Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Очень правГотовый УМК 100ghjwtynj.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

3.3 Сурет – Үлкен және күрделі жүйе

Модель – бұл объектінің немесе процесстің жеңілдетілген түрі. Түпнұсқаның бізге қажетті қасиеттері мен сипаттамаларын көрсетеді.

Математикалық модель – Оқытылатын процесс пен құбылыстарды сипаттайтын математикалық қатынастар жүйесі.

Модельдеу – нақты жобаланатын объектілердің, процесстер мен құбылыстардың модельдерін қолдану, жетілдіру және құрастыру.

БСЭ: Тапсырма – белгілі бір білімге және ойлауға негізделген, шешімді қажет ететін сұрақ.

БСЭ: Математикалық модель – математикалық белгілеу көмегімен көрсетілетін сыртқы әлем құбылыстарының қандай да бір класының жақындатылған сипаттамасы.

Теория (грек тілінен Theoria – оқу ) – нақты ғылыми білім формасы:

  • Өзара сабақтасқан көптеген логикалық гипотезалар мен пікірлерден құралады;

  • Объектілерге сипаттама және заңдылықтар туралы толық мәлімет береді;

  • Қоршаған орта шындығына негізделген.

Парадигма – ғылымдағы берілген ғылыми қауымдастықта қабылданған жалпы идеялар мен әдістемелік орнатулардың жалпылама жиынтығы. Парадигманың екі маңызды қасиеті бар:

  • Жұмысты жалғастыру үшін ғылыми қауымдастықпен қабылданғануы;

  • «айнымалы» сұрақтардан құралады, яғни зерттеулер үшін қолайлылығы.

  • Әдіс – әрекеттің қабылдануы немесе тәсілі.

  • Әдістеме – қандай да бір жұмыс жүргізудің амал тәсілдерінің жиынтығы.

  • Әдістемелік– қандай да бір ғылымда қолданылатын әдіс тәсілдердің жиынтығы.

  • Жүйенің құрылымы – оның элеметтері мен олардың арасындағы байланыстың уақытқа қатысты кеңістіктегі тұрақты жиынтығы.

  • Жобаның тұрақтылығы (project stability) – жүзеге асыру шарттарының белгілі бір жағдайда өзгеруі, яғни альтернативті сценарийдің өзгеруі кезінде оның тиімділігі. Егер барлық сценарийлерде ол тиімді болса, жоба абсолютті түрде тұрақты (absolutely stable) деп саналады. Сонымен қатар, жеткілікті тұрақты (sufficiently stable) және тұрақсыз(unstable) деп жіктеледі.

  • Информатика (латын тілінен “informatio” - түсіндіру, ұғыну; “informate” - бейнелеу,) – адамдардың өндіріс, ғылым, қоғамдық саяси және мәдениет саласында ақпараттарды қолдану, түрлендіру, тарату, сақтау, жинақтау сияқты заңдылықтарын оқытатын ғылыми пән.

  • Жасанды зерде – зерттеу облысы ақпаратты өңдеу жүйесінің (адам немесе машина) қаншалықты өзіне үйреткендерді жалпылау, тарату, сараптау, қабылдау сияқты қасиеттерді қабылдауға қабілетті екендігі, сонымен қатар, шешім қабылдау жағдайларының толық емес және нақты қабылданған сипаттамалар көмегі арқылы формализациялау әдістері мен анықталған тапсырмалардың толық емес шешімдерінң оптимизация әдістері болып табылатын информатиканың бір бағыты.

  • Объект және оның моделі Математика шынайы объектіге емес, оның математикалық моделіне қолданылады.

Модельдеудің қолданылуы

Модельдеуді қолданудың үш себебі:

Шынайы объектілердің күрделілігі;

Эксперимент жүргізудің қажетілігі;

Болжам жасау қажеттілігі.

Басқа да себептердің арасынан атап айтуға болады:

  • Объект өлшемдері (өте аз немесе өте үлкен);

  • Процесстің өту уақыты (өте қысқа немесе өте ұзақ уақыт аралығы);

  • Зерттеулер кезінде бұзушылықтардың болуы.

Академик А.А. Самарский ұсынған математикалық модель үштігі:

модель – алгоритм – программа.

Ғылыми зерттеулер (1)

К. Поппер айтуы бойынша ғылыми нәтижелерді жаңартудың тоғыз қадамы:

  • гипотезаны ұсыну;

  • гипотезаның қарама қайшылық дәрежесінің көрсеткіші;

  • қалаулы гипотезаны таңдау;

  • эмпирикалық салдар тексерісін шығару;

  • эксперименттер жүргізу;

  • принципті жаңа қыры бар салдарларды сұрыптау;

  • фальсификация жағдайында гипотезаның алып тасталуы;

  • тексерістерді тоқтату туралы конвенциалдық немесе ерікті шешімдердің қабылдануы;

  • шартты қабылданған теория мен анықталған факторларды хабарлау.

Ғылыми зерттеулер (2)

Ғылыми зерттеу сатылары:

  • идеялардың туындауы;

  • ұғымның құралымы;

  • пікірдің құралымы;

  • гипотеза ұсыну;

  • ғылыми дәлелдерді жалпылау;

  • гипотеза дұрыстығының және пікірініңдәлелі.

Мәліметтердің интеллектуалды сараптамасы:

  • пәндік-бағыттық әдістеме;

  • статистикалық әдістер;

  • нейронды желілер;

  • аналогиялық жағдайлар негізінде жүйелерді талқылау;

  • шешімдер ағаштары ;

  • эволюциялық бағдарламалау;

  • генетикалық алгоритмдер;

  • шектелген асырылым алгоритмдері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Интеграциялық үрдістер?

2.Телекоммуникациялық және ақпаратты коммуникациялықжелілердің күрделілігі немен анықталады? 3.|Модель туралы жалпы түсінік?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]