Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері

Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. 

талдау жұмыстарын атқару үшін уақыт тапшылығымен санаспай, жан-жақты ізденісті ұйымдастыру қажет. Тәжірибе көрсеткендей, ол болащақтағы атқарылар істерге қатысты нақтылы мағлұматтар алу үшін, әрқашан да өзінің жемісін берері анық. Сынып жетекшісінің оқу жылының қорытындысына талдау жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарының шартты түрде алған жоспары: 1. Талдау жұмыстарының мазмұны мен формасын белгілеу үшін оқушылар және ата-аналар белсенділерінің отырысын ұйымдастыру. 2. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының нәтижесін анықтау үшін “срез” тәсілін жүргізуі. 3. Сынып ұжымымен талдау жұмысының әдістемесін ойластыру. 4. Сынып жұмысының қорытындылауға сай оқушы-лардың пікірін ескере отыра, оларға тапсырма беру. 5. Оқушылардың және ата-аналармен, пән мұғалімдерімен бірлесе отыра ұжымдық талдау жұмыстарын жүргізу. 6. Талдау жұмыстарының материалдарын өңдеу (са-раптау, кесте, сызбалар сызу т.с.с.). 7. Оқушылар және ата-аналар белсенділерімен талдау жұмысының нәтижесін жазбаша қорыту. 8. Талдау жұмысының қорытындысын мектеп әкім-шілігінің тәрбие жөніндегі орынбасарына тапсыру. Әрине, мұндай жұмыстарды атқару сынып жетекшісінен шыдамдылық пен төзімділікті, орасан күш-жігерді және кең көлемді тәжірибе мен асқан ұйым-дастырушылық қабілетті қажет етеді. Сондықтан, талдау жұмысының нәтижесін қорытындылау барысында, оған қатысты барлық материалдарды ой елегінен өткізіп, негізгі кезеңдер мен ондағы шешімдерді бөліп көрсетіп, болашақта сыныпта атқарылатын жұмыстарды сипатын, мазмұнын анықтау пайдалы болмақ. Талдау жұмысының нәтижесімен сол сыныпта жұмыс істейтін барлық пән мұғалімдері таныс болуы тиіс. Себебі, олар болашақта атқаратын педагогикалық әрекеттерін жоспарлауда, оның нәтижесін ескерулері тиіс. Сынып жетекшісі оқу жұмысына талдау жұмысын ұйымдастыруда бірнеше қиындықтарға тап болады. Солардың ішінде талдау сызбасы мен оның құрылымын анықтау. Ол көбінесе талдаудың мақсаты және міндеттеріне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты анықталады. Сондықтан, әрбір атқарылған іс-шара соңында ұжым болып талдау жұмысын атқарып отырған пайдалы. Бүгінде мектеп тәжірибесінде қолданып жүрген талдау жұмысының әр түрі бар. Олар көбінесе нысанаға (нендей нәрсе талданады), субъектіге (кімдер талдайды), талданып отырған мәселенің мазмұны мен уақытқа сәйкестігіне байланысты қарасырылады. Дегенмен де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мұндай жағдайда сынып жетекшілері нақты жұмыс формаларына сай талдауды жүргізеді. 

61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу

Оқушылар ұжымы – оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі.Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы,ауызбірлігі,белсенділігі, іскерлігі,жауапкершілігі.

Оқушылар ұжымын тәрюиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әр түрлі ұжымға тап келеді.Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп,қалыптасуына байл оның кейінгі уақыттағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді,қайсібір әрекеті нәтижелі болады.Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді.Соған орай ұжымдағы қарым қатынас жүйесі бір бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болады.Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады.Аристотельдің айтуынша,адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан,тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады.Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік ,достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкіндік туады.