- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •«Инфокоммуникациялық жүйелерді пайдалану және жобалау негіздері»
- •6М050719 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникацилар» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау Астана 2013 ж.
- •Энергетика факультетінің әдістемелік комиссиясын «________» 2013 ж. № ________ хаттамасымен қаралды. Әдістемелік комиссияның төрайымы ___________
- •1.1 Оқытушылар тұралы мағлұмат
- •1.2 Пән жайында
- •1.7 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі.
- •Курстің алдыңғы реквизиті
- •Курс соңынан болатын реквизит
- •1.6 Магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныстар
- •1.8 Курстың және академиялық этиканың саясаты
- •1.9 Білім бағасы туралы ақпарат
- •1.10 Бағаларды қоюдың саясаты
- •1.11 Пәнді оқу нәтежесінде магистрант міндетті:
- •2 Активті материалдар мазмұны
- •2.1 Дәріс тақырыптың жобасы
- •2.2 Дәріс конспектісі
- •1 Дәріс. Кіріспе. Ортаның инфокоммуникациялық құрылымының дамуындағы инфокоммуникациялық жүйелер мен желілердің рөлі. Негізгі терминология мен аббревиатуралар.
- •1.2 Сурет Тораптық аудандары бар радиалды-тораптық желі.
- •2 Дәріс. Желілік ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер. Гипермәтіндік және вебтік аж-лар. Ақпаратты іздеу. Ашық жүйелер технологиялары.
- •Дәріс. ИжПжЖн үлкен және қиын жүйелер. Үлкен және қиын жүйелердің түсінігіҮқж-ді құрудағы проблемалар.
- •3.1 Сурет – Коммуникациялардың әсерлігі
- •3.2 Сурет - қр байланыс жүйесінің классификациясы
- •3.3 Сурет – Үлкен және күрделі жүйе
- •Дәріс. Инфокоммуникационды жүйелерді жобалаудың математикалық жолдары
- •Сурет – мсэ ұсынған желі моделі
- •4.2 Сурет – желінің электробайланыс құрылым сараптамасы
- •4.3 Сурет – желі түйінінің бағыттары
- •4.4 Сурет –абоненттер санының арту мүмкіндігі
- •4.5 Сурет – байланыс желісінің дамуы
- •4.6 Сурет – Станция маңындағы аумақтың территориясы
- •4.7 Сурет - Орнықты шешімнің мысалы
- •4.8 Сурет - npv типтік қисықтар
- •6 Дәріс. Инфокоммуникациялық жүйелерде жаппай қызмет көрсету жүйесін салудың негізі. Жқкж түсінігі, классификациясы. Оқиғалар ағыны. Жқкж – ның тиімділігі мен сипаттамаларының негізгі көрсеткіші.
- •Модельдеу үрдісінің ұзақтығын басқару.
- •10 Дәріс. Gpss World объектілері. Сынақтарды жоспарлау теориясының негізгі түсініктері. Сынақтарды жоспарлау қажеттігі.
- •12 Дәріс. Өткізгішті байланыс арналарындағы селективті бөгеуілдер. Импульсті бөгеуіл. Импульсті бөгеуілдердің пайда болу себебі.
- •Сурет. Тж арнасының шығысында бақыланатын бөгеуілдердің сипаттамалы осцилограммалары
- •– Сурет. Магистральдардың аймақтарында импульстік бөгеуілдердің жиіліктерінің тәуліктік бөлінуі.
- •8.1 Суретте бөгеуілдің таралуы f0(Uп) және график тығыздығы көрсетілген сигнал және бөгеуіл суммасы fd(Uп) . D – ұлғаю тұрақтысы.
- •15 Дәріс. Инфокоммуникациялық желілердің болашағы – көп өлшемді желілер.
- •4.9 Сурет - Желінің көп өлшемді құрылымы
- •4.10 Сурет – Көп өлшемді біріктірген желі
- •Қорытынды
2 Дәріс. Желілік ақпараттық технологиялар, ақпараттық желілер. Гипермәтіндік және вебтік аж-лар. Ақпаратты іздеу. Ашық жүйелер технологиялары.
Желілік ақпараттық технологиялар.
