктен терең күйікке дейін. Терең күйіктер беттің шығыңқы аймақтарында қас үстіндегі доғада, құлақта, мұрында, бетсүйек аймағында, ерінде, иекте кездеседі. Құлақ қалқаны терең күйсе шеміршек мүлдем зақымданады, сөйтіп хондрит дамып ісінеді, қатты ауырады. Іріңдеген аймақта жалқықтың жиналуынан борқылдақ-флюктуация пайда болады. Шеміршектің жансызданған аймақтары түскендіктен құлақ қалқанының ақаулары мен деформациясы пайда болады. Құлақ қалқанының түгелдей зақымдануында сипағанда қатты ауырмайды, ақ немесе қара түсті келеді. Мұрынның анатомиясы күрделі, қырының терісі жұқа. Оның астында теріасты май клетчаткасы болмайды, тек аздаған борпылдақ дәнекер тін қабаты болады. Мұрын қанатшалары аймағында жұқа шеміршектер орналасқан. Күйік кезінде мұрын ұшы және мұрын қанатшалары, кейде үшбұрышты және қанатша шеміршектер зақымданады. Ол хондриттің дамуына әкеліп одан әрі некрозға ұшыратады. Мұрын тіндерінің ақауын тудырып, деформацияға әкеледі. Бет сүйегі аймағының тіндері мен ұрт күйген кезде құлақ маңындағы фасция зақымданып, құлақмаңы сілекей бездері ашылып қалуы мүмкін.
Бұл аймақтар тіндерінің тыртықтануы төменгі қабақтың айналып, ауыз бұрышының сыртқа қисаюына әкеледі. Бет сүйектері өлеттенуі-некрозға ұшырауы мүмкін.
Ерін — беттің қозғалмалы бөлігі. Олар тамақ қабылдауда үлкен рөл атқарады. Еріннің қызыл жиегінде тер және кілегейлі бездер түкті талшықтар болмайды. Жабынды эпителий жұқа және мөлдір.
Ерін күйген кезде қызыл жиегі өліп жансызданады және қалпына келмейді. Түзілген қабықтар жарақаттанады, қан кетеді. Ерін жарылып, тамақ қабылдаған кезде ауырады. Ісіну салдарынан айналып, «балық ауыз» түзіледі. Еріннің күюінен микростома пайда болады. Төменгі ерінмен бірге иек те зақымданады. Ер адамдарда күйік жарақаты беттегі түктерге байланысты әр түрлі тыртықтың пайда болуына әкеледі. Маңдайдың терең күйігінде маңдай сүйегі зақымданып өлеттенеді, фронтит дамиды. Одан әрі ми қабатына қабыну процессі таралуы мүмкін. Қабақ аз зақым-данады, себебі термиялық әсер еткен кезде бұлшықет рефлекторлы жиырылады, қабақпен бірге көздің склерасы мен мүйізді қабығы зақымданады. Көз аймағының ісінуі 5-6 күндерге қарай басылады. Кірпіктері өлеттеніп іріңді қабықпен жабылады. Кератит дамуы мүмкін. Қабақтың тыртықтануы шеміршекті пластинканың деформациясымен жалғасады. Қабақ күйген кезде көз тіндері жарақаттанса науқасты емдеуге окулист қатысуы керек. Мойын күйігі беттің төменгі бөлігімен, көкірек клетчаткасымен бірге жүреді. Мойынның алдыңғы беті жиі, бүйір беті сирек күйеді. Ал артқы беті мен оның айнала күюі сирек кездеседі. Тереңдігі әртүрлі болып терең тыртықтардың дамуымен жалғасып деформацияға ұшырайды (52-сурет). Бұл мойынның теріасты бұлшықеттерінің жарақаттануына байланысты.
Ауыр жағдайларда иек көкірек клеткасымен бірігіп күюі мүмкін. Ол басты қозғалтпай тастайды. Төменгі ерін төмен тартылып, айналып, ауыз жабылмайды, сілекей ағып тұрады. Бет күйіктерінің ерекшеліктеріне тіндердің ісінуін, қатты ауыруын жатқызады.
