- •3.Белок молекулаларының құрылыстары, оларды қамтамасыз ететін байланыстардың түрлері,белоктардың денатурациясы. Биологиялық сұйықтықта белок тұрақтылығын қамтамсыз ететін фактор. Белок тұнбаға түсуі.
- •6.Ферменттер жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
- •8. Ферменттер жіктелуі. Негізгі топтвары және топшалары
- •9. Маңызды витаминдердің жіктелуі және оларға жалпы сипаттама
- •10. Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарндағы қорытушы мен сіңіруші. Көмірсу алмасуындағы бауырдың рөлі.
- •11. Гликогеногенез
- •12 Гликогеннің биосинтезі
- •14 Глюкозаның ыдырау жолдары
- •16.Глюконеогенез,түзілуге қатысатын заттар , реакцияларының жүру бағыты.Кори циклы жане глюкозо-аланин циклы:физиологиялық маңызы.
- •17.Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін пжқ тағдыры.Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
- •18.Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы,мәні, маңызы, кездесетін жері.
- •19.Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері.Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінің жазыныз.Бөлінуі
- •20.Тағам липидтері,биологиялық маңызы,ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі.Мицелланың құрамы мен ролі.
- •21.Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •22.Өттің химиясы.Жұп өт қышқылдарының жане өт пигменттерінң құрылысы.Липидттер алмасуындағы өт қышқылдарының ролі(Қорытылуы, сіңірілуі)
- •23.Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі
- •24.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
- •65.Ацетил-КоА түзілуі жолдары мен оның пайдалануы.
- •30.Липидтер алмасуының соңғы өнімдері.Олардың түзілетін процестері.Бөлінуі.
- •39. Пептидогидролазалар тобы:
- •40.Энергия алмасуы,сатылары
- •41. Үшкарбонқышқылының циклы......
- •43. Рибофлавин в2
- •44 Никоинамид рр
- •45.Пиридоксин в6
- •49 Ретинол а витамині
- •50 Д витамині Кальцеферол
- •51 К және е витаминдері
- •52.Глюкозаның аэробты жағдайда ыдырауы,реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы.
- •53.Анаэробты гликолиз, реакциялар жүйелігі,физиологиялық маңызы,энергетикалық құндылығы.
- •54.Заттар алмасуындағы цтк, бт, тф ролі.
- •55.Холестерин биосинтезі,мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз ,осы этап жайлы туралы түсінік.Холестериннің алмасуында липопро теидтердің ролі.
- •56.Липидтердің тасымалдау формалары,құрамының ерекшелігі,тағдыры.
- •57.Бмқ тағдыры,тотығуы,энергиялық құндылығы.
- •58.Тканьдердегі глицериннің тағдыры.
- •59.Стерилденген ма
- •61.Кейбір түс...
- •63. Бұлшық етте гликогенолиз процесін адреналин... Ет...
- •64.Жануар... Болмайды
- •65.Екі... Реак..
- •66.Бір неге
- •67.Бұлшықет қосқанда
- •68.Глюкозаның түзіледі
- •69.Пируваттан жұмсаймыз
- •70.Эксперимент жоғарылайды
- •71.Лактаттың қандай
- •72.1 Молекула байланысты
- •3 Тканьдердегі аминқышқылдардың тағдыры.
- •6 Тканде амин қышқылдарының азотты емес заттардың түзілуі.
- •21 Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, физиологиялық әсері.
- •23 Қандағы глюкозаның дейгейін реттейтін гормондар
- •30 Ішек қабырғасында белоктардың шіруі,шіру өнімдерінің химиялық табиғаты,шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.
- •10 Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы күкірт мөлшері
- •11 Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы йод мөлшері
- •12 Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы Мырыштың мөлшері (zn)
- •13 Қалыпты жағдайда қанның құрамындағы магний мөлшері
- •1. Қалыпты жағдайда қанның құрамында натрийдің мөлшері гипо-, гиперфункциялары
- •2. Қалыпты жағдайда қанның құрамында калийдің мөлшері гипо-.Гиперфукциялары
- •5. Қалыпты жагдайдагы канын кұрамындагы иодтын мөлшері гипо гиперфункциялары
- •13. Қанның ферменттері, олардың анықтаудың маңызы
- •14. Қабыныудың жедел фазасының белоктары, диагнаОстикалық маңызы.
- •16, Қалыпты жағдайда қанның құрамында альбуминнің мөлшері.Гипо-гипер функция.
- •20. Паталогиялық процестерде қанның құрамында кездесетін ферменттер.Олардың диагностикалық маңызы
- •27.Асқазан ішек трактысының бұзылыстары.Паталогиялық процесті қалай зерттейміз.
- •4. Қышқылдық-сілтілік тепе –теңдікті бірқалыпты ұстап түрудағы бүйректің ролі
- •7. Лизин мен пролинннің гидроксилденү кезінде витамин с-нің ролі
- •10. Су және катиондар алмасу. Протеогликандар мен гликозамингликандардың су мен катиондар алмасуында ролі.
- •13. Бұлшықеттің энергетикалық алмасудың ерекшеліктері.
- •14 Бұлшықеттің жиырылуының өзгерістері, бұлшықеттің дистрофиясы, бұлшықеттің денерватциясы, кретинурия.
- •15.Жүйке ткані белок алмасуы ерекшеліктері.
- •16 Жүйке тканінде медиатор ролі
- •18.Қаннын биохимиялық корсеткіштерінанықтаудың диагностикалық маңызы.
- •19. Қанның химиялық құрамы атқаратын қызметтері.
- •22. Қалдық азотты құрайтын заттар,химиялық табиғаты қандай заттардың алмасуының соңғы өнімдері. Қалдық азотты анықтаудың маңызы.
- •26. Патологиялық зәрдің құрам бөліктері
- •30. Тіс тканінің бұзылысы
- •3.Глюкозурия.Түзілу себептрі.Сапалық реакция.Зәрдегі глюкозаны анықтау
- •4. Гематурия және гемоглобинурия, пай бол себеп, сапалық реакциясы. Гематдан гемоглды қалай ажыратады.
- •5.Креатинурия, түзілуі, жануар орган кретиннің тағдыры.
- •10.Біріңғай салалы бұлшықетің хим құрамы
- •13..Қалыпты зәрдің химиялық құрамы.Олар түзілетін процесстер атау.
- •14.Қалыпты зәрдің бейорганикалық құрамы.Олар түз проц анық.
- •19. Жүйке тканіндегі энергия алмасуы: глюкозаның аэробты тотығуының маңызы.
- •21.Эритроциттердің химиялық құрамының ерекшеліктері
- •22.Эритроциттердің метоболизмінің ерекшелігі.
- •24.Қанның ұюы.(түсінік беріңіз,сатыларын атаңыз). Қанның ұюы, оның биологиялық мәні мен механизмі
- •3Молекула(23)ме
- •10 Молекула(7)түзіледі
- •1 Молекула(6)қажет
- •24 Жасар(33)келеді
- •6 Жасар(31)анықталады
- •Жасанды(19)берініз
6 Тканде амин қышқылдарының азотты емес заттардың түзілуі.
Аминқышқылдардың дезаминдеуі аминтоптың бөлінуі арқылы жүреді,мұнда аммиак және азотсыз қалдық түзіледі,ол азотсыз қалдық қышқылдар:гидроксиқышқылдар ,қанықпаған қышқылдар немесе кетоқышқылдар түрінде болады.Дезаминдену және трансаминдену реакцияларының нәтижесінде аминқышқылдардың азотты емес қалдықтары түзіледі,олар катаболитикалық және анаболитикалық айналу жолдарына түседі. Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмі метаболиттердің түзілуіне әкеледі,олар катоболизмнің жалпы жолдарына қатысып, суға дейін ыдырайды.Аминқышқылдардың азотсыз қалдықтарының катоболизмінің жалпы жолдарына қатысуы мынадай метаболиттердің түзілуі арқылы өтеді:
-пируват арқылы
-ацетоацетил
-сукцинил-КоА арқылы
-қымыздық сірке қышқылы арқылы
7 Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.
Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Альфа-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминдеуі-аммиакты байланыстырудың өте тиімсіз процесі,өйткені бұл реакция аминқышқылдадың тотығып дезаминденуіне кері процесс болып табылады.
8 Белоктар алмасуының өнімдері, олар түзілетін процестер, химиялық табиғаты. Бөлінуі. Белоктар ферменттердің әсерінен артүрлі амин қышқылына дейін ыдырап сіңіріледі, ал күрделі белоктар қортылуы простетикалық топтарының бөлінуі мен жүреді. Белоктардың ыдырамаған кейбір бөліктері тоқ ішектегі микрофлора ферменттерінің қатысуымен ары қарай ыдырайды.Бұл процесс- белоктардың ішектегі шіруі деп аталады. Еөбіне шіру процесине күкірті бар амин қышқылдар ұшырайды.Амин қышқылдарының шіруі- декарбоксилдену ж/е бүйір тізбектің тотығуы арқылы жүзегеасырылады. Амин қышқылы декарбоксилдену кезінде,мысалы, арнитин мен лизин декарбоксилденгенде пурресцин мен кадаверин пайда болады.Бұл аминдер ішекте аз мөлшерде түзіледі ж/е өлік шірігенде пайда болуы мүмкін, сондықтан өлік белоктары деп атайды.Бұл аминдердің улылығы үлкен емес олар қанға сіңіп зар арқылы сол күйде шығарылуы мүмкін.Индоксил, скатоксил зәрмен сыртқа шығарылады. Клиникада жануар индексі анықталады. Ол индоксил күкірт қышқылының натрий ж/е калийлі тұзы. Индикан мөлшерінің зәрде артуы- ішектегі амин қышқылының шіру процесін артуын білдіреді. Сонымен бірге индикан мөлшерін анықтау арқылы бауырдың функциональды жағдайында білуге болады
9 Организмдегі су алмасуы және судың биологиялық ролі,су алмасуының регуляциясы.
Су-тұзды алмасуды реттеудегі бүйректің мәні. Бүйректің осмореттеуші және волюмреттеуші қызметтері бүйрек үсті безінің қыртысты затының гормондары-минералокортикоидтардың ,антидиуретикалық гормонның және ренин-ангиотензин жүйесінің бақылауында болады.Ткандер мен мүшелерде судың таралуы біркелкі емес. Ағзада судың 50 %–ы бұлшықеттерде ,ал қанда шамамен 5% болады.Барлық ткандердің интерстициальды сұйықтығы немесе клеткааралық су ағзадағы судың барлық көлемінің 25% –ын ал клеткаішілік су 70 %–ын құрайды.Клеткаішілік және клеткааралық сұйықтықтар арасында үнемі сумен және онда еріген заттармен алмасу жүріп жатады.Мысалы:қан плазмасы мен интерстициональды сұйықтық арасындағы капилляр қабырғасы арқылы жүретін алмасу жылдамдығы шамамен минутына 1500литр болады. Судың негізгі ерекшкліктерінің бірі-оның молекуласының құрылымдық агрегаттарға бірігу қабілеті болып табылады.Теория жүзінде судың барлық молекулалары бір кеңістіктік торға ірі молекулаларға біріге алады.Алайда су молекуласының қозғалысы кезінде сутектік байланыстар тез үзіледі де ,тез арада қайтадан жааңа байланыстар пайда болады.
