- •1 )"Тәрбие жұм теор мен әдістемесі" "Педагогика "курсының "Тәрбие "теориясының бір саласы ретінде
- •9 Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.
- •10 Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).
- •11. Сыныптағы тәрбие жүйесінің жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде
- •12. Тәрбие жұмысының субъектісі, субъектілердің өзара қарым қатынасы тәрбие жұмысының қызметі ретінде
- •13. Сынып жетекшісі, оның міндеттері , жұмысының ерекшеліктері
- •15. Сынып жетекшісінің қызметі
- •16. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
- •17. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
- •20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
- •21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
- •22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері
- •23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- •24 Сыныптан тыс тәрбие жумусынын кызмети мен мазмуны
- •25 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптері:
- •26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмнде педагогтың қызметі
- •28.Оқушыларды мектептен тыс жұмыстарда салауатты өмір сүруге ынталандыру.
- •29.Сынып жетекшісінің қызметінің Кеңестік дәуірдегі жұмысының ерекшеліктері.
- •30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тұсындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •31. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық педагогикалық диагностикасын жүргізудің мәні, мақсаты, міндеттері.
- •32 Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық – педагогикалық диагностикасының түрлері, қызметі және ұйымдастыру технологиясы
- •33.Сыныптың педагогикалық прроцесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.
- •35) Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу технологиясы
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік
- •41.Тәрбие жұмысында мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері ,кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары
- •42. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: еркін мақсат қою, кіріккен, қатаң.
- •44.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •45. Мектеп пен сыныптың тәр.Жұм-ң жоспары: түрі, қызметі, құрылымы, мазмұны.
- •47. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогикалық талаптар және ұсыныстар жүйесі
- •48. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалр ұжымының дамуын жіне мектеп пен сыныптың тәрбие жұмвстарның стратегиясын алдын-ал болжау , анықтау процесі ретінде
- •49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
- •51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.
- •52)Мектепте оқущылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары, технология туралы түсінік
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары
- •54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы
- •55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде
- •56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.
- •57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.
- •58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері
- •59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.
- •60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу
- •62. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы
- •63.Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясы
- •64)Ұжымдық шығармашылық істер қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмі.
- •65) Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары: маңызы, принциптері, қызметтері
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру әдістемесі
- •67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
- •68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
- •74. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының ерекшелігі
- •75. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы түсінік
- •76.Балалардың үйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығы
- •2. “Мың бала” патриоттық қозғалысының бағдарламасы
- •Негізгі шығармашылық бағыттары:
- •78. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері
- •79) «Салауаттылық», «деннің саулығы», «өмір сүру» салты туралы түсінік.
- •80) «Салауатты өмір салты» тұлғаның барлық жағынан дамуының бірден бір кепілі.
- •81) Салауатты Өмір салты және оны тәрбиелеу – ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.
- •82) Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл-ағартушылардың Салауатты өмір сүру салты туралы ой-пікірлері. Салауатты Өмір сүру салтына тәрбиелеудегі жетекші идеялар. Қазіргі ғылым салауатты өмір салты туралы.
- •83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.
- •84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.
67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
Отбасы және мектеп – тұлғаның балалық және жас өспірім шағының әлеуметтену процесінде ең негізгі және тең құқылы субъектілері. Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын айтқанда, ең алдымен, олар тәрбие әрекетінде өзара байланыс, өзара мирасқорлық және өзара толықтыру принциптеріне негізделуі қажет. Отбасының бала тәрбиесіндегі қызыметін шектемей, жауапкершілішгін төмендетпей, керісінше оған педагогикалық ұжымды қатыстыра отыра педагогикалық процесті белсендіру – білім беру мен тәрбиенің нәтижелілігін арттырудың бірден-бір дұрыс жолы. Ол үшін ата-аналар қауымдастығы нақты тәрбиелік міндеттерді анықтау және оны жүзеге асыруда өздерін педагогикалық ұжымның серіктесі ретінде сезінулері тиіс. Дегенмен педагогтардың отбасына ықпал ету объектілері тек бала ғана емес, сонымен бірге үлкендер де болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымның отбасымен бірге әрекеті өзінде негізгі 3 педагогикалық көмекті қарастырады: білім беру, психологиялық, аралыққа жүру (посреднический). Олар өзара байланысты болып келеді.
Білім беру өзінде әрекеттің екі бағытын қарастырады: отбасына балаларға білім беру және тәрбиелеуге көмек көрсету. Яғни, педагогикалық ұжымның бұл бағытта көмек көрсету әрекеті отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындайтын проблемаларды болдырмау және ата-аналардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Демек, ата-аналарға отбасында балаларды оқыту және тәрбиелеуге қатыстыағартушылық жұмыстарын қарастырады.
