- •Қадірлі оқырман қауым!
- •Хирургиялық стоматология және жақ-бет аймағының хирургиясы. Басқа медицина салаларымен байланысы. Тарихи және қазақстан республикасында даму жолдары
- •1974-1980 Жылдар арасында кафедраны медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мария Павловна Осколкова басқарады.
- •1980 Жылдан бастап дәл қазіргі кезге дейін Хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Алтын қандауыр» жүлдесінің иегері Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарады.
- •II тарау қазақстан республикасында хирургиялық стоматология көмегін ұйымдастыру. Хирургиялық стоматология көмегін емханаларда ұйымдастыру
- •Стоматология емханаларындағы медицина қызметкерлерінің штаттық нормативі
- •Хирургия бөлімінің еңбек жұмысын ұйымдастыру
- •Бөлімдер алдына қойылатын негізгі міндеттер
- •Iіі тарау
- •Төменгі жақсүйек
- •Іv тарау
- •Тігіс салудың түрлері:
- •V тарау хирургиялық стоматология және жақ-бет ауруларын тексеру
- •Стоматологиядағы деонтология қағидалары
- •Vі тарау жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
- •Жалпы жансыздандыру
- •Нейролептаналгезия
- •1. Жоғарғы жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •2. Төменгі жақ сүйегінде жасалатын оталар:
- •Ауруларды жалпы жансыздандыру-наркозға және отаға-операцияга дайындау
- •Жалпы жансыздандырудың-наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері
- •Емханаларда берілетін –жалпы жансыздандыру-наркоз
- •Кенеттен өлген кездегі реанимация (қайта тірілту — «жан шақыру»)
- •II. Жүрекке массаж жасау (уқалау, сығу)
- •III. Қалпына келтірілген кезеңдерді әрі қарай жалғастыру.
- •Хирургиялық стоматологиядағьі жергілікті жансыздандыру
- •Хирургиялық стоматологияда жергілікті жансыздандыруға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау жасау
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) күшін арттырып, әсерін және мерзімін ұзартатын заттар
- •Жергілікті жансыздандырудың (анестезияның) түрлері
- •Жақ пен жақ айналасының жүйкеленуі
- •Инесіз жансыздандыру жасау
- •Өткізгішті жансыздандырулар (анестезиялар)
- •Жергілікті жансыздандырудан кейінгі асқынулар
- •Vіі тарау тіс жұлу отасы
- •Тіс жұлу отасын жасауға болатын және болмайтын жағдайлар
- •Тіс жұлу отасын жасайтын жағдайлар
- •Тісті жұлуға болмайтын жағдайлар (жартылай)
- •Тіс жұлу әдістері
- •Сурет-36. Жоғарғы жақтағы азу тістерді жұлу үшін қолданылатын сауытты қысқыштар.
- •Сурет-52.. Тік элеватордың көмегімен жоғарғы кіші азу тісті жұлу.
- •Тіс жұлған соң жараны өңдеу, күтім
- •Тіс ұясының жазылуы
- •Тіс пен тіс түбірлерін жұлу кезінде және жұлынғаннан кейін болатын асқынулар
- •Жалпы асқыну
- •Тісті немесе түбірді жұлу кезінде болатын жергілікті асқынулар
- •Сурет-53. Гаймор қуысы тесілгенде, тесікті пластикалық әдіспен жабу:
- •Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар
- •Viіі тарау
- •Периодонтит
- •I. Жедел (эксудативті) ағымды периодонтит:
- •Жедел ағымды серозды периодонтит
- •Жедел ағымды іріңді периодонтит
- •Созылмалы периодонтит
- •Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы
- •Жедел ағымды жақ сүйек периоститі
- •Жақ сүйектерінің жедел ағымды одонтогенді остеомиелиті
- •Жақ сүйектері остеомиелитінің жеделдеу кезеңі
- •Жақ сүйектерінің созылмалы остеомиелиті
- •I. Жоғарғы жақ сүйегі маңында орналасатын абсцестер мен флегмоналар.
- •Iiі. Ауыз қуысы түбі абсцестері мен флегмоналары.
