- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •«Инфокоммуникациялық жүйелерді пайдалану және жобалау негіздері»
- •6М050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникацилар» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау Астана 2013 ж.
- •Энергетика факультетінің әдістемелік комиссиясын «________» 2013 ж. № ________ хаттамасымен қаралды. Әдістемелік комиссияның төрайымы ___________
- •1.1 Оқытушылар тұралы мағлұмат
- •1.2 Пән жайында
- •1.7 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Курстің алдыңғы реквизиті
- •Курс соңынан болатын реквизит
- •1.6 Магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныстар
- •1.8 Курстың және академиялық этиканың саясаты
- •1.9 Білім бағасы туралы ақпарат
- •1.10 Бағаларды қоюдың саясаты
- •1.11 Пәнді оқу нәтежесінде магистрант міндетті:
- •2 Активті материалдар мазмұны
- •2.1 Дәріс тақырыптың жобасы
- •2.2 Дәріс конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. Ортаның инфокоммуникациялық құрылымының дамуындағы инфокоммуникациялық жүйелер мен желілердің рөлі. Негізгі терминология мен аббревиатуралар.
- •1.2 Сурет Тораптық аудандары бар радиалды-тораптық желі.
- •2 Дәріс. Желілік ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер. Гипермәтіндік және вебтік аж-лар. Ақпаратты іздеу. Ашық жүйелер технологиялары.
- •Дәріс. ИжПжЖн үлкен және қиын жүйелер. Үлкен және қиын жүйелердің түсінігіҮқж-ді құрудағы проблемалар.
- •3.1 Сурет – Коммуникациялардың әсерлігі
- •3.2 Сурет - қр байланыс жүйесінің классификациясы
- •3.3 Сурет – Үлкен және күрделі жүйе
- •Дәріс. Инфокоммуникационды жүйелерді жобалаудың математикалық жолдары
- •Сурет – мсэ ұсынған желі моделі
- •4.2 Сурет – желінің электробайланыс құрылым сараптамасы
- •4.3 Сурет – желі түйінінің бағыттары
- •4.4 Сурет –абоненттер санының арту мүмкіндігі
- •4.5 Сурет – байланыс желісінің дамуы
- •4.6 Сурет – Станция маңындағы аумақтың территориясы
- •4.7 Сурет - Орнықты шешімнің мысалы
- •4.8 Сурет - npv типтік қисықтар
- •6 Дәріс. Инфокоммуникациялық жүйелерде жаппай қызмет көрсету жүйесін салудың негізі. Жқкж түсінігі, классификациясы. Оқиғалар ағыны. Жқкж – ның тиімділігі мен сипаттамаларының негізгі көрсеткіші.
- •Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару.
- •10 Дәріс. Gpss World объектілері. Сынақтарды жоспарлау теориясының негізгі түсініктері. Сынақтарды жоспарлау қажеттігі.
- •12 Дәріс. Өткізгішті байланыс арналарындағы селективті бөгеуілдер. Импульсті бөгеуіл. Импульсті бөгеуілдердің пайда болу себебі.
- •Сурет. Тж арнасының шығысында бақыланатын бөгеуілдердің сипаттамалы осцилограммалары
- •– Сурет. Магистральдардың аймақтарында импульстік бөгеуілдердің жиіліктерінің тәуліктік бөлінуі.
- •8.1 Суретте бөгеуілдің таралуы f0(Uп) және график тығыздығы көрсетілген сигнал және бөгеуіл суммасы fd(Uп) . D – ұлғаю тұрақтысы.
- •15 Дәріс. Инфокоммуникациялық желілердің болашағы – көп өлшемді желілер.
- •4.9 Сурет - Желінің көп өлшемді құрылымы
- •4.10 Сурет – Көп өлшемді біріктірген желі
- •Қорытынды
4.10 Сурет – Көп өлшемді біріктірген желі
Көп өлшемді біріктірілген желіде ақпаратты таратумен байланысты үрдістер қарастырылған аса қарапайым мысалдан әрине біршама күрделірек. Бұдан басқа, қорларды бірегей қолданудың арқасында осындай желілерді жетілдірудің болашақ әдістерін дәл елестету қиын. Бұған қоса, 2 сурет қарастырылатын біріктірілген желіде көп өлшемді матрица мен оның қимасының көмегімен ЖЭ-ң өзара байланысын біршама елестетуге мүмкіндік бере отырып, көп өлшемді желінің қорларын бірге қолдану мүмкіндігін суреттеуге қатысты 1 суретте көрсетілген «қара шаршыдан» аса ерекшеленбейді. Дегенмен, қазірдің өзінде көп өлшемді біріктірілген желінің мүмкіндіктерін қолдану үшін, әлі дәстүрлі болмаған ең жақсы шешімдердің сәйкес зерттеу және іздеу тәсілдері қажет екені жайлы түсінік бар. Солардың кейбіреулері жеңілдетілген кестенің оң жағында атап өтілген. Салыстыру үшін кестенің сол жағында NGN желілері мен қазіргі таңдағы желілерді зерттеуде кең қолданылатын әдістер атап өтілген. FGN желілерін зерттеудің математикалық әдістері NGN желілері мен қазіргі таңдағы желілерді зерттеудің математикалық аппаратының N-өлшемді жағдайда жалпылауды білдіретініне назар аударайық. Көп өлшемді (кеңістіктік) алгебра соның мысалы бола алды. Берілген математикалық аппараттың кеңейтілген мүмкіндіктері 3 және 4 суреттегі қарапайым мысалдармен суреттеледі. Біріншісінде, сәйкес саңылауларда әртүрлі индекстер бойынша кеңістіктік үш өлшемді матрицаның екі өлшемді матрицаға көбейтінділері