Ата-аналарға білім берумен қатар, отбасында бала тәрбиесінің маңызын көтеруге, оның барлық мүмкіншіліктерін арттыруға қатысты педагогтар практикалық сабақтар, тренингтер де ұйымдастыруы мүмкін.
Тәрбиеге қатысты көмек, ең алдымен ата-аналарға кеңес беру негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, арнайы тәрбиелеу жағдаятын тудыру арқылы тікелей балалармен де жүргізіледі. Тәрбие қызметін жүзеге асыруда отбасылық өмірдің негізгі саласы болып ата-аналар борышы, мейірімділігі, қызығушылығы жатады.
Психологиялық көмек өзінде екі компонентті қарастырады: әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және коррекция (түзету). Әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің мәні дағдарыс кезінде отбасында жағымды микроклиматты қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмысты негізінен мектеп психологы нәтижелі атқарады. Көмек кешенді түрде болуы қажет: проблемалар анықталады, отбасындағы қарым-қатынас талданады және т.б. Әртүрлі әдістемелердің көмегімен отбасында туындайтын дау-дамайдың себептері анықталады.
68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады. ата-аналармен жеке кездесу.Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде ең көп тараған форма - ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы дәрістер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс.
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгермейтін және «қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу, үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруде келесі маңызды форма қоғамдық тапсырмалар беру. Бұл форма балаларды тәрбиелеу біліктілігін қалыптастыруға, белсенді педагогикалық ойлауды тудыруға ықпал етеді. Ол үшін оқу жылының басында ата-аналар жиналысында сыныптың тәрбие жоспарын талқылағаннан кейін ата-аналардың арасында сауалнама жұмыстарын жүргізу тиімді.
Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: «Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы», «Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың рөлі».
Ата-аналар үшін кеңес, әсіресе ата-анамен жеке-дара кездесу түрінде, кейбір оқушыға қатысты жалпы жиналыста айтуға болмайтын түйіні қиын, маңызды мәселенің көзбе-көз сөйлесу барысында айтылуымен, оның шешімін табуда өзара пікір алмасуымен құнды.
Теориялық сипаттағы сұрақтар
69.Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің қызметі. Мұғалім белгілі бір сыныпқа ұжым жетекшісіс ретінде тағайындлып,жұмысқа кіріскен жағдайда,өзініңм қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін уш жағдайда қарастыруға болады:1.Педагогикалық және әлеуметтік гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу :оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге,оны әлеуметтік өмірге,араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.Баланың отбасымен ,тәрбиенің басқа да мекемелрімен тығыз байланыс орнату.Рухани адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.2.Ұйымдастыру қызметі.Тәрбие процесін ұйымдастыру.Балалардың орынды талап тілектерін қолдай отыра,ынтымағы жарасқан саналы әрі белсендіәрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру.Олардың танымдық,еңбек ,эстетикалық іс әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым қатынасын ұйымдастыру.Сыныптағы өзін өзі басқаруды дамыту.3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.Оған:диагностикалық,мақсат қоюшылық,жоспарлау,болжам жасау немесе жобалау,бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
70.Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру әдістемесі.Отбасы және мектеп – тұлғаның балалық және жас өспірім шағының әлеуметтену процесінде ең негізгі және тең құқылы субъектілері. Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасын айтқанда, ең алдымен, олар тәрбие әрекетінде өзара байланыс, өзара мирасқорлық және өзара толықтыру принциптеріне негізделуі қажет. Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы – тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Тәрбиеге қатысты көмек, ең алдымен ата-аналарға кеңес беру негізінде жүргізіледі. Сондай-ақ, арнайы тәрбиелеу жағдаятын тудыру арқылы тікелей балалармен де жүргізіледі. Тәрбие қызметін жүзеге асыруда отбасылық өмірдің негізгі саласы болып ата-аналар борышы, мейірімділігі, қызығушылығы жатады.Психологиялық көмек өзінде екі компонентті қарастырады: әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және коррекция (түзету). Әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетудің мәні дағдарыс кезінде отбасында жағымды микроклиматты қалыптастыруға бағытталған. Бұл жұмысты негізінен мектеп психологы нәтижелі атқарады. Көмек кешенді түрде болуы қажет: проблемалар анықталады, отбасындағы қарым-қатынас талданады және т.б. Әртүрлі әдістемелердің көмегімен отбасында туындайтын дау-дамайдың себептері анықталады.Коррекция негізінен отбасында өзара-қарым қатынас барысында туындайды. Яғни, отбасында баланың жүйкесі мен дене күшіне психологиялық күш қолдану жағдайында пайда болады. Бұған баланы қорқыту, ар-намысына тиу, жәбірлеу, оның ар-ұяты мен ожданы, беделіне нұсқан келтіру секілді жағымсыз әрекеттер жатады.Мәселен, ол көпшілік (лекция, ғылыми-педагогикалық конференция, «дөңгелек стол», сұрақ-жауап кеші, ата-аналар жиналысы, кездесу және т.б.); топтық (мектепте немесе сыныптағы ата-аналар комитетімен жұмыс, отбасында бала тәрбиесіне қатысты ата-аналарға кеңес беру, ата-аналар үшін психология-педагогикалық семинар, практикум, кездесу жұмыстары); жеке-дара (балалардың жас және дара ерекшеліктері жайында педагогикалық кеңес, балалардың отбасындағы өмірі мен тұрмысы, еңбегі мен оқуы, отбасылық тәрбиенің сипаты және т.б. зерттеп-тану мақсатында жанұяға бару) формасында болады.Ата-аналар үшін кеңес, әсіресе ата-анамен жеке-дара кездесу түрінде, кейбір оқушыға қатысты жалпы жиналыста айтуға болмайтын түйіні қиын, маңызды мәселенің көзбе-көз сөйлесу барысында айтылуымен, оның шешімін табуда өзара пікір алмасуымен құнды.
