- •1 )"Тәрбие жұм теор мен әдістемесі" "Педагогика "курсының "Тәрбие "теориясының бір саласы ретінде
- •9 Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.
- •10 Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).
- •11. Сыныптағы тәрбие жүйесінің жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде
- •12. Тәрбие жұмысының субъектісі, субъектілердің өзара қарым қатынасы тәрбие жұмысының қызметі ретінде
- •13. Сынып жетекшісі, оның міндеттері , жұмысының ерекшеліктері
- •15. Сынып жетекшісінің қызметі
- •16. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
- •17. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
- •20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
- •21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
- •22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері
- •23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- •24 Сыныптан тыс тәрбие жумусынын кызмети мен мазмуны
- •25 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптері:
- •26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмнде педагогтың қызметі
- •28.Оқушыларды мектептен тыс жұмыстарда салауатты өмір сүруге ынталандыру.
- •29.Сынып жетекшісінің қызметінің Кеңестік дәуірдегі жұмысының ерекшеліктері.
- •30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тұсындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •31. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық педагогикалық диагностикасын жүргізудің мәні, мақсаты, міндеттері.
- •32 Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық – педагогикалық диагностикасының түрлері, қызметі және ұйымдастыру технологиясы
- •33.Сыныптың педагогикалық прроцесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.
- •35) Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу технологиясы
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік
- •41.Тәрбие жұмысында мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері ,кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары
- •42. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: еркін мақсат қою, кіріккен, қатаң.
- •44.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •45. Мектеп пен сыныптың тәр.Жұм-ң жоспары: түрі, қызметі, құрылымы, мазмұны.
- •47. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогикалық талаптар және ұсыныстар жүйесі
- •48. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалр ұжымының дамуын жіне мектеп пен сыныптың тәрбие жұмвстарның стратегиясын алдын-ал болжау , анықтау процесі ретінде
- •49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
- •51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.
- •52)Мектепте оқущылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары, технология туралы түсінік
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары
- •54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы
- •55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде
- •56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.
- •57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.
- •58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері
- •59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.
- •60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу
- •62. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы
- •63.Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясы
- •64)Ұжымдық шығармашылық істер қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмі.
- •65) Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары: маңызы, принциптері, қызметтері
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру әдістемесі
- •67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
- •68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
- •74. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының ерекшелігі
- •75. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы түсінік
- •76.Балалардың үйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығы
- •2. “Мың бала” патриоттық қозғалысының бағдарламасы
- •Негізгі шығармашылық бағыттары:
- •78. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері
- •79) «Салауаттылық», «деннің саулығы», «өмір сүру» салты туралы түсінік.
- •80) «Салауатты өмір салты» тұлғаның барлық жағынан дамуының бірден бір кепілі.
- •81) Салауатты Өмір салты және оны тәрбиелеу – ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.
- •82) Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл-ағартушылардың Салауатты өмір сүру салты туралы ой-пікірлері. Салауатты Өмір сүру салтына тәрбиелеудегі жетекші идеялар. Қазіргі ғылым салауатты өмір салты туралы.
- •83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.
- •84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.
49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
Жоспар қандай болуы керек, оган қандай талаптар қойылады? Жоспар пәрмеңді құжат болуы үшін, сыныпта тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру үшін ол бірқатар педагогикалық талаптарға жауап беруі керек. I. Жоспардың белгілі мақсатқа бағытталуы. Тәрбие жұмысының жоспары іс-әрекетке басшылық бола алады, бұл үшін, ол мектеп оқушыларына тәрбиө берудегі нысаналықты, оны мектептің ортақ мақсатына бағындыруды қамтамасыз ететіндей идеялық жағынан мақсатқа бағытталған болуы көрек. Барлық жёкелеген тәрбие міндеттері мектептің негізгі мақсатын шешуге оқушларды жан-жақты дамытуга, оларды өмірге дайындауға жәрдемдесетін болуы керек. Жоспардың мазмұны идеялық-саяси, қоғамдық пайдалы бағытта болуын қамтамасыэ ету керек. ІІ. Сыныптағы тәрбие жұмысы мазмұнының, формаларының және әдістерінің әртүрлі болуы. Трәжірибелі сынып жетекшілері тәрбие жұмысының әртүрлі формалары мен әдістерін қолданады. Бұл тәрбие жұмысын эмоциялы және қызықты етуге көмектеседі. Жоспарда жалпы шаралармен қатар оқушылардың қызығулары мен білімділіктерін ескере отырып, топтық және жеке-даралық жұмыстарды қарастыру керек. Соңғы жылдары оқулар түрлі лекторийлар, саяси хабарламашылардың семинары сияқты тәрбие формалары кең өріс алуда. ІІІ. Оқушыларды тәрбиелеудің сабақтастығын, жүйелілігін және дәйектілігін қамтамасыз ету. Бұл талапта әрбір келесі шаралар өзінен бұрынғылардың жалғасы болып табылады және тәрбиенің қол жеткен нәтижелеріне негізделеді. Жоспар өткен уақыт ішінде істелген істерді және жалпы мектептік жоспарда көрсетілген келешек міндеттерді ескере отырып жасалады. Егер қол жеткен нәтижеге сүйенбесе, істелген жұмыстың нәтижелерін баянды етуі мүмкін емес. Бірінші, екінші, үшінші тоқсанның жоспарларында күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде жүргізілетін, ал төртінші тоқсанның жартысында еңбек пен демалыс мәселелерін ұйымдастыру кезіндегі жұмыстар көрсетілуі тиіс. Оқу жұмысынан айырмашылығы – оқушыларды тәрбиелеуде үзіліс болмауы керек. IV. Жоспардың нақтылы болуы. Жоспар жасағанда орындалмайтын міндетті қоймаған жөн. Белгіленген жұмыстардың көлемі оқушылар коллективінің мүмкіндігіне сай болуы қажет. Барлық жұмыстарды қамтимын деп сынып жетекшісі көп шараларды белгілемегені жөн. Бірнеше ғана нақтылы міндеттерді белгілеп, мұғалімдердің көмегімен оқушылар ұжымы арасында және ата-аналармен әртүрлі жұмыстарды жүргізген жөн. V. Жұмысты келісіп жоспарлау. Жоспарды жасамастан бұрын мектептің жоспарымен танысып, оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін, сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен келісіп, олардың тілектерін ескеру керек. - Сынып жетекшісінің қызметін жоспарлаудың формалары. Сынып жетекшісінің жоспары тек мақсат емес, бұл тәрбие жұмысының сапасын арттырудың құралы. Сондықтан жоспардың формасы ыңғайлы, икемді, сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нақтылы жағдайларын ескерген болуы керек. Жоспарға өмір талап ететін және ойдағыдай орындалатын шаралар болуы керек. Әрине, ол шаралар кездейсоқ емес, тәрбие жұмысы жүйесінде біте қайнасқан буындар болуы керек. Мектеп тәжірибесінде сынып жетекшілерінің жоспарлары түрліше құрылып, әртүрлі бөлімдерден тұрады. Себебі, әр сыныптың жұмыс жағдайлары бірдей емес, жаңа бастаған сынып жетекшісі жоспарды кең, көлемді етіп жасаса, тәжірибелі педагог қысқаша тұжырымдауы мүмкін. Қандай жағдайда болмасын сынып жетекшілерінің жоспары, тәрбие жұмысының негізгі мазмұны мен бағытын, сынып коллективінің даму болашағын бейнелейтін болуы керек.
