Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дүниетану 3 сын.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

Дүниетану

Мерзімі: 31.01.2015

Тақырыбы: Тестік тапсырмалар.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау туралы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Білімін, тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

1. Пайдалы қазбалардың түрлері. – оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу.

Сұрақ-жауап қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары дегеніміз не? - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Пайдалы қазбалар деген не? Көмір қандай әдіспен алынады? - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? - Кенге жатпайтындардан ше?

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Пайдалы қазбаларды қорғау

1. Пайдалы қазбаларды қорғаудың мәні.

2. Пайдалы қазбаларды үшін не керек?

3. Металдардың орнына пластмассаларды пайдалану.

4. Оқулықпен жұмыс

Сергіту кезеңі: Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек? - Оларды қорғау үшін не істеу керек? - Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады?

3. Пайдалы қазбалардың үлгісімен танысу

Тестік тапсырмалар

1. Пайдалы қазбаларға ... жатады:

а) темір кенінен алынған металл;

ә) тау жынысы;

б) техника бөлшектері;

в) жер қыртысының қатты бөлігі.

2. Құмтас деп:

а) құм аралас тас;

ә) қайралған тас;

б) құрылыс материалдары;

в) қатты тас.

3. Бос жынысқа ... жатады:

а) құм және цемент;

ә) мұнай, газ;

б) гранит;

в) құм және саз.

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;

ә) жанңыш, кенді, кен емес;

б) бағалы, құнсыз, жанатын;

в) металл, тау жынысы, «қара алтын».

5. Кен орны деп ... айтады:

а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін;

ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;

б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;

в) тау жыныстарының қосындысын.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбаларды қорғау – оқып түсінгенін айту.

2. Бағалау

Бекітемін:_________________________

Дүниетану

Мерзімі:

Жер қыртысының топырақ қабаты

Тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға топырақтың ерекшелігі және құрамы туралы түсінік беру, топырақтың пайдасы жайлы түсіндіру;

  2. Дамытушылық: Білімін, тілін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың қажетті құрал-жабдықтарын түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Психологиялық даярлық.

Бізге жылу мен жарықты не сыйлайды?

Жарқырап күн күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1.Пайдалы қазбаларды қорғау. оқыту.

2. Мазмұнын айтқызу, қайда пайдалануға болатынын түсіндіру.

Сұрақ-жауап қою арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу.

- Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек?

- Оларды қорғау үшін не істеу керек?

- Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады?

2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалім түсіндірмесі. Тірі тіршіліктің араласуы арқылы (өсімдік, жәндік, микробтар) топырақ пайда болады. Қарашірік бәрінен де қара топырақта көп болады. Топырақтың түсі оңтүстікке қарай бозғыл тарта түседі. Топырақ бетінде тұрған қар сияқты ақшыл қабыршықтарды талай көрген боларсың. Ол – сор. Сор топырақ Қазақстанның оңтүстігінде өте көп кездеседі.

Тау жыныстары мен топырақтың айырмасы – таза тау жыныстарына өсімдік өспейді. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады. Топырақтың негізгі белгісі оның құнарлығында. Топыраққа қоңыр түс беретін өсімдік пен жәндіктердің қалдығы – қарашірік. Жер астында тіршілік ететін тірі ағзалардың пайдасы жайлы не білесіңдер?

Сергіту кезеңі: Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз шынығып алайық.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:1. Оқушыларға оқыту.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:

- Топырақ деген не?

Қарашірік қалай пайда болады?

- Топырақтардың тау жыныстарынан айырмашылығы не?

3. Дәптермен жұмыс: топырақ, қарашірік

VІІ. Бекіту кезеңі: 1.Сүреттерді қараңдар. Өсімдіктің өсіп жетілуі үшін қандай жағдайлар қажет екенін атаңдар. Ауа, су, қара тұз, құм, саз, шірік

2. Суреттерді қарай отырып топырақтың құнарлығына жәндіктер, құрттар мен жануарлардың тигізетін пайдасы жайлы не айтасыңдар?

Қорытындылау: - Қара топырақтың құнарлы болатыны неліктен?

- Сор топырақ қалай пайда болады?

- Топырақтың құнарлығын қалай арттыруға болады?

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: «Топырақтың ерекшелігі және оның түрлері» оқу, мазмұндау.

2. Бағалау

Бекітемін:_________________________