Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.

“Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П. С. Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл болады. Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеметтену жағдайына нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.

Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру бағдарламасының болуы – бүгінгі өмір талабы. Ол үшін, мұғалімдерде көптеген ғылым саласынан жинақтаған білімдердің болуы шарт: философия, психология, анатомия және физиология, медицина, гигиена, валеология, педагогика, этика, эстетика, экология т.б.

84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.

Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына”  3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ,  ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.  

Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру және оның жүйесін құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанымын (принциптерін) немесе басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы, төмендегідей болып құрылуы мүмкін:

-“Мен ең жоғары құндылық қатарындамын”. Адамның өзін-өзі сүюі - өзінің өмір сүру ақиқаттығына қуануы және өзіне өмір берген табиғатқа жоғары ризашылық сезімінің болуы. Өзін-өзі сүю, яғни өзіне тұлға ретінде құрметпен қарау.

-“Басқа белгісіз адам және барлық адамзат – ол да жоғары құндылық”. Қашан адамды басқадай көруге үйренесің, сонда ғана сен адам боласың” (А.Н.Радищев). Қайсібір адамды немесе оқушыны – “жақсы” болсын, “жаман” болсын, - оның барлық жағынан қандай екеніне қарамастан қабылдау. Содан кейін өз мүмкіншілігіңе сай оны жақсылыққа бағыттауға, оның дара ерекшелігін оятуға, қамқор болуға тырысу.   

-“Мені қоршаған өмір жағдайы әр түрлі болып келуі мүмкін: жақсы немесе жаман, бірақта менің өзімнің тікелей оған қатынасыма орай, оны өзімнің пайдама асыруға тырыса-мын”. Қиыншылықты жеңу барысында дене мүшелері шың-далады, рух қатаяды, ақыл-ой жетіледі. Қандай да болмасын өмір құбылысының, заттың, адамның, өнер туындыларының жетістігі мен кемшілігі болады. Дегенмен де, олардың әр қайсысын өзімнің жетілуіме пайдалануыма болады. т.с.с.

84.Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары, ұстанымдары, жолдары. Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына байланысты.Салауатты өмір сүру идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір сүруді ынталандыру және оның жүйесін құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанымын (принциптерін) немесе басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы, төмендегідей болып құрылуы мүмкін:

-“Мен ең жоғары құндылық қатарындамын”. Адамның өзін-өзі сүюі - өзінің өмір сүру ақиқаттығына қуануы және өзіне өмір берген табиғатқа жоғары ризашылық сезімінің болуы. Өзін-өзі сүю, яғни өзіне тұлға ретінде құрметпен қарау.

-“Басқа белгісіз адам және барлық адамзат – ол да жоғары құндылық”. Қашан адамды басқадай көруге үйренесің, сонда ғана сен адам боласың” (А.Н.Радищев). Қайсібір адамды немесе оқушыны – “жақсы” болсын, “жаман” болсын, - оның барлық жағынан қандай екеніне қарамастан қабылдау. Содан кейін өз мүмкіншілігіңе сай оны жақсылыққа бағыттауға, оның дара ерекшелігін оятуға, қамқор болуға тырысу.   

-“Мені қоршаған өмір жағдайы әр түрлі болып келуі мүмкін: жақсы немесе жаман, бірақта менің өзімнің тікелей оған қатынасыма орай, оны өзімнің пайдама асыруға тырыса-мын”. Қиыншылықты жеңу барысында дене мүшелері шың-далады, рух қатаяды, ақыл-ой жетіледі. Қандай да болмасын өмір құбылысының, заттың, адамның, өнер туындыларының жетістігі мен кемшілігі болады. Дегенмен де, олардың әр қайсысын өзімнің жетілуіме пайдалануыма болады. т.с.с.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:

Биологиялық принцип:

- Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;

- Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;

- Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

- Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;

- Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.

Әлеуметтік принциптер:

- Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;

- Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;

- Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;

- Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету.

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.Жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға сәйкес, әрбір адамның өзіндік бағдарламасы болуы мүмкін.

85. «Салауаттылық», «дененің саулығы», «өмір сүру салты» туралы түсініктің мәнін ашу.Салауаттылық”, яғни “деннің саулығы” – Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік саулықтың, есендіктің  толыққанды түрдегі жағдайы. “Деннің саулығы” – адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене мүшелерінің қалыпты жағдайы.“Өмір салты” – адамның денелік, интеллектуальдық және еңбек әрекетін; тұрмыстық өзара қарым-қатынасын; дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” – деннің саулылығына нәтижелі ықпал ететін “салауатты өмір сүру” ұғымын білдіреді.Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:

-ең жақсы үйлесімді тәртіп;

-иммунитетті және денені шынықтыру;

-дұрыс тамақтану;

-орнықты өмір сүру әдеті;

-зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса да - әдет қалмайды”);

-жоғары дәрігерлік белсенділік - деп түсіндіреді.  

Қазақта “Деннің саулығы - бастың амандығы” - деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі, жаңа ХХІ ғасырдың адамы – дені сау, рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам - қоғамның маңызды құндылығы.Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз, кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді өзің сүю, құрметтеуден басталады.  Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына”  3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие жұмысының мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ,  ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.