52-сурет. Термиялық күйіктен кейін дамыған келлоидты тыртықтар және ақаулар-деформациялар.
Күйіктің дәрежесі дененің басқа аймақтарынан үлкен болады. Бет күйігі жоғарғы тыныс алу жолдарының күйігімен бірігеді. Ауыз қуысының шырышты қабығы мұрын, жұтқыншақ, сирек көмекей өрт лебінің әсерінен күйеді. Олар әрқашанда беткейлі. Клиникада мұрын тесігіндегі түктердің күйіп, қызарып, шырышты қабықтың ісінуімен көрінеді. Күлгін ақ түсті дақтар анықталуы мүмкін. Дауыс бұзылады. Көмекейдің, ауыздың, кеңірдектің және бронхтың шырышты қабықтарының терең күйіктері ұзақ уақыт жоғары температуралы жабық бөлмеде қалып қою нәтижесінде дамиды және ыстық тамақ кептеліп қалса да дамуы мүмкін. Мұндай науқастарда қақырықты жөтел пайда болады.
Емдеу. Ауруханада емдеудің көрсеткіштері:
1. Дене бетінің 10% 1-2 дәрежелі және терең күйіктері.
2. Тыныс алу мүшелерінің, бет пен мойын аймағының күйіктері.
3. Маңызды қызмет атқаратын және косметикалық аймақтар.
4. Басқа жарақат түрлерімен араласқан күйіктер және жүрек-қан
тамыр жүйесінің өкпе, бауыр, бүйрек және т. б.
Біріншілік медициналық көмек оқиға болған жерде көрсетіледі. Термиялық агенттің әсерін тоқтату керек (су, қар, құм, брезентпен, көрпемен жабу). Жаралыны тұрған күйінде ұстауға болмайды. Оны бүйірімен жатқызу керек. Киім өртенгенде қашуға болмайды. Себебі ауа жалынды күшейтеді. Жарақат алған кезде күйген жерге суық су, мұз, сулы орамал басу керек. Уақытында суық басылса 20 секундта кейін 1 см тереңдікте қалыпты температура болады. Егер суықты қолдануға мүмкіндік болмаса ашық салқын ауада қалдыру керек. Тасымалдаған кезде жараны асептикалық таңғышпен жапқан жөн. Көрсеткіштеріне қарай өкпе-жүрек реанимациясын жүргізеді. Дәрігерге дейінгі көмек: орта медициналық қызметкер наркотикалық емес немесе наркотикалық аналгетиктерді жүрек-қан тамыр препараттарын, сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізеді. Науқасқа 0,5-2 литр су береді (5,5 гр ас тұзы және 4 гр ас содасы қосылған). Тасымалдау қажет болса асептикалық таңғыш салу керек. Беткей күйген теріге вазелин жағады. Біріншілік және дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен кезде жақпа май, ашытатын заттар, метилен бриллиант жасылын қолдануға болмайды. Бұл күйік жарақатын өңдеудің және күйіктің тереңдігін анықтауға қиындық туғызады. Венаға полиглюкинді (400-800 мл), 15% манитол ерітіндісін (200-400 мл), 5% гидрокарбонатын (150-200 мл) енгізеді. Күйген науқастарды емдеу кешенді-комплексті болу керек. Тұншығу-асфиксия белгісі болмаса трахеостома салынбайды. Отасыз-консервативті ем жүргізеді (жүрек дәрілері, бронхолитиктер, кортикостериодты гармондар). Ауыз қуысын антисептикалық ерітіндімен шайқайды. Антибиотиктер тағайындалады. Күйік жарақатын мұқият өңдейді. Сау теріні бензинмен, 96° этил спирті немесе 0,5% мүсәтір спиртімен өңдейді. Теріні сабынды сумен жууға болады. Күлдіреуіктерді фурациллин ерітіндісімен өңдейді. Түлеген эпидермисті алып тастайды. Күлдіреуіктегі сұйықтық шығарылады. Босап қалған эпидермис биологиялық таңғыш рөлін атқарып, жараның жазылуын тездетеді. Күлдіреуікте ірің болған жағдайда оны теседі. Беттің күйігін ашық, кейде жабық әдіспен емдейді.