10 Жекеленген макро және микроэлементтердің алмасуы,қандағы мөлшері,жиналуы.
Минералды (органикалық емес) заттар тағам өнімдерінің міндетті құрамдық бөлігі. Олар минералдық тұздар, органикалық қышқылдар және баса органикалық қосылыстар құрамына кіреді. Адам ағзасында минералды заттар ауыстырылмайтындарға жатады, бірақ энергия көзі болып келмейді. Тамақ өнімдеріндегі минералды заттар мөлшеріне байланысты макроэлементтер - өнімдерде көп мөлшерде болады, микроэлементтер – аз мөлшерде, ультрамикроэлементтер - өте аз мөлшерде. Макроэлементтер. Оларға кальций, фосфор, магний, темір, калий, натрий, хлор, күкірт. Кальций (Са) – ол ағзада сүйек, тіс құру үшін қажет, жүректің жүйке жүйесінің жақсы жұмыс істеуіне қажет, бойға әсер етеді және жұқпалы ауруларға ағзаның қарсы тұруын жоғарлатады. Кальций тұздарымен сүт өнімдері, жұмыртқа, нан, бұршақ тұқымдастар бай көз болып табылады. Кальцийге ағзаның тәуліктік қажеттілігі 0,8 г
Микроэлементтер және ультромикроэлементтер. Оларға мыс, кобальт, иод, фтор және т.б.
Мыс (Сu) және кобальт (Co) – қан айналымына қатысады, ол жануар және өсімдік тағамдарында аз көлемде болады: сиыр бүйрегі, балық, қызылша және т.б.
Йод (І) – қалқанша безінің құрылуына және жұмысына қатысады. Йод ағзаға аз түссе қалқанша безінің функциясы бұзылады, зоб ауруы дамиды. Йодтың көп мөлшері теңіз суында және орамжапырақта, балықта концентрленген. Йодтың аз мөлшері тау аумақтарының өнімдерінде, онда йодталған тұз жеткізіледі. Йодтың тәуліктік қажеттілігі 0,15 мг.
Фтор (F) - тіс және қаңқа сүйектерінің пішінденуіне қатысады. Фтор негізінен ас суында болады.
Ағзаға микроэлементтердің түсу нормасы көп болса, улануға әкеледі. Стандарт пен өнімдерде қорғасын, мырыш, цинк, болуы жіберілмейді, ал қалайы және мыс мөлшері шектелген. Солай 1 кг өнімде 5 мг көп емес мыс (томат пастасынан басқа), қалайы 200 мг көп емес болу керек.
11 Организмдегі бейорганикалық заттардың маңызы.Минералды алмасудың сатылары.
Адам ағзасына белоктар,майлар,көмірсулар және витаминдермен қатар минералдық заттарда түсуі қажет.Минералдық заттар энергия көзі болмасада ,оларсыз клетканың қызметтері,оның құрылымдық ұйымдастығы болуы мүмкін емес. Барлық минералдық заттар ағзаға тамақпен бірге,суда еріген түрде немесе органикалық молекулалардың құрамында жеткізіледі.Судың негізгі ерекшкліктерінің бірі-оның молекуласының құрылымдық агрегаттарға бірігу қабілеті болып табылады.Теория жүзінде судың барлық молекулалары бір кеңістіктік торға ірі молекулаларға біріге алады.Алайда су молекуласының қозғалысы кезінде сутектік байланыстар тез үзіледі де ,тез арада қайтадан жааңа байланыстар пайда болады.
12 Қан плазмасының химиялық құрамы.Олардың қалыпты мөлшері.
Қан плазмасының химиялық заттарын мынадай топтарға бөлуге болады:
-қан плазмасының минералды заттары
-қан плазмасының органикалық заттары
Қан қою,жабысқақ,мөлдір емес,қызыл түсті,сұйық зат.Қанның 55%плазмадан 45%қан түйіршіктерінен тұрады.Организмде қанның мөлшері ер адамдарда 5200мл,ал әйел адамдарда 3900мл.Қанның осмостық қысымы7,6атмосфер.Қан 44-48%түйіршіктен,52-56%плазмадан тұрады.Ал плазма 90-91%судан,9-10%құрғақ заттардан тұрады.Құрғақ заттардың 8-9%органикалық,1%бейорганикалық қосылыстардан тұрады.Қан ұйыған кезде 2-ге бөлінеді:төменгі қабаты тұнбаға түскен қан түйіршіктері оның үстінде мөлдір сарғыш түсті сұйықтық пайда болады.
13 Қан плазмасының органикалық құрам бөліктері,өкілдері,қалыпты мөлшері.
Қан плазмасының органикалық заттары құрамында азот бар заттар және азотсыз органикалық қосылыстар түрінде болады.Құрамында азоты бар органикалық заттар белоктар мен азоттық алмасудың метаболиттері түрінде болады.Қанның азотсыз органикалық заттары – бұл көмірсулы және липидті алмасудың метаболиттері.Гормондар мен олардың метаболиттері сау адамның қан плазмасындағы олардың мөлшері:
17-оксикортикостероид-140-550ммоль\л
11-оксикортикостероид-140-230ммоль\л
Адреналин-0,35-0,4мкг\л
Тироксин-29-64мкг\л
Азотты алмасу көрсеткіштері:
Мочевина-3,3-6,6ммоль\л
Зәр қышқ.әйел-0,16-0,40
Еркек-0,24-0,57
Креатин әйел-27-71мкмоль\л
Еркек-88-177мкмоль\л
14 Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері.
Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады. Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Бейорганикалық тұздар құрамында оң электр заряды бар Na,Ca,Mg,Fe иондары я болмаса катиондар және теріс зарядты аниондар- хлордың, иодтың, күкірттің, фосфордың т.б. иондары болады. Қан плазмасындағы бейорганикалық заттардың қызметі: 1. Олар плазманың осмостық қысымын құрап, оны тұрақты шамада ұстап тұрады.2. суда ерімейтін белоктарды (глобулиндерді) еритін түріне айналдырады. 3. Клеткаларды бейорганикалық заттарды плазмамен бірге жуа отырып, олар клетканың қалыпты өмір сүруіне жағдай тудырады. (Мысалы: нерв жүйесінің, қан айналу системасының, талшық ет жұмыстары иондардың ара қатынасына тікелей байланысты).
15
Қан
плазмасының макроэлементтері олардың
концентрациясы. Иондар концентрациясының
өзгерісінің минерал алмасуын реттейтін
гормондардың синтезне әсері. Бикарбонатты
буфер системасы негізгі барлық буферлі
сиымдылықтың 10-% ін құрайды. Қалыпты
жағдайда-плазмадағы биокарбонаттың
концентрациясы
нің
концентрациясынан 20 есе артық болады.
Ал қанда қышқыл заттар көбейсе, олар
бикарбонатпен реакцияға түсіп,
көмірқышқылын түзеді, ол әрі қарай су
мен көмір қышқыл газына бөлінеді.
-нің
көбеюі дем алу орталықтарын қоздырады.
Бұл жағдай тыныс алуды жылдамдатады.
Ол арқылы
өкпеден
бөлініп, сыртқа шығарылып тасталады.
Сөйтіп тепе-теңдік сақталып қалады. Ал
негізгі иондар көбейсе, олар көмір
қышқылымен әрекеттесіп бикарбонаттарға
айналады да зәр арқылы шығарылады.
Гормондар мен органикалық заттар
метаболиттері ерекше орында тұр, сау
адамның қан плазмасындағы олардың
мөлшері мынадай: 17- оксикортикостериоидтар-140-550
ммоль/л. 11-оксикортикостериоидтар-140-230ммоль/л.
Альдостерон -91-185нг/л. Адреналин-0,35-0,4мкг,л.
Норадреналин -0,73-0,88 мкг/л. Тироксин-29-64
мкг/л.
16 Дәнекер тканінің құрамының ерекшелігі.протеогликандар мен гликозамингликандардың сумен катион алмасуындағы рөлі.Дәнекер ткані (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
17 Сүйек тканінің химиялық құрамы.функциясы зат алмасу ерекшеліктері
Сүйек ткані дәнекер тканнің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен және тығыздығы мен ерекшеленеді.Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минеральді қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.Минералды заттардың негізінен калций мен фосфаттардың,сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі клеткалық элементтер түрінде болады.Сүйек тканіің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады,сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.Сүйек тканінің клеткаларынығ ішінде остеобластар басым болады.Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген,гликопротеиндер мен глюкозаамингликандардың синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.Ересек адамның сүек тканінде 1200г калций ,530г фосфор,11г магний бар,бұлардан басқа сүекте микроэлементтер де бар. Сүек тканінің құрамында сүектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар коллаген, альбуминдер мен гликопротеиндер бар.Сүек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері,сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминотканінің аминқышқылдардың көп мөлшерде болуы тән. Сүекті тканнің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуының альбуминдеріне ұқсас болады.Сүектің альбуминдері гормондардың ,минералды және басқа да заттардың қан ағымының сүекке жеткізілуін қамтамсыз етеді. Сүек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.Осы процесстердің барлығындада остеобласттар негізгі рол атқарады.
18 Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері,нормадан өзгеруі. Зәр шығару жүйесі, экскреторлық жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығаратын органдары. Адамның Зәр шығару жүйесі зәрді өндіретін бүйректен, зәрді шығаратын бүйрек тостағаншалары мен бүйрек астауларынан, несеп (зәр) ағардан, қуықтан, несеп түтігінен тұрады. Бүйрек экскреторлық орган ретінде организмнен азоттық зат алмасу өнімдерін –мочевинаны, креатинді, мочевина қышқылын, артық тұздар мен суларды, т.б. бөтен заттарды шығарады. Зәр шығару жүйесіне кіретін бүйректе жаңадан қан түзетін гемопоэтин гормоны мен қан қысымын реттейтін ренин гормоны түзіледі. Егер зәр шығару жүйесінде ақау пайда болса, салдары ауыр болуы ғажап емес. Асқынған түрі кейде адам өліміне әкеп соғады.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер мыналар: қос бүйрек пен қос несеп ағар , қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол).
Қан тамырлары арқылы тасымалданатын қалдық заттардан бүйректе үнемі зәр түзіледі. Ол зәр несеп ағар арқылы қуыққа жетіп отырады. Қуықта жиналып қалған зәр несеп жолы арқылы сыртқа шығарылады. Тірлік етушілердің зәр шығару түтікшесі (несеп жолы) жыныс мүшесінен бөлінетін заттарды да шығаратын болғандықтан ол мүшені несеп-жыныс түтігі деп те атайды. Ұрғашыларда несеп түтікшесі (несеп жолы) қынаптың аузында (алдыңғы бөлігі — уретра) ашылады.
Зәр — сабанның түсіндей ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді. Қалыпты зәрдің физикалық және химиялық құрамына жүйке - көңілдің тырысуы, бұлшық еттеріне күштің түсуі, тамақтың дәмі және қабылдау тәртібі, ішкен судың мөлшері, қоршаған ортаның температурасы және басқа факторлар әсерін тигізеді. Аталған жағдайлардың әсерінен бөлінген зәрдің сапалық және сандық қасиеттері өзгеруі мүмкін .