71.Сынып жетекшісімен мектеп әкімшілігі пән мұғалімдері жеке оқушымен жұмысының маңызы. Сынып жетекшісі мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына қатысты міндеттерді шешуде, ол мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерінің көмегіне арқа сүйейді. Мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңестің бекіткен жоспары бойынша жұмыс істейді. Сынып жетекшісі мектеп жоспары бойынша белгіленген шаралардың орындалуы барысында өз сыныбындағы оқушылардың оған қатынасын айқындап, оның орындалуына жауап береді, әрі оларды ұйымдастыруға көмектеседі.Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат – оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан-жақты қалыптасуын және күш-жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні – оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.3. Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Адам баласы ақиқат өмірдің заңдылықтары негізінде қалыптасып дамиды. Ендеше, сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі – баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу. Ол үшін, оның өмірден өз орнын табуға, дербестік қасиетін қалыптастыруға, қиын жағдайдан шығу-дың жолын таба білуге көмектесуі қажет. 4. Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын-қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, босқын немесе оралман отбасына т.с.с. Кез келген оқушының сыныпта ерекше қарым-қатынас жасайтын құрбысы болады. Ол оның пікірімен санасады, ой бөліседі және жүріс-тұрысы да бірге болады. Олай болса, мұғалім сол оқушыға ықпал ету арқылы, оларды өзіне ынтымақтастыққа тартады.
72.Мектепте оқушылардың оқу тәрбие процесіне қатысты мәселелерді шешуде сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігімен бірлесе атқаратын жұмыстарының түрлері,бағыттары және мазмұны.Сынып жетекшісі мектеп жағдайында оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына қатысты міндеттерді шешуде, ол мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерінің көмегіне арқа сүйейді.Кезінде, А. С. Макаренко өз тәжірибесіне сүйене отыра, бірде-бір тәрбиешінің жеке тұрып бала тәрбиесінде өз бетінше оң нәтижеге жете алмайтындығын, керісінше, ол мектептің педагогикалық ұжымы және ондағы қоғамдық ұйымдармен бірлесе қызмет жасау қажеттігін айтқан.Осы орайда сынып жетекшісі оқушылардың күнделікті мектептегі өмірі мен еңбегіне қатысты мәселелерді мектеп әкімшілігімен келісе отыра, әрі олардың қолдауы, көмегі негізінде ұйымдастырады. Оған мысал, мектептің ішкі еңбек тәртібі, санитарлық-гигиеналық режімі, қауіпсіздік-техника-лық ережелерінің орындалуы, қоғамдық пайдалы және оқудан тыс тәрбие жұмыстары т.б. мәселелерді жатқызуға болады. Мектеп әкімшілігі педагогикалық кеңестің бекіткен жоспары бойынша жұмыс істейді. Сынып жетекшісі мектеп жоспары бойынша белгіленген шаралардың орындалуы барысында өз сыныбындағы оқушылардың оған қатынасын айқындап, оның орындалуына жауап береді, әрі оларды ұйымдастыруға көмектеседі. Мектеп директорының оқу және тәрбие жөніндегі орынбасарларымен өз сыныбына қатысты мәселелерді бірігіп шешеді. Өз оқушыларының нәтижелі білім алып, тәрбиеленуіне жағдай жасайды, мектеп әкімшілік-терінің барлық құрылымдарын оның жұмысын жақсартуға тартады. Осы орайда пән мұғалімдерінің көмегі ерекше.Сынып жетекшісі және пән мұғалімдері сыныптағы педагогикалық процестің тұтастығын, мақсаттылығын бірлесе қамтамасыз етеді.Мұндай жұмыстың нәтижелі болуы, көбінесе ондағы мақсат пен міндеттердің, соған сәйкес нақтылы бір сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдердің педагогикалық әрекетіндегі түсінушілік пен өзара үйлесімділіктің болуына байланысты.Оның негізгі ұйытқысы және ұйымдастырушысы – сынып жетекшісі. Ол үшін төмендегідей міндеттерді шешуі тиіс:-сол сыныптағы пән мұғалімдерінің дара ерекше-ліктерін, олардың балалармен тәрбие жұмысын ұйымдас-тырудағы мүмкіншіліктерін танып білу;
-мұғалімдердің педагогикалық әрекетінің, балалармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін танып білу;
-мұғалімдер мен сыныптағы оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасындағы үйлесімділік жағдайын реттеп отыру;
-педагогикалық әрекеттің жалпы мақсатын анықтап, оған қол жеткізуде барлық қатысушы жақтардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
-мұғалімдердің балалар және ата-аналармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы мүмкіндіктерін педагоги-калық тұрғыдан дұрыс пайдалану тиімділігін қарастыру.