Жергілікті емдеуге арналған препараттың бактериостатикалық қасиеті болуы қажет. Тіндерді тітіркендірмеу керек. Ең басты талап: жараның эпителизациясын тоқтатпау керек. Бірінші дәрежелі күйікте, шабдалы майы, тазартылған су, 2% борлы вазелин, преднизалон қолданылады. Мырыш тотығын, талькты глицеринді қолдануға болады. Беттегі жарақат ашық әдіспен емделсе күніне 3-4 рет 10% синтомицин эмульсиясын, 1% гентамицин, 0,5% фурациллин, 10% анестезин немесе 10% сульфамипол майларын жағады. Біздің клиникада облипихамен аэрозольдар қолданады. III—IV дәрежелі күйіктерді емдегенде негізгі мақсат қабықты құрғатып оның түсуін жеделдету. Бұл жараның жетілуіне жағдай жасайды, яғни аутодермопластиканы жетілдіреді. Бұл мақсатқа тез жетуге болады. Қабық түскеннен кейін эпителий түзілуі үшін майлы бальзаммен таңғыш қойылып, УКС жүргізіледі. Бет терең күйгенде ерте некроэктомия жасалмайды, ол әбден өлеттенгенде ғана жасалады. Бетте жүйке--қан тамырларын зақымдап алу қауіпі болғандықтан оны жасау қиын. Сондықтан отасыз-консервативті ем жүргізе отырып пластикалық жабуға дайындайды. Сау тіндерді жарақаттамай қайшымен қабықты мұқият қиып алады. Беттегі гранулденген жараны аутодермопластикаға дайындайды. Ол үшін іріңді қабыну белгілері болмауы қажет. Тері трансплантаттың қалыңдығы 0,3-0,4 мм болуы мүмкін. Бет күйігінде дененің кез келген қолайлы аймағынан дерматоммен алынған жалпақ тері қиындылары қолданылады. Қиындыға тесік жасалынбайды, себебі косметикасын нашарлатады. Қабақ пен мүйізді қабықтың I-II дәрежелі күйіктерінде жарақаттанған аймақты 1% новокаин ерітіндісімен жуады, көзге 3-4 сағат сайын альбуцидтің 30% ерітіндісін 2 рет тамызады. Бұдан басқа конъюнктива қапшығына күніне 2 рет гидрокортизон, тетрациклин, левомицитин, көз майларын жағады.
Ауырғанда 0,25% дикаин ерітіндісін тамызады. Мүйізді қабыққа арнайы антибактериалды ауыртпайтын қасиеті бар көз пленкасын салады. Құлақ қалқаны күйген кезде шприцтің және иненің көмегімен ота жасап жедел хондриттің дамуын болдырмауға болады. Егер іріңдеген жағдай болса дереу іріңдікті кесіп ашып түтікше салады. Құлақ қалқанының айқын деформациясы нәтижесінде естуі төмендеуі мүмкін. Еріннің, иектің, ұрттың терең күйіктерінде алдын ала пластинкалық материал дайындап қою қажет. Тыртықты құрылымдарды болдырмау үшін функционалдық емдеу әдістері үлкен рөл аткдрады. IV дәрежелі күйіктердің, әсіресе бет сүйектерінің зақымдануы қиын жағдайға алып келеді. Оларды жою үшін көп кезеңді реконструктивті ота әдістері қолданылады. I-II дәрежелі күйіктер ғана толық жазылады. Өлім қаупі күйіктің көлеміне, тереңдігіне және жасына байланысты. Күйіктің ауырлығын жүздік (100) ереже арқылы анықтайды. Науқастың жасына күйіктің жалпы аймағын қосады, егер барлығы 101-ге тең немесе көп болса болжам нашар, 81-100 күмәнді, 61-80 салыстырмалы жақсы, 60 жақсы болады. Бұл ереже тек ересектерде қолданылады.