Диурездің сандық өзгерістері
Полиурия — тәулігіне бөлінетін несеп көлемінің көбеюі. Ол ағзаға сұйықты табиғи жолмен көп мөлшерде беру немесе изотониялық тұзды ерітінділер, глюкоза сияқты сұйықтарды денеге көп енгізгенде дамиды. Полиурия шақыратын өзгерістер инсулиннің, антидиуретикалық гормонның жетіспеушілігі. Олигоурия және анурия бүйректерге байланысты немесе байланыссыз болып келуі мүмкін. Несептің азаюы немесе мүлдем болмай қалуы несеп тасы ауруында кездеседі, ол тек бір жақ бүйректе болғанның өзінде ренореналдық ауырсыну рефлексі бүйректер қан айналысын нашарлатып, ондағы қысымды төмендетеді. Анурия кейбірде психогенді дамиды, мысалы, қатты қорқып-шошынғанда.
Паллакурия — несепті жиі төгу бірақ ол полиурияға байланыссыз болуы мүмкін. Паллакиурия қуық қабынғанда оның бір белгісі болып байқалады. Кіші дәреттің жиі келуі несеп жолдарындағы рецепторлар тітіркенуінің шегінің төмендеуімен байланысты, рефлекс шапшаң жүреді.
Никтурия — түнде бөлінетін несеп мөлшері күндізгіден көбірек болады. Қалыпты жағдайда күндіз түнге қарағанда несеп 2 есе көп бөлінеді
19 Гормондар, химиялық табиғаты жалпы қасиеттері. Клетка мембранасы мен гормондар рецепторлары туралы түсінік. Гормондар – ішкі секреция бездерінде синтезделінетін биологиялық активті заттар болып табылады. Гормондар зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Гормондардың жіктелуі: 1.Пептид және белокты гормондар . 2. Аминқышқылдарының туындыларына жататын гормондар 3.Стероидты гормондар. Гормондардың қасиеттері : 1. Гормондардың қашықтан әсер етуі, яғни олар өзінің жасалған әсеріне қашық орналасқан ағзаларға әсер ете алады. Басқа биобелсенді заттар өзі жасалған жергілікті жерде ғана әсер етеді. 2. Гормондар организм қызметіне гуморалдық реттеуде аралық рөл атқарады. 3. Гормондардың арнайы әсері бар.Белгілі бір гормон жетіспеушілігін басқа гормандармен алмастыруға болады. 4.Биобелсенділігі жоғары болады. 5. Гормондар өте тез, бирақ қысқа әсер етеді. Өте тез әсер етуі оладың молекулалық салмағына байланысты. 6. Барлық гормондар тек ағзалардың қызметтеріне ғана емес, олардың құрылысына да әсер етеді. Кейде ағзалар тінінң өсуін күшейтеді, кейде тежейді. 7.Гормондар фермент қатарына жатпайды. Әр түрлі фермент арқылы химиялық процестердің жылдамдығына әсер етеді.
20 Зат алмасудың нейрогуморальды реттелуі. Гормондардың мүшелердің қызметі мен метабализм жүйесіндегі орны. Тірі жүйелердің өзін-өзі реттеуге қабілеті-тіршліктің маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Реттеуші механизмдердің өзгеруі клеткалар мен мүшелердің метаболизмі мен физиологиялық қызметтерінің бұзылуына әкеледі, сонымен бірге тіршілік етудің үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына ағзаның қалыптасу механизмдерінің бұзылуына әкеледі де, бұл ауруды тудырады. Мүшелер, ұлпалар және клеткалар қызметтерімен қатар, ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазын) қамтамасыз ететін алмасу процесстерін реттеудің механизмдерінің негізгі 2 деңгейі бар:1. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдер деңгейі.2 . реттеудің клетка үстілік механизмдер деңгейі. Өзін-өзі реттеудің субклеткалық механизмдері физико-химиялық заңдарға, ферменттік катализ заңдарына , клеткалық мембраналардың қасиеттері мен қызметтеріне және клеткалық генетикалық аппаратының қызметтеріне негізделген. Реттеудің клетка үстілік механизмдері мен реттеуші жүйелердің қалыптасуы эволюция процессі барысында көп клеткалы ағзалардың қалыптасуымен қатар жүрген және 3кезеңде жүйеге асқан: - бірінші кезеңде клеткалардың біріңғай тірі ағзаға бірігуі бірдей қауымдастықты сақтап қалу мақсатында клеткааралық байланыстың нәтижесінде клеткалардың химиялық заттарды бөлуін тудырады.- екінші кезеңде, көп клеткалы ағзалар клеткаларының ары қарай жіктелуі мен мамандануы барысында клеткалардың белгілі бір тобы қалыптасады, олар көпклеткалы ағзалардың жекелеген клеткалар тобына аса өзгешелік әсері бар органикалық табиғатты химиялық қосылыстарды бөле бастады. Эволюциялық дамудың үшінші кезеңінде реттеудің тасымалдаушы түрінің қалыптасуын қамтамасыз ететін тькандер мен мүшелер жіктеле бастады, оларға эндокринді бездердің қызметі де, бағынатын болды, сонымен қатар олар реттеуші белгіні жеткізуші ретінде химиялық заттарды пайдаланады. Адам және барлық жоғары жануарлардың ағзасында реттеуді нейрогуморальды жүйелік түрі қызмет етеді, онда реттеудің субклеткалық және клетка үстілік механизмдері бір-бірімен тығыз байланысты.
21 Гормондардың әсер ету механизмі.
Гормондардың әсер ету механизмі 3 сатыдаен турады.
цитозольдық-мембраналық механизмі,клетка ішілік функциялардың активтілігінің аденилат-циклаза цАМФ протеинкиназа системаасының, жүйесінің аллостерикалық активтердіру есебінен артады. Бұлардың нәтижесінде клеткаішілік функциялар модификацияға ұшырайды. Фосфор қышқылының қалдығын қосып өздерінің активтілігін төмендетеді және жоғарылатады.
Цитозольдық механизмі, әсер ететін гормондар ферменттердің синтезін күшейте отырып оларды активтендіреді,яғни ферменттердің концентрациясын арттырады.
Мембраналық механизмі, әсер еткен гормондар субстрат конентрациясын көбейте отырып, ферменттердің активтілігін күшейтеді.
1.1-ші механизм бойынша әсер еткен гормондардың әкеле жатқан информацияларды 3 түрлі сигналды жүйе арқылы болады. 1-ші – аденилатциказды ,2-ші – цианилатциклазды, 3-ші – кальцийлы (Са аркылы). Мұндай гормондар клетканың ішіне кірмейді. Зат алмасуына клеткаішілік кірістірушіліер арқылы әсер етеді. Аденилатциклады сиситема гормондардың сигналын бірнеше есе күшейте отырып, коскадты система бойынша әсер етеді.
2.Цитозолды механизм мембранадан жеңіл өте алатын гормондар осы механизм арқылы әсер етеді. Бұл гормондарға лиипидтерде оңай еритін гормондар жатады. Олардың рецепторлары клетканың ішінде болады.
3.Мембраналық механизм. Осы механизм арқылы әсер ететін гормондарда клеткадағы ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Олардың рецепторлары клетканың мембранасында немесе митохондрияның мембранасында орналаасады. Өздерінің рецепторларымен байланысып, клетканың мембранасының өткізгіштігін субстраттар үшін арттырады. Нәтижесінде ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады.
22 Аденилат-гуанициклазды кальцийді сигналды системалар арқылы заттар алмасуы
Аденилат-циклазды комплекс 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші механизм бойынша әсер ететін гормондар әкеле жатқан информациясын клеткаға 3 түрлі сигналды жүйе арқылы береді – аденилатциклазды және гуанилатциклазды және кальциилі. Мұндай гормондар клетканың ішіне кірмейді. Зат алмасуына клеткаішілік кірістірушіліер арқылы әсер етеді. Аденилатциклады сиситема гормондардың сигналын бірнеше есе күшейте отырып, коскадты система бойынша әсер етеді.
Цитозолды механизм мембранадан жеңіл өте алатын гормондар осы механизм арқылы әсер етеді. Бұл гормондарға лиипидтерде оңай еритін гормондар жатады. Олардың рецепторлары клетканың ішінде болады.
Мембраналық механизм. Осы механизм арқылы әсер ететін гормондарда клеткадағы ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Олардың рецепторлары клетканың мембранасында немесе митохондрияның мембранасында орналаасады. Өздерінің рецепторларымен байланысып, клетканың мембранасының өткізгіштігін субстраттар үшін арттырады. Нәтижесінде ферменттердің әсер етуіне қолайлы жағдай туғызады
23 Әйелдердің жыныс гармоны.Әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналасады.Аналық без екі қабаттан тұрады сырты қыртыс іші милы.Қыртысты қабатта жыныс клеткасы өсіп дамиды,милы қабатта гармон түзіледі.Граф филикулдері жасына қарай 40000 нан 400000 ға дейін болғанмен тек 400-500 дейі ғана толық жетіледі.Аналық бездер 3 түрлі қызмет атқарады:генеративті,вегетативті және гормоналдық қызмет деп 3 ке бөлінеді.Әйелдердің жыныс гармоны эстроген.ол аналық безінің фолекуласында ұрық жолдасында түзіледі.Эстрогеннің 3 түрі белгілі:эстродил,эстрон,эстриол.Әйелдердің жұмыртқалығында 1 тәулікте 1 мг эстродил түзіледі.
24 Еркектің жыныс гармондары.Ерлердің жыныс безі-қос мүшесі.Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпаларынан тұратын капсуламен қапталған,мұны белокты қабық депте атайды.Ұрық каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпаларынан тұратын бөліктерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының топтары болады.Осы интерстициялық клеткаларда аталық жыныс гармондары өнеді.Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық күйінде қалыып 7-8 жаста ғана қалыптасады.Омыртқалылардың аталық жыныс безінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны түзіледі.Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон басқа жыныс гормондары болады.Олар ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады және шағын мөлшерде бүйрек безінің қабығында және аналық безінде түзіледі.Еркектердің жыныс гормоны андроген деп аталады.Ол гормонды қанда плазма гликопротейды тасымалдайды.Жыныс гормондары стеройдтық гормондар тобына жатады және холестеролдан түзіледі.Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобын құрайды.Олар өзінің физиологиялық міндетін атұарғаннан кейін біразы ыдырап,қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несеп құрамында ағзадан шығады.
25 Гипофиздің тропты гормондары.
