- •1 )"Тәрбие жұм теор мен әдістемесі" "Педагогика "курсының "Тәрбие "теориясының бір саласы ретінде
- •9 Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.
- •10 Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).
- •11. Сыныптағы тәрбие жүйесінің жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде
- •12. Тәрбие жұмысының субъектісі, субъектілердің өзара қарым қатынасы тәрбие жұмысының қызметі ретінде
- •13. Сынып жетекшісі, оның міндеттері , жұмысының ерекшеліктері
- •15. Сынып жетекшісінің қызметі
- •16. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
- •17. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
- •20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
- •21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
- •22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері
- •23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- •24 Сыныптан тыс тәрбие жумусынын кызмети мен мазмуны
- •25 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптері:
- •26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмнде педагогтың қызметі
- •28.Оқушыларды мектептен тыс жұмыстарда салауатты өмір сүруге ынталандыру.
- •29.Сынып жетекшісінің қызметінің Кеңестік дәуірдегі жұмысының ерекшеліктері.
- •30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тұсындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •31. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық педагогикалық диагностикасын жүргізудің мәні, мақсаты, міндеттері.
- •32 Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық – педагогикалық диагностикасының түрлері, қызметі және ұйымдастыру технологиясы
- •33.Сыныптың педагогикалық прроцесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.
- •35) Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу технологиясы
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік
- •41.Тәрбие жұмысында мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері ,кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары
- •42. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: еркін мақсат қою, кіріккен, қатаң.
- •44.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •45. Мектеп пен сыныптың тәр.Жұм-ң жоспары: түрі, қызметі, құрылымы, мазмұны.
- •47. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогикалық талаптар және ұсыныстар жүйесі
- •48. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалр ұжымының дамуын жіне мектеп пен сыныптың тәрбие жұмвстарның стратегиясын алдын-ал болжау , анықтау процесі ретінде
- •49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
- •51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.
- •52)Мектепте оқущылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары, технология туралы түсінік
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары
- •54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы
- •55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде
- •56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.
- •57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.
- •58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері
- •59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.
- •60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу
- •62. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы
- •63.Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясы
- •64)Ұжымдық шығармашылық істер қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмі.
- •65) Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары: маңызы, принциптері, қызметтері
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру әдістемесі
- •67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
- •68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
- •74. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының ерекшелігі
- •75. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы түсінік
- •76.Балалардың үйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығы
- •2. “Мың бала” патриоттық қозғалысының бағдарламасы
- •Негізгі шығармашылық бағыттары:
- •78. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері
- •79) «Салауаттылық», «деннің саулығы», «өмір сүру» салты туралы түсінік.
- •80) «Салауатты өмір салты» тұлғаның барлық жағынан дамуының бірден бір кепілі.
- •81) Салауатты Өмір салты және оны тәрбиелеу – ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.
- •82) Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл-ағартушылардың Салауатты өмір сүру салты туралы ой-пікірлері. Салауатты Өмір сүру салтына тәрбиелеудегі жетекші идеялар. Қазіргі ғылым салауатты өмір салты туралы.
- •83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.
- •84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.
Негізгі шығармашылық бағыттары:
1. “Салт” бағытында - мұғалімдер, тәрбиешілер және оқушылар Қазақстан территориясында тұратын қазақ және өзге де халықтардың бесік жыры, қыз ұзату, тұсау кесу, атқа шабу, ерулік беру, жерлеу және басқа да көп ғасырлық салт-дәстүр және әдет-ғұрыптармен кеңінен танысады, сондай-ақ жергілікті өлкені терең зерттеу бағытында шығармашылық-этнографиялық жұмыстарды белсенді түрде жүргізеді, фольклорлық материалдар жинастырады.
2. “Шежіре” бағытында - ересектер мен балалар қазақтардың тарихи /тайпалар, рулар, жүздер, хандықтар, сақтар, қыпшақтар т.б./ және өзге тайпалардың өзге халықтармен /қытайлар, орыстар, монғолдар, татарлар және жоңғарлар/ байланыстары мен қарым-қатынастары және көкейкесті мәселелері туралы деректермен танысады, өткен ғасырларда өмір сүрген ата-аналар өмірінің әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық, діни-тұрмыстық, әскери-көшпенділік өмірлерінің қыр-сырларымен терең танысып, маңызды тарихи өлкетану мәліметтерін жинастырады.
