Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бх 1-блок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
468 Кб
Скачать
☆

21.Эритроциттердің химиялық құрамының ерекшеліктері

Эритроциттер дегеніміз эритробласттың ядросыз дериваты болып табыладыжетілген эритроцитте ядро хроматин және белоктар мен липидтер синтезінің аппараты болмайды. Эритроцитте митохондрия жоқ Қанда эритроциттердің жапы мөлшері 3.7-4.7 Өсуге органикалық заттарды синтездеуге қәбілетті клетка қатарына жатпасада эритроцит узақ 125 күн өмір сүреді .Эритроциттің басты биологиялық қызметі белок тасымалдау болып табылады. Эритроциттер аминоқышқылдарды глюкозаны және калий мн натрий иондарын тасымалдайды есептеледі .Эритроциттіңгазды тасымалдау үшін екі бүгілген диск тәрізді формасын сақтауы эритроциттің химиялық құрамымен құрылысымен және мембранасының қәсиеттері мен түсңндіріледі. Эритроциттің негізгі химиялық еомпоненті глобин белогң болып табылады .Эритроциттің құрғақ затының салмағының 95% глобин құрайды.Сау адамдарда гемоглобиннің консентрациясы 134-164г/л .Ағзаның барлық гемоглобині эритроциттерде шоғырланған. Қан плазмасындағы гемоглобиннің мөлшері өте аз және 10-40мг/л ден аспайды. Гемоглобиннің басқа эритроциттерде анэробты гликолизбе глюкоза катаболизмінің пентозды жолын қамтамасыз ететн белок ферменттер метгемоглобинредуктаза супероксиддисмутаза глутатионпероксидаза глутатионредуктаза каталаза және тб ферменттер болады . Аз консентрацияда эритроциттерде үшпептид глютатион 2.3 дисфосфоглицерат болады.Бұл қосылыстар эритроциттердің құрамын сақтауға және қызметтерін қамтамасыз етуге қатысады.

22.Эритроциттердің метоболизмінің ерекшелігі.

Эритроциттерде оксигемоглобин түзілуінің және диссоциациясының үздіксіз процестері энергетикалық механизмдермен ең бірінші глюкоза катаболизмы кезіндекезінде бөлінетін энергиямен қамтамасыз етіледі.Эритроциттерде глюкоза катаболизмі анаэробты дихотомиялық және апатомиялық жолдармен жүреді.Глюкоза метаболизмінің жүрүін қамтамасыз ететін алғашқы ферментативтік реакция глюкоза 6 фосфаттың түзілуі болып бабылады.Бұл реакция АТФ ты пайдалана отыра гексокиназа фементі катализдейді.Анаэробты гликолиз кезінде глюкоза 6 монофасфаттың айналымы сүт қышқылының түзілуімен аяқталады.Бұл процестің энергетикалық шығымы таза күйінде АТФ тың 2 молекуласын құрайды.Алайда С.М.Рапопарт зерттеулері көрсеткендей анаэробты гликолиз кезінде эритроциттерде ерекше фосфоглицератты шунт орын аладыол кизанды реакцияда 1.3 дифосфоглицераттың 2.3 дифосфоглицератқа айналуымен сипатталады.2.3 дифосфоглицераттың артық мөлшері фосфоглицератқа және бірқатар реакциялар арқылы лактатқа айналады:

23.Лейкоциттердің биохимиясы туралы түсінік. Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, эритроциттерге қарағанда үлкенірек қан клеткалары, Олардың денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. Олардың қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген. Лейкоциттер цитоплазмасында ерекше түйіршіктердің болуы не болмауына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді. Дәнді лейкоциттер (гранулоциттер), дәнсіз лейкоциттер (агранулоциттер). Дәнді лейкоциттер тобына базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер жатады. Дәнсіз лейкоциттер тобына моноцит пен лимфоцит жатады. Базофильдер дөңгелек пішінді, сілтілік бояулармен боялатын клеткалар. Олардың үлесіне барлық лейкоциттердің 0-1%-і, эозинофильдер ірі дөңгелек пішінді клеткалар. Қышқыл бояулармен боялады. Лейкоциттердің жалпы санының 1-4%-ін ұстайды. Нейтрофильдер сілтілік бояулармен де, қышқыл бояулармен де боялады. Сан жағынан нейтрофильдер лейкоциттердің ішіндегі ең көбі, сондықтан да олар фагоцитоз құбылысында маңызды роль атқарады. Олардың алатын үлесі 70%-ке деиін барады. Моноциттер барлық лейкоциттер санының 4-8 процентін құрайды. Моноциттердің бұршақ тәріздес ядросы болады, цитоплазмасы сұрғылт туске боялады, Лейкоциттердің жалпы санының 21-35%-ын құрайтын лимфоциттердің көгілдір түске боялған цитоплазмасы, клетканың көп жерін алып жататың ядросы болады. Лимфоциттер дербес екі тармаққа бөлінеді; Т және В клеткалар. Т-клеткалар (жемсау безінде) немесе тимуста, ал 13-лимфоциттер лимфа ткандері мен ішек қабырғасында дамиды. Қалыпты жағдайда Т және В-лимфоциттер өзара байланыста жұмыс істейді, Т-лимфоциттер клеткалық иммунитетті қамтамасыз етеді, В-лимфоциттерге антигендік мәліметтер береді. Сонымен, лимфоциттер организмнің арнаулы қорғаныштық реакцияларын — клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді қапыптастырады. Организмдегі барлық лейкоциттердің саны 35 миллиард шамасында болады, Адамның 1 мм. қанындағы лейкоциттердің саны 6-8 мың. Белгілі себептерге байланысты лейкоциттің саны қалыпты мөлшерден көбеюі мүмкін, кебейсе оны лейкоцитоз деп атайды. Уақытша лейкоцитоз тамақтанғаннан кейін, бұпшық ет жұмысы кезінде байқалады, ап анық байқалатын күшті лейкоцитоз — күшті қабыну реакциясында жүреді. Кейбір аурүға ұшырағанда лейкоциттердің саны қалыпты мөлшерден азаяды, ол жағдайда лейконения деп аталады яғни қаны аз аурумен ауырғанда.