Бас-сүйегіндегі түрік ерекшесінің тұсын-да, мидың астында орналасқан. Оны эндокринді бездердің ішінде ең бас-ты без деп атайды, өйткені эндокрин-ді бездерінің құрамындағы қалқанша без бүйрек безінің қатты қабығы және жыныс бездері гипофиз іс-әрекетіне тәуелді, өйткені онда пай-да болатын гонадотопты гормондар қанға өтіп, көрсетілген шеткі ішкі секреция бездерінің қуатын көтереді. Гипофиздің үш бөлігі. 1 – алдыңғы, безді немесе аденогипофиз, 2 – артқы немесе жүйкелі (анығырағы – нейросекторлы) және 3 – аралық (безді, алдыңғы бірінші-екінші бөліктің аралығында жататын жұқа қабат). Ортаңғы бөлік ересектерде болмайды, ал балаларда күшті дамыған. Гипофиз ересек адамдарда сопақ пішінді болып, оның ұзындығы 10 мм, ені 13 мм, биіктігі 6 мм, салмағы 0,5-0,65 г, нәрестеде салмағы 0,1-0,15 г, 10 жаста – 0,33 г, 20 жаста – 0,54 г болады. Әйелдердегі гипофиздің көлемі мен салмағы ер кісілерге қарағанда шамалы жоғары, әйел ағзасының тәнтірлігінтанулық (физиологиялық) ерекшелігіне байла-нысты. Жүкті болған уақытта гипо-физдің салмағы мен көлемі біршама үлкейеді. Гипофизге оның қан жабдық-талуын реттейтін, симпатикалық жүйке талшықтары келеді. Гипофиз-де 22-ден артық гормондар өндіріле-ді. Гипофиз өндіретін өнімнің шама-лы бөлігі қанға, ал шамалы бөлігі – жұлын-ми сұйықтығына, ми қарын-шаларына беріледі. Енді гипофиздің алдыңғы, артқы және аралық бөліктерінің қызметтеріне тоқталсақ. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметі. Гормондардың көпшілігі аденогипофизде: аденокортикотроп-ты, соматотропты (немесе өсу гормоны, тиреотропты, үш гондотопты – көпіршікті күшейтетін, лютеиндейтін және лактогенді), панкреотропты т.б. түзіледі. Өсу гормоны (соматотропты) баланың бойының өсуіне әсер етеді. Өсу гормонының қызметі артқан (гиперфункция) кезінде бой өсуі артады, кейбіреулер шамадан тыс өседі (гигантизм), ондай адамның биіктігі 2,5 – 2,6 м-ге жетеді. Ал керісінше қызметі нашарлаған (гипофункциясында) бойы ергежейлі болады. Ал егер гипофиздің қызметі асқындағанда, ағзаның қалыптасуы біткен кезде, кейбір мүшелердің тасуы (акромегалия) пайда болады. Бұл кезде ауру асқынуынана бет, аяқ-қол шамадан тыс өседі, тағы да жұмсақ ұлпалар мұрын, ерін мен мойны өсіп жуандайды. Тілдің үлкеюі сонша, ауызына сыймай кетеді, ішкі мүшелер – бауыр, жүрек т.б. үлкейіп кетеді, бұлшықеттерің нашарлауы жәнежыныстық іс-әрекеттері бұзылады. Осындай мүшелердің акромегалиясы көбінесе ер кісілерде байқалады.
26 Сүйек тканінің химиялық құрамы.Сүйек ткані дәнекер тканнің бір түрі болып табылады және сүйектің құрылымы мен қызметін анықтайды.Сүйек ткані өзінің биологиялық қызметіне сәйкес беріктігі мен және тығыздығы мен ерекшеленеді.Бұл қасиеттер сүйектің клеткааралық затының құрамында минеральді қосылыстардың көп мөлшерде болуымен байланысты.Минералды заттардың негізінен калций мен фосфаттардың,сүйек ткані ағзаның ішкі ортасының гомеостазын сақтауға қатысады.Сүйек тканінің көп бөлігі клеткааралық матрикс, ал аздаған бөлігі клеткалық элементтер түрінде болады.Сүйек тканіің барлық компоненттері үнемі жаңарып және қайта құрылып отырады,сүйектің органикалық және минералды заттары үнемі ыдырап және синтезделіп отырады.Сүйек тканінің клеткаларынығ ішінде остеобластар басым болады.Остеобластарда клеткаларға тән барлық компоненттер болады және коллаген,гликопротеиндер мен глюкозаамингликандардың синтезінің күшті аппаратымен ерекшеленеді.Ересек адамның сүек тканінде 1200г калций ,530г фосфор,11г магний бар,бұлардан басқа сүекте микроэлементтер де бар. Сүек тканінің құрамында сүектің өзгешелік қызметтері мен құрылымдық ұйымдастығын қамтамасыз етуге қажетті белоктар коллаген, альбуминдер мен гликопротеиндер бар.Сүек коллагеніне лизинді және оксилизинді қалдықтардың бос топтарының көп мөлшері,сонымен қатар молекулаға теріс заряд беретін моноаминотканінің аминқышқылдардың көп мөлшерде болуы тән. Сүекті тканнің альбуминдері коллагенді емес белоктардың негізгі бөлігін құрайды және иммунологиялық қасиеттері бойынша қан сарысуының альбуминдеріне ұқсас болады.Сүектің альбуминдері гормондардың ,минералды және басқа да заттардың қан ағымының сүекке жеткізілуін қамтамсыз етеді. Сүек тканінің қайта түзілу процесі үшін органикалық негізгі коллагенді фибриллалар синтезделуі және олар минерализациялануы қажет.Осы процесстердің барлығындада остеобласттар негізгі рол атқарады.
27) Дентин, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Дентиннің құрамына 72 % бейорганикалық заттар мен 28% органикалық заттар мен су кіреді.Бейорганикалық заттар кальций карбонаты мен фосфатынан, аз мөлшерде кальций фторидімен, магниймен және көптеген микроэлементтермен, органикалық –коллагендермен (90%), фосфопротеидтар және аз мөлшерде гликопротеидтармен, глюкозамингликандармен көрсетілген. Дентин эмалға қарағанда аз деңгейде белгілі. Оның микроқаттылығы 58,9 кг кв мм құрайды.
Дентиннің негізгі құрылымдық элементіне негізгі заттары мен оның дентинді түтікшелерінен немесе каналшаларынан өтетін коллаген талшықтары кіреді.
Коллаген талшықтары дентиннің әр түрлі бөлігінде әр түрлі бағытталған және бір –бірімен шоғырланып түзілген. Дентиннің бұл байланысында 2 қабатты бөледі: сыртқы және ішкі. Сыртқы қабатында талшық радиальды бағытпен жүреді (Корф талшығы). Ішкі қабатында талшық тангенциальды орналасқан (Эбнер талшығы).
Осы негізгі екі қабаттың арасында радиалды және тангенциальды бағытталған шиеленістіруші тағы жіңішке аралық талшық бар. Коллаген талшықтарының осылай орналасуы дентинге қатты беріктілік береді.
Дентиннің негізгі заттары фосфопротеид, гликопротеид және гликозаминогликандардан тұратын коллаген талшықтарының арасында орналасқан. Коллаген талшықтары мен дентин түтікшелерінің қабырғасы негізгі заттары обызвествлены.
Дентинді түтікшелер тіс пульпасынан эмалға немесе цементке радиальды бағытта жүреді. Тіс сауытында олар S тәрізді типті, ал түбірінде тік иілген. Дентин түтікшесінің затында біркелкі емес орналасқан. Пульпаға жақын орналасқан аймақта түтікшелер максимальды мөлшерде (75000 кв. мм)байқалады, ал пульпадан алу мөлшері бойынша олардың көлемі азаяды ( 15000 бастап 30000 дейін кв. мм).
Дентинді түтікшелердің диаметрі 2 ден 5 мкм дейін ажыратады, дентиннің ішкі бөлімінде олар біршама кең және сырқы бағытпен біртіндеп тарылады. Түтікше аралық аймақтың ені 4 тен 8 мкм дейін ауысып тұрады. Дентин түтікшелерінің ішкі беткейі біркелкі емес, өйткені олардың сәулесі апатит кристаллдары конгломератына қарай жылжиды. Тіс сауытының дентинінде дентинді түтікшелер жан-жағына таралмайды және дентинэмальды қосылыстың терминальды тармақтарына ыдырайды, әсіресе көрші түтікшелердің жан-жағына таралып анастомоздар құрған дентиннің цементті қосылыстары.
Дентинді түтікшелердің әрбір сәулесі олардың жан-жағындағы тармақтарына енетін және дентинді түтікшелердің толығымен өтетін дентинобласттардың бір немесе екі өсінділерімен толған. Қалыпты жағдайда бос дентинді түтікшелер болмайды, бірақ қабыну процессі кезінде тіс-жақтық жүйенің және ағзаның қартаюы кезінде дентинобласттардң дентинді өсінділері бөліктеп немесе толығымен атрофияға ұшырайды.
Дентинді түтікшенің ішінде күрделі құрылымның қабықшасы төселген: ол түтікшенің қабырғасына жапсырылған қалыңдығы 30-40 нм болатын электронды-тығыз мембранамен көрсетілген. Кейде бұл мембрана колоборазды инвагинация қалыпта болады, көрсетілген түтікше қабырғасының тубуляр аралық және түтікше аралық микросаңылаулары зат алмасу үшін қажет. Сондай-ақ электронды-тығыз мембрананың сыртында дентиннің деминерилизациясынан кейін анықталатын қалыңдығы 40-90 нм талшықтық қабаты жатыр.
28) Цемент, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Цемент арнайыланған сүйек тіні болып табылады. Цементтің химиялық құрамы мен құрылымы бойынша сүйек тінінің талшықты түріне жатады. Оның құрамына 68% бейорганикалық заттар, 32% оганикалық заттардан және судан тұрады. Органикалық заттары негізінен коллагендермен көрсетілген.
Жасушалық емес (біріншілік) және жасушалық (екіншілік) цементті ажыратады. Жасушалық емес цемент түбірдің барлық беткейін тістің мойнынан бастап ұшына дейін жіңішке қабатпен қаптайды. Тістің мойнында жасушалық емес цемент біршама эмаль шетін қаптайды. Түбірдің ұшындағы жасушалық емес қабаты аз болады және ұшындағы аймақта болмауы да мүмкін. Жасушалық цемент түбірдің үштен бір бөлігін қаптайды, жасушалық емес цементтің жіңішке қабатына қаланған бифуркациялар мен трифуркациялар. Осы жерде жасушалық емес цемент болмайды, жасушалық-дентинде орналасады.
Жасушалық емес цемент әк тұзымен сіңірілген, олардың негізгі заттары желімделуші коллаген талшықтарынан тұрады. Коллаген талшықтары 2 бағытта жүреді. Олардың біреуі түбірдің беткейлі цементіне параллельді орналасқан, басқа неғұрлым қалыңдаулары цементтің балық қалыңдығына радиальды бағытта өтеді.Радиальді бағытталған коллаген талшықтары перидонттың цементті-альвеолярлық талшықтардың шоғырына жалғасады, ал олар өз кезегіндеальвеолаға тіс түбірінің бекінуін қамтамасыз ететін альвеоланыңкомпактті табақшасына енеді. Цементтің ішкі жағында радиальды талшықтар дентиннің коллагенді талшықтарымен бірігіп кетеді.
Жасушалық цемент өсінді жасушасы-цементоциттерден және негізгі заттардан тұратын коллаген талшықтарынан құралған. Коллаген талшықтарының негізгі заттары жасушалық цементі жасушалық емес цементке қарағанда реттілікпен бағытталған. Олардың көншілігі радиальды орналасқан және цементті-альвеолярлы талшықта жалғасады. Цементоциттер негізгі жолақта – цементті лакунада, ал оның өсінділері – цементті каналшаларда орналасқан. Цементті каналшалардың біршама бөлігі және олардың орналасқан цементоциттерінің өсінділері цементтің ішкі беткейіне бағытталады және периодонттың дәнекер тініне енеді..