3. “Шаһар” бағытында - мұғалім-педагогтар мен оқушылар Қазақстан территориясында орналасқан көне қалалардың тарихи пайда болуы туралы терең танысып біледі. Отырар, Сайран, Сауран, Созақ, Иассы, Таразы, Сығанақ, Мавреннахр, Испиджаб және басқа шаһарлар тарихын, әлеуметтік-экономикалық, сәулеттік маңызын және жергілікті жерлердегі ұмыт қалған ежелгі қала орындары туралы жұмыстар атқарылады.
4. “Жібек жолы” бағытында - балалар мен ересектер тарихи-географиялық жерлер мен орындарды, жаугершілік шайқастарды, сауда-керуен жолдарын - Ұлы жібек жолы, Жоңғар қақпасы, Ұлытау, Ордабасы, Мөртөбе, Оқжетпес және әрбір туған өлкедегі тарихи-өлкелік орындардың ежелгі атаулары, топонимдері туралы белсенді түрде жұмыстар атқарып, оқып, зерттеп үйренеді.
5. “Сөнбес жұлдыздар” бағытында - мұғалімдер мен оқушылар қазақтың және өзге халықтардың біртуар перзенттері - хандар мен батырлар, билер, жыраулар, көрнекті қоғам, саяси, өнер және мәдениет, халық ағарту қайраткерлерінің өмірлері мен қызметтерін терең оқып танысады, олардың есімдерінің көшеге, мектептерге т.б. жерлерге берілуіне, мемориальды ескерткіш тақталар ашуға ат салысады, ұлттық-этнографиялық мұражайға маңызды деректер жинауға көмек көрсетеді.
6. “Толғау” бағытында - "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асырушылар халық ауыз әдебиетінің айтыс, терме, күй, ертегілер, аңыздар және өзге де құнды фольклорлық-шығармашылық жанрлар мен эпостық жырлар сынды бай танымдық мәні зор мұраларын оқып үйренеді, халық ауыз әдебиеті жанрлары туралы маңызды деректер көзін жинастырады.
7. “Асыл мұра” бағытында - мұғалімдер, тәлімгерлер мен оқушылар күні бүгінге дейін сақталып келген көненің Қожа Ахмет Иассауи, Арыстан Баб, Айша бибі, “Алтын адам қазынасы” тарихи сәулет өнері ескерткіштерін, сондай-ақ жергілікті жердегі тіркеуге алынбаған ежелгі тарихи ескерткіш-обалар, мазарлар, бейіт-зираттар, таңбалы тастардың құндылық жағына назар аударып, өзге де сәулеттік жай-қорымдарын зерттейді, оларды қамқорлыққа алады.
8. “Домбыра-Дастан” бағытында – балалар мен ересек-тер қазақтың домбыра, шертер, қобыз, сазсырнай, сыбызғы, шаңқобыз секілді фольклорлы-этнографиялық, музыкалы ас-паптары және Қазақстан халықтарының өзге де музыкалық аспаптары түрлерімен танысады, олардың пайда болу тари-хын зерттейді, мектептегі мұражайға көне музыкалық аспап-тарды жинастыруға қомақты үлес қосып, қолқабыс етеді.
9. ”Наурыз” бағытында – мұғалімдер, тәрбиешілер және оқушылар наурыз, тасаттық, ерулік беру, соғым секілді ертеден келе жатқан халқымыздың мейрам-жоралғылары, діни мерекелерімен танысады, үлкен кісіге құрмет көрсету тәлім-өнегесінен үлгі алады, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт-дәстүрлерімен танысады, бірлескен жалпыхалықтық шаралар өткізеді.
10. “Зергер” бағытында – балалар мен ересектер қазақ және өзге халықтардың ұлттық қолөнер туындылары – алаша, текемет, кілемдер, зергерлік бұйымдар – моншақ, тана, білезік, сырға секілді көне ұлттық қолтаңбалы қолөнер бұйымдарымен танысып, әралуан көрмелер өткізіп, насихаттайды, мектептегі ұлттық-этнографиялық мұражайға шығармашылық көмек көрсетеді.
11. “Төрт түлік” бағытында – республикалық "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асырушылар халқымыздың мал шаруашылығы арнасында ежелгі кәсіптердің маңызына ерекше тоқталып, қой, жылқы, түйе, сиыр т.б. мал бағудың өзіндік ерекшеліктерін мұқият зерттеп, оның адамды еңбекке тәрбиелеу және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық маңызымен терең танысып біліседі.
12. “Көкпар” бағытында – мұғалімдер мен оқушылар халқымыздың көкпар, ақсүйек, аударыспақ, қыз қуу, тоғызқұмалақ секілді ұлт ойындарын, Қазақстан халықтары-ның өзге де ұлттық ойындарымен жете таныса отырып, оларды мектептерде, мектептен тыс мекемелерде белсенді түрде енгізіп, ұлттық-спорттық, мекемелермен бұқаралық бірлескен шаралар өткізеді.
