- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •«Инфокоммуникациялық жүйелерді пайдалану және жобалау негіздері»
- •6М050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникацилар» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау Астана 2013 ж.
- •Энергетика факультетінің әдістемелік комиссиясын «________» 2013 ж. № ________ хаттамасымен қаралды. Әдістемелік комиссияның төрайымы ___________
- •1.1 Оқытушылар тұралы мағлұмат
- •1.2 Пән жайында
- •1.7 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Курстің алдыңғы реквизиті
- •Курс соңынан болатын реквизит
- •1.6 Магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныстар
- •1.8 Курстың және академиялық этиканың саясаты
- •1.9 Білім бағасы туралы ақпарат
- •1.10 Бағаларды қоюдың саясаты
- •1.11 Пәнді оқу нәтежесінде магистрант міндетті:
- •2 Активті материалдар мазмұны
- •2.1 Дәріс тақырыптың жобасы
- •2.2 Дәріс конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. Ортаның инфокоммуникациялық құрылымының дамуындағы инфокоммуникациялық жүйелер мен желілердің рөлі. Негізгі терминология мен аббревиатуралар.
- •1.2 Сурет Тораптық аудандары бар радиалды-тораптық желі.
- •2 Дәріс. Желілік ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер. Гипермәтіндік және вебтік аж-лар. Ақпаратты іздеу. Ашық жүйелер технологиялары.
- •Дәріс. ИжПжЖн үлкен және қиын жүйелер. Үлкен және қиын жүйелердің түсінігіҮқж-ді құрудағы проблемалар.
- •3.1 Сурет – Коммуникациялардың әсерлігі
- •3.2 Сурет - қр байланыс жүйесінің классификациясы
- •3.3 Сурет – Үлкен және күрделі жүйе
- •Дәріс. Инфокоммуникационды жүйелерді жобалаудың математикалық жолдары
- •Сурет – мсэ ұсынған желі моделі
- •4.2 Сурет – желінің электробайланыс құрылым сараптамасы
- •4.3 Сурет – желі түйінінің бағыттары
- •4.4 Сурет –абоненттер санының арту мүмкіндігі
- •4.5 Сурет – байланыс желісінің дамуы
- •4.6 Сурет – Станция маңындағы аумақтың территориясы
- •4.7 Сурет - Орнықты шешімнің мысалы
- •4.8 Сурет - npv типтік қисықтар
- •6 Дәріс. Инфокоммуникациялық жүйелерде жаппай қызмет көрсету жүйесін салудың негізі. Жқкж түсінігі, классификациясы. Оқиғалар ағыны. Жқкж – ның тиімділігі мен сипаттамаларының негізгі көрсеткіші.
- •Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару.
- •10 Дәріс. Gpss World объектілері. Сынақтарды жоспарлау теориясының негізгі түсініктері. Сынақтарды жоспарлау қажеттігі.
- •12 Дәріс. Өткізгішті байланыс арналарындағы селективті бөгеуілдер. Импульсті бөгеуіл. Импульсті бөгеуілдердің пайда болу себебі.
- •Сурет. Тж арнасының шығысында бақыланатын бөгеуілдердің сипаттамалы осцилограммалары
- •– Сурет. Магистральдардың аймақтарында импульстік бөгеуілдердің жиіліктерінің тәуліктік бөлінуі.
- •8.1 Суретте бөгеуілдің таралуы f0(Uп) және график тығыздығы көрсетілген сигнал және бөгеуіл суммасы fd(Uп) . D – ұлғаю тұрақтысы.
- •15 Дәріс. Инфокоммуникациялық желілердің болашағы – көп өлшемді желілер.
- •4.9 Сурет - Желінің көп өлшемді құрылымы
- •4.10 Сурет – Көп өлшемді біріктірген желі
- •Қорытынды
3.1 Сурет – Коммуникациялардың әсерлігі
3.2 Сурет - қр байланыс жүйесінің классификациясы
Жалпы қолданыстағы желілердің және мекемелік байланыстың тұтас бірігуі объективті және субъективті себептерге байланысты мүмкін емес, бірақ оның бірігу, конвергенция, нығайту үрдістері келешекте табысты дамуға мүмкіндік береді.«Желі» және «жүйе» ұғымдары . «Жүйе» термині жалпылама атау ретінде қарастырылады. Мысалы, телефон байланысының жүйесі үшін келесілер анықталады: оны құрудың мақсаты, даму принциптері, сигнализация алгоритмі жыне басқа да анықтауыштар. Басқа жағынан желі үшін жүйелер тізбегі өзгешеліктерін анықтайды: нөмірлеу (және/немесе адресациялау), техникалық қызмет көрсету және қосалұы жүйе деп атауға болатын өзге анықтауыштар тізбегі.
Телефон байланысының жүйесі
"Телефон байланысының жүйесі" тіркесі телефон желісінің құру, пайдалану және даму принциптерімен қарастырылады. Бұл принциптерге келесі жағдайлар жатады:
жүйенің мақсаты;
қолдаулы қызметтері;
жүйе құрылымы;
қызмет ету сапасының көрсеткіштері;
нөмірлеу жоспары;
техникалық пайдалануды ұйымдастыру;
жабдықтарға қойылатын талаптар;
жүйенің дамуындағы негізгі бағыттар.
Интеграциялық үрдістер
Сонымен, осы және осыған дейінгі қарастырылған лекцияларды негізге ала отырып келесідей қорытынды жасауға болады.
Жасанды жүйенің мақсаты белгісіз болса да жүйе болып қалатындығын ескерсек, табиғат объективті түрде жүйеленген, яғни табиғи объектілер құрылымдалған, жинақталған және объективті мақсаттары бар болып келеді.Бұдан қорытынды,«жүйеленбегендік» әлемде жоқ құбылыс. Біз кейбір объектілерді оның жүйелігінсіз қарастыра аламыз, бірақ ерте ме кеш пе бұл көптеген проблемалардың туындауына әкеліп соғуы мүмкін.