- •IV. Тілдің абсцесстері мен флегмоналары;
- •Жоғарғы жақ сүйегі маңында кездесетін абсцестер мен флегмоналар
- •Төменгі жақ сүйегі маңында кездесетін абсцесстер мен флегмоналар
- •Бет және мойын лимфадениті
- •Жедел лимфадениттер
- •Созылмалы лимфаденит
- •Лимфангоиттер
- •Іх тарау тіс жарып шығу кезеңдерінің аурулары
- •Ақыл тістің кедергімен кеш жаруынан болған аурулардың асқынуы
- •II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
- •III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
- •Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
- •Х тарау жоғарғы жақ сүйек қуысының одонтогенді қабынуы
- •Жоғарғы жақ қуысы түбінің тесілуі және оның жыланкөзі
- •X тарау
- •Аурулары
- •Актиномикоз
- •Туберкулез
- •Сібір жарасы (күйдіргі)
- •Нома немесе сулы рак
- •Тілме (рожа)
- •Хі тарау сілекей бездерішң қабыну аурулары (сиалоадениттер)
- •Сілекей бездерінің аурулары кезіндегі науқастарды тексеру
- •Жедел ағымды эпидемиялық паротиттер
- •Жедел ағымды эпидемиялы емес паротит
- •Төменгі жақасты және тіласты сілекей бездерінің жедел іріңді қабынулары
- •Созылмалы паренхиматозды паротит
- •Төменгі жақасты сілекей бездерінің жедел қабынуы
- •Сілекей-тас ауруы (Сиалолитиазис)
- •I. Тастардың орналасуы:
- •II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:
- •III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:
- •Сілекей бездерінің жыланкөздері
- •Сілекей бездернің жарақаттары
- •Беттің жұмсақ тіндерінің жарақаттануы
- •Жоғарғы жақ сүйек сынықтарының жіктелуі
- •Жақ сүйектері сынықтарының клиникасы
- •Жақ сүйектері сынықтарын емдеу әдістері
- •Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарының емі
- •Тамақтандыру
- •Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Мұрын сүйектерінің сынықтары
- •Тістердің шығып кетуі және сынуы
- •Төменгі жақтың шығуы
- •Бет күйіктері
- •4 Дәрежеге бөледі.
- •Электркүйіктер
- •Химиялық күйіктер
- •Бет пен ауыз қуысы тіндерінің аралас радиациялық жарақаттары
- •Сепсис, медиастенит, бет веналарының және ми қабығы синустарының тромбофлебиті
- •Үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы
- •1) Негізгі себебі орталық жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •2) Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан невралгия.
- •Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)
- •Мимикалық бұлшықеттердің салдануы
- •Хv тарау төменгі жақ буынының аурулары
- •Самай-төменгі жақ буынының анкилозы
- •Төменгі жақтың контрактурасы
- •I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;
- •II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;
- •III. Жамау оталары:
- •Xviі тарау тістік имплантация
- •Xviiі тарау ауыз қуысын тіс салуға хирургиялық жолмен дайындау әдістері.
- •Xіх т а р а у жақ-бет аймағында кездесетін ісіктер
- •Одонтогенді ісіктер
- •Амелобластома (адамантинома)
- •Одонтогенді фиброма
- •Жұмсақ тіндердің қатерсгз ісіктері
- •Лимфангиомалардың жіктелуі
- •Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
- •Тілдің шектелген лимфангиомасын ажырату (а. А. Колесов т. Б. Бойынша, 1989)
- •Терінің қатерлі ісіктері
- •Меланомалар
- •Еріннің ісіктері
- •Жақтардың қатерлі ісіктері
- •Ауыздың шырышты қабығының қатерлі ісіктері
- •Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
- •Бас қаңқасы деформацияларының жіктелуі
- •Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
- •Туа пайда болған деформацияларды емдеу
- •Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
- •Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
- •Тіндерді еркін көшіру
- •Ауызмаңы аймағының пластикасы
- •Қолданылған әдебиеттер
II.Төменгі жақтың кемік тіндерінің ауыр қабыну кезеңдері:
1)жедел іріңді периостит; 2) шырышты қабықтың іріңдеуі (абсцесс) мен шелдерінің іріңдеп өлеттенуі (флегмона); 3) Ауыздың шырышты қабығының іріңді жарасы (стоматит).
III. Төменгі жақтың ауыр қабыну кезеңі.
1. Одонтогенді остеомиелит: а) жедел; б) созылмалы;
2. Парадентарлы іріңдік (тіс маңындағы).
IV. Аталған асқыну ауруларынан басқада кездесетін асқыну аурулары (қатар жатқан тістің зақымдануы, жүйкенің қабынуы, жүйкенің салданып жансыздануы т. б.).
Сурет-64. Қатар жатқан тістің зақымдануы
Бұл топқа актиномикоз, одонтогенді гранулема, тістен болған жара т.б. аурулар кірмеген. Ондай науқастар сирек кездесетіндіктен оларды екінші немесе төртінші топқа жатқызуға-кіргізуге болады.
Асқынулардың патогенезі. Асқынудың пайда болуына бірден-бір себеп-жарып келе жатқан тістің шайнау бетін жауып тұратын (шырышты-сүйек сыртқы қабықтарынан тұратын) жабынды тін. Оны ақыл тістің шайнау бетіндегі бір бұдыры жарып шығады да, оның астында қалта пайда болады. Осы «қалтада» тамақ, шырыш, тіндердің өлі клеткалары жиналып, микробтардың өсіп-енуіне жағдай жасайды.
