Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тмвр теория.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308 Кб
Скачать
☆

22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері

Қосымша дамыту бiлiм беру бағдарламалары мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде iске асырылады.

Мектептен тыс мекемелер балалар мен жастардың әлеуметтiк және кәсiби өзiн-өзi табуындағы қабiлеттерi мен мүдделерiнiң дамуының бiрден бiр анықтау факторлары болып табылады.

Казiргi қосымша дамыту жүйесi бiлiм алушыларға өз тiлектерiне, мүдделерiне, потенциалдық мүмкiншiлiгiне сәйкес көркем және техникалық өнерпаздықпен, туристiк-өлкетану, эколого-биологиялық, әскери-патриоттық қызметпен, спортпен және зерттеу жұмыстарымен айналысуға мумкiншiлiк бередi. Бүгiнгi күнге республикада 629 мектептен тыс мекемелер жұмыс iстеуде. Ондағы дәрiс алушылар саны- 270 мыңнан астам бала.

Өндiрiстiн дамуы, ғылым және техника саласындағы жетiстiктердi арттыру тек балалар мен жастардын шығармашылық техникалық қабiлеттерiн ерте дамыту, дарынды балаларды анықтау, олардың шығармашылық еңбегiне қажеттi жағдай жасау арқылы мүмкiн. Осы мақсатта республикада жылына екi рет жас техниктер, рационализаторлар форумы және «Жастар шығармашылығың көрмесi өткiзiлiп тұрады.

Көптүрлi қосымша дамыту мектептен тыс мекемелер арасында аула клубтары ерекше орын алады. Республикада тиянақты қызмет ететiн клубтар саны-219

Клубтық қызмет негiзiнде әр түрлi денгейдегi халықты қамтуға арналған, отбасына көмек теседi және клуб жұмысына отбасының қатысуын қамтамасыз етедi.

Қосымша дамыту балаларға-жалпы бiлiм беру ұйымдарындағы мектепке дейiнгi жастан бастап мектеп бiтiрушiлерге дейiн, сонымен бiрге олардың ата-аналары, сондай-ақ осы жүйеде жұмыс iстейтiн ұстаздар үшiн қажет болып табылады. Мектептен тыс мекемелердегi балалар саны жылдан-жылға көбейюде. Ал бұл, балалардың сабақтан бос уақытта сүйiктi жұмысымен айналысатының бiлдiредi. Сонымен, мектептен тыс мекемелер тек дамыту, тәрбиелеу ғана емес сондай-ақ алдын-алу функциясын атқарады.

Мектептің тәрбие жүйесінің құрамды бөлігі − мектептен тыс жүргізілетін жұмыстар болып есептеледі. Оқушылардың пән сабақтарында меңгерген білімдерін, үлгі-өнегелерін мектептен тыс уақытта жүргізілген жұмыстарда пайдалану қоғамдық еңбекпен айналысуға ой-өрістерінің кеңеюіне үлкен ықпалын тигізеді.

23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерде көрсетілген:

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қа-лыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей “қиын балада” өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Тәрбие жұмысы барысында мұғалімдер оны не күшейтеді, болмаса өзіне деген жағымды әсерді өзгертеді. Соған орай дұрыс ұйымдастырыл-ған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімінің орнауына жағдай туғызады.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалып-тасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адам-гершілік, эмоциональдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциалық сала шығармашылық әрекетте эстети-калық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағыт-талған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.