29) Эмаль, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
Эмаль эпителидің эктодермальды типінің туындысы болып табылады. Оны тін деп атауға болады, бірақ олада жасуша болмағандықтан, бұл мүлдем дұрыс емес. Сондықтан эмальды энамелогенездің аяқталуынан кейін эналобласттың редукциясымен байланысты болмайтын регенерация мен жаңа түзілістер, яғни жасушалардан кейінгі құрылым ретінде қарау керек болды. Эмаль тістің сыртын қоршап тұрады және тістің мойнының бөлігін де жауып тұрады. Эмальдың қалыңдығы тістің сыртының әр бөлігінде әр түрлі: тіс сауытының дөңес аймағында 1,7 мм, фиссур аймағында 0,5-0,6 мм, тістің мойынында 0,001 мм дейін жетеді.
Эмаль – ағзаның ең қатты тіндерінің бірі. Эмальдың қаттылығы 397,6 кг/мм дейін жетеді. Қаттылығы көбінде басым болғанымен, эмальдың беткейлі қаьатының сынғыштығын да ескеру керек. Қалыпты тістің жетілген эмалының қаттылығы дентин эмалды қосылыстың беткейлі қабатынан біртіндеп төмендей береді.
Эмалдың химиялық құрамы. Эмальдың қаттылығы оларда минералды тұздардың құрамының( 97% дейін), апатит кристаллдары: гидроксиапатит (75% дейін), карбонапатит (12%), хлорапатит (4,4%), фторапатит (0,7), кальций карбонаты (1,3 %) және магний карбонаты (1,6 %) жоғары болуымен негізделеді. 2% төмен емес жетілген эмаль массасы апатитті емес формасын құрайды. Эмальдың негізгі компоненті болып гидроксиапатит - Са(РО)(ОН) және 8 кальциийлі фосфат СаН(РО)5НО табылады.
Эмальдың органикалық заттары 1-2,5% құрайды. Оған қөмірсулар, майлар және белоктар жатады. 100 г эмалда 1,65 г көмірсужәне 0,6г майлар болады. Көмірсулар глюкозамен, маннозамен, галактозамен және т.б. көрсетіледі.
Эмаль апатит кристллдары кіретін эмалды призмалар мен призма аралық заттардан құралған. Эмалды призмалардентин эмальды қосылысқа радиальды бағытпен перпендикуляр құрайды.Эмальдың негізгі призмдары мен призм аралық заттары фибриллярлы белоктартар мен эмалдың кальций байланыстырушы белоктарынан тұратын ( эмал матрицасы деп аталатын) тонкофибрилляржелісі болып табылады. Фибриллярлы белоктар Органической основой эмалевых призм и межпризматического вещества является тонкофибриллярнаясеть, состоящая из фибриллярных белков и калцийсвязывающего белка эмали (это так называемая матрица эмали). Фибриллярлы белоктар матрицаның үш өлшемді желісін құраушы эмалдың кальций байланыстырушы белоктарына бекитін қаңқа (каркас) ролін атқарады. Осы желінің ілмектеріне алтыгранды, полигоналды немесе жалпақ таяқшалар формасындағы гидроксиапатит кристаллдары орналасады.
30 Дәнекер тканінң химиялық құрамы,биологиялық ролі.Дәнекер ткані (соединительная ткань); (textus соп- nectivus; лат. textus — үлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.[1] Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар (эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен, массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда әлдеқайда мол болады. Сондықтан, жасушааралық заттар дәнекер ұлпаларының маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық), қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді. Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы, ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
2 Кезен
1 Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы,қасиеттері, асқазандағы ас қорытылудағы асқазанның маңызы. Асқазан сөлінің физико химиялық қасиеттері,қышқылдықтың түрлері. Асқазан сөлін зерттеу,тұз қышқылының дебит сағатын анықтау.
Асқазанда тағам химиялық өңдеуден өтеді. Ол үшін асқазан құрамы күрделі сөл шығарады. Бұны секрециялық қызметі деп атайды. Қарын сөлі құрамында тұз қышқылы, протеолиздік ферменттер, ішкі антианемиялық (Касл) факторы, су, фосфаттар, сүлфаттар, хлоридтер, калий, натрий, кальций және шырыш бар.
Асқазан сөлі үш түрлі бездік жасушалармен (гландулоциттермен) өндіріледі:
1. негізгі гландулоциттер пепсиноген мен химозин;
2. мукоциттер-шырыш;
3. париеталдық (іргелік) гландулоциттер — тұз қышқылын, ішкі антианемиялық факторды өндіреді.
Асқазан сөлінің шығуы нервтік рецепторлардың қозуымен және ас қорыту жолдарының гормондарымен реттелуі бойынша үш сатыда өтеді:
1. нейрогендік (кезбе нерв арқылы),
2. қарындық (гастриндік) және
3. ішектік сатылар.
Қалыпты жағдайда қарын тәулігіне 2 литр шамасында сөл шығарады.
Асқазанның көп сөл бөлуін гиперсекреция, аз сол бөлуін гипосекреция деп атайды. Сөл бөлуінің өзгерістері оның қышқылдығы мен ферменттік белсенділігінің өзгерістерімен қабаттасады. Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылауьш гиперацидтік жағдай немесе гиперхлоргидрия дейді. Бұл кезде асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 100 титрлік өлшемнен артық болады. Қышқылдықтың азайуын гипоацидтік жағдай немесе гипохлоргидрия, бос тұз қышқылының толық болмауын анацидтік жағдай немесе ахлоргидрия деп атайды.
Асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, сөлдің ферменттік қасиеті қатты көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның пилорустық қысқышы ұзақ мерзім жабық тұрады. Осыдан асқазанда тамақ тұрып қалады да, оның ашуы ұлғайады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс астында қыжыл сезіміне, кейде құсуға әкеледі.
2 Организмдегі аммиакты усыздандыру жолдары,мочевинаның түзілуі туралы теория және орны.
Аммиак мынадай катаболитикалық реакциялар кезінде түзіледі:-аминқышқылдарының дезаминденуі,биогенді аминдердің дезаминденуі,пурин негіздерінің дезаминденуі,пиримидиндік негіздердің ыдырауы.Тканьдерде аммиак аммоний иондары түрінде болады,ол аммоний гидроксидінің диссоциациясы кезінде түзіледі және ішкі ортаның рН-ын сілтілік жаққа ауыстырады.Сұйықтықтар мен тканьдердегі аммиактың концентрацисы өте аз.Қалыпты жағдайда қандағы аммиактың мөлшері 24-40мкмоль\л.Аммиактың деңгейі артқан кезде ішкі ортаның рН-ы өзгереді және оның зиянды әсері құсу,естен тану,қалтырау түрінде көрінеді.Сондықтан тканьде аммиакты залалсыздандыру механизмі болады,ол мынадай жолдармен жүреді:
-аммоний тұздарының түзілуімен
-кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуімен
-аминқышқылдардың амидтерінің-аспарагин мен глутамин түзілуімен
-мочевинаның түзілуімен.
Осы механизмдердің көмегімен қанда және тканьде аммиактың концентрациясы өте төмен деңгейде болады.Аммиакты залалсыздандырудың негізгі және маңызды жолы-мочевинаның түзілуі болып табылады.Кребс пен Гензенлейт мочевинаның синтезі циклді процесс және онда орнитин каталитикалық қызмет атқаратынын анықтаған.Сол себепті бұл процесс Кребс-Гензенлейттің орнитинді циклы деп аталады.
3 Тікелей және тікелей емес билирубиннің түзілуі»,химиялық табиғаты.
Билирубин – суда нашар еритін және токсикалық қосылыс,сондықтан қанға түскенде , қанның плазмасының альбуминдерімен байланысып,осы түрде бауырға тасымалданады.Бұл билирубин белоктарды тұнбаға түсірген кезде ғана анықталады,сондықтан бос немесе «тура емес» билирубин деп аталады.Бауырда бос билирубин пропион қышқылының радикалдарының карбоксильді тобына қосылатын глюкурон қышқылымен коньюгация реакциясында залалсыздандырылады.Билирубиннің глюкуронидтары суда жақсы еритін және токсикалық емес қосылыстар ,олар Эрлих диазореактивымен «тура реакция» арқылы анықталады.Сондықтан «тура» немесе байланысқан билирубин деп аталады.Билирубиннің глюкуронидтары біраз мөлшерде гепатоциттерден қанға өтеді.Сондықтан сау адамның қанында коньюгацияланбаған(тура емес) және коньюгацияланған(тура) билирубин болады.Сау адамда тотура емес билирубин жалпы билирубиннің 75% құрайды,ал тура билирубин 25%құрайды.
4) Сары ауру түрлері кезінде гемоглобиннің метобализмі, сары ауру (сарғыштану) лабораториялық диагностикасы.
Сары ауру-гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Негізінен бауыр зақымданып, зат алмасуы бұзылып, денесінің сарғаюымен қатар басқа да клиникалық көріністері ұқсас вирусты аурулар.
Қоздырғышы:жай микроскоппен табылмайтын вирус. Оның 4 түрі бар: «А» вирусы, «В» вирусы, не «А» не «В» емес вирус, Дельта-вирус.
Эпидемиологиясы:
1.Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
2.Аурудың таралу жолдары-«А» вирусы-фекальды-оральды жолмен; «В» вирусы дұрыс тазартылып залалсыздандырылмаған медициналық құрал-жабдықтар(шприц, инелер т.б.), қан арқылы; не»А» емес не «В» емес вирус-ауыз арқылы да, қан арқылы да, тыныс жолымен де таралады; Дельта-вирус әлі зерттелуде.
3.Төзімділік (сезімталдық)-«А» гепатитімен 6-15 жас аралығындағы балалар, «В» гепатитімен көбіне 1 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
4.Маусымдылық-«А» гепатиті күз-қыс айларында жиі кездеседі. «В» гепатитіне маусымдылық тән емес.
5.Иммунитет-тұрақсыз, әр-түрлі вирусқа бөлек.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш қанға өтеді де, қан ағымымен бауырға жетеді. Осы жерде өсіп-өніп, улы заттар бөліп шығарады, бауыр клеткаларын зақымдайды, бұл зат алмасуының бұзылуына әкеліп соқтырады, бауыр клеткаларының токсиндерге (уыттарға) қарсы қызметін нашарлатады.
Сары аурудың кеңінен қолданылатын лабоаториялық диагностикалары;
Олардың идентификаторларын және қоздырғыштарын анықтау
Жұқтыру маркерлерінің пайда болуы және жоғалуы туралы мәлімет
антигендердің заманауи иммунохимиялық және молекулалық-биологиялық детекторлық әдісі: антидене және нуклеинді қышқылдар
НВ sAg - анти-НВ s
анти-НВс Ig М и IgG
НВе Ag - анти-НВе
5 Бауыр биохимиясы,функциялары.Зат алмасудағы бауырдың рөлі.