Жабындының үстіңгі беті жоғарғы жақ сүйегіндегі ақыл тістен зақымданып қабыну кезеңі дамиды. Аурудың бұл кезеңінде инфекциялы қабыну кезеңі ақыл тістің сауытын қоршаған және жауып тұрған жұмсақ тіндермен шектелетіндіктен, оны перикоронарит деп атайды.
Егер жақ сүйегіңде сегізінші тістің жарып шығуына орын жеткілікті болса немесе дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілсе, бұл тіс толық жарып шығады да, сонымен қабыну кезеңі тоқтайды. Егер тістің жарып шығуына жағдай болмаса, жедел перикоронарит созылмалы түріне өтеді де қабыну кезеңі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Сегізінші тістің орналасуындағы топографиялық-анатомиялық ерекшеліктерге байланысты, қабыну кезеңі кез келген бағытта таралуы мүмкін.
Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникалық көрінісі. Перикоронарит — жедел және созылмалы болып бөлінеді. А. Т. Руденко (1961) перикоронариттің қайталану-рецидивті түрін бөлуді ұсынады. Перикоронарит — төменгі ақыл тістің кешігіп жаруында жиі және көбінесе бірінші (75% дейін) кездесетін асқыну түрі. Ол екінші азу тістің артында ауыру сезімінің пайда болуымен білінеді.
Сурет-65. Көп қайталанып тұратын перикоронарит
Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық ептеп қан кернеп қызарып, домбығады. Егер сүңгі-зондпен ептеп байқап көрсе жарып шығып келе жатқан тістің сауытын байқауға болады. Жабынды қолмен басқанда, жұтынғанда және аузын ашқанда ауыру сезімі болып, ол күшейеді. Жақасты лимфа түйіндері үлкейіп, ауырсына бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды.
Егер тіс жартылай жарып шықса, онда оның қалған бөлігін жауып тұрған жабынды зақымданып жарақаттанады да, экссудаттың шығуы нашарлайды. Ол қабыну кезеңінің үдеуіне әкеп соғады. Ол жақ жанындағы жұмсақ тіндерде бүйір тармақтары-коллатеральды домбығудың пайда болуымен және жақ бұлшықеттерінің қарысуымен сипатталды. Жабынды астынан ірің шығады. Оның шырышты қабығы жараға айналады. Жедел перикоронаритті катаральды, іріңді, жаралы түрлеріне бөлу шартты болып есептеледі. Қабыну белгілерінің көрінісі мен аурудың жалпы жағдайына қарай перикоронаритті жеңіл, орташа, ауыр формаларына бөледі. Қабыну күшейген сайын қанатша жақ бүрмесі, алдыңғы таңдай доғасы, жұтқыншақ қан кернеп қызарып, домбығады. Жұтынғанда ауыру сезімі күшейіп, құлаққа, самайға тарайды. Бұл «дентарлық ангина» көрінісі деп аталады. Сондықтан науқастар құлақ, тамақ және мұрын ауруларын тексеретін дәрігерге көрінуі мүмкін.
Жұтынғанда пайда болатын ауру сезімі күрделі емес. Сегізінші азу тістің сауытын жауып тұратын шырышты қабық таңдайдың алдыңғы доғасына өте жақын. Ал шырышты қабық астындағы клетчатка, жұтқыншақтың бүйір бетіндегі клетчаткамен тікелей байланысты. Сондықтан төменгі үшінші азу тістен пайда болған қабыну кезеңі жұмсақ таңдайға, бадамша безге, жұтқыншақтың қабырғасына жайылады. Шайнау бұлшықеттерінің қарысуы сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабынуына және қабыну кезеңінің тікелей еттердің астына жайылуына байланысты.
Созылмалы перикоронариттің нақтамасы-диагностикасы – келіп шығу тарихына-анамнез және клиникалық белгілерінен құралады.
Көбінесе науқастарда ешқандай шағым болмайды. Тісті жауып тұрған жапқыш аздап, домбыққан, оның астынан біраз сарысулы іріңді зат шығады. Үнемі домбығудың жарақаттанудың әсерінен жапқыш тыртықтанады. Ол тістің жару шығу кезеңін одан сайын тежейді. Сегізінші тістің сауыты мен дистальды бетіне жақын орналасқан сүйектің арасында патологиялық қалта пайда болады да, ол грануляциялық тінмен толады.
Рентген суретінде бұл қалта «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен байқалады.
Сүйек-грануляциялық тіннің әсерінен сорылып бұзылады. Оны ретромолярлы остит (ақыл тіс артындағы сүйек қабынуы) деп атайды. Оның орнында уақыт өткеннен кейін парадентарлы киста (тіс маңындағы қалта) пайда болады. Ол да рентген суретімен анықталады. Ретромолярлы остит пен парадентарлы киста созылмалы перикоронариттің жиі қозуының себепшісі болуы мүмкін. Созылмалы перикоронарит - созылмалы жақасты лимфаде-нитіне әкеп соғады.