Араласу қажеттігі қоғамның бұл саладағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке қажеттіліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оңтайлы құралдарды ұйымдастыруға құштарлығын туғызады. Ғасырлар бойы бұған байланыс құралдары көмегін тигізді. Ақпаратпен алмасу саласындағы қазіргі таңғы ақпараттық технологиялар (желілік технологиялар) ертеректе болғандарды жақсартып қана қоймай, жаңаларын құруға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың басында жергілікті, қалалық, мемлекеттік және халықаралық сымды телефон желілерінің негізінде ұйымдастырылған тек телефондық желі адамдар арасындағы тікелей дауыстық қатынасқа мүмкіндік беретін еді. Өткен ғасырдың екінші жартысында теледидарлама аудиовизуалды қатынастың сымсыз сеанстарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
1960-шы жылдары алғашқы ЭЕМ-ы бар есептеуіш желілер (ЕЖ) пайда болды. Осы уақыттан бастап байланыс техникасы бар ЭЕМ-да ақпаратты жинауды, сақтауды, тарату мен өңдеуді біріктіретін желілік ақпараттық технологиялар пайда болады. ХХ ғасырдың соңына қарай компьютерлер мен арнайы коммуникациялық жабдықтар компьютерлерді жергілікті, қалалық, мемлекеттік және халықаралық желілерге біріктірді, ол ғаламдық телекоммуникациялық есептеуіш және ақпараттық ортаның пайда болуына әсерін тигізді. Қазіргі кезде желілік ақпараттық технологиялар қолданылмайтын саланы табу қиын. Желілік технологиялар ақпараттың орналасуына тәуелсіз түрлі категориялы қолданушыларға қолма қол қолжеткізімді ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Теориялық зерттеулер мен тәжірибелік білік қоғамның тіршілік әрекеттерінің кез-келген салаларында жаңа ақпараттық технологияларды бірыңғай еңгізуге мүмкіндік берді, сонымен қоса, ақпараттық желілерді құрудың негізгі принцинтерін құрып, ғылыми жжолмен дәлелдеді.
Желі (ағыл. «Network») – бір-бірімен байланыс арналары арқылы байланысқан объекттердің әрекеттес жиынтығы. Ақпараттық процесстер, жүйелер мен технологияларда ақпараттың әр түрлерімен алмасу мен есептеулерді қамтамассыз ету үшін арналған арнайы жабдықтың көмегімен бір-бірімен байланысқан кем дегенде бірнеше компьютерлер мен басқа да есептеуіш машиналарды «желі» терминімен атайды. Күрделі желілерде қолданушылардың үлкен саны, тармақталған құрылысы, коммутация түйіндері және бәрін бір құрылымға біріктіретін коммуникациялар бар деп есептеледі.
Коммуникациялық желі – бұл өнімді құру (генерация), түрлендіру, сақтау мен тұтыну функцияларын жүзеге асыратын объекттердің және желі ішінде бұл өнімді тарату жүзеге асырылатын тарату желілерінің жүйесі. Мұндай жүйенің объекттерін желінің пункттері немесе түйіндері деп атайды, ал желілерді – коммуникациялар, қосылыстар немесе байланыс арналары деп атайды.
Функционалды тиістілігі бойынша компьютерлік желілер ақпараттық, есептеуіш, ақпаратты-есептеуіш болып бөлінеді.
Желілік технологиялардың негізін есептеуіш желілер құрайды – бұл кеңістікте үлестірілген компьютерлерді жүйеге біріктіретін байланыс құралдары (телекоммуникациялар). Алғашқы коммуникациялық компьютерлік желілер ең алдымен математикалық есептеулерді жүргізу үшін құралып, «есептеуіш желілер» атауын алды – бұл соның ішінде автоматты және автоматтандырылған жүйелерде де күрделі біріктірілген математикалық есептеулерді, тәжірибелерді, өлшеулерді және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған компьютерлік коммуникациялық желілер.
Іс жүзінде бұл желілерді бір уақытта түрлі мәліметтер (мәліметтерді тарату желілері) мен ақпараттармен алмасу үшін пайдалана бастады. Нәтижесінде ақпаратты-есептеуіш желілермен қоса ақпаратты желілер де пайда болды.
Ақпаратты-есептеуіш желілерге мәліметтерді үлестіріп өңдеуге арналған (кез-келген салаларда есептеуіш қуатын бірлесіп қолдану) есептеуіш желілер және ақпараттық қорларды бірлесіп қолдануға арналған ақпараттық желілер кіреді.
Ақпараттық желі – бұл ақпарат құрудың, түрлендірудің, сақтау мен пайдаланудың өнімі ретінде қолданылатын коммуникациялық желі. Бұндай желілерде түрлі категориялы пайдаланушылардың ақпараттық әрекеттесуінің сеанстары жүзеге асырылады.
Ақпараттық әрекеттесу (ағыл. «Information interaction») – бұл мақсаты мен негізгі құрамы болып біреуіндегі ақпараттың өзгеруі саналатын екі немесе одан да көп субъекттердің әрекеттесу үрдісі.
Кез-келген желі оның жұмысы мен соңғы пайдаланушыларын (орындаушылар, тұтынушылар, тапсырыс берушілер және басқалары) басқаратын бір немесе бірнеше құрамаларының болуымен сипатталады. Ақпараттық желілерде басқарушы жүйелер серверлер деп аталады – бұл желіге қосылған белгілі бір жалпы қолданыс қорларына ие және әдетте ақпараттық желілерде компьютерлерді біріктіру мүмкіндігі бар аса қуатты есептеуіш машиналар.
Ұйымдастыру жағынан желілер үш түрге бөлінеді, олар – нақты, жасанды, бірсатылы.