73.Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өзара байланысының ерекшеліктері.Сынып жетекшісі және пән мұғалімдері сыныптағы педагогикалық процестің тұтастығын, мақсаттылығын бірлесе қамтамасыз етеді. Олар оқушылар ұжымы және жекелеген оқушымен жұмыс барысында жалпы білім беру және тәрбие мәселесіне қатысты міндеттерді бірлесе шешеді: таным белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, дербестігін, жауапкершілігін дамыту т.с.сСынып жетекшісі мұғалімдердің оқушылар ұжымымен жұмысындағы жалпы мақсат пен міндеттерін анықтауға, оның жолдарын және негізгі педагогикалық құралдарын белгілеуге, сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыруға сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін тартады, олардың оқу-тәрбие жұмыстарындағы әрекетін, оқушылар ұжымымен және жекелеген оқушылармен жұмысын үйлестіреді.Соны-мен қатар, оқушылардың танымдық, тәрбиелік мүмкінші-ліктерін танып білуде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады. Олармен бірлесіп әртүрлі диагностикалық карталарын құрып, дайындайды.Кейбір балалардың оқу қабілеттерін анықтап бағалауды олардың ата-аналарымен және пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізеді. Мұндай жағдайда әртүрлі мәліметтерді салыс-тырып, талдаудың және оның нәтижесімен мұғалімдерді таныстырып отырудың маңызы ерекше.Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдерінің өз ара байланысының негізіне: -балалар, олардың өзара қарым-қатынасы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және оның нәтижесі туралы өзара ақпар алмасу;
-күрделі мәселелерді шешуде өзара көмек, өзара қолдау көрсету;
-сыныптың және әрбір оқушының нәтижелі жұмыс істеуіне мүдделі болу;
-педагогикалық мәселелерді шешудің жолдарын бірлесе қарастыру, сыныптың алдына қойылған мақсат пен міндеттерін атқаруда бірлесе күш жұмсау;
-атқарылған шаралардың нәтижесін бірлесе талдау;
-сынып ұжымымен немесе жекелеген оқушымен болашақта атқаратын жұмыстарын бірлесе анықтап, белгілеу.
Сынып жетекшісі пән мұғалімдерін балалардың даму қозғалысымен, олардағы жетістіктер мен қиындықтары және отбасындағы өзгеріс туралы үнемі жүйелі түрде хабардар етіп отыруы тиіс. Сол үшін де пән мұғлаімдерімен кеңесіп, одан шығу жолдарын іздеуде бірлесе отыра өзара іс-қимыл жасау қажеттігі туындайды. Сондай-ақ, ол пән мұғалімдері мен ата-аналардың қарым-қатынасын реттеп, олардың бала тәрбиесіне қатысты мәліметтер алмасуды, оқушылардың үй тапсырмасын нәтижелі орындауға қажетті кеңес беруін қамтамасыз етуді көздеп, өзара кездесуін ұйымдастырып отырады.Әсіресе, пән мұғалімдерін сыныптағы тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, соған сай жоспар құруда оларды тартудың да маңызы зор.Әсіресе, пән мұғалімдерін сыныптағы тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, соған сай жоспар құруда оларды тартудың да маңызы зор.Сынып жетекшісі және пән мұғалімдері сыныпқа қатысты өзара бірлескен жұмыстарын жүзеге асыруда өздерінің қызметін нақты белгілеп алғандары жөн.Сынып жетекшісінің және пән мұғалімдерінің өзара әрекетінің бір формасы педагогикалық консилиум. Мұның ерекшелігі оларда бала тәрбиесіне қатысты бірыңғай көзқарасты және әрекеттегі үйлесімділікті қалыптастыруға ықпал етеді.