Сонымен бірге созылмалы перикоронарит, одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының пайда болуына себепші болуы мүмкін. Жапқыш астындағы грануляция ұрт аймағындағы теріасты клетчаткасына енеді де, қабыну кезеңінің туындауына себепші болады. Іріңді зат жиналысымен тері қабаты жұқарып, көкшіл тартады. Бұл жерде мезгіл-мезгіл жыланкөз пайда болып тұрады.
Үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан жедел іріңді периостит дамиды (10-12% дейін). Егер жедел перикоронаритте жапқыш астындағы экссудаттың шығуы қиындаса ол жақ сүйегінің вестибулярлық қабығы астына қиғаш сызықтың бойымен жылжып түседі де, жетінші, алтыншы азу тістердің немесе кіші азу тістердің (премолярдың) тұсында іріңді қабыну тудырады. Ол іріңдікті тіліп ашпаса, орнында жыланкөз пайда болады. Егер үлкен азу тістердің біреуі бұрын емделген болса, ол қабынуға себепші болған тіс деп қате жұлынуы мүмкін. Содан соң жыланкөз жұлынған тістің ұясына ауысады. Ол өз алдына тіс ұяшығының созылмалы остеомиелитінің көрінісін білдіреді де, жасалған ем еш нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан төменгі жақ сүйегінің жедел іріңді периоститі деген нақтаманы қоярда, созылмалы перикоронариттің жоқ екеніне көз жеткізу керек. Ақыл тістің кедергіленіп жаруы кезінде пайда болатын төменгі жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелиті көбінесе жақтың бұрышы мен бұтағына жайылады.
А. И. Евдокимов, Г. А. Васильев (1959 ж), Г. И. Семенченко (1961 ж) остеомиелиттің себепшісі ретінде екінші орында, үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жаруы тұрады деп есептеген. Инфекция маргинальды (қызылиек жиегі) жолмен тарайды.
Остеомиелит сау тістің маңында пайда болатындықтан, клиникалық көрінісінде ерекшелігі болады.
Кезең көбінесе шектелген, созылмалы түріне-формасына тез өтеді.
Сурет-66. Инфекцияның қызылиек жиек (маргинальды) арқылы таралуы.
Венсан белгісі-симптомы кездеспейді немесе өте кеш пайда болады. Мұндай остеомиелиттің көрінісі - науқас организмінің жалпы жағдайына, әсерлесу дәрежесіне байланысты.
Үшінші азу тістің кешігіп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады. Олар өз бетінше немесе остеомиелиттің асқынуымен пайда болады. Мұндай абсцесс, флегмоналардың клиникалық көрінісі басқа себептерден туған абсцесс, флегмоналармен бірдей болады.
Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)-созылмалы перикоронариттің асқынуы болып есептеледі. Ол қайталанып тұратын және ауырған тіс жағындағы шырышты қабықты қамтитын ауру. Бұл ауыру созылмалы периодонтитте ауыз қуысында биологиялық тепе-теңдік бұзылып тіндердің резистенттігі төмендейді де, организмде сенсибилизация пайда болуымен сипатталады.
Үшінші азу тіс- медиальды қисая немесе көлбеу орналасса, онда оның көрші тіспен жанасқан бетінде тіс жегісі (кариес) пайда болып, уақыт өте ол пульпитпен, периодонтитпен асқынады.
Оның дұрыс нақтамасы тек рентген суретінің негізінде қойылады. Егер нақтама дұрыс қойылмаса, науқастар ұзақ уақыт бойы үшкіл жүйкесінің невралгиясынан емделуі мүмкін.
Төменгі үшінші азу тістің кешігіп жаруынан пайда болатын асқынуларды емдеу тәжірибелік-практикалық дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. Өйткені оларды емдеудің көптеген әдістері ұсынылған және олар бір-біріне қарама-қайшы келеді.
Мысалы: жарып шығып келе жатқан тісті жұлудың орнына, оның жапқышын кесіп ашады немесе алып тастайды. Кейбір жағдайда үшінші тістің жарып шығуы үшін, екінші үлкен азу тісті немесе жоғарғы үшінші азу тісті жұлу ұсынылады.
Сонымен қатар кейбір ғалымдар, тісті тек жедел қабыну белгілері басылғаннан кейін ғана жұлу керек деп есептейді, біз бұл пікірді қолдамаймыз. Себебі оның барлығы науқастың хал-жағдайына байланысты, шешімі кезек күттірмейтін мәселе болып есептелінеді.