Нақты желілерге компьютерлер өзара арнайы жабдықтың – желілік адаптердің көмегімен белгілі бір сұлба бойынша біріктірілетін және мұндай желілерді бақылау мен қолдануды жүзеге асыратын мамандардың болуын талап ететін желілерді жатқызады. Оларды сервері шығарылған желілер (ағыл. «realnetwork» немесе «NetworkWithanAttitude», NWA) деп атайды. Мысалы, Novell фирмасының NetWare және Microsoft фирмасының WindowsNT. Бұл желілер орталықтандырылған басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Тұтынушы/сервер» желі технологиясы ең күрделі әрі кең таралған болып саналады, онда желінің кез-келген компьютері белгілі бір жағдайларда кезектесіп сервер де, тұтынушы да бола алады.
Жасанды желілер арнайы желілік қатты дискті талап етпейді. Бұл желілердің компьютерлері арнайы желілік адаптерлерсіз де тізбектес немесе параллель порттары арқылы өзара қосылады. Кейде мұндай байланыс нөл-модемді немесе нөл-слотты деп аталады, себебі, компьютердің бір де бір слотына желілік плата (адаптер) қосылмаған болып табылады.
Бірсатылы желілер «теңбе-теңділік» (ағыл. «peer-to-peer network») принципі бойынша ұйымдасады, яғни шығарылған сервері болмайды және нақты мен жасанды арасындағы аралық типке жатады. Онда кез-келген компьютер кезегімен сервердің немесе «тұтынушының» жұмыс станциясы рөлінде қолданылады.
Сонымен қоса, алғашында кәсіпорынның кейбір жұмыскерлерінің жұмысын (жұмыс орнын) үйде орналастыруды білдірген, «виртуалды жеке желілер» (ағыл. «Virtual Personal Network», VPN) түсінігі де қолданылады. Мұндай желілерді құрған кезде, сәйкес ғимаратқа бір сым тартады және қолданушылар мәліметтерді тарату, Интернетке шығу, теледидарлама мен телефон байланысы, және басқа да ақпараттық қызметтерге қолжеткізуге мүмкіндік алады.
Желілер қолданылатын жабдықтар мен бағдарламалардың белгіленуімен, конфигурациясымен, сипаттамаларымен ерекшеленеді. Олар әмбебаб және арнайыландырылған; біртекті, яғни, бағдарламалы үйлесімді ЭЕМ-дан тұрады, және түрлі бағдарламалық қамтамассыздандыру мен түрлі компьютерлерден тұратын біртекті емес (гетерогенді) болады.
Қабылданған басқару әдісіне байланысты желілер орталықтандырылған, орталықтандырылмаған және аралас болып бөлінеді.
Меншіктігі бойынша желілер жеке мен жалпы қолданыстағы болып бөлінеді. Желілердің түрлерінде қолдану аумағы (таралуы) бойынша жергілікті, аймақтық және ғаламдық желілер болып бөлінеді.
Қолданылатын ЭЕМ санына байланысты желілерді кіші (10 ДК-ға дейін), орташа (30 ДК-ға дейін) және үлкен (30 ДК-дан аса) болып бөледі. Мәліметтерді таратудың әдістері бойынша желілер:
1) шығарылған байланыс арналары арқылы мәліметтерді тарататын;
2) арналарды коммутациялайтын;
3) хабарламаны коммутациялайтын;
4) хабарлама дестелерін коммутациялайтын болып бөлінеді.
Ақпаратты таратуды ұйымдастырудың түрі бойынша олар арналарды, дестелерді және хабарламаларды коммутациялайтын желілерге бөлінеді. Мәліметтерді таратудың аралас түрлерін қолдану нұсқалары белгілі.
Ақпаратты таратуда қолданылатын жабдықтардың түрлері бойынша желілер сымды (кабельді), сымсыз (радио және спутниктік) және аралас болып бөлінеді.
Сымсыз желілер
Қосылысты орнату бойынша сымсыз желілер екі нұсқамен сипатталады:
1) арнаның нақты жүктемесінен тәуелсіз байланыс сеансының барлық уақытына тікелей қосылуды орнату (кабельді желілердегі арналар коммутациясын сәйкес);
2) тек нақты таратудың уақытына ғана қосылыс орнатылады (дестелер коммутациясы бар жүйелерге сәйкес. Бұл кезде арналардың сыйымдылығы айтарлықтай тиімді пайдаланылады.
Радиожелілердің таралуына үш фактор әсер етеді, олар мобильділік, алыстатылуы, жеделділігі.
Сымсыз жүйелерде шамамен 2,4 ГГц радиожиілігінде және 100 м дейінгі қашықтықта мәліметтемен алмасудың бір тәсілі болып Bluetooth саналады.
Bluetooth – бұл түрлі құрылғылар (ұялы телефон, ДК, принтер, сандық құралдар, кондиционерлер және басқа да тұрмыстық электр жабдықтары) арасында мәліметтермен сымсыз алмасу технологиясы. Онда 2,4–2,48 ГГц жоғары жиілікті толқындар диапазоны, 720 Кбит/с-қа дейін жететін тарату жылдамдығы, 10 мВт-қа дейінгі құралдардың энергия жұмсауы қолданылады, ал тұрақты байланыс арақашықтығы 100 м-ге дейін жетеді. Бұл технология түрлі сандық құралдар арасында сенімді (соның ішінде құпияландырылған) және арзан радиобайланысты қамтамассыз етеді.