Бауыр-ең күрделі безді құрылым және ең ірі паренхиматозды мүше болып табылады.Бауырдың функциональды бірлігі бөлікшелер болып табылады,олар бауырдың биосинтетикалық ,секреторлы және экскреторлы процестерге қатысуын қамтамасыз етеді.Жоғары және төменгі сатыдағы жануарларлардың барлық басқа мүшелерден ерекшелігі –бауырға қанның ағыны артериалды жүйе арқылы ғана емес, сонымен қатар венозды жүйе арқылыда келеді.Асқазан-ішек жолдарынан ағатын барлық венозды қан v .parta-ға жинақталады да, бауырға жеткізіледі.Бауырда қан ағынының жылдамдығы минутына 1,2л құрайды. Бауырдың негізгі клеткалары – гепатоциттер,олардың өздеріне тән формасы бар, құрамында көп мқлшерде митохондриялар,эндоплазматикалық ретикулум және гольджи комплексінің элементтері,ірі ядро бар.Бауырдың клеткалық элементтеріне өт капиллярлары мен өт жолының эпителиалды клеткалары жатады.Функциялары:1.Барлық заттардың аралық алмасуының реттелуін қамтамасыз етеді.2.Әртүрлі қосылыстар үшін депо болып табылады.3.Бауыр ағзалардың ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға,гомеостазды реттеуге қатысады.4.Бауыр өтті өндіреді.
6 Қан плазмасының белоктары,өкілдері, қасиеттері, қандағы қалыпты мөлшері. Маңызы. Элетрофорез әдісін пайдалана отырып, қан плазмасының белоктарын 3 топқа бөлуге болады: альбуминдер,глобулиндер, фибриноген.Қазіргі кезде клиникалық зертханаларда қағазға қан сары суы белоктарын электрофорездік бөлу әдісі кеңінен пайдаланылуда.Бұл жағдайда қан сары суының белоктары альбуминдерге және глобулиндердің 4 фракциясына (альфа1, альфа2, бета, гамма) бөлінеді.Альбуминдер – қанның ең жеңіл белоктары, салыстырмалы молекулярлы салмағы-70000. Альбуминдер гормондарды, холестеринді,өт пигменттерін, бос май қышқылдарын, кальцийді,емді заттарды, бояуларды тасымалдайды. Альфа1-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер(ТЖЛП), трипсинді ингибиторлайтын белоктар, металл иондарымен байланысқан белоктар бар. Альфа2-глобулинді фракцияда альфа-липопротеидтер, гликопротеидтер,гаптоглобин, С-реактивті белок, металдарионын тасымалдайтын белоктар, трипсин ингибиторы бар. Сау адамның қан сары суында С-реактивті белок болмайды, бірақ қабыну және тканьдер некрозымен сипатталатын патологиялық жғдайлар кезінде анықталады.Бұл белок аурудың өткір кезеңінде пайда болады сондықтан оны «өткір кезең» белогы деп атайды. Ауру созылмалы түрге өткен кезде қанда С-реактивті белок жоғалады да,процесс асқынған кезде қайтадан пайда болады. Сау адамның плазмасының ферменттері шартты түрде үш топқа бөлінеді:1.Плазмоөзгешелік ферменттер. 2.Клеткалық ферменттер. 3.Экскреторлы ферменттер. Плазмоөзгешелік ферментер бауырда синтезделеді және өзінің каталитикалық әсерін қан плазмасында көрсетеді. Плазмоөзгешелік ферменттерге: бауырдың липопротеидлипазасы, холинэстераза, лизоцим, қан ұюдың ферменттері, фибринолиз және кининогенез ферменттері,ренин жатады. Клеткалық ферменттер клеткада синтезделеді және өз қызметтерін атқарады. Сау адамның плазмасында олардың концентрациясы төмен және клеткалардың қартаюы мен ыдырауының физиологиялық процестерімен байланысты.Эксекреторлыферменттер негізінен бауырда синтезделеді. Оларға лейцинаминопептидаза, қышқылдық фосфатаза жатады.Олар ағзадан өттің құрамында шығарылады. Патология кезінде қан сары суында, плазмада ферменттердің сандық мөлшері мен белсенділігі артып (гиперферментемия) немесе төмендеп (гипоферментемия) отыруы мүмкін. Изоферменттер дегеніміз-бірдей реакцияларды катализдейтін, бірақ бір-бірінен бірқатар физико-химиялық қасиеттері бойынша ерекшелінетін ферменттер тобы. Әсіресе лактатдегидрогеназа изоферменттері жақсы зерттелген.Оларға ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5 жатады. Жүректе ЛДГ1 мен ЛДГ2 изоферменттерінің белсенділігі жоғары. Бауыырда, қаңқа бұлшықеттерде ЛДГ5 және ЛДГ4 басым болады.
7 Қан плазмасының кининдік системасы,белоктар «жедел кезеңі» және компонентерінің байланысуы, белок-ферменттер, түсініктеме маңызы.
Кининдерді кейде жергілікті гормондар деп те атайды.Олар ішкі секрецияның өзгешелік бездерінде түзілмейді,керісінше бірқатар тканьдардың сұйықтықтарында ж\е қан плазмасында тұрақты кездесетін белсенді емес бастаңғылардан бөлінеді.Қанның маңызды кининдері-брадикиндер,каллидин ж\е метионил-лизил-брадикинин болып табылады.Химиялық табиғаты бойынша кининдер-полипептидтерге жатады,қан плазмасында кининдер денгейі өте төмен ж\е олар кемінде 3 типтікининогендер түрінде кездеседі. Кининогендер бауырда синтезделеді.Қан плазмасында олар белоктардың альфа-2 глобулинды фракциясымен байланысады.Кининогендерден кининдердің түзілуі өзгешелік ферменттер- калликреин деп аталатын кининогеназалар әсерінен жүреді. Калликреиндер трипсин типті протеиназалар болып табылады. Тканьдер калликреиндерінің (ұйқы безінің, бүйректің,ішек қабатының,зәрдің) плазма калликреиндеріне қарағанда субстраттық өзгешелігі төмен болады. Қан плазмасында калликеиндер өзінің бастапқы түрі – калликреиногендер түрінде кездеседі.Хагеман факторы сонымен қатар плазмин, трипсин, адреналин, урокиназа және рН-тың қышқылдық жаққа ауысуы қан плазмасында калликреиногеннің тура активаторы болып табылады. Кининді жүйенің физиологиялық қызметі негізінен гемодинамиканың реттелуі.Брадикинин қан тамырларын кеңейтуші күшті зат болып табылады. Олар тамырдың тегіс мускулатурасына тура әсер етіп, оның босаңсуын тудырады. Кининдердің физиологиялық мәні: -жергілікті қан айналымын реттейді. –қан қысымын реттейді. –тканьдер гиперемиясын тудырады. –жүрек-қан тамырлар қызметін ынталандырады. –ішектің моторикасын реттейді. –ренотропты әсер көрсетеді. –жылу алмасуды реттейді. Патологиялық процестердің қалыптасуына кининдердің қатысуы: -қабынуды күшейтеді(панкреатиттер,артриттер,аллергиялар,инфекциялар сәулелену) -шоктың дамуына септігін тигізеді (эндотоксинді,геморрагиялық, хирургиялық) -ангионневротикалық Квинке ісінуін, карциноидты синдром, демпинг синдром, катарак...
8
Қанның азотты қалдығы.Осы топқа кіретін заттардың химиялық табиғаты.
Қанның қалдық азоты—бұл плазманың белокты емес заттарының азоты,ол қан сары суы белоктарын үш хлор сірке қышқылымен тұнбаға түсірегнде бөлінеді. Қанның қалдың азоты белокты емес табиғаты бар төмен молекулалы қосылыстар түрінде болады,мочевина азоты,аммиактың,индиканның,нуклеотидтердің,нуклеозидтердің,билирубинның,холинның ж\е т.б.азоты.Қалдық азоттың құрастырушы компоненттері белокты алмасудың соңғы өнімдері болып табылады,сондықтан ағзадан шығарылуы к\к.Бұйректің экскреторлы қызметтерінің бұзылуын анықтау мақсатында ж\е бүйректің жетіспеушілік дәрежесін бағалау үшін немесе буындардың мочевина түзуші қызметін бағалау үшін қанның қалдық азотын ж\е оның жекеленген компоненттерін анықтайды.
1.Қалдық азот 14-25 ммоль\л
2.Мочевина 2,5-8,3ммоль\л
3.Зәр қышқылы 0,16-0,57 ммоль\л
ерлерде 0,24-0,57 ммоль\л
әйелдерде 0,16-0,40 ммоль\л
4.креатинин
ерлерде 44-100 мкмоль\л
әйелдерде 44-88 мкмоль\л
5.Креатин
Ерлерде 15-45 мкмоль\л
Әйелдерде 45-76 мкмоль\л
6.Жалпы билирубин 8,5-20,5 мкмоль\л
тура 25%дейін
емес тура 75-100%
9 Қан плазмасының азотсыз құрамы,өкілдері,химиялық табиғаты,олардың қалыпты мөлшері.
Қанның азотсыз органикалық компоненттер тобына көмірсулар ж\е липидтер алмасуларының метаболиттері жатады.
Адам тканінің негізгі көмірсулері-гомополисохарид гликоген,гетерополисахаридтер-гиалурон қышқылы,креатинсульфаттар,хондроитинсульфаттар,гепарин ж\е моносахаридтер-глюкоза,фруктоза рибоза дезоксрибоза болып табылады.адамның қанында ж\е тканьдерде дисахарид сахароза болмайды.Дисахарид лактоза тек сүтте кездеседі.Адамның қан плазмасында тек моносахарид глюкоза мен көмірсулар алмасуының метоболиттері болады.Сондықтан қанның қантты деген термин мүлде сәйкес емес. Глюкоза-адам мен жануарлар ағзасының барлық клеткаларының негізгі энергетикалық материалы болып табылады.Глюкозаның қайнар көзі мен пайдалану жолдарының схемасында адам ағзасындағы глюкоза катаболизмы кезіндегі айналу жолдары мен энергетикалық шығымы көрсетілген.Қан сары суында көмірсулар алмасуының мынадай метаболиттері бар:
1.Глюкоза 3,3-5,7 ммоль\л
2.Сүт қышқылы 1 ммоль\л-ге дейін
3. Белоктармен байланысқан гексозалар 5,8-6,6 ммоль\л
4.Серомукоидпен байланысқан гексозалар 1,2-1,6 ммоль\л
5.Сиал қышқылдары 2,0-2,33 ммоль\л
Глюкоза-қанның маңызды компоненттері болып табылады.Қанда глюкозаның мөлшері қан ағымынаиглюкозаның келіп түсуін ж\е тканьдердің глюкозаны пайдалану жылдамдығын қамтамасыз ететін механизімдердің өткізгіштігіне байланысты болады. Клеткалардың плазматикалық мембранасы тек бос глюкозаны өткізеді,ал фосфорлы эфирлерін өткізбейді.
10 Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.