Біздің бақылауымыз бойынша қабынуға себепші болған тістің тағдырын шешу үшін, ұяшық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жеткілікті ме, тістің өсі ұяшық өсіндінің өсіне қалай орналасқан және тіске жақ-қанатша бүрмесі мен ұрт тіндерінің кедергісі бар ма деген сұрақтарды шешу қажет. Бұл сұрақтарды шешу үшін нақты-объективті көріністер мен аурудың келіп шығуына-анамнезге қоса рентген суретіне көңіл бөлу қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша жақ сүйегінде тік орналасып жарып келе жатқан тістің дистальды беті мен жақ сүйегі «бұтағының» алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық 0,5 см кем болмаса, онда тіске орын жеткілікті деп есептеледі. Тәжірибелік-практикалық бақылаулар көрсеткендей 0,5 см бұл тіспен жақ сүйегі бұтағының алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық. Бұл кезде тіс жарып шыға алады және үстіндегі шырышты қабық кедергі болмайды. Егер тіс үстіндегі шырышты қабық қалыңдаса, онда тіс артындағы және жапқышты кесу ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай жағдайда тісті жұлу қажет.
Тісті сақтап қалу мүмкіншілігі болса, жедел перикоронаритті отасыз-консервативті және хирургиялық жолмен емдеу қажет.
Егер тістің шайнау бетінің көп бөлігі жарып шықса, онда жапқыш астындағы кеңістікті бірнеше қайталап жуу, тістесуді (прикус) ажырату, қабыну кезеңінің басылуына және тістің жаруына мүмкіндік тудырады. Егер шайнау бетінің көп бөлігі жапқыш астында қалса, онда оны түгел кесіп алып тастау қажет. Ол үшін қандауыр немесе кішкене қайшы қажет. Жапқышты кесерде «москит» тәрізді қысқышпен ұстап тұру керек. Ота ішке сіңу-жергілікті жансыздандыру әдісімен жасалады.
Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше әдісімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.
Дәрі-дәрмекпен емдеу әр адамның организміне байланысты жүргізіледі. Көрсетілген жағдайда ауыру сезімін басып қабынуға қарсы, сенсибилизацияны жоятын, домбығуға қарсы дәрі-дәрмектер және физиотерапия тағайындалады. Егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ал қабыну кезеңі шамалы болса, онда дәрі-дәрмек тағайындаудың қажеті болмайды. Жапқышты тіліп қана қою оның астындағы экссудатты шығару үшін қолданылатын уақытша шара. Мұны рентген суретін жасап, жарып келе жатқан тістің тағдырын толық шешкенге дейін жүргізуге болады. Бұл ота қабынуға қарсы ем тағайындаумен толықтырылуы тиіс.
Кедергіленіп жарып келе жатқан төменгі ақыл тісті жұлатын жағдайлар.
1. Қалыпты жағдайдан ауытқыған кез келген тіс жұлынуы тиіс.
2. Ұяшық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жетіспесе ол да жұлынады.
3. Егер де тіс, жақ сүйегінде тік орналасса, бірақ оның үстінен қанатша-жақ бүрмесі төніп тұрса ол тіс жұлынуы тиіс. Өйткені бүркенішті кесіп алып тастағанмен, қанатша-жақ бүрмесі жарып шыққан тістен зақымданып жаралар, тыртықтар, қабыну кезеңдері пайда болуы мүмкін.
4. Созылмалы қайта қайталанған перикоронаритте тіс жұлынуы тиіс.
5. Егер де қабыну кезеңі жапқыштың шегінен шығып ұлғайып кетсе (жедел іріңді периостит, остеомиелит, флегмона және т. б.) тіс жанындағы сүйекте патологиялық кезең пайда болса (пародентарлы киста, ретромолярлы остеомиелит және т. б.) және отасыз- консервативті ем оңды нәтиже бермесе, ол тісті жұлу қажет.
Тісті жұлуға науқастың жалпы жағдайы қарама-қайшылық келтірмесе, онда тісті неғұрлым ерте жұлу науқастың жазылуын жеделдетеді және жұмысқа жарамсыздық уақытын қысқартады. Сегізінші азу тіс жарып шығу үшін, сау жетінші тісті жұлу пайдалы емес, өйткені 8-ші тістің жарып шығуына анатомиялық-топографиялық жағдай кедергі болады.
Үшінші азу тіс, жұлынған тістің ұясына жылжымайды, керісінше медиальды (бері) қисайып, қызмет ету-функциональдық бағалығы болмайды. Жетінші азу тісті, тек оның түбірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тіс жегі пайда болса, оны емдеу мүмкіншілігі болмаса ғана жұлу қажет. Егер сегізінші азу тіс ұяшық өсіндіде өте терең, көлбеу орналасса, оны атипиялық әдіспен жұлғаннан соң, жетінші тістің дистальды түбірі жалаңаштанып әр түрлі тітіргендіргіштерге сезімтал келеді. Осыдан өте терең сүйек қалтасы пайда болады. Осындай жағдайлар өте сирек кездеседі, сондықтан біз тәжірибемізге сүйене отырып, осы тақырыптың көкейкестілігін ескеріп, бірнеше қолжазбалар жаздық және алдын ала патент куәлігін алу үшін меншік құқықы туралы комитетке тапсырыс бердік. Сол үшін бірінші 7-ші азу тісті жұлып, одан кейін көлбеу орналасқан 8-ші тісті жұлған жөн.
Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу отасының техникасы. Ота өткізгіштік жансыздандыру әдісімен жасалады. Қажет жағдайда Берше және мандибулярлы жансыздандыру жасалады.
Отаны, ұяшық өсіндінің қыры арқылы дистальды бағытта 1,5-2 см ұзындықпен жапқышты сүйекке жеткізе тіліп, тістің сауыты мен мойнын қоршап жатқан тіндерден ажыратудан бастайды.
Егер тісті қысқашпен ұстау мүмкіншілігі болмаса, оны тік элеватормен ырғап босатады. Оны жетінші және сегізінші тістің ортасына сырт жағынан ішке қарай бағыттап кіргізеді. Элеватордың бағытын, тістің қаттылығын, төменгі жақ сүйегінің буынынан қозғалғыштығын, тыныс алу жолдарының жақындығын еске ала отырып, дәрігер жетінші тіспен жақ сүйегін мықтап ұстап тұруы қажет. Сол жақтағы сегізінші тісті жұларда, сол қолдың 1,4,5 саусақтары төменгі жақ сүйегін қапсыра ұстап (4, 5 саусақтар ауыз қуысы ішінен), сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады, ортаңғы саусақ жетінші және сегізінші тістерді, ұяшық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады.
Оң жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың оң және арт жағында орналасып, сол қолымен басын қапсыра ұстайды да, 3,4,5 саусақтарымен төменгі жақ сүйегін астынан және сырт жағынан бекітеді; сұқ саусақ ұрт тіндерін кері ысырады. Ал бас бармақ 7,8 тістерді және ұяшық өсіндінің тіл жақ қабырғасын ұстап тұрады. Элеваторды сегізінші тістің мойнынан төмен енгізіп, тісті артқа және жоғары қарай ырғап босатады да қысқашпен ұстап тісті жұлады. Егер тіс жартылай жарып шықса, оның сауытының үстінен сүйек төніп тұрса (әсіресе тіс жақ сүйегінде көлбеу орналасқанда) онда тісті қоршаған жұмсақ тіндермен қатар, төніп тұрған сүйектен де босату қажет. Ол сүйекті бордың немесе балға мен қашаудың көмегімен алып тастайды. Сондықтан тістің қатарындағы бүркенішті тіліп кесумен қатар, оны өтпелі қатпарға қарай жетінші тістің тұсынан төмен жалғастыру қажет. Сонда үшбұрышты қиынды пайда болады. Сүйекті жалаңаштап, тіске кедергі болып тұрған тұсын қашаумен не бормен жайлап ойып алып тастайды.
Тістерді атипиялық жұлу дегеніміз - тістерді және олардың түбірлерін жұлу кезінде қосалқы құрал-жабдықтардың-қашаудың немесе бордың көмегіне жүгіну әдісі болып саналады.
Тісті жұлған соң «қиындыны» орнына қойып, кетгутпен тігеді. Отадан кейін ұзақ уақытқа созылған жақ бұлшықетерінің қарысуы, альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті, тіс ұяшығы остеомиелиті, сияқты асқынулар кездесу мүмкін. Олардың алдын алу үшін, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, сұйық және жоғарғы калориялы тағам тағайындалуы қажет.
Жоғарыда аталған асқынулардың көбі емханада емделеді.
Тұжырым: Бұл тарауда бет-жақ аймағында кездесетін аурулар туралы
мәліметтер келтірілген. Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық кезеңдерге-процесстерге жатады. Олар белгілі уақытында, адамға білінбей, ешқан-дай ауыру сезімінсіз шығады.
Ақыл тістер 18-25 жас шамасында төменгі жақ толық қалыптасқан, қальцийленіп қатайған кезде кедергіден кешігіп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз немесе мүлдем жоқ болғандықтан ол қатардан шет шығады немесе сүйектен мүлде шықпай қалуы мүмкін.
Төменгі жақ сүйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қарай жақсүйектің кішіреюінен болады.
Бірақ, филогенездік даму кезеңінде тістің жалпы саны азаймаған. Кейде төменгі жақтың даму бұзылыстарына байланысты болады. Оның себебі гормондық ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеуі, бала кезінде жақсүйегі іріңдіп игіріп немесе инфекциялық аурумен ауырса не тістің ұрықтанып жетілу шарты бұзылса және т. б. себептер болуы мүмкін.