Желілерді тұрғызудың құрылысы (топологиясы), ең алдымен компьютерлердің өзара қосылуының әдісімен анықталады.
Топология – бұл серверлер мен жеке компьютерлердің желіге физикалық қосылуы әдістерінің бейнеленуі. Жалпы жағдайда негізгі топологияларды ерекшелейді: компьютерлерді желіге қосудың «шиналық» (копьютерлерді бір байланыс желісіне параллель жалғау), жұлдыз тәрізді (радиалды, яғни желінің барлық жеке жұмыс компьютерлері бір серверлік компьютермен қосылады), шеңберлік және қосымша (аралас және құрама) топологиялары, мысалы, физикалық тұрғыда жұлдыз тәрізді топологиялардың қосылуы тәрізді біріктірілген логикалық шеңберлік желі. Құрама топологияға тек жоғарыда аталған компьютерлерді қосудың тәсілдерін қатар қолдану ғана жатпайды, сонымен қатар, иерархиялық және олардың көпбайланысты қосылыстары (бұл жағдайда компьютер желідегі басқа компьютерлермен де қосылады) жатады.
Желі протоколы (ағыл. «NetworkProtocol») – бұл бір атаулы деңгейлердің өзара әрекеттесуіне арналған және және өзара әрекеттесу процесстеріне арналған стандарт, жүйелер мен ЭЕМ-дың бірлескен әрекеттесу үрдісі мен ережелерін анықтайтын құжат.
Интернетте мәліметтер дестелерде ІР протоколыы арқылы жіберіледі.
ІР протоколы (ағыл. «Internet Protocol») желіаралық протокол болып табылады. Ол ақпараты бар желілік дестелердің жеткізуін және машинааралық коммуникацияларды қамтамассыз етеді. Протокол – дестелерді желінің түйіндері арасындағы түрлі бағыттар бойынша бағыттап дестелердің адресациясын басқарады және түрлі желілерді біріктіруге мүмкіндік береді.
Мәліметтер дестелерімен жұмыс істеу ережелері TCP хаттаммасы деп аталады. TCP хаттаммасы (ағыл. «Transmission Control Protocol») Интернеттегі екі шеткі торап арасында ақпарат алмасудағы толық дуплексті сенімді байланысты ұйымдастрыу үшін қажет. Ол жіберуші жақта хаттамаларды дестелер ағынына өзгертіп, қабылдағыш жақта алынған дестелерді хаттамаларға жинақтайды. TCP хаттамасы IP хаттамасы негізінде жасалған, сондықтан оларды бірге белгілеп, TCP/IP хаттамалар стегі деп атайды. Бұл желіаралық хаттамалар желідегі мәліметтерді таратуды басқарады.
Интернетте OSI (ағыл. «Open Systems Interconnection») стандарты қолданылады, ол еуропалық ақпараттық желілер үшін ашық жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. ISO соның негізінде ISO/OSI хаттамалар стегіменэталондық моделін жасады.
Интернет желілерінде хабарламаларды қабылдау мен жіберу үшін арнайы POP3 және SMTP хаттамалары қолданады. POP3(ағыл. «Post Office Protocol», 3 нұсқасы) хаттамасы пайдаланушының компьютеріне келіп түскен поштаны телефон желісі арқылы жүктеуге мүмкіндік береді, ал SMTP (ағыл. «Simple Mail Transport Protocol») хаттамасы пайдаланушының компьютерінен поштаны жіберу үшін қолданылады.
POP3 хаттамасы желінің пошталық пайдаланушысынакеліп түскен хаттарды алу үшін пошталық серверге жүгінуін қарастырады, серверге пошта жәшігінің атауы мен құпиясөзді хабарлайды, пайдаланушыға хабарламаларды жүктейді және оларды пошта жәшігінен өшіреді.
SMTP көмегімен жіберілетін хаттар жинақталып және адресаттың оларды қабылдап алуы іске асады. SMTP хаттамасы TCP транспорттық хаттамасын қолданады, сонымен қатар UUCP хаттамасының да бірге колданылуы мүмкін. Ол транспорттық ортаға байланысты болмайды және TCP/IP мен Х.25 хаттамаларынан басқа желідегі поштаны жеткізу үшін қолданылады.
HTTP (ағыл. «HyperText Transfer Protocol») – бұл веб-серверлер мен веб-клиенттер байланысы үшін гипертексттік транспорттық хаттама. Ол Интернеттегі гипертекстті ақпараттармен алмасу үшін жасалынып, қолданбалы деңгейдің хаттамасы болып табылады.
FTP (ағыл. «File Transfer Protocol») – бұл файлдардың бір компьютерден екіншісіне жіберілуі үшін қолданылатын файлдық алмасу хаттамасы. FTP-дегі мәліметтер алмасу TCP-арнасы арқылы өтеді және «клиент-сервер» технологиясымен құрастырылады.