Барлық қанның 36-48%эритроцит алады. 1мм 4-5 млн –ғадейін эритроциттер болады. Эритроциттер-эритробластың ядросыз дериваты болып табылады. Жетілген эритроцитте ядро, хроматин және белоктар мен липидтер синтезінің аппараты болмайды. Эритроциттерде митохондрия да жок. Өсуге, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті тірі клетка қатарына жатпаса да, эритроцит ұзақ өмір сүруге қабілетті. Эритроциттердің басты биологиялық қызметі – газдарды тасымалдау (оттегіні және көмірқышқыл газын). Эритроциттер аминқышқылдарды,глюкозаны және калий мен натрий иондарын тасымалдауға қатысады. Қан ағымындағы циркуляциясының бүкіл мерзімінде эритроциттің газды тасымалдау үшін екі бүгілген диск тәрізді формасын сақтауы – эритроциттердің химиялық құрамымен, құрылысымен және мембранасының қасиеттерімен түсіндіріледі. Эритроциттердің негізгі химиялық компоненті глобин белогы болып табылады. Эритроциттердің құрғақ затының салмағының 95% гемоглобин құрайды. Сау адамдарда қандағы гемоглобин концентрациясы 132-164г/л. Ағзаның барлық гемоглобині эритоциттерде шоғырланған.Қан плазмасындағы гемоглобиннің мөлшері өте аз. Гемоглобиннен басқа эритроциттерде анаэробты гликолиз бен глюкоза катаболизмінің пентозды жолын қамтамасыз ететін белок-ферменттер, метгемоглобинредуктаза супероксиддисмутаза, каталаза және т.б ферменттер болады.
11 Қанның қышқыл-сілтілі жағдайы. Қанның құрам бөліктерінің қан рН сақтауға қатысуы,сілтілік резерв.
Қан плазмасының қышқылді-сілтілі балансы минералдық заттармен қамтамасыз етілуі,сау адамның ағзасындағы олардың мөлшері төмкендейді:
Калий -3,4-5,3 ммоль\л
Натрий-130-150 ммоль\л
Кальцый-2,3-2,75 ммоль\л
Темір-12-32 ммоль\л
Фосфор-1-2 мкмоль\л
Хлоридтер-97-108 ммоль\л
Магний- 0,7-1,2 ммоль\л
Бикарбанаттар-21-25 ммоль\л
Буферлі негіздері-40-60 ммоль\л
Қанның қышқылды-сілтілі жағдайының басты көрсеткіштері мыналар:
Қан рН 7,36-7,44
рО2 90-100см с.б
рСО2 36-44см с.б
Сүттектік көрсеткіш-қан рН-ы.Қалыпты жағдайда қан плазмасының рН-ы 7,35-7,44.рН жоғарылауы метоболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомбинсацияланған алкалоз кезінде байқалады.рНтөмендеуі метаболитикалық немесе тыныс алу компенсацияланбаған ж\е субкомпенсацияланған ацидоз кезінде байқалады.Көмір қышқыл газының парциальды қысымы-рСО2-тыныс алу жүйесінің функциональды жағдайын көрсетеді,осы жуйенің потологиясы кезінде ж\е метоболитикалық ауытқу кезіндегі компенсаторлы реакциялар нәтижесінде өзгереді.Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан жоғары компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған тыныс алу ацидозы кезінде байкалады. Гиперкапния - рСО2 қалыпты жағдайдан төмен-тыныс алу компенсацияланбаған немесе суб компенсацияланбаған алкалоз кезінде байқалады.40 мм сын бағ жоғары болуы тыныс алу ацидозын көрсетеді.
12 Нерв тканінің химиялық құрамы. Зат алмасу ерекшеліктері.
Нерв жүйесі — информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі — нерв клеткасы — нейрон. Адам организмі күрделі де өзара тығыз байланысқан жүйелерден, органдардан және тканьдерден тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Осы-күрделі құрылымда ерекше рольді орталық нерв жүйесі — ми мен жұлын атқарады. Ол адам организміндегі барлық клеткаларды, ткаиьдерді, органдарды, бұлардың жүйелерін, өзара байланыстырып функциональдық біртұтастықта ұстайды. Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы - барлық органдар мен тканьдерде болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферрнтті (орталыққа тепкіш) импульстер қабылданады, олардың анализі мен синтезі жүреді (өңделеді) және түрлі шеткі органдардьщ әрекетін тудыратын немесе тоқтататын, болмаса олардың тонусын сақтауға көмеқтесетін эфференттік (орталықтан тепкіш) импульстер пайда болады. Орталық нерв жүйесі жеке организмнің қоршағаң ортаға бейімделуін оның барлық қызметтерінің ең жетілген реттелуін және үйлесімді, бірлескегі түрде іске асуын қамтамасыз етеді. Орталық нерв жүйесінің түрлі органдар әрекетін нақты бақылауы нерв орталықтары мен шеткі органдар арасында екі жақты байланыс болғандықтан іске асады. Қандай да болмасын эфференттік импульстерден орындалатын әрекеттен жұмые атқарушы органдардағы рецепторлар тітіркенеді де афференттік импульстер туады; ал олар тиісті әрекеттің нәтижесі туралы орталық нерв жүйесін хабарлайды (кері афферентация). Адамның да психикалық әрекеті мен басқа да барлық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген. Айтылып отырған аса жауапты да күрделі қызметте билеуші роль ми үлесіне тиеді.
13 Қалыпты зәрдің химиялық құрамы,олардың мөлшерінің өзгеру себептері.Ересек адамдарда нормада тәулігіне бөлінетін зәрдің мөлшері-1000-2000 мл және қабылдаған сұйықтықтың көлемінің 50-80% құрарйды.Ересек адамдарда тәуліктік зәрдің мөлшері 500мл-ден төмен және 2000мл-ден жоғары болса патология болып есептелінеді.Полиурия дегеніміз зәрдің көлемінің жоғарылауы.ол сұйықтықтардың көп мөлшерін қабылдау кезінде диурезді жоғарылататын қоректік заттарды қабылдау кезінде байқалады.Олигоурия –зәрдің тәуліктік мөлшерінің төмендеуі.Сұйықтықты аз қабылдаған кезде ,қызба күйінде құсу ,іш өту,улануда,өткір нефритте байқалады.Анурия-зәрдің бөлінбеуі.Ол бүйрек паренхимасының зақымдалуы кезінде, зәр-тас ауруларында ,сынаппен,мишьяк,қорғасынмен улануда байқалады.Тәуліктің зәрдің құрамында 60г құрғақ заттар-органикалық және бейорганикалық заттар болады.Зәрдің органикалық заттарының құрамында:мочевина,зәр қышқылы,креатинин, зәр қышқылы бар.Ал минералды заттарының құрамында:аммонийлітұздар,бикарбонаттар,фосфаттар,Na,K,Ca,Mg және бейорганикалық сульфаттары бар. Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар,калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр(мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәрбөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохромпигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
14 Зәрдің патологиялық жағдайда құрамы мен физико-химиялық қасиеттерінің өзгеруі, зәрдің патологиялық құрамдарының пайда болу себептері.
Зәр — құрамында 96% су және 4% қүрғақ қалдық бар сұйық зат. Оның құрамы қорек сипатына, ішілген су мөлшеріне, организмнің физиологиялық күйіне, ауа райы мен жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады.
Зәрдің түсі сарғыш келеді, ол оның құрамындағы урохром және уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Адамда зәрдің иісі қышқыл, ал малда ол түлік түріне байланысты өзгереді. Жылқы зәрінің иісі өткір, шіріген шөп иісіне ұқсас, ал сиыр зәрі әлсіз шірік иісті, ит пен шошқа зәрінің иісі ащы, жағымсыз келеді.
Зәрдің осмостық қысымы 23-30 атм. шамасында, ал тығыздығы -1,020-1,040 аралығыңда сақталады. Оның құрамында 50-120 г/л еріген заттар болады, олардың 2/3-сі органикалык, ал 1/3 — бейорганикалық заттар үлесіне тиеді. Органикалық заттардың 80-85%-ы мочевинадан, ал қалған 15-20 %-ы креатин, зәр қышқылы, аллантоин (пуриннің алмасу өнімі), аммиак, амин қышқылдары сияқты заттардан тұрады. Бейорганикалық қосылыстар натрийдің, калийдің, магнийдің көмір қышқылды, хлорлы, фосфор қышқылды тұздары, кальций оксалаты мен фосфаты түрінде болады. Зәрдің әрекетшіл ортасы организмнің қоректену ерекшелігіне байланысты. Ет құрамында қоректілерде ол қышқыл, шөп қоректілерде — сілтілік, талғамсыз қоректілерде — амфотерлік.
Зәр түзу екі кезеңнен — сүзу (филыпрация) және кері сіңіру {реабсорбция) — тұратын күрделі физиологиялық процесс. Зәр түзу процесі нефрон капсуласына қанның сұйық бөлігінің сүзіліп өтуінен басталады. Осының нөтижесінде капсула қуысына коллоид заттардан тазартылған, құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас сұйық — алғашқы зәр өтеді. Капсула қабырғасынан қанның сұйық бөлігінің сүзілуіне шумақ тамырларының жоғары қысым тудыратын (с.б. 70-90 мм) құрылымдық ерекшеліктері мен ондағы майда тесіктер — жасушалар, ықпал жасайды. Бұл жасушалар молекулалық салмағы 7000-нан артық заттарды өткізбейді, сондықтан алғашқы зәр құрамында белок болмайды, оны белоксыз ультрафильтрат (сүзінді) деп те атайды. Плазманың онкостық қысымы (с.б. 30 мм) судың сүзілуіне кедергі
жасағанымен, оның деңгейі шумақтағы қан қысымы деңгейінен (с.б. 70-90 мм) төмен болады. Осы екі қысым айырмасы с.б. 40-60 мм құрайды да, сүзілу (фильтрациялық) қысымы деп аталады. Осы қысым қанның сұйық бөлігінің капсулаға өтуін қамтамасыз етеді. Шумақ пен капсуладағы қысым деңгейі теңескен кезде сүзілу процесі тоқтайды.
Тәулігіне өте көп мөлшерде алғашқы зәр түзіледі (адамда 150-180 л, сиырда 540-1800 л). Демек, бүйрек тамырларынан орасан көп мөлшерде (адамда 1700-1800 л) қан өтіп отырады. Әрбір 6-10 л қан-нан 1 л алғашқы зәр түзіледі.
Алғашқы зәр ирек түтікшелер жүйесіне түскеннен соң зәр түзудің екінші кезеңі — кері сіңіру — басталады да, судың көп мөлшері, кейбір еріген тұздар, амин қышқылдары, глюкоза т.б. қанға қайта өтеді. Кері сіңіру процесі түтікшелер эпителийінің құрылым ерекшеліктеріне байланысты атқарылады. Түтікшелердің ішкі беткейінде ащы ішектегі сияқты микротүктер болатын көрінеді. Қазір әрбір эпителий торшасының беткейінде 6500 микротүк болатыны анықталған. Осының нәтижесінде түтікшелердің ішкі беткейінің сіңіру ауданы 40 есе артады, ол адамда 40-50 м2, малда 40-50 м2 құрайды. Мұндай морфологиялық ерекшеліктер кері сіңіру процесінің қарқынды жүруіне мүмкіндік береді.
15 Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмдері, жануарлар организміне әсері.