Ұяшық өсіндісінде 8-ші тіске орынның жеткіліксіздігінен ақыл тіс төменгі жақтың ұяшық өсіндісінің ішкі жағына немесе сыртына, кейде тіс астына қарай шығуы мүмкін. Ақыл тіс тәж бұтағының түбіне қарай жарса, онда үстінен төнген сүйек қалқанынан шыға алмай ұсталып қалуы да мүмкін. Ақыл тіс дұрыс жарып шығу үшін оның маңындағы қызыл иек пен шырышты қабыққа зор маңыз беру керек, 7-ші тістер артының қызыл иегі мен шырышты қабығы өте қалың болады. Ол шайнағанда тамақпен не қарама-қарсы тіспен зақымданып тыртықтанып қатаяды. Сондықтан ақыл тіс жарғанда ол сорылмайды да шығуына бөгет болады. Кейде ақыл тістің үстінен тік жүрген (жазық емес) жақ-қанатша қатпары бөгет жасайды. Оны кесіп алса да тістің шығуын бөгейді.
Жоғарыда аталған кедергілермен қоса, кейде ақыл тістің кедергімен шығу себебі оның өте үлкен, ірі болуынан болады.
Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану нүктесінің төменгі жақтың тәждік бұтағына қарай жайғасуынан оған орын болмауы мүмкін.
Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшағына қарай жайлап жылжиды. Бірақ кейде сәтті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі тік қалпынан ауытқып кетсе, онда шығуының түрі неше сапқа бөлінеді: а)ақыл тістің көлденең жатуы; б) қисық орналасуы - медиальды , дистальды, ұрттық және тілдік қисаюлары болады.
Әрине, дұрыс орын алмаған тіс кешігіп қинала шығады кейде мүлде шықпай қалады.
Төменгі ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып, тік тұрса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ себебі белгісіз. Сондықтан П.П.Львовтың (1929), Д.Е. Танфильевтің (1952) пікірлерімен келісуге тура келеді. Олардың айтуынша төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі ішкі немесе сыртқы жағдайлар-факторларымен байланысты болуы мүмкін. Күнделік жұмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болған әр түрлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді.
Сол себептен науқасқа стоматологиялық көмек көрсету кезінде нау-қастың бет-әлпетіне, ауыз қуысындағы жағдайға байланысты түбегейлі шешім қабылдау, бұл тістерді жұлуда білгіленген ережелерге бағыну керек.
Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:
1. Дистопия дегеніміз ......................
А) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
Б) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
В) әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай, толық
Д) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
2. Ретенция дегеніміз ......................
А) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртүрлі кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Б) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
В) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) сүт тістер, жартылай, толық
3. Ретенция ......... түрлерге бөлінеді.
А) жартылай, толық
Б) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
В) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Г) сүт тістер, жартылай,
Д) толық кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
4. Дистопия мен ретенцияға ............. де ұшырайды.
А) сүт тістер, тұрақты тістер
Б) жартылай, толық
В) сүт тістер, жартылай,
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
5. Перикоронарит ............ деп атайды.
А) ақыл тістің сауытын қоршаған оны жауып тұрған жұмсақ тіндерінің инфекциялы қабынуын
Б) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жартылай, толық
Д) 3 топқа
6. Перикоронарит ................ болып бөлінеді.
А) жедел, созылмалы
Б) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) дұрыс қалыптасқан тістің тіс қатарынан-шет шығуы.
Д) жеделдеу, созылмалы, өршу
7. Е. А. Магид, В. М. Штейнберг ............ бөледі:
А) 3 топқа
Б) 1 топқа
В) 2 топқа
Г) 4 топқа
Д) 5 топқа
8. Жедел перикоронарит ........ түрлерге бөлінеді.
А) катаральды, іріңді, жаралы
Б) жедел, созылмалы
В) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Г) жеделдеу, созылмалы, өршу
Д) жартылай, толық
9. ............. оны «дентарлық ангина» көрінісі деп атайды.
А) жұтынғанда ауыру сезімі күшейіп, құлаққа, самайға тарайды.
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
Г) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
Д) жеделдеу, созылмалы, өршу
10. Шайнау бұлшықеттерінің қарысуы .... тікелей еттердің астына жайылуына байланысты.
А) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
Б) кедергімен баяулап ұсталып қалуы.
В) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
Г) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Д) катаральды, іріңді, жаралы
11. созылмалы перикоронарит .... пайда болуына себепші болады.
А) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
Б) сезімтал және қозғалтқыш жүйкелердің қабыну кезеңінің
В) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Г) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Д) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
12. Созылмалы перикоронарит ......... әкеп соғады.
А) созылмалы жақасты лимфаденитіне
Б) одонтогенді жылжымалы теріасты гранулемасының
В) жартылай қалыптасқан тістің шығуы
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) катаральды, іріңді, жаралы
13. Жақ остеомиелиттің себепшісі .... болып табылады
А) үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жарып шығуы
Б) жедел іріңді периостит
В) абсцесс, флегмоналармен
Г) катаральды, іріңді, жаралы
Д) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
14. үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан ........ дамиды
А) жедел іріңді периостит
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
15. Үшінші азу тістің кешігіп жаруы ....... де асқынады.