Telnet – қашыштықтағы терминалды эмуляциялау хаттамасы. Желідегі бір компьютеді басқасынан басқару үшін қажет және «терминал–терминал» (байланыс) мен «үдеріс–үдеріс»(үлестірілген есептеулер) өзара қатынасын ұйымдастрыру үшін қолданыла алынады.TelnetTCP траснпорттық хаттамасынан жоғары қолданбалы деңгейінде құрастырылады.
Интернетте жұмыс істеу үшін пайдаланушының тұратын пошталық жәшігіне сәйкес серверлердің, хосттардың, сайттар мен порталдардың өзіндік адрестері болады. Адрес Интернет желісінде пайдаланущыға ақпараттық ресурстарды іздеумен қатар, өзге де пайдаланушылармен түрлі хабарламалармен алмасу үшін қажет. Интернет желісінде бірегей адрестер домендік жүйенің көмегімен қалыптасады. Желілерде қолданатын негізгі адрес типтері: Ethernet адресі; IP-адрес(Интернеттегі негізгі адрес); домендік адрестер; пошталық адрестер; порттар нөмірлері; желілік ресурстың әмбебап локаторы (идентификаторы)URL/URI.
Интернет желісінің пайдаланушыларының және желідегі орналасқан серверлердің, сайттардың, ақпараттық жүйелердің, порталдардың және т.б. URL (ағыл. «Uniform Resource Locator») деп аталатын бірегей адресі болады. Мұндай адрес тасымалдау хаттамасының типін, жеткізілетін машинаның атауын және сол хосттағы объекттің (ресурстың) атауын анықтауға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың идентификациясы домендердің адресациялау әдісімен жүзеге асады. Сонымен қатар ұйымдастыру принциптері бойынша сайттардың (хосттардың, өзге бас машиналадың) адрестері мен пайдаланушылардың адрестері болып ажыратылады.
URL-адрес үш бөліктен құрылады: 1) мәліметтерді жіберу кезінде қолданылатын транспорттық хаттаманы сипаттайды (http, ftp); 2) Интернет желісіндегі сервердің домендік атауы; 3) нақты (ізделініп жатқан) файлдың бағыты.
Сервер адресі домендік атаудан құрылады, бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылып, оңнан солға рет-ретімен есептелінетін бірнеше деңгейден тұрады. Бірінші (жоғарғы) домендік деңгейді аймақ деп атайды. Ол мемлекеттің кодын (географиялық домен) немесе ұйымның бейінің (ұйымдық домен) көрсетеді. Екінші деңгей ұйымның аббревиатурасын белгілеу үшін қолданылады,ал үшінші деңгейдіңболмауы да мүмкін немесе оны ұйымның бөлімшесін (бөлім, топ, факультет, филиал және т.б.), сонымен қатар абоненттің толық немесе қықартылған атын (тегі, аты немесе аты-жөнінің бірінші әріптері және т.б.) белгілеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған адресациялаудан өзге цифрлық IP-адрестер де бар, олар шартты адрестерді ішкі көрсетілімге өзгерту үшін домендік атаулар жүйесінің (ағыл. «Domain Name System», DNS)негізінде қалыптасады. Бұл адрестер бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылған үшразрядты төрт топтан құрылады және ақпаратты жеткізу орнын автоматты анықтау үшін байланыс программаларымен қолданылады.
Интернет желісінде жетекшілік жоқ. Пайдаланушылар мен серверлер адрестерін тіркеумен ұлттық агенттіктер немесе байланыстырылатын қызметтіктер айналысады.
Корпоративті желілер
Корпоративті желілер (кәсіпорын ауқымының желілері; ағыл. «enterprise-wide networks») бір корпорацияның (кәсіпорынның) құрамына кіретін, бір-біріне жақын орналасқан ғимараттардың локальді есептеуіш желілерін өзара байланыстырады.Қамтып жатқан территорясы мен ауқымына байланысты олар территориалды және аймақтық желілердің түрлілігі болып табылады. Корпоративті желілер үлестірілген ақпараттық архитектурасы бар күрделі ақпараттық жүйелерді құрастырады.
Үлестірілген желілердің сымды және сымсыз түрлері болады. Сымсыз кеңжолақты байланыстың үлестірілген желілерін кеңжолақты қолжеткізім желілері деп атайды (ағыл. «Broadband Wireless Access», BWA). Корпоративті желілер үшін (жалпы қолданыстағы желілері тәріздес) келесі ұрпақ байланыс желілерінің архитектурасы (ағыл. «Next Generation Networks», NGN) жасалынып жатыр, оның негізінде пайдаланушыға қажет және көрсетілетін жүйенің функционалдылығы жатыр. Осыған байланысты корпоративтік байланыс желілері жаңа деңгейдегі пайдаланушыға сапалы кең ауқымды қызметтерді көрсететін орта болып табылады. Бірыңғай мультисервисті транспорттық желісінде корпорацияның бірыңғай ақпараттық кеңістігі қалыптасады. Мамандар корпоративті байланыс желілері негізінде пайдалану процестерін қолдаудың кешенді жүйесін, шешім қабылдаудағы қолдаудың интеллектуалды жүйесін, мультиагенттік және өзге жүйелерді құру мүмкіндігін атап өтеді. Корпоративті байланыс желілерінің басқару жүйесі объектіге бағдарланып үлестірілген құрылымның қолданысы негізінде құрылады.
