Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468 Кб
Скачать
☆

24.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.

Ішек қабырғасында үшацилглицеридтердің қорытылу өнімдері 70-90% бейтарап майларға дейін ресинтезделеді ,олар бауырды айналып өтіп,лимфатикалық жүйе бойымен тасмалданады.Қысқа көмірсутекті тізбегі бар май қышқылдарының бір бөлігі ішек қабырғасынан қанға түседі де,бауырға жеткізіледі.Сонымен қатар ішектен бауырға қан ағынымен липоидтар қорытылуының өнімдері,сол сияқты ішек қабырғасында ресинтезделген фосфолипидтер,гликолипидтер,холестеридтержеткізіледі. Адамның бауырында шамамен 2,9%фосфолипидтер бар.Холиннің бетайнның жане метиониннің қатысуымен олардың синтезі төмендейд,бұл бауырда бейтарап майлар синтезінің күшеюіне жане осы мүшенің майлы инфильтрациясына әкеледі. Бауырда фосфолипидтер синтезінің жылдамдығы қанда холестерин денгейі артқан кезде баяулайды,ал кальций иондары фосфолипидтердің синтезін күшейтеді.Бауыр-холестерин синтезі қарқынды жүретін негізгі мүше 80% Бір тәлік ішінде бауырда 1,5-4,0г холестерин түседі.Бауырда холестерин шамамен 0,3%оның ішінде бос холестериннің үлесі 80%этерифлецирленген холестеринің үлесі20%.Бауырда холестерин синтезінің жеделдеуіне тағаммен түсетін экзогенді холестерин деңгейі төмендеген кезде бауырда холестерин синтезі артады.

25.Липогенез,липолиз,липонеогензге сипаттама беріңіз жане осы прцесстердің ролі.

Бауырда липогенез өтеді.ТАГ-нің синтезі фосфотиді жолмен жүреді.Алдымен глицирин активтенеді АТФ-пен әрекеттесіп,глицерофосфат түзеді,ал соңғы өнім екі активті БМҚ қосып,ТАГ түзеді.Бұл реакция азотты негіздер көп болса ,шамалы жүреді,себебі,фосфатид қышқылы ФЛ түзу үшін жұмсалады.

ФЛ-тер өте керекті заттар,бауырдан жеңіл бөлініп шығады,қан арқылы көп мөлшерде басқа тканьдерге еніп,оларды мембрана құрауына пайдаланылады.Ал азотты негіздері жоқ болса,фосфатид қышқылы ТАГ синтездеу үшін жұмсалады.ТАГ-оқшау зат, Бауырда көп жиналса бұл органды май басып етеді.

Липонеогенез ТАГ негізінен көмірсулардан синтезделеді.Бұд реакцияның мәні:көмірсулар энергия көзі ретінде пайдасы шамалы қосылыстар , сондықтан да олар липидтерге айналып тотыққан кезде көп энергия береді.

26.Липопротеидтер түрлері,түзілетін орны,липопротеидтер құрамының ерекшелігі мен функциялары.Олардың холестерин және ТАГ алмасуындағы рөлі.Липопротеидтер белок пен байланысқан әртүрлі липидтер,ХМ сияқты липидтерді тасымалдауға қатысады.Қанның құрамында хиломикрондардан басқа a- және b-липопротеидтер болады.Липопротеидтердің синтезі бауырда,яғни бауырдағы триглицеридтердің,фосфатидтердің,хоолестериннің және ақуыздың қатысуымен жүреді.Бауырда синтезделген липопротеидтер қанға түседі.Қазіргі кезде,бауырда тек қана пре-B-липопротеидтер сосын қанда синтезделеді.a-липопротеидтердің синтезі a-голбулиндерден b-липопротеидтердің синтезі бір- бірімен тығыз байланысты.a-Липопротеидтердің молекулалық салмағы 200000-300000 дейін,бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы.a-Липопротеидтердің 50% жуығы ақуыздан тұрады.Холестерин мен оның эфирлері аз кездеседі.B-Липопротеидтер құрамында ақуыздар мен фосфатидтердің гидрофильді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракцияға жатады.Олардың молекулалық салмағы 3200000,25% ақуыздан ,75% майдан оның ішінде 4\3 бөлігін холестерин және оның эфирлері алады.B-Липопротеидтерде 700 молль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі 900 моль ФЛ 400 мооль ТАГ болады. Дегенмен ақуыздың молекулалары шеткейде орналасқандықтан B-Липопротеидтер де суда ериді.B-Липопротеитер мен a-липопротеидтер ұлпаларда энергия көзі мен пластикалық материал үшін қолданылады.Кейбір науқастарда, мысалы,аторесклероз,ревматизм ауруларында қандағы B-липопротеидтердің мөлшері шамадан артық болады.Құрамының ерекшелігі-тығыздығы өте томен,жылдамдығы электрофорез кезінде әртүрлі жылдамдықпен жүреді.Холестерин атқаратын рөлі-бауырда синтезделген ТАГ-ді май тканіне тасымалдайды.ТАГ-ің рөлі-хоолестеринді бауырдан басқа тканьдерге тасымалдау.