Қалқанша безінің атауы гректің «тиреос»-қалқан, «идос»-ұқсас деген сөзінен шыққан. Қалқанша без – ішкі секреция бездерінің ішіндегі негізгілері. Ағзада айналып отыратын барлық қан тәулік бойы бірнеше рет қалқанша безі арқылы өтеді де оның бөліп шығарған секретін барлық ұлпаларға және мүшелерге жеткізеді. Қалқанша без гормондары зат алмасуға қатысады. Сүтқоректі жануарлардың қалқанша безі мойынның ортасына таман, көмейдің астында орналасқан.Ол онша үлкен емес. Адамдікі-15-30гр шамасында. Бездің ішінде «коллоид» деп аталатын қоймалжың массасы болады. Коллоид құрамында белок йодқа бай тиреоглобулин бар. Қалқанша без ағзаға сумен және қоректік затпен бірге енетін йодидтерді өзіне шексіз сіңіреді. Қалқанша бездің негізі де активті гормоны тироксинмен трийодтиронин. Ол гормондар бірнеше рет айналып өзгеруі нәтижесінде тирозин амин қышқылынан түзіледі. Тиреоглобулин гидролизі кезінде тирозиннің йодтанған туындылары және басқа да амин қышқылдары босайды. Тироксин дийодтирозиннің екі молекуласына тотығып, конденсациялану жолымен түзіледі, бұл кезде аланин бөлініп шығады. Ал монойодтирозин мен дийодтирозиннен трийодтиронин түзіледі.Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі йод болады. Сондықтан ағзаға йод жеткіліксіз болса қалқанша бездің көлемі ұлғаяды да, без иек астында құстың жем сауына ұқсап шор болып тұрады. Қалқанша бездің үлкеюіне байланысты бұл кесапатты халық арасында жемсау (зоб) деп атап кеткен.1840жылы ғалым Базедов зерттеді.
16 Қалқанша безінің гипо және гиперфункциясы кезіндегі биохимиялық өзгерістері.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі ішкі секреция безі
Ішкі секреция бездері қызметінде екі түрлі ауытқу байқалады 1) гиперфункция — без қызметінің күшеюі, мұндай жағдайда без гормонды көп бөледі; 2) гипофункция — без қызметінің әлсіреуі, мұндай жағдайда без гормонды аз, жеткіліксіз мөлшерде бөледі. Организм үшін бездің гиперфункциясы да, гипофункциясы да қолайсыз, олар түрлі аурулар тудырады. Қалқанша без қызметі күшейсе организм базед ауруына шалдығады бездің көлемі үлкейіп, көз шарасынан шығады (бадырақ көз), жүрек қағады, нерв жүйесінің қозғыштығы жоғарылап, организм тез қажиды, терлегіш келеді. Без жұмысы әлсіресе ересек организмде шырышты ісік — микседема дерті байқалады тері кебірсіп, қатаяды да, ісінеді, түк түсіп қалады, зат алмасу қарқыны төмендеп, психика өзгереді. Без қызметі жас шақтан жетіспесе өсу процесі нашарлап, ақыл-ойдың дамуы тежеледі, нақұрыс — кретинизм ауруы байқалады. Ауыз су мен топырақта йод жетіспесе бездегі дәнекер ұлпа шамадан тыс ұлғайып, секрециялық торшалар әлсірейді де, организм зоб ауруына шалдығады. Бездің көлемі үлкейгенімен, гормон жеткіліксіз мөлшерде бөлінеді, зат алмасу процесінің қарқыны төмендейді.
Қалқанша серік безінің қызметі нашарласа тетания — құрысу байқалады, дененің бұлшық еттері тартылып, қарысып, қанда кальций мөлшері күрт төмендейді, тіс бұзылады, салмақ кемиді. Бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің қызметі нашарласа аддисон ауруы туындайды тері қошқылданып, тәбет жойылады, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, организм ариды. Ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметі нашарласа сусамыр — диабет ауруы байқалады, көмірсулар мен майлардың алмасуы бұзылады, қан мен зәрде қант мөлшері көбейеді.
Гипофиздің алдыңғы бөлімінің қызметі күшейсе организмнің өсу қарқыны үдеп, алыптық (гигантизм), ал әлсіресе — ергежейлік байқалады. Гипофиз қызметінің бұзылуы салдарынан организм акромегамия (дененің жеке бөліктерінің өсуіндегі үйлестіктің бұзылуы), май басу сияқты дерттерге де шалдығады.
17 Бүйрек үсті безінің милы қабатының гормондары, түзілуі, химиялық табиғаты, әсер ету механизмдері, заттар алмасуына әсері.
Бүйрек үсті безінің екі қабаты бар:сыртқы қыртыс қабаты және ішкі ми сияқты зат. Бұл екеуі дара без сияқты және екі түрлі гормон жасап шығарады. Ми заты екі түрлі гормон бөліп шығарады: адреналин және норадреналин. Адреналин ағзада көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал гликогенсинтетаза жұмысын тежейді. Өзінің әсерін глюкагон сияқты цАМФ арқылы тигізеді. Сөйтіп қан құрамындағы мөлшерін көбейтеді. Адреналин мен норадреналин ұлпаларда қан қысымын арттыруға екі түрлі әсер етеді. Адреналин жүректі жиі соқтырады. Артерия қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін жүйке ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады да, қан тамыр саңылауы тарылады. Адреналин – бүйрек үсті безінің гормоны ол күшті оксидередукторлы қасиеті бар қосылыс. Симпатикалық жүйке жүйесінің туындысын арттырып оның орталықтарын қоздырады. Норадреналин – симпатикалық жүйке жүйесінің өзгешелік медиаторы ретінде қарастырылады. Мүшелер мен тканьдерде норадреналиннің мөлшері әр түрлі болады. Ол сол мүшелер мен тканьдердің симпатикалық инервациясының әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Норадреналиннің коп мөлшері көкбауырда табылған, ал азырақ мөлшерде бүйректе, бауырда, мида болады.
18Бүйрек үсті безіндегі қыртысты қабатының гормондары, түзілуі химиялық табиғаты әсер ету механизмі, заттар алмасуындағы маңызы. Екі қабаты бар:сыртқы қыртысты қабаты және ми сияқты зат.Бұл екеуі дара без сияқты және екі түрлі гармон шығарады.Бүйрек үсті безінің милы затының хромаффинді клкткаларында дофамин түзелу кезеңі арқылы тирозиннен норадреналин және адреналин гормондары синтезделеді.Оларда пирокатехин ядросы бар,сондықтан оларды катехоламиндер д.а.Биохимиктер мен эндекринологтардың Харьков мектебінің зерттеулерінен бастап ғылыми әдебиеттерде гармональді және нейромедиаторлы қызмет атқаратын катехоламиндер физиологиясы мен биохимиясына арналған мәліметтер,монографиялар өте көп.Катехоламиндер физиологиялық әсер етуде кейбір өзгешілікпен сипатталады,жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қызметіне әсер етеді және горманальді әсері бар
19 Ұйқы безі гармоны-1869 жылы Лангерганс ұйқы безі ерекше аралшалар барын ашты,кейіннен ол аралшалар автордын есимимен аталады.Аралшаларда А(альфа) және В(бетта) жасушалар типі бар.Олар біріне бірі қарама-қарсы екі турлі гармон инсулин және гликоген болып шығартады.Канадалық ғалымдар Бантенг мен Бест 1921 жылы жаңа туған бұзаудың ұйқы безінен инсулин гармонын алып,қант диабетін емдеуде жаңа дәуір ашты.Бізді инсулин 1922 жылы Г.Л.Эйгорнның басшылығы мен алынды.Ағылшын ғалымы Сенджер 1955 жылы инсулиннің химиялық құрылысын.Инсулин-белоктық гармон,оның молек.салмағы 6000 адам және де жануарлар инсулинінің молекуласы 51 аминқышқылының қалдығынан құралған 5 полипептидтік тізбектен тұрады.Ұйқы безінің екі гармоны бар олар:инсулин және гликаген.Бұлар құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады.Инсулин қант деңгейін төмендетеді,ал гликоген қант деңгейін көтереді.Ағзада инсулин жоқ болса немесе жетіспесе қант құрамында гликоген мөлшері көбейеді(гипергликемия) және көп мөлшерде зәрмен бірге бөлініп шығады(оны глюкозурия д.а).Глюкозамен бірге ағзадан су көп бөлінеді,сырқат адам сусамырлыққа,ашқарақтыққа ұшырайды.Глюкозаны жоғалту салдарынан қордағы зат гликаген көп бөлініп шығады.
20 Қант диабеті кезіндегі зат алмасу өзгерістері.
Инсулин көптеген зат алмасу үрдістеріне әсер етеді. Сондықтан оның жеткіліксіздігінде барлық зат алмасулар бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының алмасуы бүлінеді. Гипергликемия дамиды.
Инсулин жеткіліксіздігінің алғашқы көрінісі болып, организмнің глюкозаға шыдамдылығы (толеранттығы) төмендеуі есептеледі. Аш қарынға 1,75 г/кг глюкоза ішкізгеннен кейін сау адамдардың қанында глюкозаның деңгейі 7,8 ммоль/л (140 мг%)-ден аспайды және 2 сағаттан кейін қалыпты деңгейіне қайта оралады. Ал инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде гипергликемия 11,3 ммоль/л-ден жоғары көтеріледі де, глюкоза ішкеннен 3 сағат өткен соң да жоғары деңгейде сақталып қала береді.
Қанда глюкозаның деңгейі тұрақты көтерілгенде ол жасушаларға бүліндіретін әсер ететін өнімдерге айналуы мүмкін. Бұл аурудың ең жиі көріністері: қан тамырларының бүліністері (ангиопатиялар) және бүйректің бүліністері (нефропатиялар) байқалады.
Глюкозаның қандағы жоғары деңгейі глюкозурияға әкеледі. Глюкозаның зәрмен шығарылуы организмнен суды көптеп ала кетеді. Осыдан полиурия дамиды. Бұл организмнің сусыздануына қан плазмасының осмостық қысымы көтерілуіне, шөлдеу сезіміне, полидипсияға (грек. Polydipsia — қатты шөл) әкеледі.
Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. Осыдан бұлшық еттерде атрофия дамиды, қанда гипопротеинемия байқалады, антиденелердің түзілуі жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.
Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы бұзылады. Бұл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. Осыдан келіп бұл адамдарда атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады.
Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер орталық нерв жүйесіне улы әсер етеді.
Қантты диабет кезінде тұздар мен судың алмасуы бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К+ иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. Артынан К+ зәрмен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын адамдардың зәрінде натрий иондары көбейеді.
Зәрде глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, натрий мен калий иондарының деңгейлері көтерілуі организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан қантты диабет кезінде тәулігіне 8-10 л зәр шығарылады.
Гипогликемия-қанда қант көлемінің кенет азаюы, бұл жағдай инсулин дозасы артық салынғанда байқалады. Науқасқа қандағы қант мөлшерін көтеру үшін кант, конфет, бал беру керек.
Гипергликемия-қандағы қант көлемінің көбеюі, инсулин уақытымен салынбай қалған кезде немесе инсулин дозасы аз болғанда дамиды. Емінде көктамырға инсулин енгізіледі.