Мультиагентті жүйелер интеллектуалды жүйелердің жаңа табына жатады. Бұл жүйелерде үлестірілген компьютерлік ортадағы клиенттің тапсырысын орындайтын жеке агенттің функционалды мүмкіндіктері емес,мақсатты әрекет етуші агенттер бірлестігінің сапалы жаңа қасиеттері айқындауыш болып табылады.
Аталған мәселелерді шешу жолдарының басқа түрі GRIDқолданысында табылады, ол жаңа ұрпақтың басқарушы мен оптималдандырушы ПҚ негізінде интеграциялауды айқындайтын ақпараттық және есептеуіш ресурстарға сапалы, үйлесімді, арзан, жаппай қолжеткізімді қамтамасыз ететін стандартты қызметтер жиынтығын ұсынады. GRID тек тұжырымдама ғана емес, ол бір типті есептердің жиынтығын шешудегі қолданылып жұмыс істейтін технологиялар. Ол метакомпьютинг, яғни көпшілік және күрделі құрылымдық есептегіш үдерістерін ұйымдастыру бойынша ғылыми пән негізінде іске асады.GRID-тің кейбір технологияларын корпоративті жүйелерде қолдану қарастырылады.
Жаңа ұрпақ желілеріне нейрондық желілерін де жатқызуға болады. Нейрондық желілер – мәліметтер ағынының жасырын заңдылығын ала отырып, мысалдар негізінде үйрене алатын алгоритмдер тобының жалпы атауы. Оқытатын алгоритмдер өзара байланыс саласындағы қажетті білімді талап етпейді. Модельденген жүйенің өткен уақыттағы әрекетін сипаттайтын жеткілікті мысалдар санын іріктеп алу керек. Нейрожүйелік деп аталатын компьютерлік технологиялар адам бас миы нейрондарының құрылымдық жағы мен жұмыс істеу принциптеріне сәйкес келіп, төтенше жағдайлардың шешімін табады: абстракт бейне мен адамның тілін тану, күрделі жүйелердің күйін классификациялау, технологиялық үдерістер мен қаржылық ағындарды басқару, көлемді ақпараттық ағындармен байланысты аналитикалық, зерттеу, болжамды мәселелерді шешу. Нейрожелілік технологиялар қуатты технологиялық құрал болғандықтан, белгісіздік, уақыт тапшылығы және шектеулі ақпараттық ресурс жағдайлары кезінде анық емес және маңызды шешім қабылдауды жеңілдетеді. Нейрондық желілердің икемділігі мен қуаттылығы
Интернет желісінің өзге қызметтері қашықтықтағы терминал режимін жасады. «telnet» қызметі терминалды сеансқа қашықтықтағы компьютер арқылы кіруге мүмкіндік береді. Пайдаланушы логин мен құпиясөзді енгізгеннен кейін қашықтықтағы машинамен терминалдық жұмыс режимінде болады. Мұндағы қолданылатын Telnet хаттамасықашықтатылған машиналарды эмуляциялау, яғни олармен жұмыс істеу сеанстарын ұйымдастыру үшін қажет. Бұл Интернет технологиясына локальді ақпараттық жүйелерді көшірудің қарапайым әдістердің бірі, себебі қолжеткізім кезінде қолданылатын мәліметтер базасы мен программалық қамтамасыздандыруды қайта өзгертуді талап етпейді. Оның қолданысы әр пайдаланушының компьютеріне жүйенің көшіруінен бас тартқызады және ақпараттық ресурспен орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз етеді.Telnetхаттамасы локальді ақпараттық жүйелерге желі арқылы қолжеткізімді бастапқы ұйымдастырудың маңызды әдісі болып қала береді.
FTP – қолданбалы деңгейдің файлдарды тарату хаттамасы, бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды таратудың ережелерін анықтайды. Қолданысы жағынан telnet хаттамасымен ұқсас. Желінің пайдаланушылары өз файлдарын FTP-серверге сақтай алады, бірақ олардың компьютерлерінде FTP-клиенттің программасы орнатылуы қажет.
Конференциялар локальді және ғаламдық; модерацияланатын және модерацияланбайтын.Бірінші жағдайда конференцияға келетін кез келген хат алдымен шешім қабылдайтын модераторға келіп түседі, мысалы, ол хатты барлық жазылғандарға жіберу әлде жібермеу керектігін шешеді. Екінші жағдайда хат автоматты түрде барлық қатысушыларға жіберіледі.Конференцияға қатысу талқыланып жатқан мәселенің барлық соңғы өзгерістерін білуге, қажетті көмек пен консультация алуға мүмкіндік береді.
