Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.

Диагностика педагогикалық процестің бөлінбес компоненті ретінде мақсатқа сәйкес оның нәтижесін анықтау құралы болып табылады. Онсыз оқу-тәрбие процесін нәтижелі басқару мүмкін емес. Демек, диагностика педагогикалық процестің жағдайын, оның бала тұлғасының дамуына ықпалын, басқару нәтижесін, сапасын нақты анықтау, талдау, саралау тәсілі.  Педагогқа, ең алдымен, балалардың жас және дара ерекшеліктері, психология-физиологиялық ерекшеліктері жайында терең білім қажет. Ол оқушылардың тұлғалық дамуын түрлі іс-әрекеттің нәтижесінің сапасы және деңгейі; олардың ынтасы мен не нәрсеге бейімділігі, әуестігі, қызығушылығы, қабілеті және таланты; ұжымдағы моральдық көңіл-күйі мен тұрақтылығы туралы мәліметтерсіз педагогикалық тұрғыдан басқара алмайды. Бұндай қатынас оқушылар ұжымының жағдайы, ұйымшылдық сапасы мен деңгейі және болашақтағы оның дамуы жайында нақтылы мәліметтерді меңгеруге деген қажеттілікке әкеліп соғады. Педагогикалық процестің нәтижелі болуы жалпы алғанда жаңашыл педагогтардың жеке күш-жігеріне ғана емес, сонымен бірге педагогтар мен оқушылар ұжымдарының өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуде педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби талпынысы мен сауатты іс-әрекетіне де байланысты. Сондықтан да диагностиканың объектісі болып педагогикалық ұжым, оның жекелеген өмір сүру әрекетінің жағдайы табылады. Соған байланысты әрбір педагогтың кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асады. Педагогикалық процестің нәтижелі болуы жалпы алғанда жаңашыл педагогтардың жеке күш-жігеріне ғана емес, сонымен бірге педагогтар мен оқушылар ұжымдарының өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуде педагогикалық ұжымның жоғары кәсіби талпынысы мен сауатты іс-әрекетіне де байланысты. Сондықтан да диагностиканың объектісі болып педагогикалық ұжым, оның жекелеген өмір сүру әрекетінің жағдайы табылады. Соған байланысты әрбір педагогтың кәсіби деңгейін көтеру жүзеге асады.

39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік

Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат — іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат — талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста болатын бірнеше түрін анықтады. Сократ әрбір жеке қимылдың мақсаты осы жеке мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді. Аристотель заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді. Кант мақсатты адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық, танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-гуманистік іліммен байланыста зерттеді. Гегель мақсатты “өзіндік” және “өзі үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.

Міндет – көптеген нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттер жиынтығы.

Мақсатқоюшылық - бір немесе бірнеше мақсаттарды ойға алынған идеяға жету жолында салыстыру және таңдау процесі. Мақсат таңдау барысында тиімді және анықтығына баса мән беріледі.

Целеполагание — процесс выбора одной или нескольких целей с установлением параметров допустимых отклонений для управления процессом осуществления идеи. Часто понимается как практическое осмысление своей деятельности человеком с точки зрения формирования (постановки) целей и их реализации (достижения) наиболее экономичными (рентабельными) средствами, как эффективное управление временным ресурсом, обусловленным деятельностью человека.

Целеполагание — первичная фаза управления, предусматривающая постановку генеральной цели и совокупности целей (дерева целей) в соответствии с назначением (миссией) системы, стратегическими установками и характером решаемых задач

40. Мақсат пен мақсатқоюшылықтың мәні, олардың тірбие жұмысындағы маңызы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әр түрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата-аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,

а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;

ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;

б) қол жеткізетін нәтижені алдын-ала жобалауды бірінші кезекте  ескерілуі қажет.

Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.

Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:

1. Педагогикалық процесті алдын-ала болжау.

2. Өткен оқу жылы қортындысының нәтижесіне талдау жасау.

3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.

4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқу-шылар және ата-аналардың өзара бірлескен әрекетін ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық процестің нақты жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс-қимылдарында жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.

Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс таңдауға септігін тигізеді.