Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468 Кб
Скачать
☆

55.Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.

Жалпы алғанда барлық тканьдерінде шамамен 140г.холестерин болады.Қанда холестерин жане оның эфирлерінің концентрациясы 3,9-6,5 ммоль/л.Әсіресе жүйке ткані жане бүйрек үсті бездері холестеринге бай.Тканьдерде холестерин бос түрде және май қышқылдарымен этерифицирленген холестеридтер түрінде болады.

Ағзадағы холестериннің деңгейі тағаммен түсетін холестеринмен немесе оның ағзада ситезделуімен қамтамасыз етіледі. Өсімдік тектес тағаммен тамақтанған жағдайда,холестерин денгейінің сақталу механизмі –оның ситезі болып табылады.Холестериннің синтезі үшін қажетті ферменттер жетілген эритроциттерден басқа клеткалардың барлығында бар.Адам ағзасында бір тәлікте ситезделетін холестериннің жалпы мөлшері 1 грамға жетеді.Холестериннің көп бөлігі

( 80%)бауырда,10%-ы жіңішке ішекте,5%-тері клеткаларында

Ситезделеді .

Холестериннің ситезі үшін ең басты зат-ацетил-КоА болып табылады жане - β -гидроксил-Вметилглутарил-КоА түзілуі кезеңіне децін холестериннің синтезі кетон денелерінің синтезі сиқты өтеді

Ары қарай редуктазаның әсерінен тотықсызданған НАДФ-тың (НАДФН2) қатысуымен β -гидрокси- β -метилглутарил-КоА ( ГМГ-КоА) мевалон қышқылына (С6)айналады,одан бірнеше айналымнан кейін диметилаллилпирофосфат молекуласы (С5 )түзіледі.

Ары қарай диметилаллилипирофосфаттың молекуласынан геранилпирофосфат С5 түзіледі. Геранилпирофосфат С15 түзіледі.Фарнезилпирофосфаттың 2 молекуласынан бірнеше реакциялардан кейін НАДФН2-нің қатысуымен сквален С30,ары қарай ланостерин,соңынан холестерин С27 синтезделеді.Холестерин синтезінің жылдамдығы теріс кері байланыс механизмы бойынша реттеледі.Реттеудің негізгі заты –мевалон қышқылын синтездейтін –ГМГ-КоА –редуктаза ферменті болып табылады.

56.Липидтердің тасымалдау формалары,құрамының ерекшелігі,тағдыры.

Ішек қабырғасында ресинтезделген липидтер басқа мүшелер меен тканьдерге тасымалданады.

Бұл процесс мынандай түрде жүреді: молекулалардың гидрофильдігіне байланысты фосфолипидтердің бір бөлігі қанға түседі де,бауырға жеткізіледі. Басқа фосфолипидтер,барлық урацилглицеридтер, бос холестерин және оның эфирлері өздерінің ерімейтіндігіне байланысты белоктармен комплекс түзіп,липопротеидтердің тасымалдаушы түрлерін –хиломикрондар түзеді.

Май қышқылдары эстерифицирлі емес май қышқылдары мүшелерге тасымалданады және алмасу процесіне қатысады .Жасушалар май қышқылдарын энергия көзі және құрылыс материялы ретінде қолданады.

57.Бмқ тағдыры,тотығуы,энергиялық құндылығы.

Клеткаға түскен БМҚ-ның біршама қан тамырларының ішіндегі липолиз арқылы ЛП-пен ХМ-нан бөлінген БМҚ болып табылады.БМҚ-дарда липидтердің синтез процесіне глицеринге жұмсалады.БМҚ негізгі мөлшері В-тотығу нәтижесінде энергия бөледі.Бұл митохондрияда,май тканьінен басқа барлық тканде ,әсіресе бауырда,бүйректе,жүрек бұлшықетінде жүреді. Май қышқылының ыдырауы негізінде B-тотығу жолымен ыдырайды.Май қышқылына ыдырамас бұрын КоА,АТФ және ферменттердің қатысуымен белсенді күйіне ацил-КоА-ға айналады.Бұл процесс цитоплазмада жүреді ,ары қарай митохондрияда оған өздігінен түсе алмайды митохондрия мембранасында арнайы тасымалдағыш-картинин көмектеседі.Бұл үдерістің негізі –бір цикл реакциясының барысында май қышқылы 2 көміртегі атомына қысқарады және оол ацетил-КоА түрінде бөлінеді.Қалған бөліктері осындай жолмен толық ыдырайды.Мұндай май қышқылының ыдырау жолын В-тотығу деп атайды.Өйткені май қышқылы молекуласындағы В-күйдегі көміртегі атомы тотығады,гидрленуге ұшырап ,соңында ацетил-КоА мен екі көміртегі атомына ыдырайды.Түзілген май қышқылы алдын ала белсендірусіз бірденнен В-тотығудың жаңа циклына көшеді.Сонымен ТАГ липолизі кезінде глицерин мен май қышқылы түзіледі.Олар көп энергия болып ыдырайды және басқа үдерістерде қолданылатын заттар түзіледі.