Электронды конференциялар телеконференциялар деп атауға да болады, яғни пайдаланушыларғаэлектронды тақырыптық конференцияларды өткізу үшін топтық қолданылатын ақпаратқа арнайы бөлінген қолжеткізімді ұйымдастыру; өз ойларымен бөлісу, консультация, қызығушылықтары бойынша ақпарат алу үшін Интернет желісінде адамдар қауымдастығының news groups және Usenet түрлерінің жүйелері ретінде анықтайтын қашықтықтағы конференциялар.
Жіберілім тізімдері (Mailing list, Listserv) – электронды конференцияға ұқсас келетін Интернет желісінің пайдаланушылары арасындағы ақпарат алмасудың түрі. Бұл тек электронды пошта арқылы жұмыс істейтін, өзінің клиент-программасы және хаттамасы болмайтын жалғыз қызмет түрі. Ол электронды конференциясының жұмысы сияқты жиі қызмет атқарады, бірақ белгілі тақырып бойынша конференцияға келіп түскен барлық ақпаратты тегін электронды пошта арқылы жіберілімді жүзеге асыратын белгілі бастамашымен қолдаулы аса орталықтандырылған жүйе болып табылады.
Видеоконференциялардың үш нұсқасын атап өтеді: студиялық, топтық және дербес. Студиялық видеоконференциялар арнайы аппараттық құрылғыларды, арнайы бөлінген жоғары жылдамдықты байланыс желілерін және жоғары сапалы телеқұрылғыларды талап етеді. Кейбір видеоконференциялардың студиялық немесе топтық жүйелері бір мезгілде төрт-алты абоненттің қосылысын қамтамасыз етеді. Мұндай әдіс «көп портты конференцсвязь»(ағыл. «Multipoint Conference Unit», MCU) немесе ішкі MCU деген атқа ие болды. Екі құрылғының ішкі MCU-мен каскадты қосылысы бір конференцияда қатысатын он нүктесіне дейін қосыла алады.
Гипермәтінді ақпаратты технологиялар.
Гипермәтін (сызықты емес текст) –мәтіндік ақпаратты ұйымдастыру, мұндафрагменттер арасындағы байланысты көрсететін мәтіннің көп фрагменттерін ұсыну.
Гипермәтінді ақпараттық технологияларды гипермәтінді қолдану негізінде ақпаратты семантикалық өңдеу технологиялары деп анықтауға болады. Бұл технологиялардың мәні пайдаланушыларға материалды сілтеме арқылы қажетті орын мен түсінік бойынша өту әдістерінің қолданысы негізінде иерархиялық ұйымдастыруды көрсету. Гипертехнология негізінде гипермәтін, гипермедиа, мультимедиа жатыр.
Гипермедиа – мультимедиа мен гипертехнологиялары бар орталар классы. Кез келген гипермедиалық жүйенің негізін құжат құрайды. Қарапайым құжат пайдаланушылар жұмыс жасайтын объект сияқты қабылданады. Гипермедиалық құжат бұл ортаның ұйымдастыру құралы мен ортадағы бірлескен жұмысты жасау болып табылады Мұндай құжаттың мысалы ретінде мұражайларда, сурет галереясында және т.б. динамикалық жолсерік тәріздес жанды кітаптарды атауға болады..
Гиперақпаратты технологияларды мәліметтерді ұйымдастырудың желілік әдісте негізделетін және пайдаланушының ақпаратты-аналитикалық талаптарын қанағаттандыру мақсатында құрылымсыз ақпаратты өңдеуге бағдарланған технологиялар классы деп тануға болады. Веб-парақшалар арасында өрмек түрінде иерархиялық, сызықты ұйымдастыру және байланысты ұйымдастыру қолданылады. Байланысты иерархиялық ұйымдастыру веб-парақшалардың бірнеше деңгейін страниц (бірі негізгі, одан - екінші деңгейдегі бірнеше аралық парақшаға сілтеме, олардан - келесі деңгейлердің парақшаларына және т.с.с.) талап етеді. Сызықты ұйымдастыру Веб-парақшалардың бір-бірлерімен сілтеме арқылы байланысқан және әр парақша тең дәрежеде, әрі әрқайсысының басқа парақшаларға сілтемесі бар бір деңгейіне бағдарланған.
«Өрмек» бір-бірімен түрлі, араласқан сілтемелері байланысқан күрделі құрылымды құрастыратын көптеген парақшаларды ұсынады. Гипермәтінді технологиялар:
үлкен көлемді гипермәтін қасиеттері бар (яғни сілтемелер жүйесі бар) үстелдік баспалық жүйелерде;
құжаттарды басқару жүйесінде, мысалы, әр келкі құжаттарда болатын ақпараттың бір қорытынды құжатқа мәліметтеуде;
навигациялауды іске асыратын мүмкіндігі бар гипермәтінді құжаттарды құрастыруға мүмкіндік беретін электронды құжаттарды дайындау жүйелерінде және т.б. кең қолданылады.
