Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы

Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы:

1. Тәрбиеленушілерге үш бағыттағы: сана, сезім, тәртіп арқылы ықпал ету.

2. Тұлғаның өзін-өзін тәрбиелеуі мен сыртқы педагогикалық ықпалдың шектеулі түрде бірігуі арқылы қол жеткізілген оң қорытындылар.

3.Ұжымдық топ, провалық тәртіп-органдары, жанұялар, әдебиет пен өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік институттар мен бірлестіктер тәртібіне қатысты бар барлық күштер кординациясы мен бірлігі.

44. Тұлғалық қасиеттер нақты тәрбиелік жұмыстарының жүйесі арқылы құрылады.

5. Комплекстік әдіс тәрбие процесін және оның басқарылу жүйелілігін көздейді

55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде

56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.

Сынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:

Кіріспе бөлім – мәселе қою

Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар

Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау.

Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі формалар мен әдістер және тәсілдер қолданылады: әңгіме, газет, журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға лекциялары, дөңгелек стол өткізу, туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т.б. Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде жетекшілердің еске алатын негізгі міндеті осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, ақылдасып, кеңесіп отыру керек. Сондай-ақ, жетекші сынып белсенділерімен алдын-ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке-дара топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артып, ой-сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Себебі, сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп тауып, оған қатысты альбомдар, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге атсалысса, кейбір жекелеген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастырады. Білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.

Бұл сынып жетекшісі жұмысының ішіндегі ең күрделі кезеңі. Себебі, ол педагогикалық процестің мәнін танып білуге аса зор ықпал етеді. Әрбір жағдайды талдау жұмысының нәтижесінде, оған дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, түзетулер және толықтырулар енгізіп отыруға мүмкіндік туады. Ол сынып жұмысының мақсат міндеттері және оны жоспарлау жұмысымен тығыз байланысты болады. Сондықтан да сынып жетекшісі үшін, оны атқарудың маңызы ерекше. Талдау жұмысының мақсаты - оқу жылының соңында сынып көлемінде жалпы педагогикалық процестің нәтижесін бағалауды, келешекте оның жұмысын жетілдірудің жаңа нұсқасын жоспарлауды және жаңа оқу жылының мақсат, міндеттерін анықтап, негіздеуді көздейді. Оның нәтижесі оқушылармен, ата-аналармен және пән мұғалімдерімен  атқарылатын оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау барысында қолданылады. Оқу жылының қорытындысына талдау жүргізу негізінен бір жыл бойы жүргізілген жұмыстардың мәліметтері, оларды талдау қорытындысы, сауалнама жүргізу және зерттеу нәтижесі барысымен байланысты атқарылады. Қорытындысында, педагогикалық әрекетті жетілдіруге сай нақтылы ұсыныс білдіру және бірыңғай ортақ көзқарас қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі. Оны мамыр және маусым айларында атқару тиімді.Оқу жылында атқарылатын жұмыстарға қатысты басқа да мәліметтерге және тоқсандық оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау жұмыстарын жүргізуге қарағанда, жылдық талдау көлемі, сипаты жағынан күрделі болып келеді.