13. “Дулыға” бағытында – балалар мен ересектер халқымыздың ұлттық киім үлгілері – қамзол, тақия, шапан, мәсілермен қатар, хандар, билер, батырлардың ұлттық киім түрлері, қару-жарақтар, бес қару түрлері – дулыға, қалқан, найза, сауыт, жебе, қорамсақ т.б. тарихи мәндерімен танысады, ол атауларды күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырады, мектеп мұражайына көмек береді.
14. “Қасиет” бағытында – мұғалімдер, тәрбиешілер, оқушылар халық арасындағы жұлдыздардың, емші-тәуіптердің көне іліми-тәлімдерін талдап, танысады, көне халық күнтізбелерінің пайда болу сырларымен танысады, жекелеген адамдардың, астрологтардың биологиялық табиғи дарын қабілетін зерттеп бақылайды, қоршаған орта, Зодиак белгілерінің ғарыштық құпияларын танып-білуге тырысады.
15. “Ас” бағытында – оқушылар мен тәрбиешілер бесбармақ, бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая секілді дәстүрлі ұлттық тағам түрлерімен, сондай-ақ қымыз, шұбат, айран секілді сусындардың емдік қасиеттерімен, медициналық-шипалық маңыздарымен танысады, мал еттерінің мүшелерін - бас, сирақ, омыртқа, ортан жілік, жамбас, кәрі жілік т.б. түрлерін ажыратуды үйренеді.
16. “Бабалар өсиеті” бағытында – оқушылар мен мұғалімдер қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздері, мақал-мәтелдері, ел аузындағы аңыздар, сонымен қатар халық арасында кең тараған ырымдар – табалдырықта тұрмау, жақ таянбау, үйде ысқырмау, отбасындағы адам басын санамау т.б. нақыл сөздердің шығу төркіндерімен танысады.
17. “Зерде” бағытында – балалар мен ересектер көне Шығыстың, Иолық, Әл-Фараби, Бируни, Ибн Сина, Ұлықбек, Омар Хаям, Физули, Фердоуси, Әл-Жауһари, Махмуд Қашғари, Қорқыт баба сынды ұлы ойшылдардың ғылыми жетістіктерімен мұқият танысады. Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс өрісіне белсене араласу барысында білім-тәрбие шаңырақтарын компьютерлендіруде өзіндік үлесін қосады.
18. “Құсбегі” бағытында – “Атамекен” бағдарламасын жүзеге асырушылар халқымыздың ежелгі көшпенділік өмірлерінде маңызды тұрмыстық-экономикалық рөл атқарған аңшылық өнер түрлері – бүркіт баулу, жылқы мен тазыны жарату, балық аулау, қақпан құру, сонымен бірге олардың сыр-сипатымен, ер-тұрман әбзелдерінің түрлерімен, ерекшеліктерімен тереңірек танысады, оны күнделікті өмірде бақылайды, аңшылық өнерге арналған сайыстар өткізеді.
19. “Қыз бен жігіт” бағытында – мұғалімдер, тәрбиешілер мен оқушылар қазақ жігітімен қызының бойын-дағы ұлттық салт-дәстүрімізге сай көріктілігін, ептілігін, сегіз қырлы, бір сырлы жан-жақты ұлттық қасиеттерін танып біледі, сонымен қатар гигиеналық, этикалық, жыныстық, психологиялық ерекшеліктер мен байланыстарға назар аударып, оларды оқу-тәрбие жұмыстарына енгізу мен байланыстыру мәселелеріне ат салысады.
20. “Заман-ай” бағытында – оқушылар мен мұғалім, педагогтар өлкенің, аймақтың табиғатын қорғау жөніндегі ірі, ауқымды жұмыстарға араласады, құстар мен жануарлар, өсімдік-топырақ әлемін қорғау шараларына, сондай-ақ тұрғылықты жерлердегі ежелгі географиялық-топонимикалық атаулардың тарихымен танысуға және "Семей – Невада", "Арал – Балхаш" экологиялық қозғалыстарына белсене араласады.
21. “Алыстағы бауырлар” бағытында – оқушылар мен мұғалімдер Америкада, Қытайда, Түркияда, Монғолияда және Батыс Европада тұратын қандас қазақ балаларымен ауқымды шығармашылық жұмыстар жүргізеді, тәуелсіз дипломатиялық қарым-қатынастар орнатады, озат тәжірибелер, делегациялар алмасып, конгресс-шерулер ұйымдастырады.