көрсетілген, екіншісінде – сондай тәрізді үш өлшемді матрицаның индекстердің әртүрлі алмасуы бойынша транспонирленуі көрсетілген. Атап өтілгендей, іргелі математикада алгебраның көп өлшемді матрицаларының әдістері баяғыда жасалынған [8] және қазіргі таңдағы математиктердің көмегімен дамытуын жалғастыруда. Бірақ телекоммуникацияда олардың қолданылуы әлі дәстүрлі болған жоқ. Бұндай пайымдау жеңілдетілген кестенің оң жағында атап өтілген, қазірдің өзінде телекоммуникациялық желілер жөніндегі сұрақтарды зерттеу кезінде қолданылатын, қалған математикалық әдістерге қатысты да әділ. Кестеде көрсетілген математикалық әдістерді кеңінен қолдану FGN желілеріне ауысуды тұспалдайтын post-NGN кезеңіне, жақындауға себепші болатынына сенуге болады. FGN көп өлшемді желілерін құрудың инженерлік шешімдерін жасап шығару мен табу принциптерін анықтауға бағытталған іздеу жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастыру кезінде қазіргі уақытта әртүрлі салаларда пайда болатын (соның ішінде виртуалды) көп өлшемді көп деңгейлі желілер теорияларының қарқынды дамитын жаңа элементтері маңызды мәніне ие екеніне назар аударайық. Осы тақырыпқа байланысты жоғарыда айтылғандарға ұқсас, телекоммуникацияларға аса қатысы жоқ көп жұмыстар осындай тәрізді жұмыстардың арқасында едәуір кеңее түсуі мүмкін болған астында келтірілген әдебиет тізімінен тыс қалды. Бұған көз жеткізу үшін, «көп өлшемді желілер» және «multidimensional networks» сөз тіркестерін іздеу жеткілікті. Басқа жағынан, FGN желілерін көп өлшемді құрылымды желілер тәрізді қарастырумен байланысты амал оларды жетілдірудің қызығарлықтай келешегін аша отырып, сол уақытта айтарлықтай қиындықтарды жеңумен байланысты екенін елемеуге болмайды. Солардың қатарына, мысалға, гипержелілер теориясының іргелі математикалық негізі, және онымен байланысты есептеуіш әдістер, алгоритмдер және бағларламалық жасақтама графтар теориясы мен қарапайым матрицалардың математикалық аппаратына негізделген дәстүрлі деп есептелінетін әдістерден әлдеқайда күрделірек екені жатады [14].
Сәйкесінше көп өлшемді желінің техникалық құралдары мен оның бағдарламалық жасақтамасын жасап шығару шығынды және еңбекті көп қажет етпейді.
Матрицалардың алгебрасы. Көп өлшемді (кеңістіктік) матрицалардың алгебрасы.
Болашақ желілерге қадам басу кезінде мұнымен есептесу керек болады. FGN желілерін құрастыру үрдісі кезінде аса күрделі мәселелерді шешу үшін салалық, университеттік және академиялық ғылым мамандарының бірлескен күші қажет екенін жоққа шығаруға болмайды. Бұндай ынтымақтастық қазіргі кезде бар телекоммуникациялық желілердің АФҮ жасап шығару тәжірибесін ескере отырып, көп өлшемді FGN желілерінің архитектуралық функционалды үлгілерін (АФҮ) жасап шығару кезінде керек болуы мүмкін [15].
Көп өлшемді желілердің техникалық шешімдерін виртуалды модельдеу және үлгілі (модельді) желілер.
Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, FGN желілерінің көп өлшемді және көп деңгейлі құрылымының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларды құрудың негізі мен қағидаларын жасап шығару прогрессі іргелі математиканың жоғарыда айтылған салаларындағы жетістіктерімен ғана емес, сондай тәріздес гипержелілерді жобалау мен зерттеуге арналған жаңа бағдарламалық жасақтаманы жасап шығарумен де тығыз байланысты. Бұдан басқа, техникалық амалдарды жасап шығару мен тексеру кезінде, сәйкес виртуалды, соның ішінде көп өлшемді – матрицалы, компьютерлі модельдерді құру үшін қазіргі таңдағы компьютерлердің мүмкіндіктерін кеңінен қолдану дұрыс [12]. Келешегі бар техникалық шешімдерді, соның ішінде FGN желілерін құруға себепші болатын шешімдер [5]-те айтылған жаңа технлогияларды енгізетін және тестілейтін Халықаралық зерттеу орталықтары тәрізді ғылыми-техникалық орталықтардың модельді желілерінінің көмегімен зерттеу бұдан да көп мәнге ие.
Сондай тәріздес модельді желілердің көмегімен жасауға болатын жан-жақты зерттеулер отандық мамандарға FGN желілері ретінде жоғарыда қарастырылған, біріктірілген көп өлшемді желілердің техникалық амалдары мен қағидаларын жасап шығаруға өзінің үлесін қосуға мүмкіндік жасайды.
Қорытынды.
Жоғарыда айтылған ойлар - жақын болашақта FGN көпөлшемді желілерді құру принциптері инфокоммуникациялық техноллогиялардың шапшаң дамуы жағдайында жобаланып, еңгізіліп, стандартталатынына үміттендіреді.
Бақылау сұрақтары:
FGNжелілердің болашағы?
Желі құрылымының көп өлшемділігі және NGN мен FGNжелілерді теориялық түрде зерттеудің математикалық негіздері?
Көп өлшемді біріктірген желі?
Желінің көп өлшемді құрылымы?
.