Гипермәтінді жүйелердің даму саласында келешегі бар бағыттың бірі – гипермедиа, ол гипермәтін мен мультимедиа технологиясының (мәтінді, графиканы, дыбысты,видеоны интеграциялау ) қосындысы. Бұл құралдар арқылы түрлі электронды басылымдар құрастырылады: анықтамалықтар, энциклопедиялар;оқыту бағдарламалары жетілдіріледі.
Гипермәтінді технологияларды әсерлі қолдану WWW және веб-технологиялар пайда болғанда, яғни 1992 ж. бастап мүмкін бола бастады.
WWW жүйесі Интернет желісінің бір қосымшасы болып табылады. Ол текстті, графикалық суреттеуді, дыбыстық үзінділерді, анимацияны біріктіретін құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.WWW жүйесі құжаттарының қашықтықтағы компьютерлерде орналасып түсініктері бойынша байланысқан басқа құжаттарға сілтемелері болады. Бұл бір құжатты (веб-парақшаны) оқу мезетінде бірінші гиперсілтемемен байланысқан құжатқа оңай әрі лезде ауысуға мүмкіндік береді. Сол кезде веб-құжат гипермедиа-құжат болуы мүмкін, яғни гипермәтінмен өзге түрде көрсетілген (графикалық бейнелеу, дыбыстық үзінділер) ақпаратты құрай алады.
HTTP (ағыл. «HyperText Transfer Protocol») – бұл веб-серверлер мен веб-клиенттер байланысы үшін гипертексттік транспорттық хаттама. Ол Интернеттегі гипертекстті ақпараттармен алмасу үшін жасалынып, қолданбалы деңгейдің хаттамасы болып табылады.
Көріп шығу (браузинг) – тек гипермәтінге тән операция. Ол гипермәтінді көріп шығу арқылы ақпаратты іздеу дегенді білдіреді. Қазіргі таңда келесі программа-браузерлері жиі қолданылады: Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera және т.б.
Ашық жүйелер технологиясы
Есептеуіш техника екпін дамыған. Нәтижесінде көптеген техникалық құрылғылар мен олардың программалық құралдары жасалды. Мұндай бағдарламалы-ақпараттық құралдар мен жүйелердің көптігі олардың бір-бірімен байланыссыздығына әкеліп соқты. Бұл салада мәселені басқа заттар саласындай бірыңғай ережелерді енгізумен шешуге болады, кейін олар салалық, ұлттық және халықаралық дәрежесін иемденеді.
Ашық жүйе (ағыл. «Open system») – жалпы қолжеткізім мен көпшілікпен қабылданған халықаралық стандарттармен сәйкес құрастырылған аппараттық, программалық құралдар мен технологиялардан құралған есептеуіш орта. Аппараттық және программалық құралдар мен технологияларының пайдаланушылары үшін ашық жүйенің негізгі мақсаты ұқсас құралдарды шығару мен сол технологияны қолдануға бағдарланған жабдықтаушыдан тәуелсіздігі болып табылады. Бұл ойдың мәні жүйенің қуаттылығын өсіре отырып, жабдықтаушының кез келген құралын тұтынушының иемденуі болып табылады. Бұл аппараттық та, программалық та құралдарға тән
Ашық жүйелер технологиясы – жүйенің әр келкі аппараттық және программалық құраушыларының арасындағы стандартты интерфейстердің қолдану әдісі. Ашық жүйелер технологиясының мәні жүйенің әр келкі аппараттық және программалық құраушыларының арасындағы стандартты интерфейстердің қолдану әдісінде табылады. Ол барлық деңгейлердегі инфраструтураны құрудың негізі болып табылады: кәсіпорын мен саладан бастап ұлттық ақпараттық инфраструктураға дейін. Одан басқа мұндай ақпараттық технологиялар әлемдік ақпараттық кеңістігімен және дүниежүзілік экономикамен бірігуін қамтамасыз етеді.
Ашық жүйелердің міндетті қасиеттері: 1) көндігу қабілеттілігі; 2) интероперабильдік; 3) масштабталуы; 4) даму мен модернизациялау үшін программалық және аппараттық қолжеткізім болып табылады.
«Ашық жүйелер» термині кез келген екі жүйенің сәйкес рекомендациялар көмегімен бір-бірімен әрекеттесу мүмкіндігімен түсіндіріледі.
Ашық жүйелердің әрекеттесуі (ағыл. «Open Systems Interconnection», OSI) – түрлі өндірушілермен құрастырылатын ашық архитектурасы бар жүйелердің түйіндесу ережелері. Ашық жүйелер «Open Source» атағына ие болған бастапқы ашық мәтіндердің еркін таралуын қосатын қозғалыс. Ашық жүйелерде объектке бағдарланған және функционалды үлестірілген ақпараттық технологиялар кең қолданылады.
Байланыс өндірушілері, интеграторлары мен операторлары келешек технологияларда емес, абонентке ақпаратты жеткізу әдістері мен құралдарында емес, пайдаланушының орналасу орнына, қолданылатын желі мен клиенттік терминалға тәуелсіз бірыңғай сапалы қызметте деген тұжырымға келді.
