Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Очень правГотовый УМК 100ghjwtynj.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

4.9 Сурет - Желінің көп өлшемді құрылымы

Осы иерархиялық деңгейлерді жоғарыда аталған ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің үлгі нұсқасының (Layers) деңгейлерімен ұқсатудың керегі жоқ екенін атап кетейік. Суретті ыбырсытпау үшін, онда тек бірінші иерархиялық деңгейдегі А, В және С пункттарынан үшінші иерархиялық деңгейдегі К пунктына және де бір бағытта ғана ақпаратты тарату кезіндегі ЖЭ–ң өзара әрекеттесуі көрсетілген. 2.сур көрсетілген мысалда қарастырылатын желінің ішкі желілері иерархиялық деңгейлерге бөлінген, ЖЭ-ң нөмірленуі осы жағдайға байланысты жүреді. Нәтижесінде желілік элементтер реті бойынша нөмірленгеннен (ЖЭ-ті білдіретін реттік нөмірлер элипстердің жоғарғы жағында көрсетілген) басқа, сәйкес иерархиялық деңгейдің реттік нөмірімен, осы деңгейдің нөмірі мен ішкі желінің нөмірімен (бұл нөмірлер ретті түрде элипстердің астыңғы жағында берілген) сипатталады. 2 суретте бағытталған графпен (орграфпен) берілген желінің желілік элементтерінің байланысы алты өлшемді матрицамен сипатталады. Ол 2 суреттің сол жағында өзінің екі өлшемді қималарының бірімен бейнеленген. Қарастырылатын жағдайда көп өлшемді матрицаны қолдану әр ішкі желі мен оның нақты деңгейі үшін өзінің индекстерінің болуына мүмкіндік береді. Сондықтан, мысалға, 1-ші ішкі желінің 1-ші деңгейіндегі 4-ші ЖЭ-і мен сол ішкі желінің 2-ші деңгейіндегі 3-ші ЖЭ-мен өзара байланыс 2 суретте көрсетілген S <N> матрицаның қимасындағы S 4,3,1,2,1,1 элементімен бейнеленеді, мұндағы N = 6 – оның өлшемінің саны. S <N> матрицасының әрбір элементінде индекстердің бірінші жұбы ЖЭ-ң нөмірлеріне жатады, екінші жұбы – осы ЖЭ орналасатын деңгейлерге жатады, үшінші жұбы – ішкі желілердің нөмірлеріне жатады. 2 суретте көрсетілген S <6> матрицасының екі өлшемді қимасында тек S 4,3,1,2,1,1 элементі ғана нөл емес болып табылады, бұл суреттің оң жағында бейнеленген графқа сәйкес. 2 суретте латын бас әрпімен ішкі желілердің ЖЭ-ң орналасу пункттері берілген. Бір әріппен белгіленген желілік элементтер біріктірілген желінің бір торабында бірге орналасатыны болжамдалады, әрі ақпаратты бір тораптан басқа торапқа таратудың көзқарасынан қарағанда, бұл таратудың маршрутизациясы қалай жүретініде: қарастырылатын желінің бір немесе әртүрлі ішкі желілерінде жүретінінде мәні жоқ. Мысалға, дестелі таратуы бар желіде А, В және С пункттарынан соңғы пунктқа дестелердің таратылуы, 2 суретте көрсетілгендей, бір ғана емес, барлық үш ішкі желілерде дестелердің өту жолдарының пайда болуына рұқсат береді. Солай, мысалға, В және С пункттарынан (олардың жолдары сәйкесінше пунктирлі және штрихпунктирлі сызықтармен көрсетілген) К пунктына бағытталған дестелер, А пунктынан жіберілген (тұтас сызық) дестелерге кедергі келтірмейді. Өйткені олар басқа ішкі желілерге бет алады және артық қорларды (бұл жағдайда екінші және үшінші желілердің) қолдана отырып ары қарай соңғы К пунктына жіберіледі. Бұл әртүрлі дестелердің бір-біріне жасайтын кедергілер мен бөгеттердің пайда болу ықтималдылығының азаюына әкеледі, сөйтіп бұл соңғы нысанаға дестелерді жеткізудегі кідіріс шамасын азайтуға мүмкіндік береді. Осыған ұқсас, арналардың коммутациясы бар желілерде тарату арналарының әртүрлі ішкі желілерінде белгілі бір жағдайларда пайда болуы да пайдалы болуы мүмкін. Оны 2 суретті қолдана отырып, тұтас, пунктирлі және штрихпунктирлі сызықтарды көп өлшемді желідегі ақпаратты тарату арналарының жолдары ретінде елестету мүмкін.

і

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]