А) абсцесс, флегмоналармен
Б) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
В) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
Г) Берше және мандибулярлы жансыздандыру әдісі
Д) оң және арт жағында
16. созылмалы перикоронариттің асқынуы ......... болып есептелінеді.
А) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
Б) катаральды, іріңді, жаралы
В) жедел іріңді периостит
Г) дұрыс қалыптасқан тістің шығуы
Д) үшінші-төменгі азу тістің кедергіленіп жарып шығуы
17. Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу отасында .... қолданылады.
А) өткізгіштік жансыздандыру әдісі
Б) оң және арт жағында
В) жедел іріңді периостит
Г) катаральды, іріңді, жаралы
Д) Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит)
18. ақыл тісті жұлу отасында, жақ қарысқан жағдайда ..... қолданылады.
А) Берше және мандибулярлы жансыздандыру әдісі
Б) жедел іріңді периостит
В) Төмпешіктік жансыздандыру әдісі
Г) көз асты жансыздандыру әдісі
Д) оң және арт жағында
19. Оң жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың ....... орналасады
А) оң, арт жағында
Б) сол, алдыңғы жағында
В) сол, арт жағында
Г) оң, алдыңғы жағында
Д) басы жоғары көтерілген күйінде
20. Сол жақтағы тісті жұларда дәрігер науқастың ....... орналасады
А) оң және алдыңғы жағында
Б) оң, арт жағында
В) басы жоғары көтерілген күйінде
Г) сол, арт жағында
Д) сол, алдыңғы жағында
21. Патологиялық қалтаның R- суреттегі ...... сипаттамасы
А) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
Б) жақ бұлшықетерінің қарысуы
В) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
Г) тіс ұяшығы остеомиелиті
Д) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
22. Тістерді атипиялық жұлу дегеніміз .... көмегіне жүгіну әдісі болып саналады.
А) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезінде қашаудың немесе бордың
Б) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
В) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
Г) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
23. Отадан кейін ұзақ уақытқа созылған ... сияқты асқынулар болады
А) жақ бұлшықетерінің қарысуы, альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті, тіс ұяшығы остеомиелиті
Б) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
В) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
Г) қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т.б. ісіктер
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
24. Үшінші азу тістің кешігіп жаруып шығуын, дұрыс нақтамасы .......
А) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
Б) «жарты ай» тәрізді сүйектің ыдырауымен
В) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
Г) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Д) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
25. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің әсерінен ......өсуі мүмкін.
А) қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т.б. ісіктер
Б) альвеолит, тіс ұяшығы жүйкесінің невриті,
В) жақ бұлшықетерінің қарысуы
Г) тістерді, олардың түбірлерін жұлу кезі
Д) тек рентген суретінің негізінде қойылады.
26. Біздің пікіріміз бойынша тіспен жақ сүйегі бұтағының алдыңғы қырына дейінгі ара қашықтық .......... тіске орын жеткілікті деп есептеледі.
А) 0,5 см болса
Б) 1,5 см болса
В) 2,0 см болса
Г) 2,5 см болса
Д) 3,0 см болса
27. Жақ остеомиелиттің келіп шығуына себепшісі болған инфекцияның .......... таралу жолы
А) маргинальды (қызылиек жиегі) жолмен тарайды.
Б) ауа
В) тамшы
Г) сүйіскенде
Д) түшкіргенде
28. Төменгі жақ сүйегінің одонтогенді остеомиелиті ....... жайылады.
А) жақтың бұрышы мен бұтағына
Б) жақтың денесі
В) жақтың бұрышы, денесі
Г) буын бұтағы, жақ төмпешігі
Д) жақтың денесі, көз асты аймағы
29.Созылмалы перикоронариттің жиі асқынуына ........... себепшісі болуы мүмкін.
А) Ретромолярлы остит, парадентарлы киста
Б) жақтың бұрышы мен бұтағына
В) буын бұтағы, жақ төмпешігі
Г) жақтың денесі, көз асты аймағы
Д) көз асты аймағы, тіс ұяшығы
30. П.П.Львовтың (1929), Д.Е. Танфильевтің (1952) пікірлері бойынша төменгі ақыл тістің кедергімен қиналып шығу себебі .............. байланысты болуы мүмкін.
А) ішкі, сыртқы жағдайлар-факторларымен
Б) жанама, сыртқы жағдайлар-факторларымен
В) ішкі, бүйір жағдайлар-факторларымен
Г) сыртқы, алдыңғы жағдайлар-факторларымен
Д) ішкі, артқы жағдайлар-факторларымен