22. “Достық” бағытында – мұғалім-педагогтар мен оқушылар егеменді тәуелсіз қазақ мемлекетінің дамуы мен гүлденуіне өз күш-қайратын, жігерін қосқан туысқан ұлт өкілдері – В. Татишев, Г. Потанин, М. Поло, Т. Шевченко, Ф. Достоевский, М. Масанчи, Г. Розыбакиев, А. Затаевич,
Л. Хамиди және басқа адамдардың өмірлері мен қызметтері туралы терең оқып танысады. Тұрғылықты жерлерде интернационалдық бағыттағы істерді жандандыруға ат салысады, ұлттық мәдени орталықтармен жан-жақты тығыз байланыс орнатып, шығармашылық жұмыстар жүргізеді.
23. “Ардагер” бағытында – балалар мен ересектер бірінші дүниежүзілік соғыстың, революцияға дейінгі кезеңдердегі патшалық Ресейдің отаршылдық және миссионерлік саясатына қарсы күрескен ұлт-азаттық қозғалыстың ардагерлері, репрессия құрбандары, Ауғаныстан оқиғасы, Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының репрессия құрбандары туралы керекті материалдар жинап, оларды насихаттау жұмыстарын жүргізеді, мұражайға көмектеседі.
24. “Ою-өрнек” бағытында – мұғалімдер мен оқушылар ұлттық ою-өрнектердің өзіндік және қайталанбас зергерлік айшықтарымен, олардың ой-түйін, мән-мағыналарымен, этнографиялық өзіндік үрдіс өрнектерімен, халық ісмерлері шеберліктерімен терең танысып, насихат жұмыстарын жүргізеді, мектеп мұражайына үлкен көмек көрсетеді.
25. “Бейнелер сыры” бағытында – балалар мен ересектер бабаларымыздың ежелгі Қазақстан аумағында сақталған көне көркемдік бейнелер мұралары – тастағы, үңгірлердегі, балбалтастағы жазулар, мазарлар мен бейіттердегі әсем айшықтар сырларымен танысады. Ұлттық-тарихи тақырып-тарға өнер-сурет сайыстарын өткізеді. Орта Азия мен Қазақстандағы бейнелеу өнері тарихымен танысады.
26. “Ата-ана” бағытында – мұғалім-педагогтар мен оқушылар тұрғылықты жерлерде ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен, ауқымды шығармашылық жұмыстар жүргізеді, қазақ әулетінің отбасы, ошақ қасының жас ұрпақ тәрбиесіндегі өзіндік мәні бар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктермен танысады, мектеп жанынан ана-әке, ене, әже, жеңгелер тәрбиесі үйірмелерін ашады.
27. “Шариғат-Құран” бағытында – балалар мен ересектер ғасырлар бойы өскелең жас ұрпаққа ауқымды тәрбиелік ықпал еткен қасиетті Құран кітабының тәрбиелік мәселелерімен терең оқып танысады, оның басқа діни нанымдармен байланыстығы мен ұқсастығына назар аударады. Тұрғылықты жерлерде діни-философиялық тақырыптарда пікірталастар ұйымдастырады.
28. “Сәби” бағытында – мұғалім-педагогтар мен оқушылар тұрғылықты жерлерде мектепке дейінгі сәби балаларды қамқорлыққа алу бағытында шығармашылық жұмыстарға белсене араласады, оларға ағалық көмектер көрсетеді, бірлескен іс-шараларды ұйымдастырады.
29. “Қайырымдылық” бағытында – “Атамекен” бағдар-ламасын жүзеге асыратын мұғалімдер мен оқушылар жал-ғызілікті қартайған әжелер мен қарияларға, ақыл-естері кем-тар және балалар үйіндегі жетім балалар мен жасөспірімдер т.б. көмек қажет ететін басқа да адамдарға тікелей қамқорлық көрсетуді басты мақсат етеді, олармен мәдени-шығар-машылық жұмыстарды нығайтады.
30. “Сауда” бағытында – “Атамекен” бағдарламасын жүзеге асыруды оқушылар мен мұғалімдер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосу барысында сауда-саттық, делдалдық, жалға беру, ілкімділік /предпринимательство/, менеджерлік, дипломатиялық т.б. экономикалық маңызы зор қазіргі істерге белсене араласады. Мектеп, кәсіпорын, ұжымшар, кеншар жанынан ашылған кооперативтер, шағын кәсіпорындар, сондай-ақ жалға жерлер алып, мал шаруашылығы т.б. істермен айналысады. Мектепте өздерінің арнайы қаржы есепшоттарын ашады.
Бағдарлама 1991 жылы 7-желтоқсанда
“Атамекен” ұйымының І Құрылтайында
қабылданды.
