- •1 )"Тәрбие жұм теор мен әдістемесі" "Педагогика "курсының "Тәрбие "теориясының бір саласы ретінде
- •9 Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.
- •10 Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).
- •11. Сыныптағы тәрбие жүйесінің жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде
- •12. Тәрбие жұмысының субъектісі, субъектілердің өзара қарым қатынасы тәрбие жұмысының қызметі ретінде
- •13. Сынып жетекшісі, оның міндеттері , жұмысының ерекшеліктері
- •15. Сынып жетекшісінің қызметі
- •16. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
- •17. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
- •20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
- •21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
- •22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері
- •23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- •24 Сыныптан тыс тәрбие жумусынын кызмети мен мазмуны
- •25 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптері:
- •26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмнде педагогтың қызметі
- •28.Оқушыларды мектептен тыс жұмыстарда салауатты өмір сүруге ынталандыру.
- •29.Сынып жетекшісінің қызметінің Кеңестік дәуірдегі жұмысының ерекшеліктері.
- •30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тұсындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •31. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық педагогикалық диагностикасын жүргізудің мәні, мақсаты, міндеттері.
- •32 Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық – педагогикалық диагностикасының түрлері, қызметі және ұйымдастыру технологиясы
- •33.Сыныптың педагогикалық прроцесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.
- •35) Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу технологиясы
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік
- •41.Тәрбие жұмысында мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері ,кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары
- •42. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: еркін мақсат қою, кіріккен, қатаң.
- •44.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •45. Мектеп пен сыныптың тәр.Жұм-ң жоспары: түрі, қызметі, құрылымы, мазмұны.
- •47. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогикалық талаптар және ұсыныстар жүйесі
- •48. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалр ұжымының дамуын жіне мектеп пен сыныптың тәрбие жұмвстарның стратегиясын алдын-ал болжау , анықтау процесі ретінде
- •49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
- •51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.
- •52)Мектепте оқущылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары, технология туралы түсінік
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары
- •54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы
- •55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде
- •56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.
- •57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.
- •58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері
- •59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.
- •60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу
- •62. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы
- •63.Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясы
- •64)Ұжымдық шығармашылық істер қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмі.
- •65) Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары: маңызы, принциптері, қызметтері
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру әдістемесі
- •67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
- •68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
- •74. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының ерекшелігі
- •75. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы түсінік
- •76.Балалардың үйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығы
- •2. “Мың бала” патриоттық қозғалысының бағдарламасы
- •Негізгі шығармашылық бағыттары:
- •78. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері
- •79) «Салауаттылық», «деннің саулығы», «өмір сүру» салты туралы түсінік.
- •80) «Салауатты өмір салты» тұлғаның барлық жағынан дамуының бірден бір кепілі.
- •81) Салауатты Өмір салты және оны тәрбиелеу – ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.
- •82) Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл-ағартушылардың Салауатты өмір сүру салты туралы ой-пікірлері. Салауатты Өмір сүру салтына тәрбиелеудегі жетекші идеялар. Қазіргі ғылым салауатты өмір салты туралы.
- •83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.
- •84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуте тәрбиелейді.
19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде соған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде оқушылардың кең көлемде әрі терең, жан жақты тәрбиелік ықпал ете алады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
Сыныптан тыс жұмыс түрлері. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі -сыныптан тыс жұмыстар. Оның мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақыттарын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Мектептегі оқу үлгерім сапасы оқушылардың пәнге қалай қызыққанына тікелей байланысты. Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың кең тараған түрі – үйірме жұмысы. Мұны ұйымдастыру жүргізу үстінде мұғалімің шығармашылық дербестігі айқын көрінеді. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі алынған тақырыбының үйретушілік және тәрбиелік маңызына ерекше мән бергені жөн. Жұмысты жүргізу әдістері көп жағдайда әр түрлі болады. Дегенмен үйірме сабақтарында проблемалық, эвристикалық әдістерді жиі пайдаланған дұрыс. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, ізденгіштік дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ойлау – баланың таным әрекеттерінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды, заңдылықтарды ұғады. Ойлау сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады. Ойлау – белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен – өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізіп отыру қажет. М. Жұмабаев: ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек – деген.