Барлық мүмкін болатын жүйелердің бір бірінен сипаттамалық айырмашылығы жүйенің жіктелуімен анықталады.
Жүйені басқару кезінде келесідей аспектілерге тоқталамыз:
а) S жүйесінің табиғатын сипаттау;
б) X, Y, Z айнымалыларының түрлерінің бекіту;
в) S операторының түрін нақтылау;
г) басқару тәсілін сипаттау (U анықтау);
д) U анықтау шартының тапсырмасы (ресурстармен басқаруды қамтамасыз ету).
Осы аспектілердің әрбіреуі жүйе классификасының құрылуына негіз бола алады.
Жүйенің күрделілігі сыртқы және ішкі болып бөлінуі мүмкін.
Ішкі күрделілік жүйедегі басқару күрделілігі мен жүйенің көрсетілуі бойынша потенциалды бағаланатын көптеген ішкі күйлерлің күрделі болуымен анықталады.
Сыртқы күрделілік қоршаған ортаның және жүйенің кері байланысы арқылы бағаланатын қоршаған орта ара қатынасының, жүйені басқару күрделілігімен анықталады.
Күрделі жүйелер әртүрлі деңгейде күрделі болады:
- құрылымдалған немесе ұйымдастырылған (құрылымды құру, басқару және сипаттау үшін ресурстардың жеткіліксіздігі); - динамикалық немесе уақытша ( жүйенің өткізу динамикасын және оның траекториясының басқарылуын сипаттайтын ресурстардың жеткліксіздігі); - ақпараттық немесе ақпаратты-логикалық (жүйенің ақпаратты, ақпаратты-логикалық сипаттамалары үшін ресурстардың жеткіліксіздігі); - есептеуіш немесе зерттеулердің жүзеге ( жүйе параметрлерін есептеріне тиімді болжам жасау үшін ресурстардың жеткіліксіздігі); - алгоритмді немесе құрылымды ( жүйені функционалды сипаттау үшін және жүйені басқару немесе функционалдау алгоритмін сипаттау үшін ресурстардың); - даму немесе даму кезеңдері, өздігінен ұйымдастырылу ( тұрақты даму және ұйымдастырылу үшін ресурстардың жеткіліксіздігі). Жүйенің құрылымдық күрделілігі оның динамикалық, есептеуіш күрделілігіне әсер етеді. Динамикалық күрделілікті өзгерту құрылымдық күрделіліктің өзгеруіне әкеледі. Алайда бұл міндетті шарт болып табылмайды. Күрделі жүйе ретінде үлкен жүйе болмауы да мүмкін; бірақ маңыздысы- жүйе элеметтерінің және қосалқы жүйеледің өзара байланысы(байланыс күші) (жоғарыда сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің матрицасымен келтірілген мысалды қараңыздар). Жүйенің күрделілігі оның мақсаты мен ресурстарымен (өзі шеше алатын есептер жинағы) анықталады.
Мысал. Телекоммуникациялық және ақпаратты коммуникациялық желілердің күрделілігі анықталады: - мәліметтерді таратудың қажетті жылдамдығымен; - хаттамалармен, байланыс және байланыс түрлерімен (мысалы, селекторлық жиналыс үшін дыбыстық телеконференция қажет); - видеоқолдаудың қажетілігімен. Жүйенің күрделілігі деген ұғым универсалды, өзгермейтін түсінік емес, ол бір күйден екіншісіне ауысқан сайын динамикалық түрде ауысып отырады. Сонымен қатар, нашар байланыстар және қосалқы жүйелердің бір бірімен ара қатынасы жүйенің күрделілігін арттыруы мүмкін.
«Қара жәшік» ұғымы У. Р. Эшбимен ұсынылған болатын. Кибернетикада бұл жүйелерді танып білуге, олардың әртүрлі сыртқы әсерлерге қарсы тұруын байқауға мүмкіндік береді. Осылай, жүйе өзара байланысқан элеметтер жиынтығы ретінде қарастырылып қана қоймай , өзінің кіріс және шығыс жолдары арқылы қоршаған ортамен байланысатын тұтас бір түсінік ретінде оқытылады. «Қара жәшік» әдісі әртүрлі жағдайларда қолданылады. Бұл тәсіл зешарттеуге қажет жүйенің ішкі процесстерінің қолжеткізімсіздігі кезінде қолданылады( мысалы, жаңа емдік құралдарды оқып үйрену кезінде).
«Қара жәшік» тәсілі барлық элеметтері мен байланыстары қолжеткізімді немесе оқытылу кезінде құралдар мен уақыттың көп жұмсалуына әкелетін көпсанақты және күрделі жүйелерді зерттеу кезінде қолданылады.
Бұған автоматты телефон станциясын қолданыста пайдалануға дайындығына тексеріс мысал бола алады. Бұл тексеріс барлық блоктар мен сұлбаларды тексерумен емес «қоңырау шалу» арқылы іске асады.
«Қара жәшік» әдісі арқылы зерттеу жүргізудің маңызы – жүйенің сыртқы ортамен байланысына алдын ала байқау жүргізілуі және кіріс пен шығыс әсерлерінің тізімінің орнатылуы. Осыдан соң зерттеу жүргізу үшін кіріс және шығыс таңдаулары жүзеге асырылады. Үлкен және күрделі ақпараттық коммуникациялық жүйені У. Р. Эшбидің еңбектерінде қолданған «қара жәшікті» қолдана отырып 3-ші суреттегідей көрсетуге болады.
