- •1 )"Тәрбие жұм теор мен әдістемесі" "Педагогика "курсының "Тәрбие "теориясының бір саласы ретінде
- •9 Мектептің тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы ретінде.
- •10 Мектептің тәрбие жүйесін басқару (педагогикалық менеджмент).
- •11. Сыныптағы тәрбие жүйесінің жұмысы мектептің тәрбие жүйесінің компоненті ретінде
- •12. Тәрбие жұмысының субъектісі, субъектілердің өзара қарым қатынасы тәрбие жұмысының қызметі ретінде
- •13. Сынып жетекшісі, оның міндеттері , жұмысының ерекшеліктері
- •15. Сынып жетекшісінің қызметі
- •16. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
- •17. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту технологиясы.
- •19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты мен міндеттері
- •20. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі
- •21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
- •22. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері
- •23. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері.
- •24 Сыныптан тыс тәрбие жумусынын кызмети мен мазмуны
- •25 Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру принциптері:
- •26 Қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмнде педагогтың қызметі
- •28.Оқушыларды мектептен тыс жұмыстарда салауатты өмір сүруге ынталандыру.
- •29.Сынып жетекшісінің қызметінің Кеңестік дәуірдегі жұмысының ерекшеліктері.
- •30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі тұсындағы сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының ерекшеліктері
- •31. Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық педагогикалық диагностикасын жүргізудің мәні, мақсаты, міндеттері.
- •32 Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының психологиялық – педагогикалық диагностикасының түрлері, қызметі және ұйымдастыру технологиясы
- •33.Сыныптың педагогикалық прроцесінің диагностикалық жағдайын зерттеу әдістемесі.
- •35) Оқушының жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу технологиясы
- •38.Окушылар мен сынып ужымынын диагностикасына койылатын талаптар.
- •39) Мақсат, міндет, мақсатқоюшылық туралы түсінік
- •41.Тәрбие жұмысында мақсатқоюшылық процесінің ерекшеліктері ,кезеңдері және оны ұйымдастыру жолдары
- •42. Топта мақсатқоюшылықтың түрлеріне сипаттама: еркін мақсат қою, кіріккен, қатаң.
- •44.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •45. Мектеп пен сыныптың тәр.Жұм-ң жоспары: түрі, қызметі, құрылымы, мазмұны.
- •47. Тәрбие жұмысын жоспарлауда педагогикалық талаптар және ұсыныстар жүйесі
- •48. Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар мен балалр ұжымының дамуын жіне мектеп пен сыныптың тәрбие жұмвстарның стратегиясын алдын-ал болжау , анықтау процесі ретінде
- •49.Тәрбие жұмысын жоспарлау көздері
- •50.Тәрбие жұмысының жоспарын құруда педагогикалық талаптарды ескеру
- •51. Тәрбие жұмысын жоспарлауда сынып жетекшісі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың өзара әрекеттесуі.
- •52)Мектепте оқущылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары, технология туралы түсінік
- •53) Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формалары
- •54.Тәрбиелік шараларды ұйымдастыру технологиясы
- •55. «Сынып сағаты» оқушылармен сыныптан тыс тәрбие сағаты ретінде
- •56. Сынып сағатын даярлау және өткізу технологиясы.
- •57.Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау маңыздылығы.
- •58. Мектеп немесе сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдаудың түрлі формалары мен кезеңдері
- •59. Сыныптың тәрбие жұмыстарының нәтижесін талдау технологиясы.
- •60. Талдау жұмыстарының нәтижесін мектеп немесе сыныптың оқу тәрбие жұмыстарында пайдалану ерекшеліктері
- •61 Мектеп пен сынып өмірінде оқушылар ұжымын қалыптастыру маңыздылдығын дәлелдеу
- •62. Мектеп пен сыныптағы оқушылар ұжымының түрлері, құрылымы
- •63.Оқушылар ұжымының даму сатылары және оны ұйымдастыру технологиясы
- •64)Ұжымдық шығармашылық істер қызметі, принциптері, құрылымы, ұйымдастыру алгоритмі.
- •65) Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары: маңызы, принциптері, қызметтері
- •66. Сыныпта оқушылар жиналысын ұйымдастыру әдістемесі
- •67. Оқушының отбасы мен мектептің және сыныптың өзара қарым қатынасын ұйымдастыру маңыздылығы
- •68. Оқушының отбасымен мектептің және сыныптың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру формалары.
- •74. Сынып жетекшісінің жеке оқушымен жұмысының ерекшелігі
- •75. Балалар ұйымдары мен бірлестіктері туралы түсінік
- •76.Балалардың үйымдары мен бірлестіктерінің оқушылар ұжымын тәрбиелеуде маңыздылығы
- •2. “Мың бала” патриоттық қозғалысының бағдарламасы
- •Негізгі шығармашылық бағыттары:
- •78. Балалардың бейресми ұйымдары мен бірлестіктері
- •79) «Салауаттылық», «деннің саулығы», «өмір сүру» салты туралы түсінік.
- •80) «Салауатты өмір салты» тұлғаның барлық жағынан дамуының бірден бір кепілі.
- •81) Салауатты Өмір салты және оны тәрбиелеу – ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе.
- •82) Түрлі тарихи дәуірдегі ойшыл-ағартушылардың Салауатты өмір сүру салты туралы ой-пікірлері. Салауатты Өмір сүру салтына тәрбиелеудегі жетекші идеялар. Қазіргі ғылым салауатты өмір салты туралы.
- •83) Оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты.
- •84) Оқушылардың салауатты өмір салтына тәрбиелеу шарттары және ұстанымдары және жолдары.
21. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде.
Тәрбие жұмысы – тәрбие жүйесінде субьект ретінде мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыруда балаға жасаған ықпалы, яғни педагогикалық әрекеті.
Мектептен тыс тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті болып табылады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, мектептен тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, мектептен тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.
Төртіншіден, мектептен тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар “бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін” деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, мектептен тыс тәрбие жұмысы оқушылар-дың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыс-тарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
